Инфоурок Классному руководителю КонспектыАшық тәрбиелік шара "Тәуелсіздік-ұланымыз, Тәуелсіздік-ұранымыз"

Ашық тәрбиелік шара "Тәуелсіздік-ұланымыз, Тәуелсіздік-ұранымыз"

Скачать материал

 «Тәуелсіздік-ұланымыз, Тәуелсіздік-ұранымыз!»

ашық тәрбие сағаты

 

     Тәрбие сағатының мақсаты: 1.«Тәуелсіздік» ұғымын түсіндіру арқылы әр елдің, әр адамның  ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ-бірлік, еліне жеріне сүйіспеншілікпен қарауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу, бейбіт өмір сүруге әр адам тиісті екенін оқушылардың  санасына жеткізу.

2.Оқушыларды Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

Түзетушілік мақсаты:  Сөздік қорларын байыту, таза және анық сөйлеуге қалыптастыру. Ойларын байланыстырып жеткізе білуге дағдыландыру. Көрнекілігі:  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жеткен жетістіктерді слайд  арқылы көрсету, мемлекеттіміздің  рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар

Тәрбие  сағатының  өтуі:  

 Жүргізуші, кіріспе сөз:    

     Құрметті  қонақтар, ұстаздар! Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ұланымыз, Тәуелсіздік-ұранымыз!» ашық тәрбиелік шараға  қош келдіңіздер!  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Әнұраны

Жүрг:     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне биыл 25- жыл толғалы жатыр.  Еліміздік егемендік алуы, мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда   жер жаһанға жария етілді. Ол бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Кең байтақ  Отанымыздың  жүрегі- Астана қаласы.                                     

        16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде  алтын  әріппен  жазылған  күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы-тұғырлы тәуелсіздігімізге 16- желтоқсанда, тура 25-жыл толғалы  отыр, 25-жылда жеткен жетістіктеріміз  ұшан  теңіз. Бүгінгі Қазақстанымыз-қашанда мақтанышымыз.  Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130-ұлт  өкілдері де республикамызды айрықша мақтан етеді, Ұлан-байтақ  жеріміз- ұлттар  достығының  ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы.  Біз  өзіміздің әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. Тәуелсіздіктің 25- жылдығына арналған іс-шаралар  елімізде, мектебімізде жалғасын тауып жатыр.

Жүрг:  Атыңнан айналайын Егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын,  Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік туралы кім қандай өлең біледі. Бір шумақ болса да балалар айтып бере аласыңдарма?

Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

Бекзат:  Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,

               Өзімізді құрсаудан да босаттық.

               Ақтадық біз ата-баба үмітін,

              Қолда  қазір көк ту менен бостандық.

Диана: Жүректе намыс оты лапылдаған,

              Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

                Отан үшін олар шығып алаңға

                 Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Өркен:   Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

                Мықты болсын елімнің керегесі.

                Татту-тәтті болып халқымыз әрқашан,

                Кетпесін туған жердің берекесі.

Зарина:  Қуан халқым! Қуанатын күн бугін,

                Серпіп таста мұңды жүрек түндігін

                Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық.

                Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Азамат:  Болмасам да сол кезде мен сеземін

                Жүректе намыс оты сөнбегенін,

                 Ызғарына аяздың төзгендерін,

                 Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Саламат:  Желтоқсанның  қанды суық ызғары,

                    Қалың әскер қазағымды қорлады.

                   Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

                   Отан үшін табандары тозбады.

Әсел:         Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

                   Мықты болсын еліміздің керегесі.

                   Жүректе намыс оты лапылдаған,

                   Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Гүлім:      Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

                  Желтоқсанда шықты алаңға жастарын

                  Әр  ұрпақтың құрбандары жетерлік

                  Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?

Абдирахим:  Он алтыншы желтоқсан

                        Тәуелсіздік алған күн

                        Ерекше боп мәңгілік

                        Ел жадында қалған күн.

Шынғыс:    Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

                      Алдымызда барлық үміт ақталсын

                      Тату-тәтті бірлік болып қашанда

                       Бейбіт өмір  бар халықпен жақталсын.

Альбина:

ӘН:            «Гүлжазира Қазақстан»

 

Өркен:     Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс.

Диана:      Тәуелсіздік-төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. 

Шынғыс: Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.

Бекзат:      Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 

Азамат:     Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік.

Саламат:   Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.

Альбина:   Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.

Гүлім:        Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

ДИАНА:    Отан

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

 Абдирахим:        Отан-менің  ата-анам,

                              Отан-менің бауырым.

ӘСЕЛ:   Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

Көкірек жауар шымқай өң,

Көрген жерден елітер,

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер.

Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Зарина:      Елтаңба

Дүние әлем көзіндей,

Дөңгеленген жамалы.

Еге елімнің қорғаны-

Кереге қанат қамалы.

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ-күн, уық-нұр.

Мәңгі сенбес күйінде,

Маңдайдан жұлдыз туып тұр.

Бекзат:     Он алтыншы желтоқсан –

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік - ұлық той.

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның

 Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн. 
Альбина, Шынғыс:     Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

 Менің Қазақстаным!
Азамат:    Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз.

 Ата-бабам қалдырған,

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған Аға, Әпкелеріміз.
 Өркен:  
Қаһарман қажыр, қайратым,

Шайлықпас текті айбатым.

Арман, абырой, толғаныс-

Айтылатын ар, затым.

Гүлім:      Қазақ елі 

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

 Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

 Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

 Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

 Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

 Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

 Қазақтың елі мен даңқты даласын.

ӘН:   «Көк тудың желбірегені»

Тәрбиелік шараның ІІ бөлімі

Жүрг: Тәуелсіздік-асқақ рух пен асқақ үн,

Тәуелсіздік –баға жетпес асқағың.

Толса –дағы 25 жасқа азат күн,

Ызғарлы күн әлі есімде қазақтың.

Ата-бабам арман еткен ежелден.

Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен,

Қазақстан тәуелсіз ел атанды,

Бірден оңай келмегенін білем мен.

Жүрг:  Оқушылар  2 топқа бөлініп өз білімдерін ортаға салады?

               Әділ-қазылар алқасы топтардың ойынына баға береді.

 

         «Қазақстан  туралы қызықты деректер»   бейне ролик

1-кезең: «Кім не біледі?»  Қазақстан деген не? топтастыру  

ҚАЗАҚСТАН
 

 


       2-кезең: Білгенге маржан...

-1. Президенттің жарлығымен  Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы  қай жылы берілді?  (1996 жылы 9 желтоқсанда)

-2.  Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?

( 1991 жылы 2 қазан айында)

-3. Төл теңгеміз қай жылы айналымға тұңғыш рет айналымға енді? (1993 жылы, 15-қарашада )

-4. 1995 жылы 30-тамызда қандай елеулі оқиға болды? ( Ата Заңымыз қабылданды)

-5. 1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда  қандай ескерткіші ашылды? (Тәуелсіздік ескерткіші)

-6.1997 жылы қандай оқиға болды? (Астана Ақмола қаласына көшірілді)

-7. Ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде қай жылы атап өтілді? (1995 жылы).
-8. 1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкері аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз. Ол кім? (Талғат Мұсабаев)

-9.2016 жылғы Бразилияда өткен РИО олимпиадасында бокстан  алтын медаль игері кім? (Данияр Елеусінов)

-10. Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарындарының ауыр атлетикадан күміс жүлдегері кім?  ( Жазира Жаппарқұл)

-11. 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында

қандай олимпиада өтті?  (Алматы мен Астанада 7-қысқы Азия )

-12. Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы қай жылы Алматыда өткізілді.   

 (1992 жылы)

-13. Тікелей Елбасының бастамасымен  бой көтерген театр. Дәл осы алып театр сахнасынан Мемлекет басшысы 2012 жылы 14 желтоқсанда «Қазақстан – 2050» стратегиясын жариялаған. (Астана опера театры)

-14.  Еліміздің ең ерекше оқу орны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет. 2010 жылы есігі алғашқы студенттерге ашылды. Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған атақты профессорлар дәріс береді. (Назарбаев Университеті)

3-кезең: «Мақал- сөздің мәйегі»

І.1.--Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

2. --Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

3. --Адам елінде көгерер,

қоға көлінде көгерер.

4. --Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

5. ---Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 6.--Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

7.-- Ел болам десең, бесігіңді түзе.

 8.--Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы.

9.--Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 10.--Отанды сүю – отбасынан басталады.

Туған жердің жуасы да тәтті.

 11.--Ер елінде,

Гүл жерінде.

 12.--Өз елінде көртышқан да батыр.

13.--Өз елінің иті де қадірлі.

 14.--Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.

 15.--Орағың өткір болса,

Қарың талмайды.

Отаның берік болса,

Жауың алмайды.

 16.--Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

 17.--Сағынған елін аңсайды,

Сарыала қаз көлін аңсайды.

 18.---Жат елдің қаршығасынан,

Өз еліңнің қарғасы артық.

ІІ. 1.--Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің.

2.--Ерінен айрылған көмгенше жылайды,

Елінен айрылған өлгенше жылайды.

 3.--Ел іші алтын бесік.

 4.--Жері байдың елі бай.

 5.--Отан –қуат,

Отбасы – шуақ.

 6.--Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

 7.--Туған жердің ауасы да шипа.

 8.--Ерден аспақ болса да,

Елден аспақ жоқ.

 9.--Елің - панаң,

Жерің – анаң.

 10.--Өз елің өзекке теппес.

 11.--Елуінде ер дана,

Елу жылда ел жаңа.

 12.--Ұлтарақтай болса да,

Ата қонысы жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.

 13.--Ынтымақсыз елді -

Ұрысы билейді.

Ынтымақты елді -

Дұрысы билейді.

14.--Ел даусыз болмайды,

Ер жаусыз болмайды.

 15.--Елдің жаманы,

Батырын жамандар.

 16.--Отан – оттан да ыстық.

4-кезең:  «Әуенді тап»

1.Музарт тобы «Қазақтай ел қайда?» әні

2.Төреғали Төрәлі «Қазақстаным» әні

3.Жүгінісовтер «Астана» әні

 4.Қайрат Нұртас «Алға, Қазақстан» әні

5.Асқар Жүнісбеков «Жаса, Қазақстан» әні

6.Алтынай Жорабаева «Егемен ел »

7.Маржан Арапбаева «Қазақ елі осындай»

8.Музарт тобы «Өз елім» әні

5-кезең:  «Менің Қазақстаным» ой толғаныс

                 Серік Адай  «Тәуелсіз ел»  бейне ролик жіберу

 

Топтарды әділ-қазылардың марапаттау.

ӘН:  «АТАМЕКЕН»

 

Қорытынды сөз.  Бүгінгі кешімізді  мына бір ұлағатты сөзбен аяқтағым  келеді: «Ел мен үшін не істей алады»  емес, «мен ел үшін не істей аламын?» деген  қанатты сөз қазақстандық әрбір азаматтың жүргегінде ұялап, әрқашанда көкірегінде жүрсе, қандай жақсы болар еді.Тәуелсіз Қазақастан елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер әлемді таңқалдырар, жақсы жаңалық ашар білімді жастар керектігін Президент Н.Ә. Назарбаев күн тәртібінен түсірмей, айтудан жалыққан емес.Осыны түсіне біліп,Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын! 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбиелік шара "Тәуелсіздік-ұланымыз, Тәуелсіздік-ұранымыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 942 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2018 2254
    • DOCX 73.7 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тойлыбай Ақтолқын Кенжеғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68566
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Мотивация и индивидуализация в образовательном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Понимание психологических феноменов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе