"Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі" (8 класс)

Предпросмотр материала:

 

Күні: ________________                                                                                         

Сыныбы: 8 «А,Ә»                                                                                         

Тақырыбы: §30. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.

Сабақтың мақсаттары:              

Білімділік – оқушыларға қанның құрамы мен қасиеттері туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық – оқушылардың ой - өрісін қалыптастыру мақсатында тапсырмалар, ойын элементтерін пайдалана отырып, білімін жетілдіру.

Тәрбиелік – өздігінен жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ–жауап, әңгімелесу, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі: электрондық көрсетілімдер, плакаттар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

          Атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту

IV. Актуалдау

              V. Жаңа білімді меңгерту               

Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі. Лейкоциттер (грекше «leukos» – ақ, «kytos» – жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1 мм3 қанында 4–9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге – нейтрофилдер (45–75%), эозинофилдер (1–5%) және базофилдер (0–1%) жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге – лимфоциттер (18–30%), моноциттер (2–9%) жатады (қосымша бет). Олардың цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2–5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады (бұзылады).

Қызметі. Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді. Лейкоциттер қылтамырлардың (капилляр) қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып, жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Әсіресе, дененің зақымданған жерлеріне көп жиналады. «Жалған аяғы» бөгде заттарды (микроорганизмдер) қоршап, цитоплазманың ішіне қарай енгізіп жібереді. Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегімен олар ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады. Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген атақты физиолог ғалым Илья Ильич Мечников. Микробтарды ерітетін «обыр жасушаларды» – фагоциттер (грекше «рhagos» – сіңіру, жеп қою), микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуды фагоцитоз деп атады. Зақымданған мүшелердің қантамырлары кеңейіп, лейкоциттер тез енеді, зақымданған жер қызарып, қызуы көтеріледі. Фагоцитоз – ағзаның қорғану реакциясы. Тіршілігін жойған бактериялар мен лейкоциттер жарадағы іріңге айналады.

Тромбоциттер (грекше «thrombos» – қан ұйығы (сгусток) + «kytos» – жасуша) – қан пластинкасы. Тромбоциттер – сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі. Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2–5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3-де 250–400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7–10 күн.

VI. Дамытушылығы

Қан жасушалары және олардың ерекшеліктері

Ерекшеліктері

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

Пішіні мен құрылыс

1 мм3 қандағы мөлшері

 

 

 

Тіршілік ұзақтығы

 

 

 

Қызметі

 

 

 

VII. Бекіту

1. Тромбоциттердің құрылысы мен қызметі қандай?

2. Қанның ұюы қалай жүреді?

3. Қанның ұюы үшін қандай жағдай қажет?

4. Фибриноген дегеніміз не?

5. 6. Гемофилия ауруы қалай сипатталады?

VIII. Қорытындылау

IX. Үйге тапсырма §30. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.

X. Бағалау


      Қанның  атқаратын қызметтері

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қанның  атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қанның  атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қанның  атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қанның   атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қанның  атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қанның атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Қанның  атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Қанның   атқаратын қызметі

                   Анықтама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі" (8 класс)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Козыбагарова Гулстан Абилханкызы

Учитель биологии

  • На сайте: 10 лет и 7 месяцев
  • Всего просмотров: 20551
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 20551
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Козыбагарова Гулстан Абилханкызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~240

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: