Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ашық сабақ сын есім"

"Ашық сабақ сын есім"

Скачать материал

№7 орта мектебі

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Сын есім»

 

 

 

 

 

                                                          Өткізген: 3 «Г» сынып жетекшісі

                                                          Сеидова Ж

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сын есім туралы жалпы түсінік беру.

2. Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмысын орындау

арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.Көркем

жазу арқылы әсемдікке баулу.

3. Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, суреттер, видеопроектор, слайд.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.

 

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең-еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

-Ендеше, балалар, еңбектеніп білім аламыз. Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Жаттығуды оқыту.

ІІІ. Өткенді қайталау.Сұрақ-жауап:

·         Етістік дегеніміз не?

·         Сұрақтарын ата.

·         Етістіктің түрлерін ата.

·         Негізгі етістік дегеніміз не?

·         Туынды етістік дегеніміз не?

·         Болымды етістік дегеніміз не?

·         Болымсыз етістік дегеніміз не?

·         Жарайды, балалар, етістіктен басқа қандай сөз таптарын білеміз? (Зат есім, сан есім, сын есім)

·         Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

·         Біз өткен сыныптардан бастап тек 4 сөз табымен ғана таныспыз. Олар өздерің атап өткендей зат есім, сан есім, етістік, сын есім. Қалған бес сөз табымен біз жоғарғы сыныптардан бастап таныса бастаймыз.

ІҮ. Жаңа сабақ.

-Жақсы, балалар, енді бәріміз сөзжұмбаққа назар аударайық. Мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.

- Бұның басқа сөзжұмбақтардан біраз өзгешелігі бар. Мен сендерге зат есім-дерді айтамын ,ал сендер сол зат есімнің түрін,сапасын,түсін білдіретін сөз-дерді немесе қандай?, қай?сұрағына жауап беретін сөзді  табуларын керек.

 

ж

у

а

с

 

 

ж

ы

л

ы

ұ

з

ы

н

 

1.Қой

2. Тон

3. Арқан

 

4. Көше

 

к

е

ң

 

 

ж

а

с

ы

л

б

и

і

к

 

ә

д

е

м

і

5. Жапырақ

6.Тау

7.Қыз

 

 

-Өте жақсы, балалар! Енді қызыл жолақтағы сөзді оқиық.(Сын есім)

-Біз сын есім туралы өткен сыныптан да, өткен сабақтардан да білеміз.

-Қане, сын есім дегеніміз не?

-Сұрақтарын атайық.

 

-Сонымен, балалар, біздер бүгінгі сабақта сын есім туралы білімімізді толықтыру мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

-Сын есімге байланысты сабаққа « өте жақсы » қатысқандарды қызыл түсті дөңгелекпен, « жақсы қатысқандарды » көк түсті дөңгелекпен, « орташа » жауап бергендерді « сары » түсті дөңгелекпен бағалаймын.

Ал, қане балалар, бәріміз де бүгінгі сабақтан жақсы баға алуға жұмыстанайық.

 

Дәптермен жұмыс: күннің жады, тақырыпты жазып, көркем жазу жұмысын жүргізу.

( Оқушылардан әдептілік туралы мақал-мәтелдерді сұрап, солардың біреуін жазу.)

-Балалар, біз өзімізді әрдайым әдепті оқушы болуға тәрбиелеуіміз керек. Осыған байланысты қане кім қандай әдептілік туралы мақал-мәтел біледі?

 

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала –сорлы бала.

*Мақалды сөз құрамына талдау.

-Балалар, қане енді оқулықтарымызға назар аударайық.

 

Оқулықпен жұмыс. 7-жаттығу. Ауызша.

Берілген зат есімнің әр түрлі белгісін білдіретін үш түрлі сын есім тауып айту.

                              үлкен

тақта                     төртбұрышты

ұзын

                              сары

сәбіз                      сопақ

                              тәтті

-Аталған сөздеріміздің ішінде геометриялық фигуралар бар екен. Қане, соларды тауып алайықшы. (Төртбұрышты, сопақ)

-Жақсы, ал тағы басқа қандай геометриялық фигураларды білеміз?

-Жарайсыңдар, ендеше келесі жаттығуымызға көшейік.

8-жаттығу. Тақтаға орындаймыз. Берілген сөздердің суреті ілінеді, оқушылар заттардың түсі, дәмі, пішіні бойынша білдіретін белгілерін жазады.

Алмұрт жасыл, тәтті, сопақ. Пияз ақ, ащы, домалақ. Жапырақ жасыл/сары/қызғылт, сопақ. Қызғалдақ қызыл, нәзік. Мүйізқоңыр, сүйір. Лимон сары, қышқыл, сопақ. Анар қызыл, тәтті/қышқыл, домалақ.

 

Ү. Сергіту сәті.

 

9-жаттығу. Тақтаға шығу, дәптерге жазу.

Суреттегі зат атауларының әрқайсысына қатысты бірнеше сын есім тауып жазу.

*Түлкі туралы балалардан білетіндерін сұрау.

Түлкі – иттер тұқымдасына жататын жыртқыш аң.Түсі жирен, сұрғылт сары, ақ түрлері де бар. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады. Дене тұрқы 70 – 77 см, салмағы 6,5кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді. Күшігін баулып жетілдіргенше інінен ешқайда кетпейді.Терісі бағалы аң, сол үшін ауланады. Кеміргіштерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді.

 

Түлкі қылғылт, сары, жыртқыш.

Кітап қызықты, қалың, төртбұрышты.

Өрік сары, тәтті, жұмсақ.

 

10-жаттығу. Тақтаға орындалады.

Адам                              Жануар

                    қорқақ

үнемшіл

көңілді

                       сақ

                      ұзын

                      арық

қара шашты

қой көзді

 

11-жаттығу. Ауызша. Сұрақтарға жауап алу.

-Заттардың барлық белгілерін көре аламыз ба? (жоқ)

-Алмалар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ерекшеленеді? (көлемі, түсі, дәмі)

-Алманың қай белгісін көре алмаймыз? (дәмі)

 

Шығармашылық тапсырма.Қарсы мағынадағы сын есімді  жаз:

Биік – аласа

Жас – кәрі

Ащы – тәтті

Үлкен – кіші

Ыстық – суық

 

13-жаттығу. Ребусты шешіп, шыққан мақалды жазу.

Жауабы: «Өтірік сөз өрге баспас».

Сөздік жұмыс.

Өр – Тiктеу келген ылдиға қарама-қарсы биiктiк.Жоғарғы нысана, мақсат, мүдде. 

 

ҮІ. Бекіту кезеңі. Тест.

1.Сын есімді  тап.
А) кітап,су 
В) оқыды, жазды 
С) үлкен, жақсы 
2.Сын есімнің сұрақтарын   тап.
А) Қай? Қашан? 
В) Қандай? Қай? 
С) Қандай? Қайтті? 
3.Сын есім нені білдіреді? 
А) заттың атын 
В) заттың іс – қимылын 
С) заттың сынын,сапасын, түрін, түсін, дәмін, көлемін

 

-Сонымен балалар біз бүгін сын есім туралы білімдерімізді толықтырдық. Жарайсыңдар!

 

ҮІІ. Үйге тапсырма.12-жаттығу, 185-бет.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.Дөңгелектермен.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ашық сабақ сын есім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 964 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2017 714
    • DOCX 32.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сеидова Джупар Худайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8461
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 120 человек

Мини-курс

Разработка и виды тренингов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе