1054809
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалы"Ана тілі-білімнің кілті" сайысының жүрісі

"Ана тілі-білімнің кілті" сайысының жүрісі

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


Күні: 17.09.2015ж

Сыныбы: 6 «а», «ә»

Сайыстың тақырыбы

Ана тілі-білімнің кілті ( Тіл білгірі сайысы )

Мақсаты

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Күтілетін

нәтижелер

Оқушылардың сөздік қорлары , көшбасшылық қасиеттері артады, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйренеді.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, әдебиет,тарих

Қолданылатын әдістер

СТО, АКТ

Керекті жабдықтар


Интербелсенді тақта, сладйтар, А4, А3 қағазы, маркер, стикерлер.


Барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдас

Тыру

Психологиялық дайындық




2 мин





Шаттық шеңбер

Оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын құру.


Топқа бөлу:  Өлең ұйқасын табу арқылы топқа бөлу


Шаттық шеңберде

тұрып бір-біріне

тілектер білдіреді

Топ ережесін естеріне сақтайды

оқушылар 2 топқа бөлінеді.


1 мин

Мұғалімнің кіріспе сөзі: 

Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын!  Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.Бүгінгі "Тіл білгірі" сайысымызды

22-қыркүйек-Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі күніне арнаймыз.

Сайыстың ұраны: 
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, 
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. 
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- 
Мемлекеттік тілді білген жөн болар. 


Таныстыру. 





1 мин

1-топ:"Жас қыран". 
Қалықтап көкте жас қыран, 
Халықпыз сөзге тоқтаған. 
Тіліміз топты жаратын, 
Тобымыз біздің- " Жас қыран".

Ұраны 

Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр

Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр

2-топ:'' Топжарған''. 
Шығарар намыс топтыалдан, 
Дуалы ауыз тілге арман. 
Сайысқа келдік арман, 
Тобымыз біздің-" Топжарған". 

Ұраны:Белгісі болса – жолдан жаңылмас,

              Білімі болса – сөзден жаңылмас.

Топ басшысы өз тобын таныстырады


Өлең- сөздің патшасы".

( көркемсөз оқу)

2 мин

Тіл туралы көркемсөз оқу

Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды. 

Сөз тапқанға қолқа жоқ

( әріптерден жауап айту)



2 мин

1-топ- (А, Е, Т, О, С ). 

1. Қандай елде тұрасың? 
2. Қазақ тілі пәні ұнай ма ? 
3. Досың кім ? 
4. Қазір жылдың қай мезгілі ? 
5. Қайдан келдің ? 
6. Сенің сүйікті ақының?
7. Елтаңбада не бар? 
8. Бүгін қандай күн? 
9. Сенің көзің қандай? 
10. Жігіттер сырға таға ма? 
11. Жасың нешеде? 
12. Қандай тағамды ұнатасың? 
13. Бала оқытатын адам? 
14. Наурыз көжеге не салады? 
15.Жерде не бар? 
2-топ (Ә, Б, М, Н, Д ). 
1. Мақал білесің бе ? 
2. Атың кім ? 
3. Қандай фильм көрдің?
4. Қандай қаланы білесің ? 
5. Сен тұратын қаланы ата. 
6. Бір зат есімді ата. 
7. Асан әнді қалай айтады ? 
8. Жазушыны ата. 
9. Қазақстанда қандай жануарлар бар ? 
10. Алма тәтті ме ? 
11. Кім болғың келеді ? 
12. Сенің анаң қандай адам ? 
13. Сыныпта неше оқушы бар? 
14. Қыздар неден қорқады? 
15. Сәукелені қай кезде киеді? 


Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулері керек

Сен білесің бе? 

( ұяшықтағы сұрақтарға жауап)

3 мин

Тақтадағы ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап беру

1-топ

1. Абайдың қанша қарасөзі бар? 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным). 
4.
Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 

5. Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)

6. Киіз үй неден тұрады? (кереге, уық, шаңырақ)
7. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 

8. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедханафия )

9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 

10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 

2-топ

1. Қазақ тілінде неше септік бар, оларды атап шығыңыздар?

2.(7септік: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

3. Бес асыл істі атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

4. Елтаңбаның авторы? (Ж.Мәлібеков.Ш.Уәлиханов)
5. Жүз жасаған ақын? ( Жамбыл Жабаев)
6. Махамбет Өтемісұлы неше ағайынды? ( 10)
7. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989 ж 22-қыркүйекте)
8. 6 -шілде қандай мереке?
9. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу? 

10. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)

Тақтада берілген ұяшықтарда сұрақтар бар. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап беруге тырысады 

Кім жылдам?

( сөзден сөз құрастыру)

2 мин

1-топ- Тәуелсіздік

2-топ- Қазақстан

Берілген сөзден 1 минутта сөз құрастырады

Сөз мәйегі- мақал. 

( Отан, достық, туған жер, тіл туралы мақал-мәтел айту)

3 мин

Мақал—мәтел айтудан жарыс

Сайыскерлер Отан, тіл, туған жер, достық туралы мақалдар айтудан жарысады. 

Кім тапқыр?

( тұрақты тіркестердің мағынасын айту) 

3 мин

Тұрақты тіркестердің мағынасын айту

Берілген әріптерден басталатын тұрақты 5 тіркестер айту және мағынасын түсіндіру

1-топ- Е

Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау

Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу

Екі көзі төрт болды – қорықты

Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау

Екі езуі екі құлағына жету – қуану

2-топ- И

Инені жіпке тізу – бәле қуу

Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз

Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау

Иненің көзінен өткендей – пысық

Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу

Топ мүшелері берілген әріптерден басталатын тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіреді

Жинақтау

5 мин

Қазақ тілі сөзін топтастыру

Қазақ тілі сөзін топтастырып, постер қорғайды

Қорытынды

3 мин

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі көрермендер назарына.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік

Жеңімпаздарды марапаттайды,

қорытындылайды.



Кері байланыс

( рефлекция)

2 мин

«Аяқталмаған сөйлем» кеспе қағазға бүгінгі шара туралы өз жазып қалдырады

Сөйлемді аяқтайды, өз ойларын жазады.


























































Общая информация

Номер материала: ДA-049599

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.