Инфоурок Информатика Другие методич. материалы"Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану" пәнінен "Интернет протоколы ұғымын зерттейді. Есептеу желілерін зерттейді" тақырыбында семинар-сабақ

"Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану" пәнінен "Интернет протоколы ұғымын зерттейді. Есептеу желілерін зерттейді" тақырыбында семинар-сабақ

Скачать материал

Абай облысы білім басқармасының

 «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 

 

 

 

 

                                                                 

 

 

 

 

 

СЕМИНАР-САБАҚ

 

Пән: «Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану»

Сабақтың тақырыбы: «Интернет протоколы ұғымын зерттейді. Есептеу желілерін зерттейді»

 

Топ: 21 MS-1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы: Ахметжанова А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

Сабақтың тақырыбы: Интернет протоколы ұғымын зерттейді. Есептеу желілерін зерттейді

 

Дайындық жұмыстары

Студенттер топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы өз тобында студенттердің жұмысын үйлестіретін кеңесші бөледі. Семинардың сұрақтары алдын-ала топтарға беріледі.

Сабақ жоспары

1. Оқытушының кіріспе сөзі

2. Семинардың мақсаттарын белгілеу

3. 1-ші топ студенттерінің хабарламасын ұсыну

4. 2-ші топ студенттерінің хабарламасын ұсыну

5. 3-ші топ студенттерінің хабарламасын ұсыну

6. 4-ші топ студенттерінің хабарламасын ұсыну

7. Оқытушының қорытынды сөзі. Қорытындылау.

Семинарды өткізу ережесі

Семинарға қатысушыларға баяндамаға дайындалу үшін 5 минут беріледі. Әрбір топтың баяндамаларынан кейін семинарға қатысушылардың барлығы талқылауға қатысады, баяндамалар бойынша толықтырулармен, түсіндірмелермен және түсініктемелермен бірге қосымша баяндамалар ұсынуға құқылы.

Семинар сұрақтары

1. Интернет туралы ұғым

2. Адрестiк жүйе

3. Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері

4. Есептеу желілері

 

1. Интернет туралы ұғым

Интернет желісінің хаттамасы (Протокол интерсети; Internet Protocol (IP) — желінің бір жұмыс станциясынан келесісіне хабарлар кестесін жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі хаттама. Желідегі мәліметтерді дер кезінде тиімді маршрут таңдап, дұрыс жеткізу мақсатында АҚШ Қорғаныс министрлігі жасап шығарған. Ол жергілікті желілер мен хосткомпьютерлерді жалғастырып, Internet желісінде, UNIX ортасында кең қолданылатын TCP/IP хаттамалары тобына кіреді.

 

Интернет туралы ұғым

            Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.

            1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
    Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.

Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама
            TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

            Интернеттiң негiзгi қосымшалары

E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адрестік құрылымы:

есім@мекеме.домен
Мысалы:
common@pushkinlibrary.kz
dina_m@mail.kz

            Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі.

            Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары.Мұндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады(тақырыптар түрлі)

            FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы – бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернеттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.

            Чат (IRC –Internet Real Chat) – Интернеттің тағы да бір қосымшасы,желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.

            World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат

            Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
            Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.

            Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

Көру жабдықтары

            Веб парақтардағы мәліметтерді оқу "көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол "to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator.

Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау. Белгі жасау

            Егер сізге белгілі бір веб-парақ ұнаса, және де ол парақ сізге үнемі қажет болып тұрса ол адреске белгі салып қоюға болады. Белгі жасау үшін «Избранное-Добавить в избранное» деген менюді таңдап алу қажет. Келесі кезектегі терезеден белгінің атын және белгі сақталатын папканы таңдау қажет. Мысалы сіз мынандай http://www.rubricon.ru адрестегі веб-парақты қарап отырсыз және оны белгі жасап сақтағыңыз келді, ол үшін «Избранное – Добавить в избранное» деген менюді аламыз. Онда «Добавление в избранное» деген терезе пайда болады, «имя» деген жолда веб-парақ алғашқы атауымен тұрады, оны сіз өз қалауыңыз бен өзгертуіңізге де болады. «Добавить в избранное» деген терезеде папкалар тізімі берілген, оның сәйкес келетін біреуін таңдауыңызға болады. Егер папканы таңдап алмасақ сақталатын адресіміз «Избранное» деген бастапқы папкаға жазылады. Көрсетілген папканың ешқайсысы сәйкес келмеген жағдайда жаңадан папка ашуға болады, ол үшін «Создать папку» деген команданы таңдаймыз.
            Веб-парақтарды сақтап белгі жасау арқылы біз кез келген уақытта қажетті адрестерді жылдам мониторға шығара аламыз. Ол үшін аспаптар тақтасынан «Избранное» деген папканы таңдаймыз, пайда болған терезеден қажетті адресті аламыз.
Егер веб-парақ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана қажет болса ақпараттарды сақтаудың мынандай жолдары бар:

1) Веб-парақты толығымен сақтау.

            Веб-парқ толығымен жүктелген соң аспаптар тақтасынан «Файл-Файл сохранить как» (сурет 1)деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб-страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб-страницу полностью» (сурет 2) деп көрсетілуін қадағалау керек.

2) Суретті сақтау.

            Веб-парақтағы суретті жеке сақтау үшін тышқанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жақ түймесін шертеміз. Пайда болған контекстік менюден «Сохранить рисунок как» (сурет 3) деген команданы таңдап аламыз да қажетті папканың ішінде сақтаймыз. Егер сіз суретті жұмыс істеп отырған файылыңызға қойғыңыз келсе контекстік менюден «Копировать» (сурет 4) деген команданы таңдап аласыз да қайтадан өз файылыңызға ауысып «Вставить» деген команданы орындайсыз.

            3) Мәтіндік ақпартты сақтау.

            Көптеген Веб-парақтарда бізге қажетті – мәтіндер. Оны айырбастау буфері арқылы сақтау сенімді және ыңғайлы. Алдымен қажетті мәтінді белгілеп аламыз да «Копировать» деген тапсырманы таңдаймыз (мысалы аспаптар тақтасынан «Правка-Копировать» немесе CTRL-C өзара байланысқан клавиштер арқылы жүзеге асыруға болады.

 

Семинар сұрақтары

1. Интернет туралы ұғым

2. Адрестiк жүйе

3. Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері

4. Есептеу желілері

 

2. Адрестiк жүйе

Интернет-қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ)

қосымша://қосымша.мекеме.домен

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары

gov – үкіметтік

org - үкіметтен, коммерциядан тыс

edu – білім

com –коммерциялық

mil – әскери

net - желілік

Мысалдар:

http://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы)

http://www.cnn.com (CNN Компаниясы)

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары


Қосымша ( 2000 ж. қараша айынан, International Corporation for Assigned Names and Numbers)

museum - музейлер


name 
- жеке есімдер

aero – авиакомпании

coop - бірлескен, коммерциялық

biz – бизнес

info – ақпараттық

pro - кәсіпқой

Аймактық белгiсi бойынша домендер атауы

uk – Великобритания

us – США

ru – Россия

se - Швейцария

kz – Казахстан

de – Германия

ua – Украина

fr - Франция

Мысалдар:


http://www.lme.uk (Лондонның металдар биржасы)

http://www.ukg.kz (Рейтинг, Усть- Каменогорск)

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинар сұрақтары

1. Интернет туралы ұғым

2. Адрестiк жүйе

3. Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері

4. Есептеу желілері

 

3. Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері

Интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(directories) мен машиналары (search engines) бар.

http:\\www.altavista.com - AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. AltaVista қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасында жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы "Help” (көмек) деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсырыстарын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.

http:\\www.hotbot.com –HotBot – іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы, жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамында аудео, видео немесе анимациялары бар файлдарды іздестіруге де болады.

http:\\www.google.com – GOOGLЕ ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

http:\\www.yahoo.com – Yahoo – тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.

http:\\www.aport.ru – Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.

http:\\www.yandex.ru – Яндекс – ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.

http:\\www.rambler.ru – Rambler – іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері

http:\\www.site.kz - "Весь WWW-Казахстан" – Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

            http://tabu.nursat.kz – TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

http://akolya.hypermart.net - қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Большая энциклопедия Казахстанского Интернета - http://www.lyakhov.kz

Виртуалды энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар

Рубрикон – http://www.rubricon.ru

Серверден көптеген отандық белгілі энциклопедиялар мен сөздіктерге шығуға болады. Олардың арасында «Большая Советская Энциклопедия»(1969-1979), Энциклопедический словарь Брокгауза и Эфрона(1890-1906), «Малая медицинская энциклопедия». Энциклопедиялық сөздіктер «История Отечества» және «Всемирная история», В.Даль және басқаларының «Толковый Словарь живого великорусского языка» т.б. Барлық ақпараттар толық мәтінде иллбстрацияларымен және әдебиеттер тізімімен қоса берілген.

Britannica энциклопедиясы – http://www.britannica.com

Әлемдегі авторитеттік энциклопедияның желілік нұсқасында 72 мыңға жуық барлық салалар бойынша мақалалар жинақталған. Іздестіру нәтижесі мақалалар мен бірге Интернет ресурстарға да сілтеме береді, сондай-ақ журналдардағы таңдаулы шығарылымдарды да ұсынады.Көптеген жағдайларда иллюстрациялар, таблицалар, бейнефайлдар қамтылған.

Мегаэнциклопедия Кирилла и Мефодия - http://www.km.ru

Ірі көлемдегі электрондық мәтіндік мәліметтер базасы.

Брокгаузъ on-line - http://www.russia.agama.com/bol

            Әйгілі энциклопедиялық сөздіктің қысқартылған нұсқасы, құрамында 46 000-ға жуық мақалалар енген.

            Биографическая база данных на сервере компании Biography- http://www.biography.com

Ежелгі дәуір батырлары мен қатар әр елдің қазіргі замандағы қайраткерлері туралы 25 мыңға жуық қысқаша мағлұматтар бар.

            http://www.translate.ru -Online – переводчик компании «Промт»

            Промт компаниясының оnline – аудармашысы.

            Серверде интерактивтік сөздіктердің толық кешені берілген. Ол екі жаққа бірдей тәржімалайтын ағылшын ,неміс тілдері және біржақтылы французб итальян тілдерінен аударуды қамтамасыз етеді

            http://www.tilashar.kz – Тілашар – Қазақ тілін оқып үйренушілерге арналған «Хабар» Агенттігінің «Тілашар» телебағдарламасы негізінде ашылған сайт. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда, online сабақтар жүргізуде сайттағы методикалық бөлімдерді пайдалануға болады.Сайтта қазақша-орысша лингвистикалық сөздік берілген.

            http://www.kz.index.kz - Орысша-қазақша мультмедиялық сөздік.

            Құжаттарды электронды турде жеткізу (ЭДД), Мәліметтер базаларымен жұмыс істеу, қажетті ақпараттарды тауып, тапсырыс беру.

            Құжаттарды электронды турде жеткізу (Электронная доставка документо (ЭДД)) дегеніміз тапсырыс берілген құжаттардың электрондық көшірмелерін дайындап коммуникация жетістіктерін арқылы пайдаланушыға жеткізу. Пайдаланушылар қажетті ақпараттарды әлемдік электрондық ақпараттар базасынан тапсырыс арқылы алуына болады. Электрондық көшірмелер сканермен цифрлау (оцифрование) арқылы жүзеге асырылады.
            Құжаттарды электронды турде жеткізудің (ҚЭЖ) басты технологиялық кезеңдері:

            1) тапсырысты өңдеу

            2) тапсырылған ақпараттарды іздеу

            3) табылған ақпараттың электрондық көшірмесін дайындау

            4) электрондық көшірмені тапсырыс берген пайдаланушыға жіберу

            Құжаттарды электронды турде жеткізумен (ҚЭЖ) түрлі мекемелер мен кітапханалар айналысады.

            Мәліметтер базасы (МБ)

            БД ИНИОН – http://www.inion.ru

            МБ ИНИОН (Қоғамдық Ғылымдар Жөніндегі Ақпараттардың Ғылыми интституты)
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі библиографиялық мәләметтер базасы 1980 жылдардан бері жүргізіледі. Мәліметтер базасына институт кітапхансына түскен кітаптар мен жинақтар, журналдардағы мақалалардың аннотациясы әлемнің 140 тілінде берілген.
            Мәліметтер базасын қолдану ақылы.

            БД «ВИНИТИ»(Всероссиийский Институт Научной и Технической Информации) - http://www.viniti.ru

МБ «ВИНИТИ» 1981 жылы институттың жаратылыстану және техникалық ғылымдар жөніндегі Реферативтік Журналындағы (РЖ) материалдар негізінде құрылған. Базаға мынандай басылымдар түрі енген: кітаптар, конференция материалдары, мерзімдік басылымдар, патенттер, нормативтік құжаттар, депоненттік ғылыми еңбектер. МБ-сы ай сайын толықтырылып отырылады

Мәліметтер базасын қолдану ақылы.

            БД ГЦНМБ(Государственная Центральная Научная Медицинская Библиотека) http://www.scsml.rssi.ru

Мемлекеттік Орталық Медициналық Ғылыми Кітапхананың мәліметтер базасы өзінің қорын 1988 жылдан бастап құрастырды. МБ-ы кітапхана жаздырып алатын мерзімдік басылымдар мен электрондық каталогтан тұрады, оған кітаптар, мақалалар, диссертациялардың авторефераттары кіреді.

Мәліметтер базасын қолдану ақылы.

 


Семинар сұрақтары

1. Интернет туралы ұғым

2. Адрестiк жүйе

3. Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері

4. Есептеу желілері

 

4. Есептеу желілері

Есептеу желілері – компьютерлік технологиялардың даму эволюциясының нәтижесі.
            Есептеу желілері дегеніміз – байланыс жолдарым
ен қосылған компьютерлер тобы. Байланыс жолдары кабельдер, желілік адаптерлер және басқа коммуникациялық жабдықтар арқылы қолданылады. Барлық желілік жабдықтар жүйелік және қолданбалы программалық жабдықпен басқарылады.

Желінің негізгі мақсаты – желідегі қолданушылар үшін ондағы барлық компьютерлердің ресурстарын ортақ пайдалануға мүмкіндік жасау.

Есептеу желілері – бөлшектенген жүйелердің бір түрі, олардың артықшылығы есептеулерді параллель орындауды қамтамасыз ету, ал оның өзі жүйенің өнімділігін және орнықтылығын арттырады.

Желілердің дамуының маңызды кезеңі - әр түрлі текті компьютерді тез және тиімді қосуға мүмкіндік беретін Интернет сияқты стандартты технологиялардың пайда болуы.
            Есептеу желілері пайдалану өнеркәсібі үшін келесі мүмкіндіктерге қол жеткізуге жағдай жасайды:

- құны жоғары ресурстарды бөліп қолдану;

- коммуникацияларды жетілдіру;

- ақпараттарды пайдалануды жақсарту жеңілдету;

- шешім қабылдауды тездету және сапасын жоғарлату;

- компьютерлердің территориялық орналасуының еркіндігі.

Есептеуіш техниканың қысқаша тарихы

Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғылар құрастырған. Біздің арамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абақты –орыс есеп шотына құралған пайдаланған. XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихында ең ірі құралдардың бірі – мамематик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.

Сандарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. Аяғында екінші бір ұлы математик және филосрф Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған.
Есептеулерге арналған құрылғылармен қатар берілген программа
бойынша автоматты түрде жұмыс істейтін механиздермен де (музыкалық автоматтар, шарманкалар, дабыл қағатын сағаттар және т.с.с) дамыды. Мысалы шарманкаға әрқалай орналасқан ьаяқшалары бар дискілер орнатылған – таяқшалардың орналасуына байланысты қандай да бір әуен орындалатын Жаккардтың тоқу станогында матаға түсетін өрнек жіңішке картон карталардағы (перфокарталардағы) тесіктердің басқаша. Өрнекті ауыстыру үшін перфокартадағы тесіктерді басқаша тесіп шығу жеткілікті болатын.
            Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарльз Беббидждің (XIX ғ. ортасы ) есімімен байланысты. Лейбництің механикалық арифметикалық машинасы идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре отырып, Беббидждің өзі «аналитикалық» деп атаған машинаның жобасын жасап шығарды. Бұл жоба іске асырылған жоқ, алйда өзінің мүмкіндіктері бойынша Беббидждің алғашқы ЭЕМ-нен кем түспейтін: онда 50 ондық таңбадан тұратын 1000 санды сақтайтын зерде жасалған арифметикалық амалдар Жаккардтық перфокарталарға жазылған программаға сәйкес орындалатын. Программада арифметикалық амалдарды бір тобын автоматты түрде қайталу, сонымен қатар амалдар тобын қайсы бір шарт сақталғанда ғана орындалуы мүмкін болатын. Беббидж машинасы байланысты программа ашу мамандығы пайда болды. Дүние жүзінің алғашқы программалаушысы ақын Дж. Байронның қызы Ада Лавлейс болды. Ада Лавлейс жазған программалар қайсы бір сандық фукциялардың мәндерін есептеуге арналды.

Х ғ. 30-жылдары аяғында американдықтар Дж. Атанасов (шыққан тегі болгар) пен К. Берри ЭЕМ жасап шығарды, онда электронды зерде және қосу мен азайтуға арналған электронды құрылғы, оларға қоса біраз механикалық бөліктер болды. Бұл машина әлде де болса әмбепап емес еді, алайда оның пайдалану салалары механикалық арифмометрмен салыстырғанда әлдеқайда кең болды. 1942 ж Атаносов – Берри ЭЕМ-інің жетілдірілген моделі жасалды, ол ең алдымен сызықтық теңдеулер жүйесін (30-ға дейін белгісізі бар 30 теңдеуден тұратын) шешуге арналды.

40 – жылдардың аяғына дейін бұлардың қуаттырақ және жетілдірілген біраз басқаша машиналар жасалды. 1946 ж. 3 американдық ғалымның Дж. Фон Нейман, г. Голдстайн, А Бернстың – ғалымы мақаласында әмбепап ЭЕМ құрастырудың негізгі принциптері баяндалған, онда өңделетін мәліметтерді сақтауға және есептеу программасын сақтауға ортақ бір ғана зерде пайдаланылатын. Осы принциптер іске асырылған алғашқы машина – EDSAC ЭЕМ – 1946 ж. Англияда Кембридж (онда бір кездері Беббидж оқыған) университетінде М. В. Уилкстің басқаруымен жасалды.
Біздің еліміздегі есептеуіш техниканың негізін қалаушы Сергей Алексеевич болды. Оның басқаруымен алғашқы отандық ЭЕМ-дер жасалды: 1951 ж. Киевте – МЭСМ (Малая Электронная счетная Машина) және 1952 ж. Москвада – БЭСМ (Быстродействующая Электронная Счетная Машина). БЭСМ-мен бір уақытта дерлік М – 2 және «Стреле» ЭЕМ-дері жасалды.

50-жылдардың ортасынан бастап есептеуіш техниканың күрт дамуы басталды. Қазір дүние жүзінде 50 миллионнан астам дербес компьютерлер, ондаған миллион басқа құралдарға іштей орналастырылған, ойынға арналған, үй тұрмысындағы компьютерлер жұмыс істейді. Қоғамның даму деңгейі энергияны меңгеру шамасымен анықтала бастады: жұмыс істейтін бір адамға келетін ЭЕМ саны мен оның жұмыс өнімділігі, дүние жүзілік байланыс желілеріне қосылу мүмкіндігі және т.б.
Компьютер тек сан түрінде ғана берілетін информацияны ғана өңдей алады. Басқа да барлық информациялар – дыбыс, кескін, аспаптардың көрсетулері және т.б компьютерлік өңдеуден өтуі үшін алдымен сан түріне енуі керек.
Компьютерде аналогты түрде мәтіндік информация да өңдеуден өтеді. Компьютерге енгізілетін әрбір әріп белгілі бір санмен қолданылатын болса адамның қажетіне қарай сыртқы құрылғыға (экран немесе басу) шығаруда осы сандар бойынша тиісті әріп кескіндері түзіледі. Әріптер мен сандар жиындарының арасындағы сәйкестікті символдардың кодтау (кодировка) деп атайды.

Компьютердегі барлық сан нөл және бірліктің көмегімен көрсетіледі (адамдардың әдетіне айналып кеткен ондық цифрлар емес). Басқаша айтқанда, компьютер әдетте санаудың екі жақты жүйесінде жұмыс істейді, өйткені бұл арада оның құрылғысы әлдеқайда қарапайым болады. Санды комьпютерге енгізу, оны адамның оқуы үшін шығару бастапқы ондық формада жүзеге асады – барлық қажетті түрлендірулер (преобразования) компьютерде жұмыс істейтін программаларды орындайды.
 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану" пәнінен "Интернет протоколы ұғымын зерттейді. Есептеу желілерін зерттейді" тақырыбында семинар-сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 694 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2023 154
    • DOCX 139.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметжанова Аяулым Сериккаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 180262
    • Всего материалов: 59

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов