Инфоурок Биология Рабочие программыАшық тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

 

 

 

№ 38 жалпы білім беру мектебі

 

 

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы:

"Адам болам десеңіз"

Орындаған: Уалиева А.Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар 2012 жыл

«Адам болам десеңіз...»

Сабақтың мақсаты:

Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру;

Адамзаттық құндылықтар бойынша дөңгелек үстел өткізу;

Оқушы өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге, өзін - өзі тануға ұмтылу.

Түрі: дөңгелек үстел басындағы ой бөлісу.

Әдіс – тәсілдері: сауалнама жүргізу, ситуациялық жағдаяттар, өзін - өзі тексеру тесті, проблемалық сұрақтар, жадынама арқылы түйін жасату, бейтаныс адамға хат жазғызу.

1.      «Адам қандай болу керек?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізу.

Өмір дегеніміз жақсы ма, жаман ба?

Өмірдегі менің мақсатым не?

Келешекте мен өз өмірімді қалай құруым керек?

Мен тамақ ішу өмір сүремін бе немесе өмір үшін тамақтанамын ба?

-Мен кіммін?

-Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?

-Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?

-Мен қандай болуым керек?

            2: «Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?» ситуациялық жағдаяттар.

1 – жағдай:

- Сіз үйіңізден маңызды кездесуге бет алғаныңызда, кенеттен телефон шылдырлайды. Телефон шалып тұрған сіздің ең жақын досыңыз, өзінің сәтсіздікке душар болғанын хабарлайды. Сіз не істемексіз, досыңызға көмек беруге ұмтыласыз ба, әлде өз шаруаңызға бет аласыз ба?

2 – жағдай:

-Сізді достарыңыз кешке шақырды. Оған сіздің барғыңыз келіп тұр. Бірақ, ата- анңыз біліп қалса, сіздің пікіріңізді қоштамайтынын анық білесіз. Сонда не істемексіз?

3 – жағдай:

-Сен құраққа дайын емессің, бірақ оның белгілі себептері бар. Мұғалім саған жаман баға қойды. әділ екеніңді өз тарапыңнан қалай дәлелдер едің?

3. «Адамды әділетті деуге бола ма, егер .......?»

Тексеру тестін жүргізу.

-Сынптағы балалардың бәрі бір балаға жабылып, ызаландырып тиіссе, ........

-Бсақалар туралы ешқашан жаман пікір айтпаса, ..........

-Ненің жаман, ненің жақсы екенін айыра білетін болса, ...........

-Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда, оған ара түспессе, ..........

-Әрқашан өзінде барды тең бөліссе, ..........

-Жіберген қателігіне лайықты жаза алуға дайын болса, ...........

(Сұрақтарға оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

            4. «Өмірдегі ең басты мәселе не?».

Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

-Әрқашан адал болу керек пе, әлде жағдайға сәйкес өтірікті пайдалануға бола ма?

-Бақытты болуды тек материалдық байлыққа жету деп түсінесіз бе, әлде өзіңіз ұнататын, бірақ, еңбекақысы онша жоғары емес қызметпен айналысуды немесе отбасындағы жақсы қарым – қатынасты сақтау деп «күнәсіз» ойлайсыз ба?

-Сіз, барлық адамдар тең құқықты деп санайсыз ба, әлде басқаларды нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына қарай қабылдайсыз ба?

-Болашақ мамандық таңдауда шешуші рөл атқарушы- дәрежесі жоғары институтта оқу ма, жоғары еңбекақы алу ма, шетелге жиі іс – сапарға шығу ма, әлде өз қабілетіңізді толық ашу ма?

            5. «Мен кіммін?» бейтаныс адамға хат жазу.

 

-Бейтаныс адамға хат жазыңыз. Өзіңізді таныстырып, кім екеніңізді әңгімелеңіз. өзіңізді, өміріңізді, өмірде неге қызығатыныңызды, неге құштар екеніңізді суреттеп жазыңыз. Өзіңіздің тұратын немесе оқитын жеріңізді және сіздің өміріңізге маңызды рөл атқаратын адамдар жайлы жазуыңызға да болады.

            Өзіңізді  бейтаныс адам деп ойлап, жазған хатыңызды оқыңыз. Хаттан алған әсеріңізді жазып қойыңыз.

            6. «Адам болам десеңіз......»

Балаларға арналған жадынама тарату.

  1. Балалар, естеріңе сақтаңдар!

-Жұртың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.

-Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.

-Өз бойындағы сараңдықты, жалқаулықты, тойиейілдікті, екіжүзділікті, менмендікті, пайдакүнем есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.

-Ой мен істі бір – бірінен бөліп қарам. Оқығаның жақсы – ақ, бірақ ең бастысы – істеу керек.

-Қарапайым бол!

-Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.

-Егер, сіз, дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз. Жақсылыққа апарар жолға бастаңыз.

-Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.

-Өзге адамдардың ой – пікірі мен талап – тілегіне түсіністікпен қараңыз.

            2. мына нақыл сөздерді жадыңда сақта.

Дүниедегі ең оңай нәрсе кісіге ақыл айту, ең қиыны өзіңді - өзің түсіну.

                                                                                         (Әл – Фараби).

Өзіңді - өзің тану – даналықтың бірінші белгісі.

                                                                                      (Карл Маркс).

Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары – ізденген мәңгі сана.

Өзіңді - өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

                                                                                           (Әл – Машани).

«Адам болам десеңіз....» атты жадынама негізінде түйін жасату.

«Жақсы адам болу дегеніміз не?», жасөспірім көзімен....

-Басқаларға ұнау, айналадағыларды қайран қалдыру;

-Материалдық игілікті өз қолымен жасай білу;

Қиындықсыз, қайғы – қасіретсіз өмір сүре білу;

Айналадағыларға ықпал ете білу;

-Өзгелердің маған ұнайтын іс атқара білуі.

Оқушылар ой – пікірін тыңдай отырып, ортақ түйін жасадық.

Түйін.

-Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам, ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, соны түсініп алуы керек. өзінің жетілуге талпынысында әр адам мейірімділік пен зұлымдылықты айыра білуі қажет, өзінің бар қабілеттерін зұлымдылықты айыра білуі қажет, өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Адам болам десеңіз

Мақсаты: Абай жас ұрпаққа өмір сүруді үйретіп, оның болашақ өсу, даму жолодарын байқатар басты нәрсе – ғылым деп көрсетеді. Әдепті болуға үйрету жақсылыққа тәрбиелеу болып табылады. Үйрету, үлгі көрсету, жақсыға жанастыру, дағдыландыру, жақсы салтты дәстүрге айналдыру, яғни игілікті іс-әрекетті қалыптастыру. Саналы азамат болып сапалы өмір сүру үшін, ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек. Азбайтын, тозбайтын басты байлығымыз – білім мен ғылымды жастардың санасына сіңіру.

Тақырыбы: «Адам болам десеңіз…»

Көрнекілігі: 1) Абай Құнанбаевтың портреті. 2) Қанатты сөздер: Абай Құнанбайұлы адамгершілік, ғылым, білім жайында. 3) Буклет. Абайдың өлеңдері, өсиеттері қара сөздері. 4) Оқушылар шығармашылығы, жазған өлеңдері, жасаған қолөнері көрмеге қойылды.

Өтілу формасы: «Дөңгелек стол».

Тақырыбы бойынша оқушылар өз ойын еркін айта білді. Ұстаздың басшылығымен жүргізуші күні бұрын нақты жоспар жасады.

Бағдарлама:

  1. Бес нәрсеге асық бол.
  2. Бес нәрседен қашық бол.
  3. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
  4. Ескірмейтін ескі сөз (Абайдың, т.б. ғұламалардың нақыл, қасиетті сөздері).

1-жүргізуші.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын өлеңменен

Мұра ғып кейінге қалдырған кім?

2-жүргізуші.

Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, қүбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тарбеткен кім?

Абай суреті ілінген. Абай оқушы (жасырынып тұрып) болашаққа өсиет айтып тұрғандай…

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!»

1-жүргізуші.

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны болғанымен Абай біреу-ақ, Абайы бар елдің мейірі үстем. Абай қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

2-жүргізуші.

Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бармек. Сол шыңнан көз жазбау – біздің парызымыз да қарызымыз.

Жүргізушілер Абай суретінің алдына келіп тағзым етеді.

Абай Ата! Өзіңнің үміт еткен шөберелерің сіз туралы толғап, сыр шертпек.

Тәрбиеші.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы классик ақын Абай Құнанбаев (1845-1904) ағартушылық жұмысында өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде оқу, өнер білім үйрену, оны халық қажетіне жұмсау, жастарды адамгершілік қасиеттерге, өнегелі мінез-құлыққа тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Абай жас ұрпаққа өмір сүруді үйретіп, оның болашақ өсу, даму жолдарын байқатар басты нәрсе – ғылым деп көрсетеді.

1-оқушы.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз-

деп өсйет айтады. Саналы азамат болып, саналы өмір сүру үшін, ғылымды үйреніп, тәлімге тәнті болу керек дейді ғұлама. «Оқу инемен құдық қазғандай» дейді халық. Данышпан ақын ғылымды үйреніп, білімді болу үшін жалықпай, ерінбей еңбек ету қажеттігін айтады.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүмше де өзі, молда да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз – деп ғылым үйренудің қиындығы мен бағыт-бағдарын шебер түсіндіреді.

Жүргізуші.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек дейді 38-сөзінде – әуелі – надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі залымдық деп білемін», – деп, бұл үшеуімен аяусыз күресті де, оларды жоюдың емі – ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өзінің шығармашылығында осы үшеуін дәріптеп, өсиет етті және бұл үшеуінің жасампаздық күшіне сенді. Абайдың ағартушылық идеясы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айтылған. «Адам болу» қағидасымен ұштасып жатыр. Абайда «ғылым табу мен адам болу» бір-бірімен ұштасып:

Ғылым таппай мақтанба…

Адам болам десеңіз – деп келеді де ғылым тауып, адам болу үшін не істеу керек дегенде, Абай «Адам болу» қағидасын ұсынады.

«Бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын «Дос жылатып айтады» дегендей жеріне жеткізіп, сүйегінен өткізіп айтып, олардың «ұятын, арын оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «бес асыл ісін» өсиет етеді.

1-жүргізуші.

«Бес асыл іс» – адамгершілік – Абай ұсынған этикалық әдеп нормалары. Адамзат қоғамы тарихында – жеке адамның ақылы мен мінезі, адамгершілігі жағынан өсіп-жетіліп, толық адам болып қалыптасуы – күрделі мәселелердің бірі.

«Ғылым таппай мақтанба…» өлеңінде:

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз…» деп айқындап берді. «Адам болу, оған тезірек жетуге асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа Абай:

«Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз…» – деп, тұжырымды жауап берді.

2-оқушы.

Талап. Абай 44-сөзін «Адам баласының ең жаманы – талапсыз»-деп бастайды да, талаптың түрлері көп болатынын баяндайды. Абайдың түсінуінше талапсыздық түрлері – ынтасыздық. Ықылассыздық, жігерсіздік.

Еңбек – бұл дүниедегі құдіретті күш, діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш – еңбек.

Терең ой – адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі – ақыл-ой, екіншісі – сөз.

Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «Қанағат ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсінуінше қанағат – барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу.

Рақым. Рақым дегеніміз ұғымдық философиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім-шапағаты мен көмегі.

Жүргізуші.

Абай «Бес асыл ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанда»:

«Адам болам десеңіз,

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпанын білсеңіз…»

деп адамның бойындағы жағымсыз қсиетті сынға алады.

3-оқушы.

Өсек. Абай заманында ел арасына көп тараған, адамгершілікке жат, жаман қылықтардың бірі – өсек айту, өсекшілдік. Өсектің қазақ ортасын кең тараған бір түрі – жалақорлық, арызқойлық, өсек, өтірік, домалақ арыздар Абайдың өз атына да талай тжауған болатын.

Өтірік. Ақын өсекшілдікті опасыздықтың, арамзалықтың, екіжүзділіктің ең жексұрын көрінісі ретінде айыптайды, өсек-аяңға үйір, желбуаз жандарды өлтіре сынап, адамдар бойындағы өтірік айту секілді кеселдерді уытты тілмен әшкерелейді.

Мақтаншақ. Абай өмір сүрген заманда ел адамдарының, әсіресе үстем тап өкілдерінің бойында жиі кездесетін жаман қылықтардың бірі – мақтаншақтық, даңғойлық.

Еріншектік – адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ішінде ең жағымсызы. Абайдың түсіндіруінше: – еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Бекер мал шашу. Абай шығармаларында қолда бар қаржы мен мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмайтын, өз пайдасын білмейтін, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамдарды өлтіре сынға алған.

1-жүргізуші.

«Бес асыл іс» пен «Бес дұшпан» жөніндегі тұжырымдарында өз заманындағы қазақ өмірінің диалектикалық тұжырымдарына нақтылы мысалдармен, болмыстық деректермен терең талдау жасайды.

2-жүргізуші.

Абай адамның адам болу қағидасымен шектелмей, адамтану туралы ойын әрі дамытып, тереңдете берді. Ойшыл ақынды көп толғандырған ендігі бір мәселе – адамның барлық жағынан жан-жақты жетіліп, «толық адам» болу мәселесі. Толық адам болу үшін адам бойындағы ең негізгі қасиеттер – қайрат, ақыл, жүрек тең болуы қажет деп тоқтамға келеді.

Көрініс.

Әдемі киінген қыз бала кеуде тұсына қызыл түстен жүрек бейнесін ілген.

Жүрек:

– Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады. Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді:

– Ей, ақыл! … Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің – соның жаман.

– Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді. Басына шалма ораған, ойлы, қолында кітап.

Білім:

– Сенің үшеуіңнің басыңда қоспақ – менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуінің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

1-жүргізуші: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық жүрек, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.

2-жүргізуші.

Өз халқының тағдыры тебірентіп, қолына қалам алған Абай заманының бет пердесін ашып, заман адамының бейнесін жасап, әне заманың, міне адамың, заманың тозып, адамың азып барады. «Сәуле болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл» деп, адам болар жолды да, жөнді де айтып берді. Жиған мол білімі, өзіндік терең танымы, адамды сүйген жылы жүрегі Абайды өз халқының деңгейінде қалдырмады. Баршаға ортақ гуманистік ой-қазынасын ұсынып, адамзаттың Абайы бола білді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 8084
    • DOCX 295.5 кбайт
    • 133 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зияшов Мирас Чингизович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зияшов Мирас Чингизович
    Зияшов Мирас Чингизович
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67907
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 361 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов