Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық сынып сағаты "Жеңістің жырын жырлайық!"

Ашық сынып сағаты "Жеңістің жырын жырлайық!"

Скачать материал

Жеңістің жырын жырлайық!

Мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, халықтың Отан сүйгіштік қасиеті қаһарман ерлігі мен еңбегі және бірлігі, егеменді еліміздің дамуы.

Дамытушылық:Оқушылардың ата – ағаларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, ойөрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа,адамгершілікке, ержүректілікке баулу. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Жетпіс жыл – бейбіт көктем таң атқалы,

Жетпіс жыл – шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері жетпіс рет,

Ашылды Жеңіс күнінің парақтары.

Жетпіс жыл – үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыстағы әні.

Жетпіс жыл – жауымыздың ажал оғы,

Біздің ел үстіменен ұшпағалы.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлемінен қайта орнады.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

Құрметті қонақтар, оқушылар халқымыздың Ұлы жеңісіне 70 жыл толады. Бүкіл адамзат Жеңіс күнін жылда салтанатпен атап өтеді. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас , әрі көптен күнге 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.


Шехназ: 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 – те фашистік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабылу жасады.


Ел басына күн туып, сыналар шақ келгенде әкелеріміз бен ағаларымыз «Отан үшін» деп небір қанды шайқастарға кірді.

Жанболат: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Нұрдәулет: Соқ жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ сылқылдат барабанды.

Жылда есіне ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.


Бегімай: Соғыстың алдында елімізде 6 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикамыздан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери коммисариаттары арқылы 1 миллион 900 мың адам сапқа тұрды.

Көрніс: Ұлдар сапқа тұрып, соғысқа аттанады, ал қыздар шығарады.


Медет: Қош бол елім, қан майданға жөнелдім,

Жаным бар да, жаудың жолын бөгермін.

Я болмаса, омырауымнан оқ тиіп,

Жүрегімнің қанын жерге төгермін.

Дастан: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ кеңес халқы жан – тәнімен Отанды қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанышер неміс басшылықтарымен кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Соғыс жалмап аға – іні,бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Соғыс туралы кино көру. (Ленинградты қоршау)

Мұғалім: 1418 күн мне түн майдан отты маздап соғыс қазаны сақылдап қайнап ажал оғы ойнап жатты. Қазақстанда құрамалар ұлы шайқастардан жылнамасында даңқты беттер жазып қалдырды.


Шамхан: 300 мың жауынгер қыз – келіншектердің ішінде 86 – сы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, оның екеуі бүкіл Шығыстың даңқыты қыздары - Әлия мен Мәншүк.

Шехназ: Әлия, Мәншүк –ер қыздары елімнің,

Әлия, Мәншүк – гүл қыздары жерімнің.

Әлия, Мәншүк – аттары әнге айтылған,

Әлия, Мәншүк – қос жұлдыз көкте жайнаған.

Соғысқа барлығы 1 млн 200 мың Қазақстандық аттанса, оның  603 мыңы майданнан оралған жоқ. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптан өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады.


Көрніс: Тылдағы жұмыс.

Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отандық сезімі, қолына алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңіс сағатын жақындата түсті.


Қонақтарға сөз беру. (Оқушылар соғыс туралы сұрақ қояды)

Диляра: Қ.Қайсенов, Т.Бигалдинов, Н.Әбдіров,Б.Момышұлы, Р,Қошқарбаев, Ә,Молдағұлова, М.Мамбетова, сияқты аты аңызға айналған, ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.


Мұғалім: Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда биік шындай болып жүрген аталарымызға басымызда ұмытпауы тиіс (1 минут үнсіздік)

Медет: Сүйінші, халқым, сүйінші!

Сүйіншіге сүйінші.

Шаттан,ата – бабамыз,

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті Жеңіспен!

Дастан: Әрқашан әділдік жеңеді, Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік негізі қаланды.


Бегімай: Совет армиясы Москвадан Берлинге дейін даңқты жолдан өтті.Гитлершілер күйрей жеңілді.Фашизмнің орталығы Рейхстагқа батыр ағамыз Рақымжан Қошқарбаев алғашқыларының бірі болып ту тікті.

Көрініс: Ту әкеліп тігу.

Аяулым: Жеңіс!

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ақылға сән – көрік.

Жеңіс келді алақай,

Тоя жейтін нан болып.

Камила: Жеңістің құны – қираған жамбас,

Жеңістің құны – құраған мың бас.

Жеңістің құны – кесілген біле,

Жеңістің құны – тесілген жүрек .

Күнтуар: - Жеңіс күні Адамзат аңсап күкен күн.( Хормен 9 мамыр – жеңіс күні)

Мұғалім: Дүние жүзі халық бостандық алды, халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық,басқыншылдық тізе бүкті бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Мөлдір: Бейбітшілік нұрына,

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіріп,

Бейбітшілік сенеді.

Биік үш бейбітшілік көгершіні. Асып өт небір шыңды қаққанда қанатыңда бірге етілсе әлем жас ұрпақтың өршіл үні.

Ән: «Ақ көгершін»

Қорытынды: келген қонақтарымызға мың алғысымызды білдіреміз.Әрқашан жасай берсін бейбітшілік!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сынып сағаты "Жеңістің жырын жырлайық!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2016 1425
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канафина Айгуль Кабиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Канафина Айгуль Кабиевна
    Канафина Айгуль Кабиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6767
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Индивидуализация психического развития ребенка дошкольного возраста в контексте системного подхода

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Разработка коррекционно-развивающей программы по формированию психологической готовности ребенка к школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 226 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе