Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыҚазақстан тоталитарлық режимнің қалыптасу кезеңінде

Қазақстан тоталитарлық режимнің қалыптасу кезеңінде

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан - тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

 Сабақтың мақсаты: 1920- 1930жж. Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі, қазақ қоғамын ұжымдастыру және индустрияландыру кезеңінде тарихи оқиғалардың маңызын, сипатын ашып көрсету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: білім алушыларға  ХХғ. 20-30 жылдардағы                              әміршіл-әкімшіл жүйенің қазақ елін басқарудағы жіберілген өрескел саясатына талдау жасай отырып тарихи білімдерін толықтыру;                        

Дамытушылық: білім алушылардың тарихи оқиғаларды дұрыс бағалап тұжырымдай білу, тарихи деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқу және пайдалану қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: білім алушыларды елінің тарихын, рухани құндылықтарын қадірлеуге, ұлтжандылыққа және саяси саналылыққа баулу. Қазақ халқының тарихи тағдырына азаматтық құрмет сезімімен қарай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың өту әдісі: ой қозғау ,сұрақ- жауап,  ізденіс – зерттеу әдістері, ақпараттық коммуникативтік технология, мәселе қоя отырып оқыту технологиясының әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының саяси картасы, мультимедиялық проектер, слайдтар.

Пән аралық байланыс: дүние жүзі тарихы, саясаттану, география, экономика, статистика.

Сабақтың барысы

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Дәрісхана тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасының тақырыбы «Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында»

Үй тапсырмасы мына сұрақтар аясында қаралады:

1.     Жаңа экономикалық саясатқа көшу

2.     1921жылға ашаршылық

3.     Жаңа экономикалық саясаттың қиындықтары және қорытындылары

1- мәселе бойынша білім алушылар жаңа экономикалық саясатқа қысқаша сипаттама жасайды. 1921ж. наурызда РК (б) Х сьезінде В. И. Ленин  баяндама жасап, сьездің күн тәртібінде «Салғыртты заттай салықпен ауыстыру туралы» мәселе қаралды.Жаңа экономикалық саясат нәтижесінде шаруа артық өнімін жарату үшін сауданы жандыруға рұқсат беру, жеке меншіктің дамуына рұқсат, жерді жалға беру, жалдамалы еңбекті пайдалану, ауыл шаруашылық, несие және тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді. «Әскери коммунизм» тұсындағы еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке меншікке жалға берілді. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындар шаруашылық есепке көшірілді. Жалпы алғанда жаңа экономикалық саясат елдің жағдайын көтеруге ықпал жасады.

2 – сұрақ бойынша  кесте толтыру

«1921жылғы ашаршылық» кестесі

1921ж. ашыққандар саны

40 миллион

1921ж.аштықтан өлгендер саны

5 миллион адам

1921ж. қарашада

1млн 508 мың адам

1921ж.наурызда

2млн.303 200 адам

Ашаршылық болған губерниялар

Орал, Семей, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Ақмола, Қостанай

 

3 мәселе бойынша  «Жаңа экономикалық саясаттың қиындықтары мен қорытындылары» атты кластер құру.

 

 

 

 


Овал: ЖЭС
қиындықтары мен қорытындылары
 

 

 

 

 

 

 


Кластерге мынадай жауаптарды білім алушылар жазуы керек.

-         Теміржол транспортының тозуы, поездардың сирек жүруі;

-         Армиядан 2,5 млн.адам демобилизацияландыыыы,

-         1921ж. Волга, Орал, Кавказ, Қырым,Украинада қуаншылық жайлады. Астық қоры таусылды;

-         Жұқпалы аурулар тарады;

-         Қылмыс өсті;

-         Ашаршылық жайлады, халықтың босуы;

-         Экономикалық дағдарыстан шықты;

-         Ішкі, сыртқы айналым аймақтар қалпына келді;

-         Орташа және ауқатты шаруалар көбейді;

-         Мал саны өсуі;

-         Егіс көлемі өсуі;

-         Несиелік – қаржылық жүйе қалыптасып, ақша құны нығайды;

-         Кеңес өкіметінің саяси жағдайы нығайып, қоғамды азаматтық бірлік қалыптасты.

Жаңа сабаққа кіріспе.

Жаңа сабақ тақырыбы: Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде

Жаңа сабақты меңгеру.

 Жаңа тақырыпты хабарлап,оның өткен тақырыппен байланысын көрсету. Жаңа сабақ бойынша «1932 ж. ашаршылық туралы» бейнекөрініс ұсынылады. Оқытушы жаңа сабақ бойынша 1930ж.қоғамдық саяси өмірді сипаттап білім алушыларға баяндап береді және қысқаша конспект жаздырады.

БК(б)П –ның ХV сьезі 1925ж.желтоқсанда белгілеген елді индустрияландыру бағытын жүзеге асыру Қазақстанда бірқатар қиыншылықтарға кездесті.оның ең бастысы республиканың әлеуметтік – экономикал ық кешеулігі еді, осындай жағдайда қазақ халқы коммунистік партия мен кеңес өкіметінің пайымдауы бойынша дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден феодализмнен социализмге аттап өтуі тиіс. 1926ж.басына дейін республика өнеркәсібі 1913ждәреженің 61 пайызға ауыл шаруашылығы 82,9 пайызға ғана жетті. 1920 ж. басында бүкіл КСРО өнеркәсіптегі терең дағдарыс индустриялдық дамудың жеделдетуін талап етті. Қазақстанды КСРО – ның дамыған өнеркәсіптік аудандарын шикізат базасы ретінде пайдаланды. 1920 – 1930жж.бүкіл елде ірі металлургиялық кәсіпорындар салынды. Металл шығару бойынша Қазақстан соғыс жылдарында екінші орынға, көмір өндіруде үшінші орынға шықты. Индустрияландыру салдарынан Қазақстан аграрлы елден индустриялы – аграрлы елге айналды.

Қазақстанды тікелей ұжымдастыру 1929 жылдан басталды. 1930ж. 1 сәуірде шаруашылықтың 50 пайызын ұжымдастыру қамтып алды. Республика басшысы Ф. И. Голощекин бұл акцияны Қазақстанда «Кіші Қазан» революциясының қажеттілігімен тікелей байланыстырды.ұжымдастырудың қайғылы салдары ондаған мың адамдардың жер аударылуы мен, көшпелі халықты зорлап отырықшылыққа көшіру жоспарымен тереңдей түсті.ұжымдастыру жылдарында аштық пен әртүрлі ауру салдарынан қазақ халқының 50 пайызы опат болды. Халықтың қайта жаңаруы тоқтады. Жыныстық – жастық құрылым өзгеріске ұшырады.1928ж. 27 тамызда Қазақ ОАК мен ҚазССР Халық Комиссарлар кеңесі бірігіп «бай шаруашылықтарын тәркілеу» жайлы шешім қабылдайды, осы жылдың 13 қыркүйегінде  «тәркілеуге қарсы әрекетіүшін қылмыстық жауапкершілік немесе ірі жартылай феодал байларды қоныс аудару жайлы» шешім қабылданады. 1930ж. 19 ақпанда бай кулактармен күрес және жаппай ұжымдастыру  аудандарында ауыл шаруашылығын әлеуметтік қайта құруды бекіту шаралары туралы шешім қабылданды. Бұл  күштеу шараларына қарсы қазақ халқы қарулы ашық көтеріліске шықты. 1992ж. 7 желтоқсандағы ҚР Жоғары кеңес Президумының қорытындыларында 1921 – 1931жж.аралығында 80 мыңнан астам адам қатысқан 372 көтеріліс болғаны белгіленді. Салдарынан республиканың халқы басқа жерлерге қоныс аударды. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейін Қазақстан аумағынан 281230 шаруа қоныс аударған. Олардың басым бөлігі Қытай, Иран, Ауғанстан аймақтарына көшкен. Жаппай ашаршылық уақытында 1млн.130 мың адам қоныс аударып, 676 мыңы мәңгілік туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

ХХғ. 1929 – 1930жж.МҚБ органдары жүзеге асырған жазалау шаралары нәтижесінде көтеріліске қатысқандары үшін 551 адам сотқа тартылып, 883 адам атылған.   

1930жылдары бұқаралық сипат алған саяси репрессиялардың жаңа толқыны мен ерекшеленеді. Сталиннің жеке басына табынудың күшеюі және өзгеше ойлаушыларға шыдамсыздық, ел дамуының қиыншылықтарын «халық жауларының» әрекетінің нәтижесі деп жариялау партиямен кеңес жұмысшылары басшыларына, яғни билік етуші режимге оппозиция құра алатын ықпалды көш басшылардың түгелдей дерлік жойылуына әкелді. Қамауға алынғандар саны Қазақстанда 1937ж. 101 мың адамға жетті, оның 27 мыңы атылды.

Жаңа тақырыпта негізгі үш тарихи оқиға ерекше қаралатын болғандықтан,оқушылар үш топқа бөлініп, «өзара оқыту әдісі» бойынша  әр топтың жетекшілері сайланған.

I. Елді индустрияландыру.

1. Индустрияландыру бағытының жариялануы;

2.  Голощекиндік «Кіші Қазан» саясаты;

3. Индустрияландырудың ерекшелігі мен  кемшіліктері.

4. Түркістан-Сібір темір жолының магистралы

II. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

1.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру принциптері

2. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушілік.

 3. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.

4. Аштық жылдарындағы Қазақстанның демографиялық жағдайы.

5. Қазақ қоғам қайраткерлері Қазақстандағы аштықтың зардаптары жөнінде.

III. Сталинизмнің орнығуы.

1. Сталиндік басқару жүйесінің қалыптасуы,  тоталитаризм, репрессия ұғымы;

2.  Қазақстандағы лагерьлер жүйесі

3. Репрессия құрбандары болған Семей елінен шыққан азаматтар.

Үш топқа берілген тапсырмалар бойынша тірек сызбалар немесе кестелер дайындау ұсынылады және тірек сызбалар немесе кестені  әр топтан бір білім алушы шығып қорғайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру барысында білім алушылардың ойын сергіту үшін ойын ойналады.

Жаңа тақырыпты пысықтап, бекіту.

1-ші топ: “Тарихи домино”

-         «Отар болып қалды және болып солай қалды» (кімнің сөзі?)

(С. Садуақасов)

-         Барлық салаларын техникамен жабдықтау, халық шаруашылығының    дамуы инфрақұрылымның

          ( қандай терминнің анықтамасы?) (индустрияландыру)

-         «1931- 1933 жылдары аштықта Қазақстанда қаза болғандар санын ешкім дәл анықтай алмаған. Бірақ іс қанша дам өлгенде емес, адамның адамгершілігінің өлгенінде» деген кім? ( Н.Михайлов)

-         «Кіші Қазан » идеясының авторы кім? (Ф. Голощекин)

 2-ші топ: Ассоциация оқыту ойыны бойынша негізгі бір сөз беріледі және осы негізгі сөзге қатысты 5 ассоциялық сөз айту керек.

-         Репрессия (1937 – 1938жж., жеке басқа табынушылық,  қазақ зиялыларын жою, лагерлер жүйесі – Карлаг, ЧСИР, Алжир, Степлаг, Гулаг, халық жаулары)

-         Көтеріліс (ұжымдастыру, ашаршылық, шетке қоныс аудару, Созақ, Бұқтырма, Ырғыз көтерілістері)

3-ші топ:Хронологиялық кестені толтыру.

  №

Жылдар

Орын алған оқиғалар

1

1928-1932ж.ж.

 

2

1930-1932ж.ж.

 

3

1937-1938ж.ж.

 

 

Сабақты  қорытындылау.

Үйге тапсырма.

   СӨЖ:1.«Стахановшылдық қозғалысқа үлес қосқан қазақстандықтар».

              2. «Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық».

              3. «Қазақ АКСР-інің одақтас республикаға айналуы».   

Әдебиеттер:

1.Х.К.Ермұханова «Қазақстан тарихы». Алматы,2010ж.

2.Ч.Мусин «Қазақстан тарихы». Алматы,2008ж.

3.М.Қ.Қозыбаев,І.М.Қозыбаев «Қазақстан тарихы». Алматы,1997ж.

4.М.Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы «Қазақстан тарихы». Алматы,2008ж.

5. «Аңыз адам» 2010,2011ж.ж.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан тоталитарлық режимнің қалыптасу кезеңінде"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан тоталитарлық режимнің орналасу кезеңінде тақырыбындағы сабақ жоспары 1920 - 1930 жылдарындағы Қазақстанның саяси жүйесі, қоғамдық жүйеге жапы сипаттама, репрессия кезең, Қазақ даласының лагерьер даласына айналуы туралы жазылды. сабақты өткізу түрі аралас сабақ формасында, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы жасалды. жас мамандарға көмек ретінде қолдануға болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.07.2020 1327
    • DOCX 28.2 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халитова Ирина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халитова Ирина Владимировна
    Халитова Ирина Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93202
    • Всего материалов: 224

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 192 человека

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе