Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыА. Өзгеріс не үшін қажет

А. Өзгеріс не үшін қажет

Скачать материал

 

А. Өзгеріс не үшін қажет

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің  дамуының қазіргі кезеңін, кез келген басқа елдердегі сияқты, дүниежүзілік білім беру кеңістігіндегі болып жатқан үрдістер мен мен оның даму тенденциясынан бөліп алып қарастыруға болмайды. Ол, ең алдымен,  дүние жүзі халықтары мен барлық елдердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің барған сайын өсіп, тереңдей түсуде.  [1] Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер  әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы  саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі– ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға  қалай дайындайды?».  [1]  Бүгінгі  таңда   әлемдегі  білім  беру  жүйесі  бір арнаға  тоғысқан.  Батыс  елдерінің  озық  бағдарламалары  оқу  процесіне  еніп,  еліміздегі  жалпыға  білім  беретін   мектептерде   қолданылып  келеді. ХХІ ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, сын тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құрал жасау, ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің сенімді серігі болды.  Нақтыдан бастап кешенді сараптамалық білімдерді игеру қажеттігі  дағдылары  да бүгін пайда болған емес. Платонның «The Republic» (Республика) деген еңбегінде зият деңгейінің төрт түрі туралы сөз болады. [2]  Ал ұжымдық және жеке табыстардың осындай дағдылардың болу, болмауына тәуелді болуы туралы қорытынды шын мәнінде жаңалық. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін мектеп директорлары өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым құзырлы және тиімді мұғалімдердің ат салысқаны құба-құп. Әлемдегі білім беpу жүйеcінің қaлыптacуынa көз жүгіpтcек нені бaйқaуғa болaды? Ең біpіншіcі – зaмaн өзгеpуімен қaтap, білім беpу де өзгеpген. Aлдындa оқу үдеpіcі біp бaғыттac, «көп білгенінен» «aз білгеніне» қapaй болaтын болca, қaзіpгі оқушы білімін жaн-жaқтaн дa aлa aлaды – мұғaлім, aтa-aнaлap, cыныптaғы және бacқa cыныптaғы құpдacтap, интеpнет, интеpaктивті оқыту, қaшықтықтaн оқыту, түpлі әдебиеттеp және тaғы дa бacқaлар. Cондa,

 

Выготcкий (1978) aйтуыншa, оқушының білім aлуынa қacындaғы еpеcек aдaмның ықпaлы өте зоp (Жaқын Apaдaғы Дaму Aймaғы). Сонымен қатар  aқпapaт мөлшеpі кеңеюіне бaйлaныcты aдaмзaт игеpген бapлық білімін біp aдaмғa игеpу мүмкін емеc және  керек те емеc. Әp aдaм өз білімін  қaлaй? және не үшін? толықтыpуды білу кеpек. Екіншіcі – білім беpу жүйеcі өзгеpген кезде, білім беpушілеp де өзгеpу кеpек.[3]  Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.  Мектеп жұмыcы мен оқушы жетіcтіктеpін өpіcтетудегі негізгі тұлғa – мұғaлім (Strong, Ward & Grant, 2011) Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. оқыту үдеpіcіне және оқушылapдың нәтижеcіне ең көп әcеp ететін мектеп әкімшілігінің мектепті pеcуpcтapмен қaмтaмacыз ету мaқcaтындa іc-әpекеті ғaнa емеc, онымен қaтap мұғaлімнің оқушылapды дaмыту және үйpетуге бaғыттaлғaн күнделікті жұмыcы болып тaбылaды (Barber & Moushad , 2007 ) . Оcы кезде мұғaлімнің дaмуы, өз-өзінді кәcіби қоғaмдacтық мүшеcімін caнaуынды тaлaп етеді (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005), бұл жеpде білім беpу тәжіpибеcі зеpттеулеp мен инновaциялap негізінде көшбacшы-мұғaлімнің қaтыcуымен жетілдіpіледі   (Frost and Durrant, 2003 ). Aдaми ұcтaнымдapын жетекшіге aлaтын мұғaлімдеp білімдеpін мехaникaлық түpде қaбылдaмaй, олapды өздеpі қaлыптacтыpa aлaды, оcы жaғдaйдa көшбacшылықты aтқapып, өз әpіптеcтеpіне және олapдың aйнaлacынa әcеp етіп, оқу үдеpіcіне зейін caлaды[4]  Қазақстан Республикамыздың білім беру жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр –Назарбаев Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті ашылып, мектептер e-learning жүйесіне қосылып, мұғалімдерді жаңа әдіс – тәсілдермен оқытуға үйрететін курстар өтіп жатыр, сонымен қатар  мектептердің тиімділігін өлшейтін және арттыратын құралдар жылдан жылға дами отыруда (Ұлттық Бірыңғай тестілеу, мектептердің мемлекеттік аттестациясы, ОЖСБ). Бұл – жаңалықтарды енгізудің көрсеткіштері болып табылады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [5]. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру

 

жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да, саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.Қазақстан  білім  беру  жүйесін  реформалау  не  үшін  қажет? Президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей келе 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті . Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді. Қазақстан Республикасының 2015  жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.[6]  Қазіргі таңда білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын Халықаралық институттармен де ынтымақтасу өте маңызды. Олар өте көп және олардың көбісі ЮНЕСКО басшылығымен жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қазақстанда жұмыс жүргізіп жатқан шетел оқу-ағарту бағдарламалары да Қазақстан білімін реформалауға әсерін тигізбей қоймайды. Олардың ішінде ірілері қатарына Канада оқу-ағарту бағдарламаларын жатқызуға болады. Канадада 6-7 жастан бастап 15-16 жасқа дейін мектептерде білім алу міндеті бар. Ол үшін мемлекеттік қаржыға осы процесті іске асыру мақтасында қыруар қаржы бөлінеді. Квебек провинциясында кейбір колледждер де мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан, оқу ақысы айтарлықтай қымбат емес. Канадада білім берудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі жоқ. Әр провинция өзінің жеке білім беру жүйесін құрады. Мұнысына қарамастан, барлығы орталық үкімет тарапынан қаржыландырылады. Жыл сайынғы мемлекеттің

 

жұмсайтын қаржыларының 20% білім беру саласына тиесілі. Жоғарғы оқу орындарындаға студенттердің оқу ақысын өтеуі үшін мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіледі. Студенттер мемлекеттен төменгі пайыздық көрсеткішпен несие ала алады. Провинцияларда да осыған ұқсас студенттерді қолдау жүйелері бар. Канада үкіметі 2000-2010 жылдар аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындады. Осы бағдарлама аясында 100 мың студент мемлекет тарапынан жыл сайын 3000 доллар соммасындағы шәкіртақыны алады. Шәкіртақы бес жылға дейін беріледі. Канаданың білім беру саласына жұмсайтын қаржысы жан басына шаққанда әлемдегі ең жоғарғы көрсеткішке жетеді. Халықтың білімінің жақсы болуы елдің атағы мен ол елде интеллектің бағаланатындығына дәлел бола алады.[7] Кез келген мемлекетте білім беру жүйесі толық реформаланып болған жоқ және болмайды . Өйткені, заман талабына сай ол өз талаптарын да өзгерте бермек. Сондықтан біздің еліміз де бұл үрдіске бар белсенділігімен қатысуға ат салысуда. Дүние жүзі елдері, атап айтсақ, барлық елдердің 80 пайызы 12 жылдық оқу жүйесімен жүреді. Аса дамыған елдерде, Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канадада, Германияда орта жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапония мен  Италияда-12 жыл. Шет елдерде біздің орта білім туралы құжатымыз-аттестатымыз танылмай отыр. Екіншіден, шет ел мектептерінде 12-13 жылда оқитын білімді біз 11 жылда тәмамдаймыз. Сондықтан қазір 11 жыл оқитын балаларға оқу жүктемесі көп түседі. Жоғары сыныптарда, өз қалауымен пәндерді таңдап оқу уақытын қоса есептегенде, оқушыға түсетін оқу жүктемесі 36 сағат емес, 41-42 сағатқа жетті. Егер 12 жылдық мектепке көшетін болсақ, оқу жүктемесі біршама жеңілдейді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады.   Ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейіндік оқытуды, көп тілдікті қамтамасыз етеді. Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады, біріктірілген курстар, алдын ала бейіндік даярлау енгізіледі. 11-12 сыныптарда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша бейіндік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып есептелінеді. Кәсіптік мектептер мен лицейлерде білікті жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Бұдан да жоғары

 

біліктілік алу үшін қосымша бір жылдық оқу мерзімі көзделіп отыр. Орта білім берудің мазмұны мектеп бітірушінің дербес және лайықты өмір сүруі, білім алуын едәуір жоғары деңгейде жалғастыруы немесе еңбек рыногында өзінің орнын табуы үшін құрылады. Бұл жерде мемлекеттің 12 жылдық ақысыз білім беруге кепіл болатынын айту керек.Тағы бір үлкен мәселе, ол 12 жылдық мектептердің құрылымы туралы. Дүниежүзі елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әрқайсысының қалыптасқан өзіндің ішкі құрылымы бар.  Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп үш сатыдан тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі орта мектеп 3-6 жыл және жоғары орта мектеп 2-4 жыл. Біздің елде 12 жылдық мектептердің бастауыш сатысы 4 жылдық болады деп шешілді. Тарихи зерттеулер нәтижесі Қазақстанда әр кезеңде де мектептегі оқу мерзімінің жоғары сатыдан ұзарып отырғанын көрсетеді. Ең алдымен, елімізде 4 жылдық бастауыш мектеп құрылған. Содан кейін барып, екі сатылы 7 жылдық мектептер ашылған. Ал,соңғы 50 жылда жалпы білім беретін мектептер 7 жылдықтан 8 жылдыққа ауысты, одан соң 9 жылдық, 10 жылдық, 11 жылдық мектептер құрылды. Бүгіндері ел алдына, оқу-білім қызметкерлері алдына 12 жылдық оқуға тиімді көшу мәселесі қойылып отыр. Дүниежүзінде міндетті негізгі білім жүйесі де әр түрлі. Мысалы, Германияда барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу ғана міндетті деп айтуға болады, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра береді. Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген бала оқуын жалпы білім беретін 4-5 жылдық колледждерге жалғастырады. Жалпы айтқанда міндетті оқу мерзімдері түрліше: 8 жылдық (Италия, Венгрия, Канада), 9 жылдық (Швеция, Жапония, Куба, Болгария, Чехия, АҚШ) және т.б. .[8]  Барлық оқушыларға 11-12 жылдық білім беруді ешбір ел міндетіне алып отырған жоқ. Зерттеу барысында 20-дан астам елдің 55 пайызында міндетті оқу-9 жылдық, 32 пайызында 10 жылдық, қалғандарында 8 жылдық. Дүниежүзі елдері мектептерінің біразында жоғары мектепке оқушылар оқу үлгеріміне қарай және мектеп берген мінездеме негізінде арнайы мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданды[8]

 

Менің мектебімде өзгерістер не үшін қажет? 

 Бүгінгі таңда әлeм eлдеріндегі  білім реформасы жүйeсіне қарай  отырып, өз еліміздің де білім реформасы өзгеруде. Тәуeлсіздік  алған  тұстан бастап, Қазақстан Республикасында да  білім реформасында өзгерістер басталды..  

 

Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  жаңа қарқынмен дамуы,  еліміздің  өркениетті  елдер  қатарынан  көрінуі,  ғылыми-техникалық  прогрестердің  жетістіктері білім беру жүйесіне  де  ықпал етпей  қойған жоқ. Оқу сияқты  көшбасшылық  та адамның  басты, және  күрделі  әлеуеттерінің бірі  болып  табылады. Өзгеріс  енгізу  үдерісін  басқару оңай  емес, өйткені  оның  барысында  жұмыста әртүрлі  қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы  ықтимал. Мұғалім  ретінде, біз өзімізге  әрекет  етуге, басқаруға, шешім қабылдауға  жеткілікті  билік пен  өкілеттіліктер  берілмегендігін  түсінеміз, бірақ тәжірибе  көрсетіп отырғандай, басшы  қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім  ретінде өзіміздің  кәсіби беделімізге  және жеке  тұлға ретінде  моральдық  беделімізге сүйене отырып, оқыту  мен  оқу тәжірибесіне  өзгеріс  енгізуге  ықпал ете аламыз. Сонымен  қатар  біз  өзіміздің тәжірибелік  дағдыларымызды  дамытып, стратегиялық  тұрғыдан  ойлануды  меңгере  аламыз.

       Міне ,  өз мектебімнің  болашағы  үшін  білім реформасының қажеттілігі  туындап отыр. Өз мектебімнің оқыту мен  оқу үрдісіне жаһандық өзгеріс  енгізе алмасам  да сапалық білім деңгейін көтеруге өз үлесімді қоса аламын деп ойлаймын. Осы уақыт аралығындағы тәжірибе өткізу кезеңінде мектепте көптеген өзгерістерді бақыладым. Ол мұғалімдердің тізбектелген сабақтар өткізу кезеңінде, коучингтерде бақыланды.

  Мысалы:  коучинг сабақтары, тәлімгер  мен  тәлімалушы арасындағы  үдеріс , тізбектелген сабақтар кезеңінде Кембридж тәсілінің  теориялық негіздерін оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі анықталды. Оқу жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  түрі – сыныптық сабақ жүйесі .  Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназиясында жұмыс жасаймын.. Аталған гимназияда мен 1996 жылдан бері қызмет етемін. Бұл гимназияға  тартылатын оқушылардың жалпы  жас ерекшеліктер 6-11  жас. Бұл гимназия  кіші  жастағы балалар  оқитын  мектеп  болып  есептеледі Осы жылдар арасында оқу мен оқытуда көптеген өзгерістер болып тұрды.  Мұғалімдер ұжымының жұмыс жасау барысы жылда  арнаулы  курстар мен семинарларда жетіліп отырды.  Ұстаздар   үнемі  іздене  жұмыс жасап, ұжымдағы ынтымақтастықтың арқасында  оқушыларға  талапқа  сай  білім  беруді  көздейді.  Осыған орай   мектептегі   тәжірибе барысында  сабақтың  қалыптасқан дәстүрлі   түрінен  басқа,  оқытудың жаңа әдіс- тәсілдеріне  негізделіп  құрылған сабақ  түрлері    пайда болды.  Ондағы мұғалімдердеің алға қойған мақсаты: әрбір сабақты  жаңа  сапалық  сатыға көтеру. Бүгінде  оқыту жұмысын  осылай  ұйымдастыру мен әдіс-тәсілдердің   жаңалығы мектеп мұғалімдерінің оқу үрдісінде   шығармашылықпен  айналысуының   негізгі  өлшеміне айналды.  Тиімді

 

көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып  табылады  деген пікір кеңінен тараған. Шетел әдебиетінен алынған деректер  тиімді көшбасшылар  мектеп нәтижесіне және  оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне  тікелей болмаса да, қатты  ықпал ететіндігін  дәлелдейді.  Оқыту сапасы  оқушылардың  ынтасы  мен  оқу  үлгіріміне  қатты  әсер етеді  десек те,  көшбасшылық   сапасының  мұғалімдердің  ынтасы  мен  балаларды  оқыту деңгейіне  ықпалы бар ма  деген  мәселе төңірегінде  үнемі  пікірталас  туындап  жатады. [7]  65 бет  М.А.Н.

 ХХІ ғасыр табалдырығын аттағаннан кейін көпеген елдер әлеуметтік салада біршама өзгерістерді бастарынан кешіруде. Шын мәнінде соңғы 10 жыл ішінде оқу-ағарту саласында реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет жоқ. Кейбір елдерде бұл тәжірибе тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі қоғамның дамуында және әлемдік рынокта мықты позицияны қамтамасыз етуде білімнің басымдық рөлі туралы идея жоғары дамыған мемлекеттердің оқу-ағарту саясатында маңызды орынға ие. Ол ресми құжаттарда, саяси платформаларда және мемлекет басшыларының сөздерінде көрініс табуда. әлемдік қауымдастық өзінің жарқын болашағын жаңа біліммен байланыстырады.

       

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1.     [1] М.А.Н. 5-бет

2.      [2] М.А.Н. 5-беттер

3.     .[3] М.А.Н.  6-бет 

4.      [4] http://kk.wikipedia.org/wiki/  

5.      .[5] Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты // Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы / Ел, 2008. – 12 ақпан[6]

6.     http://kk.wikipedia.org/wiki  .

7.     “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том

8.      «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» 30.12.2011. i-news.kz/news/2011/12/30/6223429.html

9.      [7] М.А.Н. 65 бет

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "А. Өзгеріс не үшін қажет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2015 1521
    • DOCX 36.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдыкасымова Галия Жумановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдыкасымова Галия Жумановна
    Абдыкасымова Галия Жумановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 31645
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе