Инфоурок Начальные классы КонспектыАшық сабақ: Көшеде жүре білесің бе?

Ашық сабақ: Көшеде жүре білесің бе?

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:Көшеде жүре білесіңбе?

Сабақтың мақсаты : 1. Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдар-

                                  шамның атқаратын қызметімен тансытыру.

                                     2. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай

                                   білу дағдыларын дамыту.

                                     3. Баланы зейінді, епті болуға, сақтыққа

                                   тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Бағдаршам» макеті, суреттер, жазылған сөздер Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақ барысы: 1.

Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен сәлемдесіп, оларды сабаққа даярлау.

2. Жаңа сабақ

Арманға алда күткен асығармыз

                  Біз қалай толқын атпай басылармыз

                  Жол жүру ережесін жақсы біліп

                  Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

      Жалғайтын достастырып бар елменен

                  Жолдардан тұрады ғой әлем деген

                  Бүгінгі бізге келген қонақтарға

                  Сабағымыз басталсын сәлемменен.

Шуақты өміріміз күндей күліп

                   Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт

                   Арманға сапар тарту мүмкін емес

                   Жол жүру ережесін білмей тұрып

 Қай көше, қай қалаға барсаңыз да

                   Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

                   Жол жүру ережесі-заңды тәртіп

                   Ол ортақ-үлкен-кіші баршамызға

Мұғалім: Балалар, жол жүру ережелерін әрдайым орындап жүруіміз керек. Қазір мына жұмбақты шешейік. Сол жауап бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы болмақ.

     Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та

     Бақырайған үш көзі бар бірақта.              (Бағдаршам)

-Көшеде жүру тәртібін не басқарады? -Бағдаршам (хормен) -Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бағдаршам»

     (тақтадан көрсету)

  Бағдаршам - механикаландырылған немесе автомат жүйе-сіне қосылған үш көзді аспап.

Жол қозғалысын реттеуде үлкен роль атқарады. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Көлік-адамдардың күнделікті көмекшісі. Балалар жол-көлік оқиғаларына жиі тап болады. Балалардың көпшілігі әдетте жолда жүру ережесін дұрыс сақтамаудан зардап шегед, яғни 1. Жақын келіп қалған көліктің алдынан кенеттен жүгіріп шығу. 2. Тасадан немесе тоқтап тұрған көліктер айналасында балалардың қапелімде шыға келуі; 3. Жолдың кез-келген жерінен жүгіріп өту; 4. Жол жиегінде, жол үстінде ойнау;

    -Балалар, бүгін біздің тәрбие сағатымызға «Бағдаршам» қонаққа келе жатыр, сендерге арнап, осы жолда жүру ережесі туралы білімдеріңді  тексеремін деп, бірнеше сұрақтар қоямын дейді.

-Дайынсыңдар ма? Қане Бағдаршамды шақырайық.

(Бағдаршам келеді)

Бағдаршам: Ей, жолаушы, зула аман

                      Көшеңменен таңдаған

                      Бұрылыста жалма-жан

                      Жөндеп қарап ал маған

                      Мен боламын бағдаршам

                      Кезек-кезек жанған шам

                      Жөн сілтейтін бағдаршам

                      Жөндеп қарап ал маған

                      Сары шамым жанғанда

                      Аялдауға қамдан да

                      Қызыл шамым жанғанда

                      Аялдап көз сал маңға

                      Жасыл шамым жанғанда

                       Қарап қалма, самға алға.

(3 жарық-3 қыз бала шығады, тақпақ айтады)

Мұғалім: -Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? Бекзат:Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білу керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды. Назира: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп-тұруына кедергі келтіреді. Жолаушылар жұмысқа, сабаққа дер кезінде жете алмауы мүмкін. Айтуған: Басталар әр қадамың аттауменен

                Өмірге қол созады әрбір көше

                 Жол жүру ережесін сақтауменен

 Көшеде біз сақ болайық

              Қаймықпасын ата-ана.

              Жолда сен бол лайық!

              Жас ұлан деген атыңа.

              Жолда жүру әліппесін

              Білген жөн бес саусақтай

              Сонда ғана жүре аласың

              Сен өзіңді сау сақтап.

  Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

     Ол бергенде команда

  Бағынамыз әмәнда!

Хор: Бағдаршам. Мұғалім: -Балалар қазір бағдаршамның сендерге дайындаған «Абайлаңыз, балалар» атты сұрақтары бар екен. Қане, сол сұрақтарға жауап беріп көрелік. 1 сұрақ: жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

 (Суретін көрсетеді) :жаяу жүргіншілер жиекжол-мен ғана жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, бұл-қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады. Ал артынан қуып жеткен адамдар сол жағынан емін-еркін өтіп кетуге мүмкіншілік жасалу керек.

2 сұрақ:Көлік жолдарының адам өміріне қауіптілігі неде?

Жолмен қөлік қана жүреді. Жолды кез келген жерден кесіп өтуге болмайды, өйткені адам өміріне өте қауіпті.

3 сұрақ Жол бойларында велосипедпен, қолшана және қол арбамен қалай жүру керек?

 Велосипедпен, қол шана және қол арбамен жодың шетін жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүреді.

4 сұрақ: Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

Ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған машинаға мән бермейді. Қыс айларында коньки, шана тебуші балалар сырғанақтың қызығымен машинаның астына түсіп кету қауіпі көбейеді. 5 сұрақ: Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиістіміз?

Көлікті жүргізушілер жол өткелдеріне жақындап келгенде жүрісін баяулатады. Қауіпсіз екендігін есте сақтау керек.

6 сұрақ: Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

Жүгіріп келе жатқан адам  айналасын бағдарлай алмай қалады. Және қарсы келіп қалған көлікті байқағанымен, сасқалақтап, жолдың екінші бетіндегі көлікке тап болып, жарақаттануы әбден мүмкін.

 

7 сұрақ: Автобустан шығып үлгере алмаған жолаушы не істеу керек?

Автобус жүргізуші айна арқылы жолаушылардың автобусқа мініп-түсу кезеңін бақылап отырады.Егер жолаушы түсуге үлгере алмай, автобус жүре бастағанда түсуге ұмтылса, есікке қысылып қалады немесе құлап, доңғалақ астына түсу қауіпі бар.

8 сұрақ: Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті саналады?

 Тоқтап тұрған көлік өзінің алдында, артында келе жатқан басқа көліктерді, адамдарды көрсетпейді. Сондықтан тоқтап тұрған көлік артынан тосыннан шыға келу адам өміріне қауіпті.

9 сұрақ:Балалар кейде жолдың екінші бетіндегі танысына, жолдасына тез жүгіріп барғысы келеді. Оның қауіптілігі неде?

Жүгіре жөнелсе өзіне де өзгеге де қауіп төндіреді.

10 сұрақ: Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?

Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.

11 сұрақ: Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?

Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімелесіп; жолда жүру ережесін сақтауды ұмытып кетіп, апатқа тап болуы мүмкін. Екіншіден, артта келе жатқан балалар алдағы топқа сеніп, алаңсыз болып қалады.

12 сұрақ: Жол өткелдерінде балаларға қол ұстасып жүруге неліктен рұқсат етілмейді?

Егер 2-3 бала қол ұстасып келе жатса, кенеттен кездескен қауіпті,яғни көлікті көргенде бірін-бірі әр жаққа тартқылап, уақытты кетіріп алады.

13 сұрақ: Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?

Жолда жүру ережесін жақсы білу тиіс, және жасы 14- ке толған балалар ғана жолда жүруге рұқсат алады.

14 сұрақ:Қандай жол белгісі велосипедпен жүруге тиым салады?

 Қызыл дөңгелек ішінде велосипедтің суреті бар белгі

    (Суретін көрсету)

15 сұрақ: Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?

 Оқиғада зардап шеккендер болса, бірден «03» яғни жедел жәрдемге телефон соғуы керек. Сонан соң «02» яғни жақын арадағы  полиция бөліміне хабар береді.Осы жағдайды көрген адам көлік номерін, сериясын жазып алу керек.

16 сұрақ: Жиек жол деген не?

Міне, балалар осы бүгінгі сұрақтарға берген жауаптарың үнемі ойларыңда жүріп, алған білімдеріңді өмірде қолдана біледі деп сенім артамыз. Мұғалім Қазір, балалар алған білімдеріңді тексеру, қорытындылау мақсатында «Жолдан өте біл» ойынын бағдаршам ала келіпті. Ойын шарты: -Егер бағдаршам жасыл белгіні көрсетсе 1 адым алға жылжимыз -қызыл жарықты көрсетсе 1 адым артқа шегінеміз -сары жарықты көрсеткенде қозғалмай орнымызда тұрамыз.

 

Мұғалім:Сонымен жол белгілері 4 топқа бөлінеді. (схемасын көрсету) 1. Ескертуші белгілер –Бекзат 2. Тыйым салушы белгілер – Балнұр 3. Анықтама белгілер –Мерей 4. Көрсеткіш белгілер-Мұхаммед

Мұғалім: Көшеде әркімнің өз жолы бар: -Адам жүргіншілер жолымен немесе тротуармен жүру керек (суретін көрсету) -Машиналар даңғылмен -Велосипедшілер жол жиегімен Бағдаршам: -Егер бағдаршам болмаса, көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара; -Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс; -Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме, сақ бол. Сонымен тағы бір қайталаймыз (Суретін көрсету)

            Қызыл жанғанда – тоқтаймыз

            Сары жанғанда – дайындал

            Жасыл жанғанда – жүреміз

Қорытынды:

                            Есіңе сақта

1.Жол белгілері екі түспен беріледі 2. Қызыл түс қауіп туралы, ал көк түс рұқсат етілетінін білдіретінін жадыңда сақта.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: Көшеде жүре білесің бе?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 100 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2017 697
    • DOCX 24.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акирова Меруерт Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акирова Меруерт Женисовна
    Акирова Меруерт Женисовна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 124048
    • Всего материалов: 50

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2690 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 529 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 454 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические методы и тесты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе