Инфоурок / История / Рабочие программы / Ашық сабақ "1931-1933 жылдардағы ашаршылық"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Ашық сабақ "1931-1933 жылдардағы ашаршылық"

библиотека
материалов

hello_html_m3a8da2aa.gifhello_html_m7d9b6102.gifhello_html_m3a8da2aa.gifhello_html_m3a8da2aa.gifСынып: 9 «А»

Пән: Қазақстан тарихы

Ұзақтығы: 45минут

Сабақтың тақырыбы: §17. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.

Сабақтың мақсаты:
  1.1931-1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30-ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарғажаппай қоныс аударуы туралы оқушылардың білім деңгейін зерттеу, қосымша ақпараттар бойынша жан-жақты білім қорын молайту.

2. Тарихи шығармаларды, баспасөз ақпарат құралдарын, деректі фильмдерді пайдалана отырып, халқымыздың тарихындағы  ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөліп, ақпараттарды игеру барысында оқушының қосымша құжаттармен жұмыс істей білу  дағдысын дамыта өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыра білуге мүмкіншілік туғызу.  

  3.Ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, өзара сыйластыққа үйрету. Халқын ойлаған зиялылардың іс-әрекетінің негізінде ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, ойын, тірек- сызба

Пән аралық байланыс: д.ж.тарихы,қазақ әдебиеті

Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-сызбалар, “Білімге жорық” Дарын студиясы ойыны, Ақылды вагонар, Жеңіс шыңы, «Мен» мақсат адамы. Деректі фильм үзінді

Түйінді идея: Сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді.Топпен жұмыс жасауға  және ортақ пікір туғызуға, өзгенің және өзінің іс -әрекетіне баға беруге үйрену. АҚТ-ны қолдану

Күтілетін нәтиже:

 Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.

 Бірлесе жұмыс жасау арқылы өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.   СТО әдістері арқылы пәнге белсенділігі артады, сөздік қоры молаяды.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, түгелдеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, көңілдерін сабаққа аудару. Оқушыларды «Мен» өлеңі арқылы сабаққа психологиялық дайындық жасау.

Үй тапсырмасы:
Үйге берілген тапсырманы еске түсіру үшін ойын тәсілін пайдаланамын. Ойынның аты «Студия Дарын тв» арқылы оқшылардан үйге берілген тапсырманы сауалдар, сұрақтар арқылы сұрап, ойланған алты шляпа арқылы қорытындылаймын.

«Мен» Психологиялық дайындық

Жігер деген - МЕН

Күш деген - МЕН

Махаббат деген -МЕН

Кешірім деген -МЕН

Жастық деген -МЕН

Денсаулық деген- МЕН

Жарқындық деген -МЕН

Бар ғажайып деген -МЕН

Бәрі маған байланысты-

Бәрі менің қолымда.


1.Үй тапсырмасын сүрауға арналған сауалдар


1. «Ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда « жаңа революция» жүргізудің негізін қалаған кім? ( Ф. И. Голощекин)
2. Голощекиннің бұл идеясына наразылық білдірген қазақ қоғам қайраткері?
( Т. Рысқұлов)
3. «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет қай жылы шықты? ( 1928ж)
4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қашан және қай съезде жарияланды?
( 1927 жылы ХV съезде)
5. Ф. И. Голощекиннің шын ата кім? (Шая Ицкович)
6. Орталық Комитет Қазақ АКСР – інде ұжымдастыруды қашан аяқтауды көздеді?
(1932 ж. көктемге қарай)
7. 1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтардың қанша пайызы ұжымдастырылды? (2%)
8. Қай жылдан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел жүргізілді?
(1929 ж. 2 - ші жартысы)
9. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды республикадағы толқулар мен көтерілістердің саны? (372)
10. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстандағы қарулы қарсылықтар қай жылдары болды? (1927 - 1931)

Ойланған шляпа (Қорыту)

2. Жаңа сабаққа көшу. (Ашаршылық туралы оқушылардың ойын білу. Ассосация әдісі)

Ашаршылық, жұт ұғымы













Жаңа сабақ жоспары:

1/ Асыра сілтеушілік зардаптары. Ұлы нәубет ашаршылықтың етек алуы

2. Қазақстандағы етек алған 1931-1933 жылдардағы ашаршылық


+ - Қажетті мағұлматтар

! - Таң қалдырды

?- Сұрақтар туындады ма?


Ашуыма тиді

1-Тапсырма: Оқулықпен жұмыс







hello_html_3f08ae3d.png



2-Тапсырма Тарихи сандар:

3-5%- Жалпы шаруашылықтар санындағы үлес

1929-1933-ж аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен ммемлекеттік Саяси басқарма уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805іс қарап. 22933 адам жөнінде шешім қабылданды

1930ж 9-наурыз- Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г.Рошаль Үштік хаттамаға қол қойды

1933 1қаңтарда -мал саны мүлдем азайып 40.5 млн малдан 4.5 мал ғана қалды

5873- Ашаршылыққа дейін қазақ тұрғындарының саны 5873 мың адам болған, ашаршылықтан кейін ол көрсеткіш 2681 мың адамды құрады

1932- Бесеудің хаты жазылды.

1933 -жылы наурызда Т.Рұсқылов Сталинге хат жазды.

1 млн- Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударды.



2. Жоспар бойынша Кестені толтыру


Аштық жылдары

1921-1922 жылдардағы аштық

1930-1932 жылдардағы аштық

Болу себептері

1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Астық   мол   болған   аймақтардан   азық-түлік   отрядтары   орталыққа ауылшаруашылық өнімінің 80%-н әкетті.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.

 

Аштыққа ұшыраған аймақтар

Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Семей, Ақмола губерниялары

Бүкіл Қазақстан

Ашығушылар саны

Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін камтыды. 1921 жылғы карашада 1 млн. 508 мың адам ашықты. 1922 жылғы наурызда 2 млн. 303200 адам ашыкты. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.

1930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам аштықтан қырылды.

Іс-шаралар ұйымдастыру

1921 жылғы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, казақтар ет салығынан босатылды.1922 жылы егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1922 жылғы 4 тамызда ауылшаруашылық машиналарын сатып алу үшін 25 млн. сом берілді. 1922 жылы мал сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом бөлінді. 18,5 мың жетім бала Ресейге әкетілді. Кеңестік Туркістан туыскандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберілді. Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.

1932 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы» каулы қабылданды. «Жасанды колхоздар» таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер үйымдастырылды. Қоғамдастырылған мал-мүліктер кайтарылды.

Отырықшы аудандарға 2 млн. пүт астық және 30 млн. сом акша бөлінді.

 

Зардаптары

Демографиялық жағдай қиындады. Орынбор, Қостанай, Актөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.

Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпыпа келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.

 


Мұғалім сөзі: Бұл сұмдықты Сталин, Голощекин сияқты ел басшылары біле отырып, жағдайды түзету үшін еш шара қолданбады. Елдің бас көтерер азаматтары бастарын қатерге тіге отырып, халықтың мұң- зарын, жағдайын басшыларға жеткізді. Ол азаматтар кімдер еді?
Бесеудің хаты

1. Ғабит Мүсірепов
2. Мансұр Ғатаулин
3. Мұташ Дәулетқалиев
4. Емберген Алтынбеков
5. Қадыр Қуанышев

Тарихи қойылым қойылады«Ашаршылық зардабы», «Бесеудің хаты» Оқушылар қойылған қойылымның мағынасын түсіндіре отырып, оны қорытындылайды.

Ашаршылық деректі фильмнен үзінді


1-Тапсырма: «Ойлан да тап» (Дұрыс жауабын тауып, дәлелдеу)




Тапсырмалар

Келісемін

Келіспеймін

Сталинге жазылған хатты Ғ.Мүсірепов бастаған топ жазды



Аштықтан, індеттен халықтың 40%қырылды



Ұжымдастыру басталарда Қазақстанда 40.5 млн мал басы болды



Жұт сөзі даму, шырықтау деген мағынада қолданылады



Ашаршылық халықтың басына төнген ұлы жұт болып саналды.



Геноцид - [грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру] - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.




1931-33 жылғы ашаршылық Бүкіл Қазақстанды қамтыды



1929-1931жж – Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қарулы қарсылықтар толқыны болды



Қарақұм көтерілісі – 5000 шаруа біріккен көтеріліс. Оны Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады.



1933ж наурызда – Тұрар Рысқұлов Сталинге хат жазды.




Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев хат жазған бесеу



1930 жылдары -  313мыңнан астам адам қайтыс болды.



Голгщекиннің «Кіші қазан» идеясы халықты есеңгіретіп  кетті. Қазақстанда



1930-1933 жылдар қолдан жасалған қасірет, қырылуы тарихта бұрын сонды болмаған.Ашаршылық жылдарында қандастарымыз оқ тимей-ақ опат болды.



Жұт – табиғи құбылыс   (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, құрғақшылық
өрт, індет, сел ,көшкін, топан сузілзалаборан бұрқасындауыл тағы да басқа) салдарынан белгілі




2-Тапсырма«Тұлғаны таны»
1. 1933 жылдың наурызында И. В. Сталиннің өзіне, М. М. Кагановичке, В. М. Молотовқа хат жолдаған қоғам қайраткері? (Т. Рысқұлов)
2. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын насихаттаушы? ( Ф. Голощекин)
3. «Қызыл жебе» романын жазған кім? (Ш. Мұртаза)
4. «Бесеудің хатын» жолдаған бесеу кімдер? (Ғабит Мүсірепов, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Мансұр Ғатауллин, Қадыр Қуанышев)
5. Күйінішпен: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деген қоғам қайраткері? (Смағұл Сәдуақосов)

4/Бекіту: Ақылды паравоздар арқылы «Мен білдім», «Мен жасай алдым», «Мен жасағым келеді» әдісін қолданамын.


Қорытынды:« Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» Міне, оқушылар біз өз тарихымызды ұмытпауымыз керек Бейбіт уақытта жарты халқы аштықтан қырылып қалу қасіреті ешбір халықтың басында болған емес, тек Қазақстанда ғана болған. Сталиндік репрессияның, ашаршылықтың құрбандарын еске алу мақсатында 1992 жылдан бастап 31 мамырда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп атап өтілуде.


5/Бағалау: Оқушылар берілген бағалау шкаласымен ұпайларын санап, оны бағаға айналдырып, берілген сандар бойынша сабаққа бағаларын қояды.


6/Үйге тапсырма: 18 параграфты оқу, Тест тапсырмаларын жаттау, Ашаршылық тақырыбында реферат, «Ой толғау»












Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-567750

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"