Инфоурок Классному руководителю Статьи"Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі" баяндама

"Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі" баяндама

Скачать материал

  

  ҚМҚК «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНОЛОГИЯ  КОЛЛЕДЖI»

КГКП «ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы     Бекбаева К.Ж.

 

Семей

        Қазіргі кезде білім беру жүйесінде  жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданып келемін.

       Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы болуға тәрбиелейміз. Студенттер  басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой електерінен өткізе білу қабілеті дамиды. Яғни мұғалімнің де, студенттің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық

             «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын. Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар. Мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым. Дәстүрлі сабақтар үрдісінде: 

 Мұғалімнің әдістері.

 1. Жаңа тақырыпты түсіндіреді.

2. Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіреді.

3. Оқушылармен бірге шығарманың идеясын анықтайды, талдайды.

4. Шығарма жазуды тапсырады.

 5. Мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді.

 «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі.

1.Жаңа тақырып бойынша оқушы іздене отырып меңгереді. Мазмұнын айтып береді. 2.Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.

 3. Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды.

4. Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.

 5.Тақырып бойынша шығарма жазады.

6.Эссе жазады. Венн диаграмма жасайды.

7. Сыни тұрғысынан ойлана отырып ой қорытып, тұжырымдама жасап, оны қағаз бетіне түсіреді.

8. Мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.

     Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Оқушылардың сыни ойлауы:

 1. Өзінің және оқушылардың айтқан жауаптарына салыстыра отырып ойлана білу қабілеті 2. Өзінің және басқа оқушылардың идеяларына, берген жауаптарына күмәнмен қарау қабілеті

3.Негізі ойын жинақтау қабілеті

4. Белгілі бір шешім қабылдауға, сыни тұрғысынан ойлану арқылы жүзеге асыру қабілеті деп түсінемін.

Оқушылар нені үйренді?

 1.Топпен жұмыс істеуді, жаңаша ойлауды

2. Нақтылық пен жүйелі оқуды, пікірлесуді

 3. Өзгенің пікірін тыңдауды

 4. Қалай оқу керектігін

5.Ойын еркін жеткізуді, кеңесуді

 6.Сыни тұрғыдан ойлауды, елестетуді, қиялдауды, болжам жасауды

 

Оқушының бойынан нені байқадым?

 • Сыни тұрғысынан ойлай алатын терең ойлы, зерттеуші

 • Ойын жинақтап, рефлексия жасай алады

• Ақылды, парасатты, ізденімпаз, ұйымдастыру

 • Тілге шешен, талантты, оқуға қабілетті Сыни тұрғыдан ойлау ең маңыздысы болғандықтан, ойлай отырып мәселелерді талқылайды. Оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтарды ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай.

 Мұғалім оқушыны сыни тұрғыдан ойландырғысы келсе:

 1. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды беру

2. Тапсырма берілгеннен соң, белгілі бір уақыт мөлшерін белгілеу

3. Проблемалық мәселелердің дұрыс шешімін табу керектігін түсіндіру

 4. Топта бір-бірімен пікір алмасып, диалогтық қарым-қатынасты орнатуды, бірінің пікірін бірі тыңдауды, келесі адамның пікіріне күмәнмен қарауды түсіндіру

 5. Өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік туғызу

6. Оқушының берген жауабының мағынасына назар аударып, мұқият тыңдағаннан соң, әділ бағалауы қажет

Сыни тұрғысынан ойлаудың тиімділігі:

 1. Оқушының сөздік қоры артады ;

2. Өз бетінше,жұппен ,топпен жұмыс жасайды ;

 3. Білім алуға өзі жауапты екенін сезінеді ;

4. Шапшаң, тез ойлау,сөйлеу қабілеттері шыңдалады

; 5. Өз пікірін білдіріп, оны қорғай білуге үйренеді.

 6. Ұяң, көп сөйлемейтін оқушылардың сөйлеу қабілеттері ашылады

     Сыни тұрғыдан ойлау – қазіргі таңда Қазақстандағы білім алушы жастар үшін ең тиімді тәсіл. Өйткені, оқушы мен мұғалімді сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. Оқушылар өздерінің ақпараттарының шынайылығына және басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой елегінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Ал мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерінде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни тұрғыдан бағалау болып табылады. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланғанымда, оқушының терең білім алып, берілген жауаптарға күмәнмен қарай отырып, өз шешімін қабылдауға, өзін-өзі реттей отырып, тәртіптілікке дағдыланатынын байқадым. Оқушының бойындағы сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығын, берілген тапсырмаларға бірлесе жұмыс істей алатынын, іскерлік пен ізденімпаздық қасиеттердің бар екендігін аңғардым. Менің өткізілген сабақтарымда оқушылардың осындай іс-әрекеттерін көре отырып, бұл тәсілдің бізге қажет екендігін түсіндім. Берілген тапсырмаларды оқушылар жұптасып, топтасып, ауызбіршілікпен орындап отырғаны, мені қатты қуантты. Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап бере алды. Оқушылар әрбір берілген тапсырмаларды шапшаңдықпен, қызығушылықпен, сыни тұрғыдан ойлана отырып орындады. Әсіресе топтың спикерлері постерлерін қорғауға шыққан кезде, мен күтпеген жауаптар мен сөздерді айтқанда, олардың тіл байлығы мен ойлау қабілеті ересектерден кем емес екенін байқадым. Психолог Жан Пиаже когнитивті дамуды зерттеген кезде, бала өз бетінше айналадағы заттарды зерттеу арқылы дамитынын айтқан. Яғни, бала зерттеу жұмыстарын өз бетінше көбірек жүргізсе, өзінің іздеп тапқан материалы есінде мәңгі сақталатынын түсіндім. 

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты. Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.

Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:

 1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.

2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)

 3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.

4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.

5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/

 6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.

 7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.

8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.

9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқандай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлауға арналған әртүрлі қызықты тапсырмалар беру, топтық жұмыста белсенділігін арттыру мақсатында постерлер жасату арқылы баланың қызығушылығы артады. Әрбір сабақ соңында оқушылармен кеңесу барысында оларға зерттеушілік қабілетті арттыру үшін интернет желісіне кіріп, іздену керектігін және кітапханаларға барып тіл байлықтарын арттыру үшін әдеби оқулықтар алып оқуды түсіндіремін. Сонда ғана оқушы білімді, саналы, ойлау қабілеті мен сөйлеу шеберлігі дамитындығын, өмірге көзқарасы қалыптасып, белгілі бір шешімді қабылдай алатынын, есте сақтау қабілеті дамитындығын, алған білімін кез-келген жерді пайдалана алатын тұлға қалыптасатынына сенемін. А.Байтұрсынов «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыру дағдысы» деп бағалаған. Сол себепті мұғалім ХХІ ғасырдың жаңа идеяшыл ұстазына айналу үшін, үнемі іздену үстінде жүріп, жаңа технологияларды тереңінен меңгерген жағдайда, өзінің білімі мен біліктілігін арттырған кезде ғана нағыз ұстаз болады деп ойлаймын. Мен алдағы өзімнің іс-тәжірибемде осы бағдарламаны пайдалан отырып, сабағымда әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдермен ойындарды пайдалана отырып, оқушының бойындағы білімділігі мен талпынысын, қызығушылығы мен сыни тұрғысынан ойлау қабілетін арттырамын деген ниеттемін.

11. Қорытынды. Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын , өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін , өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге , олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды . Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті. Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі" баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 906 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2019 804
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекбаева Кенжегуль Жумагазыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21552
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 555 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 745 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 012 человек

Мини-курс

Каналы сбыта, продвижение и стимулирование продаж

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек