Инфоурок Всеобщая история КонспектыАңыз әңгімелер "Ауылдың шығу тарихы"

Аңыз әңгімелер "Ауылдың шығу тарихы"

Скачать материал

Ерейментау  аудандық  білім бөлімі

Тайбай  орта  мектебі

 

 

 

 

Аңыз әңгімелер  мен    тақпақтар  және  шығарма

 

 

 

 

Дайындаған : Қадылбек  Риза

жетекшісі  тарих  пәнінің  мұғалімі :

 Дюсенбаева  Алтын  Темірбайқызы

 

 

                                             f81[1]

 

 

2014-2015 оқу  жылы

 

Тақырыбы: Жарық ауылының шығу тарихы

      Мақсаты: Туған өлке тарихына танымдық қызығушылықтарының және зерттеу-тергеу шығармашылықтарының дамуына,қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу.

                                    Жарық ауылы ертеден ескі шахар.

      1916 жылдан бастап халықтар мал жайылымы үшін қыстаудан көшіп келіп жайлаған жері томар-томар жарық ,сондықтан «Жарық » деп атаған.1932 ж ашаршылықта біраз ағайындар Омбыға т.б жерге көшіп кеткен.Көшпегендер қыстауда қыстап,жазда жайлауда өмір сүрген.

      1942 жылдан бастап Сталин колхозы болып құрылып,аздап егін сеуіп,орақпен орып,бастырып бидай өсірген.жерді өгіз соқамен  жер жыртқан.Егіннен аздаған мөлшерде жансақтау үшін еңбек ақыларын алып отырған.Колхоз кезінде қой шаруашылығымен айналысқан.

      1956 жТың және тыңайған жерлерді жыртып,колхоздан совхоз Ерейментау құрылды.Ауыл Ерейментау совхозының бөлімшесі болды.Егін егіп көлемі 5000 гектар жерге сеуіп,мол өнім алып үкіметке тапсырып отырды.

      Сонымен бірге мал шаруашылығы жақсы дамыған.Бөлімшеде тәуелсіздік алғанға дейін ірі қара малдың саны  3000-4000 –нан кем болған жоқ мал өнімдерін үкіметке тапсырып отырды.Егемендік алғаннан кейін жеке шаруашылыққа  бөлініп кетті.

      1966 жылы екі этажды мектеп салынды,сол мектепте сегіз жылдық мектеп болды.Мектепте интернат болды ,көрші ауылдың балалары келіп оқыды.1978ж мектеп құлады.1992 жылы жаңа мектеп салынды .Ең бірінші директор Жангелдин Қайыр болды. Мұғалімдердің есімі:Өмірзақов Ерғали,Жапабаев Темірғали, Мұстаханова. Мақсура, Қайырбеков Төлеген ,Тасболатов Тұрсын,Тоқсанбаева Сара,Эйхман Эмма,т.б. 1975жылы малшылар үйі болды.

 

 

 

       

      Әйтеке Би:

“Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,

Біз үш жүз керіспейік, келісейік”. Би-шешендердің сөздері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізіне жатады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, көп ұлтты Қазақстан Республикасы өзінің ән-ұранын, туын, ұлттық белгісін, ұлттық валютасын шығарып алға қадам басу керек болды. Еліміздің тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: “Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз”

Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеп: “Біз қайдан шықтық?, Біз кімбіз?”, Кешегі Кеңес дәуір бізге не берді?”,“Сол дәуірде не жоғалттық?”, “Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төккен , жанын пида қылған ата-бабаларымызға қандай құрмет көрсетіп жүрміз?” т.б. сұрақтарға жауапты осы мектеп қабырғасында дәріс беру барысында іздегеніміз жөн. Себебі   мектеп оқушыларына осы сұрақтар төңірегінде  жауаптар беру керек. Бүгінгі кішкентай бала-ол ертеңгі ел азаматы.Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.

Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы  белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

                                                      0016

                                             Алғабас   ауылының  тарихы

Алғабас – ауылы Олжабай ауылдық округіне қарайды.Ауылдық округорталығынан шығысқа қарай 40 км және Ерейментау қ. аудан орталығынан оңтүстікке қарай 46 км жерде орналасқан. 1934 ж. құрылған. Негізгі мектеп, ФАП бар. Ең жақын т.ж.с. Ерейментау (46 км). 1934 ж. құрылған. Бұрынғы атауы Жалтырсу. Совет үкіметі орнағаннан кейін Мойынсерік артелі болып құрылған, одан кейін ТОЗ, содан кейін Алғабас коллективтік колхозы болып құрылды. Қар қалың болғандықтан бұрынғы жерінен 6 шақырым Сәлмен деген жерге көшкен. Басшылары: Төлеуов Әйтемір, Боранбаев Қазкен. Колхоз болып құрылғанда Қошақайдың Әшімі, Байсалбаев Ахметжан, Серікбаев Әбіш, Шөкеннің Жұмашы, Әндіржанов, Пахриден Енсебаев, Тілепов Ақылбек, Төлеуов Темірбай басқарған. 1957 ж. Елтай, Жарық, Алғабас үшеуін қосып, Сталин колхозын құрған. 1961 ж. Ерейментау совхозынан бөлініп, Қазақстан совхозына қосылды. Басқармалары: Ысқақов Қожантай, Аянов Рахымберді, Тажиев Нұрбай, Шумаев, Қара, Каримов Қайролла, Жахин Рамазан.  1997 ж. бастап жеке меншік қожалықтарына бөлініп кетті. Алғабастан шыққан Әкпан Үкібаев Есіл районының совхоздарын құрысқан, Петропавлға облыстық атқару комитетінде төраға болған. Алғабастан Төрегелді Хасен, Мауин Әміржан, Мұқанов Әйтемір деген тұлғалар шыққан. Ұлы Отан соғысының ардагерлері: Жаманбалин Қырықбес, Жүсіпбеков Жапар, Жахин Жақия, Дүйсенбаев Теміртай, Қажыкенов Құсайын. Жахин Қазбек «СССР Жоғарғы Президиумы атынан көп жылғы ерен еңбегі үшін» (1988 ж.) медалімен, «СССР халық шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін» (1989 ж.) күміс медалімен марапатталған, Олжатаев Серікпай За трудовую деятельность (1971 ж.), Орден трудовой славы (1981 ж.), За добрестный труд целины (1970 ж.), Победитель Социалистических соревнований (1975 ж.), Ветеран труда (1989 ж.), За трудовые отличия (1976 ж.) медалдарымен мараптталған. 1916 ж. Ресей патшасының зорлығына Ереймен елінің азаматтары да қарсы болып, 5000-ға тарта көтерілісшілер Ерейментау тауларына бекінген. Сол тарихи уақиғаның куәсі Алғабас таулары, ал азамат соғысы жылдары адмирал Колчак Омбыны билеп тұрғанда стратегиялық маңызы бар темір жол салу іске аса бастапты Ол Талдыкөлден басталып, Новодолинка, Благодат, Шәкей, Үмбі жерімен, 180-нің ішімен, Бұйра, Қыдырбайдың сыртымен, Найзатасқа қарай кетеді. Территориясы Жарықтың іргесіне дейін, бір жағы Бозайғыр көліне дейін, бір жағы Кәрібай өзенінің ар жағы, Үмбі, Белодымовка, Бұйраның ағар өзегінің ар жағымен шектесіп жатыр.

 

 

                             0016

 

                                    Шығарма

Туған  өлкемнің аңызы

     Туған өлке,туған жер қасиетті, киелі ұғым-атам қазақтан  «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», -деген асыл сөз ұрпақтан –ұрпаққа  мұра  болып қалыпты. Туған жердің әрбір талы,тасы,самал желі тіпті қыбырлаған жәндігіне дейін жаныңа жақын, ыстық болады. Ата-бабамыз  туған  жерді аялауды, құрметтеуді  басты назарда ұстаған. Біздің де осы дәстүрді жалғастыруымыз үшін, ата-жерлеріміз кішкентай кезімізде тіпті қазіргі күнге дейін жер –су аттарын  аңызға айналдырып,жақсылықпен ұштастырып,туған жерге деген махаббатымды тереңдетті.Мысалы:Бұйратау Ереймен өңірінде бой тепкен ұлттық саябақтың атауы.Бұйра-кісі аты, ол Қанжығалы Киікбайдың Бозайының қыстауы болған екен.Тау жотасы соның атымен  аталған.Осы өңірдегі жотаның екі жақ қапталындағы  биіктік Есен  Мұрат ол өткен ғасырда  шешендігімен,тапқырлығымен  Ереймен еліне  беделі дарыған  қария, Күншалған тауының айналасындағы  қатпар-қатпар  биіктердің ішінде бір ат жоғалған, бір жылдан соң табылған атқа  сүйінші  сұраған сұраушы  ат амандығын  «есен», «құр ат» екен деп хабарлапты, кейін ат табылған  жер  Есен  Мұрат  болып кеткен екен.Біздің жеріміз өте  бай. Бұл деректерді, өкінішке орай, әр бала біле бермейді. Әрбір Ереймендік туған өлкеміздің қадір-қасиетін біліп, бағалай алса нұр үстіне нұр болар еді.  Бұл байлық  «Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» бізге жетті. Асылымызды, байлығымызды қорғап, құрметтейік.

 

 

 

Gul_flash

Қызғалдақтың  мұңы                                                                        Танып  еді  туған  жерім  «балам»деп

Қанатының  қорғауына  алам  деп .                      

 Саным  кеміп  ,өзім  семіп  барамын,         

 Болашаққа  үміттен  де  алаң  көп.                                                                                                           Қырдың   қызыл   қызғалдағы  ем  жайнаған

  Менсіз   сәні   кірмейтіндей   айналам .          

Мені  көріп  қаны  қызып   ақынның ,            

                        Еріксізден   ерке   жырын  арнаған .( Қадылбек  Риза )

                0016

                       Атақты  Алғабастың   ағаштары,

Саясында  жүрсең  самал бұлақтары.

Қарақаты ,мөлдіреген  мойылдары,

Көрген  адам   қызығып  қарар  дағы.

Ағашты  сындырмаңыз,кеспеңіз,

Бір-бірімен  бірігіп   болсын  егіз.

     Аялап  ормандарын  күткен  елім,

                                 Мәңгілік  жасыл  желек  ораныңыз.

                                Табиғатты  қорғайық

Дюсенбаева Алтын Темірбайқызы

Тайбай ауылының тарихы

   Біздің «Тайбай» ауылы Қанжығалы руының бір байының қыстағының орнында құрылған.Үлкендердің айтуынша,ауылдың       «Тайбай» деп аталуы XVIII ғасырға негізделген.Аңыз бойынша бай өзінің бір жасқа келген ұлына ,асыл тұқымды биесінің құлынын атайды.Ерте көктемде жылқышы тайды көлге суаруға апарады,даланың лебін сезген тай жүгенін үзіп,шапқылай жөнеледі.Сол шабысымен көлдің ортасынан бір-ақ шығады.Көлдің мұзы жұқа болғандықтан,тайдың шабысына шыдамай сынып кетеді...Тай суға кетеді...

  Осы оқиғадан  кейін бай тайдың суға кеткесінің белгісі ретінде қыстауды «Тайбай» деп атауға бұйырған екен.Бастапқыда көлмен бірдей Тайбай немесе Тайбас атанған.«1890 жылдан бастап эстондармен украиндар көшіп келе бастады.Мемлекет  көшіп келгендерге 12 құдық қазып берді ,халықтар өздеріне үй сала бастады.Ол үйлер әлікүнге дейін  сақталған».1898жылы патша жарлығы бойынша Қазақстан жеріне 1861 жылдағы реформа бойынша жерсіз қалған шаруалар келіп қоныстанды.Қазақстан аумағына жаппай қоныс аудару кезеңінде қазіргі ауылдың орнына Балтық жағалауынан адамдар келген.Олар кенттің негізін  қалаған.

Жыл өткенсайынРесейден,Украинадан,Прибалтикадан аударушылардың саны көбейе түсті.Бірақ ауылдың аты өзгерген жоқ.

Совет үкіметінің орнығуымен өткізілген шаралар да,ауылға өзгерістер әкелді.

1929жылы «Красный пахарь» колхозы құрылды.Бұл ауылдың екінші аты болды.Қоныс аударушылардың көбісі украиндықтар болды.Украинадан 20 шақырым жерде Белый Церковьтың жанында Звенигород ауылы бар.Осы ауылдан біршама отбасы Қазақстанға көшіп келді.Тағдыр оларды аты ұйқас Звенигородка ауылына қоныстанды.Ал 1950 жылы ауыл өзінің үшінші атына Н.К.Крупская атындағы ауылға ие болды.1904 жылы Украиндар Звенигородка ауылына келе бастағанда,эстондықтар Эстонияға кете бастады.Көшіп келгендер байларда жұмыс істеп өз күндерін көрді.Олар мал шаруашылығымен айналысты.

Кеңес өкіметі орнағанда бұл аумақта «Красный пахарь» колхозы болды.

1957 жылытың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде ол жаңадан салынып жатқан қаланың атымен «Ерейментау»болып өзгерді.Ауылдан 14 шақырым.Тайбай ауылдық округі,орталығы осы аттас ауылда 1992 жылы құрылған,Ерейментау ауданының құрамына кіреді.Округ ауданның оңтүстік бөлігінде аудан орталығынан 14 шақырым,облыс орталығы Көкшетау қаласынан 520,Ел ордасы Астанадан 160шақырым қашықтықта орналасқан.Округтің құрамында 5 елді мекен:Тайбай,Малтабар,Елтай,Жарық ауылдары және орталық қоныс бар.

Ақмола облысының администрациясының бұйрығы бойынша №А-10\325тен 2007 жылдың 3 қазан аыйның шешімімен Ақмола мәслихаты №4тен  2\9ден 2007 жылды4 3 қазан айында Звенигородка селолық округін Тайбай ауылдық округі болып ,ал Звенигородка Тайбай  ауылы болып өзгертілді.

 

 

                      f81[1]

 

 

 

 

Тайбай  орта мектебі

             10-сынып  оқушысы  Қадылбек Риза.

Жетекші :Дюсенбаева Алтын Темірбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Аңыз әңгімелер "Ауылдың шығу тарихы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 670 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 1988
    • DOCX 87.7 кбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсенбаева Алтын Темирбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дюсенбаева Алтын Темирбаевна
    Дюсенбаева Алтын Темирбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17412
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 277 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 116 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе