Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ "Сенім - менің серігім"

Ашық сабақ "Сенім - менің серігім"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Сенім   — менің серігім

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

 

«Сенім» ұғымының мән-мағынасын ашу;

Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

Өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру (слайд № 6)

Көрнекі құралдар:слайд,оқулық,үнтаспа, ватман, стикерлер

 

 

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру.

 

      Сәлемдесу     (слайд № 1)

 

1.Психологиялық дайындық (оқушылардың сабаққа қызығушылығымен көңіл-күйлерін көтеру үшін мына өлең жолдарын оқып, оқушылардың назарын өзіме аударып, шаттық шеңберіне шақыру- КӨҢІЛ КҮЙ ТАҚТАСЫНА –смайликтер жапсыру)

 

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,   (слайд № 2)

 

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.

 

Әрбір ісім- тіршілік, тірек, адамдық,

 

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

 

Шаттық шеңбері. (слайд№ 3)

 

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылар сәлемдеседі).Өзін — өзі тану сабағында көргеніме қуаныштымын.

 

  — Бүгін далада  қыстың бір жылы күні, қанеки біз бір-бірімізбен амандасып шығайық. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

 

— Жақсы балалар міне амандасып алдық.

 

Негізгі бөлім. Жаңа ақпарат

 

— Енді балалар, мен сендерге өлең оқимын, өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдаршы.

 

Сенім  (слайд № 4)

 

Ә.Табылдиев

 

Еңбек етсем, ертеңгі

 

Бақытыма сенемін!

 

Мақсатыма жеткізер

 

Уақытыма сенемін!

 

Достық іспен қасты да

 

Жеңеріме сенемін!

 

Ақыл сана білім мен

 

Өнеріме сенемін!

 

Арым таза, ақ көңіл,

 

Адалдыққа сенемін!

 

Абыройлы ақ ниет

 

Адамдыққа сенемін!

 

(балалардың жауаптары)

 

— Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Сенім – менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар?   (слайд № 5)

 

(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған,  сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)

 

Сенім деген сөзді қалай түсінесің?

Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

Қандай адам сенімге ие болады?

Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

(Оқушылар өз орындарына отырады)

 

Оқушылардың жауаптары

 

Сенім деген біреуге сенім арту , сенім артқан адамың сол істі уақытында орындау керек.

Жауапкершілікті сезіну керек.

Тәртіпті, ұқыпты, өз ісіне нақты көңіл аударатын, тапсырған затты уақытында орындайтын.

Еріншек, жалқау, өзіне-өзі сенбейтін адамдарға сенуге болмайды.

Мәтінмен жұмыс   (Оқулықты ашамыз 70 бет)     (слайд № 7)

 

Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін

 

Оқулықтағы Б.Тұрсынбаевтың  «Жаңа дүкенде» атты мәтінін оқытып. Сұрақтар беру арқылы талдау.

 

—         Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

 

—         Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?            

 

Тыныштық сәті — релаксация     (Музыка қосу) (слайд № 8)

 

  — Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.  (көздеріңді жұмығуда болады, көз алдарыңа достарыңмен бірге болған қызықты күндерді елестетіңдер.                                                                                                   

 

 

  Мұғалім: -Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.

 

     Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

 

     Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

 

Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

 

«…Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің.

 

  Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкелуі керек.

 

Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл»

 

                                                               Сан Мен Мун                                                                                             

 

(слайд № 10)

 

Сенімділік адамда қандай қасиеттер болғанын талап етеді?

Балалар осы мәтіндегі түйінді ой не деп ойлайсыңдар?

Шығармашылық  жұмыс (слайд № 10)

 

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар

 

С — сенімді, сыпайы,сүйкімді, сыйлы, сымбатты, сұлу

 

Е – ерен, ерекше,еркін, ержүрек, елпек

 

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер,

 

І —   ілтипатты, ізетті, ізгілікті, іңкәр

 

М – мәдениетті, момын, мейірімді

 

Дәйексөз  (слайд № 11)

 

         Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

 

                                                                                   М.Жұмабаев

 

Дәптермен жұмыс  (Үйге тапсырма бөлек бетте тарату)

 

47 беттегі 3 тапсырма

 

—         Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.

 

 

 

Жүректен жүрекке  (слайд № 12)

 

Күн сайын биіктеген әр сатымыз,

Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.

Әрдайым ашық болсын аспанымыз,

Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз

 

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі ұмытпау керек.

 

   Ендеше балалар бір- бірімізге жақсы тілектер айтайықшы (жүрекше беру арқылы)

 

Балалар бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңа рахмет!

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қалды ма, әлде өзгерді ме (сабақтың басындағына қарағанда) – смайл арқылы

Қорытынды бөлімінде оқушылар өтілген жаттығулардан, түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып, «Тілек ағашына» апарып жапсырады – стикер арқылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Сенім - менің серігім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 797 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2017 974
    • DOCX 42.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Надырова Гульмира Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 9369
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 149 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 668 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 565 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе