Инфоурок Начальные классы Научные работы«Ағаштар мен бұталардың аурулары» ғылыми жоба (4 сынып)

«Ағаштар мен бұталардың аурулары» ғылыми жоба (4 сынып)

Скачать материал

                                           « № 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 

 

 

 

      Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:

                               «Ағаштар мен бұталардың аурулары»

 

Зерттеуші: Калибеков Алихан

                        4 «а» сынып оқушысы

Пәні: дүниетану

                             Жоба жетекшісі: Жетимекова А.Ж

 

Описание: C:\Users\admin\Desktop\ашы0фото\Фото-0016.jpg

 

 

Семей қаласы

 

                              

                                                                                                              «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп»

4 «А»сынып оқушысы

Калибеков Алиханның

«Ағаштар мен бұталардың аурулары»

атты ғылыми жобасына

Пікір

        Дүниетану  пәні бойынша ұсынылып отырған Калибеков Алиханның «Ағаштар мен бұталардың аурулары» атты ғылыми жобасында ол алдына қойған мақсаттарын толығымен орындаған. Тақырып бойынша деректерді жинақтап, саралап, өз ойы мен пікірін қоса білдіріп отырған. Ізденуші жай ғана материалды қарастырып қана қоймай , өзіндік көзқарасын да танытып  отырған. Баяндаманың құндылығы да осында.

    Жасыл желектерді амалсыз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуға жататын ағаштарды кесу. жасыл желектердің орман ауруларына бейімділігін зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) бар-жоғын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының бар-жоғын, діңдерде, тамыр жүйесі мен бөрікбасында таз ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің бар-жоғын анықтаған.

     Ғылыми жоба мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, оның тәрбиелік мәнін бүгінгі қоғам талабына сай айқын да анық аша білген.

 

 

Ғылыми жобаның жетекшісі:                             Жетимекова А.Ж

 

 

 

 

                                                                                        Мазмұны

Аннотация....................................................................................................

1. Кіріспе......................................................................................................

            2. Ағаштар туралы  ақпараттым ...................................................................... 

            3. Бақылауым .....................................................................................................                                                                                                                                                             

           4.   Қорытынды..................................................................................................

            5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................

            6. Қосымша......................................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                               Аннотация

 Табиғаты сұлулыққа толған әсем қала қолдан жасалған қиянаттан көз ашпай-ақ келедi. Талай ақынның шабытын оятып, сезiмiн тербеген әсем қаланы байқай аласыз ба? Қаланың ластығы, экологиялық ахуалы сағат санап артуда. Ығы-жығы адам, кептелiсте сiрескен көлiктер, әр қадам басқан сайын шашылған қоқыстар, иiстенген тамаққа таласқан қаңғыбас ит пен мысық, күпiсiне оранып, әр жерде аунаған алқаштар...  Құлауға жақын қисайған ағаштар, желегi жұлынған бұталар. Мұқалып кетiлген арықтар мен жұлымы шыққан көгалдар. Тiзе берсек, бiтуi қиын бұл тiзiм семейліктерге денсаулығына төнген тажал. Улы газ бен көк түтiн семейліктерге  төнген қауiп бұл ғана емес.Онсыз да әлеуметтiк мәселесiнiң мәнi кеткен Семейдің ауасы адамдарына орасан зор қауiп төндiрiп отыр. Елiмiз бойынша денсаулығы нашар адамдар да осы жерде тұрады. Әрине, бұл проблемалар ең алдымен қоршаған ортаның ластануынан болуда.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:  қоршаған дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру; қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғат байлықтарын сақтау және ұлғайта білуге жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.

 Зерттеудің теориялық мәнділігі:  табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тә Зерттеудің практикалық мәнділігі:  Ағаш пен бұталардың ауруларын анықтау

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

-         Туған өлкеміздің тамаша байлығы-«Көгілдір қазына»

-         Жануарлар  мен өсімдіктердің тіршілігі үшін ағаштардың маңыздылығы

-         Ағаштарды қорғауға қаланы көркейтуге үлкен үлесімізді қосу

Жұмыстың орындалу әдістері: деректермен танысу, жинақтау, қорыту, жүйелеу және  талдау жасау.

                                                                  Кіріспе

Тіршілік тірегі-табиғат. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Табиғат Ананың қасиеті сырларың бойымызға сіңіріп алмайынша, онымен тең отырып «Сөйлесу» қиын. Табиғатқа қамқорлық жасау-әрбір азаматтың абыройлы міндеті, әрі қасиетті парызы.

Бір ой келді. Жазғы мезгілде отбасымен бірге өзен жағасында демалуды жақсы көремін. Өзеннің ағындысын бақылап отырып,бір ой келді. Өзенде керемет өмір тіршілігі бар екен. Судың ішіндегі өсіп тұрған өсімдіктер, жүзіп жүрген балықтар және ағынды судың дыбысы таңғалықты ой туғызды. Ағаштар бұтағында ойнап жүріп жапырақтардың әр түрлі дақтарына көз салдым. Осы жерден бастап ол неден пайда болғаны және қаншалықты зиян екенін білгім келді.

  Ұстазым,ата-анамның кеңестері маған үлкен көмек болды. Жобамның тақырыбын бағытын,мақсатын ұстазыммен бірге құрып , жұмысымды бастадым.

 Ата-анам орманға,өзен жағасына және биологиялық орталыққа апарып бақылауымды қадағалап отырды.

 

 

 

Тақырыбы: «Ағаштар мен бұталардың аурулары»

Мақсаты: Ағаштар мен бұталардың  ауруларын  анықтау.

Описание: C:\Users\admin\Desktop\ашы0фото\Фото-0019.jpg

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Ағаштар мен бұталардың  аурулары  жөнінде  біздің  елді  мекенімізде мәлімет аздылығында және  көгалдандыру  бағдарламасын  дамыту.

Зерттеу жері:

Мектеп бақшасы

Ертіс өзенінің маңы

Биологиялық орталығы

 

Описание: C:\Users\admin\Desktop\висолые  фотки\Фото-0037.jpg Описание: C:\Users\admin\Desktop\дарын\биологически центре\SAM_0804.JPG

                        

 

                     

 

 

1.    Ағаштар туралы  ақпараттым

Описание: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3d/Salix_rosmarinifolia02.jpg/220px-Salix_rosmarinifolia02.jpg

Шілік (Sálix rosmarinifólia) – тал туысына жататын аласа бұта. Қазақстанда Тобыл – Есіл атырабында, Солтүстік Қазақстанда, Ақтөбе облысында, Сарыарқаның батысында шымтезекті жерлерде, өзен алқабында, ылғалды шабындықтарда өседі. Биіктігі 1 м-ге дейін, шыбық тәрізді жіңішке бұтақты, жас бұтақтары түкті, бірнеше жылғы бұтақтары сарғылт қоңыр, түксіз болады. Жапырақтары қысқа сағақты, ұзындығы 2 – 8 см, ені 0,3 – 1 см, көк жапырақтарының екі беті де түкті болады. Гүлі ұсақ, өте көп, гүл сырғасы жапырағынан бұрын дамиды. Мамыр айында гүлдейді. Жергілікті жерде Шілікті отын ретінде пайдаланады.

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Файлы Mail.Ru Агента\bolesovag@mail.ru\alihan2004-2011@mail.ru\Изображение 106.jpg

 

 

 

Ағаш туралы

   Жөке ағашыжүрек тәріздес, жиектері ара тісті әдемі жапырақтары бар ағаш. Биіктігі - 30 метрден асады. Жөке ағашы динозаврлар дәуірінен кейін пайда болған. Сол кезден бері көп өзгеріске ұшырамаған. Жөке ағашының табиғи 50-ге жуық , ал будандастырылған 100-ге тарта түрі бар. Өмір сүру ұзақтығы - орта есеппен 300-400 жыл, ал кейбір сұрыптары 1200 жыл өмір сүреді. Жөке ағашы 30 жылдан кейін гүлдей бастайды. Маусым-шілде айларында нәзік, тәтті хош иіс шығарып молынан гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-15 күнге созылады.

 

 

Қолданылуы

 Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен қолданылады. Жөке ағашын құрылыста, жиһаз жасауда, халық шаруашылығы мен медицинада қолданумен қатар, көгалдандыруда да үлкен орын алады. Ерте көктемнен бастап, күздің соңына дейін жайқалып өсіп, жүздеген жылдар бойы бақтың ажарын кіргізіп тұратын көркем ағаш. Бойы биік, алып ағаш болғандықтан, қала көгалдандыруда саябақтарға егеді. Жапырағы мол болғандықтан, ауадағы шаңды жақсы тазартады.

Күтімі

Ылғалды топырақта, ашық күн көзінде және алакөлеңкеде де өсе береді. Жөке ағашы арнайы қырқу жұмыстарын қажет етпейді, алайда көктемде артық бұтақтарын қырқып тұрған дұрыс.

Көбейтілуі

Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.

Описание: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/16/Populier_Populus_canadensis.jpg/240px-Populier_Populus_canadensis.jpg        Ақ терек

 Терек - тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы - жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті.

Қолданылуы

Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Көгалдандыруда көше бойларына, жол жиектеріне көбірек отырғызылады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта, отын үшін өсіреді.

Описание: C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Файлы Mail.Ru Агента\bolesovag@mail.ru\alihan2004-2011@mail.ru\2012-07-07 16.15.21.jpg

Күтімі

Құнарлы топырақта, күн көзінде жақсы өседі. Жазда аптасына бір рет мол суғару керек. Көктем, күз мезгілдерінде көңмен қоректендірген жөн.

Көбейтілуі

Күз кезінде қалемшелеу жолымен оңай көбейтіледі.

                                        Қараағаш

Описание: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0c/Ulmus_parvifolia.jpg/373px-Ulmus_parvifolia.jpg

         Қарағаш (Ulmus) – қарағаштар тұқымдасына жататын көп жылдық жапырақ тастайтын ағаш. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдемдерінде кездесетін 30-дай (кейбір мәліметтерде 45) түрі белгілі. Қазақстанның далалы жерлерінде, сай-жыраларда, өзен аңғарларында, тау етегіндегі құрғақ қойнауларда өседі. 6 түрінің төртеуі қолдан өсіріледі. Көп тарағаны – жылтыр Қарағаш (U. laevіs). Биіктігі 35 м-дей. Бұтақ шоғыры қалың, жарты шар пішінді, диаметрі 60 – 80 см. Жай жапырақ жүйкелерінің ұшы жапырақ жиектеріне тіреле аяқталады. Бөбешік жапырақтары ерте қурап түсіп қалады. Жапырақтары негізінен жемістері піскеннен кейін жайылады. Топталған гүлдері қос жынысты, жапырағы шықпай тұрып гүлдейді. Гүлсерігі 4 – 8, аталық саны да осындай. Аналығының аузы қостілімді, қанатша тәрізді өсіндімен тұтасып бірігіп кеткен, жемісі піскенде де қанатша сақталады. Жемісі – жиегі жарғақ қанатшамен көмкерілген жаңғақша. 200 – 400 жылдай жасайды. Өте жеңіл болғандықтан жел арқылы алысқа ұшып таралады. Қарағаш – бағалы орман ағашы әрі дәрілік өсімдік. Жапырақтары мен жас бұталарының қабығы емдік мақсатқа пайдаланылады. Халық медицинасында қабығын суға немесе спиртке тұндырып, құлақтан ірің аққанда, жапырағының ұнтағын ішек және бүйрек шаншуларын емдеуге қолданады. Қарағаш – суыққа төзімді ағаш, көбінесе көгалдандыру мақсатында жол жиектеріне отырғызылады. Аңызақ желге тосқауыл болу үшін егістіктердің айналасына, сусымалы құмдар мен сай-жыраларды су шаймас үшін мәдени түрде егеді. Сүрегі ауыр әрі тығыз, шірімейтіндіктен, түрлі үй жиһаздарын жасау үшін, құрылыс материалы ретінде қолданылады.

                            

    2.   Бақылауым

                              Мектеп үлескіде

Описание: C:\Users\admin\Desktop\висолые  фотки\Фото-0036.jpg Описание: C:\Users\admin\Desktop\висолые  фотки\Фото-0033.jpg

  Алғаш рет зерттеуімді мектеп үлескіде серуенге шықанымда  кейбір ағаштардың құрауына несебеп болғанына ұстазымнан сұраған едім. Сол кезде ұстазым әр түрлі себептерін айтып берді. Менің ізденісім осы жерден басталды.

                      

    Анықталған ағаштардың ауру түрлері

Ағаш түрі :Шілік
Ауру түрі: «Ведмина метла»

 

                                           Ертіс өзенінің маңы.

Ағаш түрі : Жөке
Ауру түрі: Жапырақ шетінің күюі

Описание: C:\Documents and Settings\UserXP\Рабочий стол\экспедиция\фото\IMG_7581.JPG 

Биологиялық орталық.         

Ағаш түрі :Ақ терек
Ауру түрі:Сұр дақ (серая пятнистость)

Описание: C:\Documents and Settings\UserXP\Рабочий стол\экспедиция\фото\IMG_7564.JPG

 

Ағаш түрі :Қараағаш
Ауру түрі: Сары тат ауруы

Описание: C:\Documents and Settings\UserXP\Рабочий стол\экспедиция\фото\IMG_7569.JPGОписание: C:\Documents and Settings\Admin\Мои документы\Файлы Mail.Ru Агента\bolesovag@mail.ru\alihan2004-2011@mail.ru\Фото2449.jpg

 

 

 Қорытынды:

—  Жалпы зерттеу экспедиция кезінде теректің 3 ауру түрі, шіліктің 3 ауру түрін, қарағаштың 1 ауру түрін және жөкенің 1 ауру түрі анықталды. Зерттеу аймақтырының зақымдалу дәрежесін салыстырсақ ең жоғары зақымдалу дәрежесі Ертіс өзеннің маңы, орташа мектеп бақшасы және орташа  биологиялық орталығы аймағынан байқалды. 

       

 

 

                           

             

 

 

 

  Шығармашылығым

Жөке ағашы туралы тақпақ

Аулаңызға еккен оны жөн болар,

Жұпар иіс шашып тұрар маңайға.

Зәулім ағаш, ауруға да ем болар,

Сая болар көлеңкесі талайға.

Терек туралы тақпақ

Теректер биік өседі, Алатұғындай Ай ұстап. Діңдері жұмсақ бірақ та Сондықтан аздап майысқақ. Жел соққанда ән айтар Жапырақтары “дауыстап”. Дауыл тұрса тербеліп Теректің белі қайыспақ.

Описание: C:\Users\admin\Desktop\висолые  фотки\Фото-0172.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

                     Ақпараттық дереккөздер

-Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5

-Қайымов Қ  .Биология және техника – Алматы.  Қайнар .1985 ж

-Қаратаев М . Қ  Қазақ Совет энциклопедиясы . 2-том Алматы. 1973ж

-Сыбанбеков Қ.  Биология ғажайыптары .- Алматы . Қайнар . 1973 ж

-Жануарлар әлемінде. Алматы . 1992 ж

-Қазақ Энциклопедиясы

- Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ағаштар мен бұталардың аурулары» ғылыми жоба (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 367 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2016 3506
    • DOCX 4.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жетимекова Анаргуль Жексенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12706
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе