Күні : | Сыныбы : 5 Пәні: Қазақстан тарихы
|
Тақырыбы | Қазақ халқы мен Қазақ хандығының қалыптасуы
|
Мақсаты | Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы, ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы жөнінде білім беру.
|
Жалпы мақсат | Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады |
Күтілетін нәтиже | Танымдық кабілеттері дамиды, өзгелерді оқыту арқылы есте сақтау қабілеттері жетіледі. Мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптасады |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Кім жылдам, суретпен жұмыс «Ребусты тап», Көпірше
|
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук |
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларды тексеру,түгендеу | Оқушыларды тексеру |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Білім
Қызығушылық тарын ояту | Кім жылдам ойыны арқылы Сұрақ жауапты пайдалану Шыңғыс хан деген кім? Монғол мемлекеті қашан құрылды? “Отырардың күйреуіне” Шыңғыс ханның әсері бар ма? V-XV ғғ Отырар қаласы қандай орталыққа айналды? Қаланың құрылысы неше бөліктен тұрған? Отырардың билеушісі Қайырханның ерлігі мен сатқын Қарашаның теріс әрекетін салыстырыңыз? Батыйдың батысқа бастаған жеті жылдық
(1236-1242 жж)жорығының нәтижесі? 8.Орда Ежен құрған мемлекет қандай ?
| Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр оқушыны диалогқа түсіру Өткен тақырып арналған үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, арнайы интер тақтаға көрсетіледі
| Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз орындау, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады |
Түсіну | Бейнебаян арқылы тақырыпты түсінеді Кітап бойынша мәтінді бөліп алады, оқиды,толықтырады
| Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру.Бейнебаяндағы сюжет туралы сұрау
| Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
|
Қолдану | Топпен жұмыс мәтінде оқығандарын постерге түсіріп, оны түсіндіреді
| Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылады,тапсырманы топ ішінде отырғызып топпен талқылату | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы. |
Сергіту сәті | «Қара жорға» атты жаттығу жасау | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау | Салыстырмалы картаны пайдалану арқылы тақырыпты талдау | Оқушыларға мәтінді топ ішінде әр қайсысына таратып беру. Топ ішінен топ басшы шығып тапсырманы салыстырады | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасау арқылы тақырыпты талдау, салыстыру |
Жинақтау | Көпірше әдісі арқылы сабақты жинақтайды | Әр топ сұрақтарға жауап береді | Топтар өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды |
Бағалау | Бас бармақ әдісі бойынша сабақты және бірін-бірі бағалайды | Стикермен ұнаған ұяшыққа жабыстыру,тілек жазу | Өзін өзі , топтарды бағалайды |
Рефлексия | БББ әдісі бойынша әр оқушы өз ойын жеткізеді
| Оқушылардың пікірін тыңдау | Оқушылар өз ойларын айтады |