Инфоурок Классному руководителю КонспектыАшық тәрбиелік шара "Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі"

Ашық тәрбиелік шара "Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі"

Скачать материал

 

Тақырыбы:   Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі

Мақсаты:

1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне  шолу жасау;

2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;

3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Н. Назарбаевтың портреті.

Түрі:  тәрбие сағаты

 

Барысы:  Кіріспе:

-Құрметті  қонақтар қош келдіңіздер!

-Оқушылар шарамызды бастаймыз.  Экранға назар салайық. 

«Ой қозғау»  деп  аталатын бұл бөлімде  екі топ  Сіздерге  ребус берілген соның шешімін табайық.

1.Ту.        2.Елтаңба

3.Рәміз

4.Әнұран

Сұрақ:  --Бүгін  сөз ететін  тақырыбымыз не туралы болмақ?

--Дұрыс!  Рәміздер туралы ой  қозғап, білімізді ортаға саламыз.

«Ой толғаныс»  рәміз туралы не білетінімізді  ортаға салайық.  Іске сәт.  Ой толғаймыз!

--Жарайсыңдар!  Рәміз туралы жақсы білесіңдер.  Ендеше  Рәміздер туралы бейнероликке назар саламыз.

Мұғалім: Құрметті оқушылар!    «Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.

Рәміздер дегеніміз не?   Мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан – белгілері.
Неге мемлекеттік рәміздерге осынша мән беріліп отыр? Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына құрмет мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Тәуелсіз Қазақстан рәміздері біздің болашағымыздың, еліміздің орнықты, оң үдерісте дамуының ерекше белгілері. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың басты міндеттері еліміздің осы құндылықтары жайлы сендердің білімдеріңді зерделеу.

«Рәміздер туралы жырлаймын»  оқушылар тақпақтарына кезек беріледі.

 

1.Гулім:  --Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның ортасында қалықтап қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туымыздың көк теңбіл аспан түстес көгілдір болуы шексіз кеңдікті көрсетеді, тудың ортасындағы алтын күн - халқымыздың азаттық күні, ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр, ұзындығы 2 метр, ені 1 метр.

 

2.Альбина:  -- Тудың қабылданған күні - 1992 жылы 4 маусым тарихи күн, авторы Шәкен Ниязбеков. Сол күні Республика Жоғары Кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті. 1992 жылы 5 маусымда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында ашық аспан реңдес байрактан күн мен қыран бүркіт жаркырап көрінді, еліміздің президенті Н. Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттык туымызды сүйіп, тағзым етті. Ту құтты орнына қондырылды.

 

3.Әсел:   Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

 

4.Зарина:  Көк жүзінде көгілдір

Гүл жайнаған мөлдір нұр.

Қазақстан жалауы -

Азаттықтың алауы.

Желбірейді аспанда,

Отан орны асқарда.

 

5.Шынғыс:  Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

 

ӘН: "Көк  тудың  желбірегені"

Сөзі: Алмас Ахметбекұлынікі

Әні: Ермұрат Зейіпхан ұлынікі

 

6.Бекзат:   -- Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты.

 

7.Фархад:     Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,

Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.

Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.

Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.

Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.

Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.

Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,

Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.

 

8.Бекзат:   Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап,

Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.

Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,

Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.

--Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,

Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.

Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,

Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.

 

9.Саламат:   Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,

Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.

Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,

Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.

10.Абзал:-- Жеңістерге қолбасыдай,

Ерліктердің жолдасындай

Еліміздің әнұраны

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысындай даңқымыздың,

Жан серігі халқымыздың.

11.Альбина: --Әнұраным

Әйгілісің әуеніңмен әлемге,

Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.

Жүрегінен орын алып елімнің,

Шартараптан шарықтаумен көріндің.

Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,

Белгісісің кең жазира жерімнің.

Әрлі әуенің шартарапты шайқады,

Күштілігін бүкіл халық байқады.

Шабыт берген Әнұранды әрқашан

Маңғаз елім мақтанумен айтады.

12.Өркен:   Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба, Туын, Әнұран -

Тәуелсіздікке тән белгі -

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән берді.

ӘН:  «Қазақстан  бақытты»

Сөзі мен әні:  Руслан Мамытовтікі

 

Мұғалім:  -Оқушылар  рәміздер туралы жақсы ой толғаныс жасап,  Отанға, елге, рәміздерге деген құрметтеріңізді көрсете білдіңіздер.

Отан туралы толғаныстарыңызды мақал-мәтелдермен жеткізейік.

«Отанымды сүйемін!»  мақал-мәтел  жарысы

1.Саламат

-Ер елінде, гүл жерінде

-Өз елінде көртышқан да батыр.

-Өз елінің иті де қадірлі.

-Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.

2.Шынғыс

--Орағың өткір болса, қарың талмайды.

Отаның берік болса, жауың алмайды.

-Елінен безген  ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.

-Сағынған елін аңсайды, Сары ала  қаз көлін аңсайды.

-Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.

-Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.

3.Әсел:

-Алтын ұяң-Отан қымбат.

Құт-берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын –анаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат.

--Бұлбұл  гүлзарын сүйеді.

Адал адам Отанын сүйеді.

4.Өркен:

-Жат жердің қаршығасынан

Өз еліңнің қарғасы артық.

--Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

5.Зарина:

-Отан елдің анасы

Ел ердің анасы.

--Туған жердей жер болмас.

Туған елдей ел болмас.

-Отанды сүю –отбасынан басталады.

--Отан оттан да ыстық.

6.Бекзат:

--Ерінен айырылған көмгенше жылайды,

Елінен айырылған өлгенше жылайды.

-Отан отбасынан басталады.

-Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

7.Абзал:

-Ат айналып қазығын табар,

Ер айналып елін табар.

-Адасқанның айыбы жоқ,

Қайтып үйірін тапқан соң.

8.Фархад.

-Пәлен жерде алтн бар,

Іздеп барсам мыс та жоқ.

-Үйде оңбаған,

Түзде де оңбайды.

-Елінен безген ер болмас,

Көлінен  безген қаз болмас.

--Сағынған елін аңсайды,

Сарыала қаз көлін аңсайды.

9.Альбина

-Ел іші алтын бесік

-Пәлен жерде алтын бар.

Өз жеріңдей қайда бар.

--Ел елдің бәрі жақсы,

Өз елің  бәрінен жақсы.

-Туған жердің  жуас да тәтті.

-Әркімнің өз жері-жұмақ.

-Ер елінде, гүл жерінде.

10.Гулім

-Өз елінің иті де қадірлі.

-Ауыл итінің құйрығы қайқы.

-Отан үшін күрес –

Ерге тиген  үлес.

Құртақандай торғай да,

Өз ұясын қорғайды.

-Орағың өткір болса,

Қарың талмайды.

-Отаның берік болса,

Жауың алмайды.

-Отансыз адам

Ормансыз болмайды.

1.Өркен  --Мен - қазакпын!
Айтқанынан қайтпаған,
Құрбан айтын құлдық ұрып айттаған.
Мен - қазақпын! Дұшпанына шай беріп,
Өз үйінде үйдей өкпе айытпаған.
 2.Әсел:  --Мен - қазақпын, тұмар қылған тозғанын
Жеті атадан бұзбай жүрген өз қанын.
Мен - қазақпын! Егеменді ел болып,
Ақтап алған арыстарын, боздағын.

-Гулім:   Мен - қазақпын! Намыс өті сөнбеген,
Жесір дауы, жер дауымен терлеген.
Мен - қазақпын! Тоғысындай тағдырдың
Әлімсақтан «е, құдай» деп сөйлеген.
-Мен - қазақпын, шұбырынды ақтабан
Туған елі тектігімді мақтаған
Мен - қазақпын! Абай, Жұбан, Қадырдай
Қазақ болып туғаныма мақтанам!

Би:  «Мен қазақпын»  әніне!

Қорытынды.

Мұғалім: -Оқушылар бүгінгі шарамыздан не түсіндік, не білдік?

-...

-«Ақиқат. Жалған» әдісімен  білімімізді тексерейік.

1.Елтаңба мемлекеттік мөрлерде, алтын, күміс ақшаларда бейнеленген. (ақиқат)

2.Тудың түсі сары түсті. (жалған)

3.Гимн өлеңге жазылған  салтанатты ән. (ақиқат)

4. 4 маусым  Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді. (ақиқат)

5.Елтаңбаның авторы Шәкен Ниязбеков (жалған)

6. Мемлеттік елтаңбаның авторлары танимал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман  Уәлиханов (ақиқат)

7. Тудың авторы –Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков  белгілі монументші-суретші. (ақиқат)

8. Әнұран  Президент резеденциясында,Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (жалған)

9.Әнұран  Республика,облыс,аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады (ақиқат)

10. Қазақстан  Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. (ақиқат)

---Жарайсыңдар!

«Мемлекеттік  рәміздер»  туралы керек ақпарат. Есіңе  сақта (бейнеролик)

     Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.

Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.

Ән:   «Егемен  Қазақстан»

Сөзі мен әні  Қайрат Жүнісов

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбиелік шара "Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 349 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2018 2283
    • DOCX 27.4 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тойлыбай Ақтолқын Кенжеғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68585
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 215 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 780 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 999 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе