Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Күзгі баққа саяхат"

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Күзгі баққа саяхат"

Скачать материал

Тақырыбы: "Күзгі  баққа саяхат"

Мақсаты: Балалардың танымдық үрдістерін, қиял, ой-өрістерін дамыту, ұсақ қол маторикасын қалыптастыру. Күз мезгілі туралы түсінік беріп, ерекшеліктерімен таныстыру.

Өткізілген күні:  14.11.2017 ж.

Билингвалдық компонент: Күз-осень, жапырақ-листья,  жуа-лук,                                        қырыққабат-капуста.

Көрнекіліктер: "Күзгі бақ" суреті, жемістер мен көкөністер, жапырақтар, құстар, автобус, слайд, тапсырмалар, музыкалық сүйемелдеме, ақ парақ, түрлі-түсті қағаз, желім.

 

ҰОІӘ барысы:

Балалар залға кіріп, келген қонақтармен үш тілде амандасады.

- Сәлеметсіздерме!

- Здравствуйте!

- Hello!

 

Шаттық шеңбер:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң, қайырлы күн

Құрметті біздің қонақтар!

 

Балалар алдымен біз ҰОІӘ бастамас бұрын, слайдта көрсетілетін суреттерге назар аударып, қимыл-қозғалысымыз арқылы сәлемдесеміз.


"Сәлемдесу"  жаттығуы

Алақанның суретін көргенде, бір-бірімізбен қол берісіп амандасамыз.
Жүректің суретін көргенде, бір–бірімізді құшақтаймыз.
Күннің суретін көргенде, бір–біріміздің басымызды сипаймыз.
Күлімдеп тұрған қыздың суретін көргенде, бір–бірімізге қарап күлімдейміз.
Жарайсыңдар балалар!


Психолог:

- Балалар ал, енді орындарымызға ыңғайланып отырып, мен 1,2,3 дегенде көзімізді жұмып /жәй әуен ойналады/, көз алдымызға қай жыл мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап тұрғанымды елестететін боласыңдар.

Кане, 1,2,3

Көзімізді біз жұмамыз.

Табиғаты өте сұлу, айнала сап-сары алтындай түрлі-түсті қызғылт-сары түске боялған ағаштардың жапырақтары желмен ұшып, жерге түсіп жатыр, күн суық, жиі жаңбыр жаууда, жаңбыр жауған сайын қолымызға қолшатыр ұстап,  үстерімізге жылы киимдерімізді киіп алдық, құстар болса жылы жаққа ұшып барады, жемістер мен көкөністер пісіп оны үлкендер жинастыруда.

Балалар енді осы сезіммен терең дем алып, 1,2,3 дегенде көзімізді ашамыз.

 

- Балалар айтыңыздаршы мен қай жыл мезгілін сипаттадым.

- Күз. Осень.

- Дұрыс айтасыздар балалар, қазір жылдың күз мезгілі екен.

- Күз мезгілі қандай айлардан тұрады?

- Қыркүйек, қазан, қараша.

- Қазір қандай ай?

- Қараша.

- Аптада неше күн болады?

- Жеті күн болады.  Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

- Жарайсыңдар балалар, өте тамаша!

 

- Балалар біздер осы күз мезгілінің ерекшеліктерін көзімізбен көру үшін күзгі баққа автобуспен саяхатқа барамыз. /әуенмен көліктің дыбысы қосылады/

Психолог: Міне күзгі баққа да келіп жеттік, автобустан түсейік.

Ой балалар, қараңдаршы күзгі бақтың қақпасы жабық тұр екен. Енді күздің табиғатын қалай тамашалайтын болдық!

Осы кезде Күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар!

Менің күзгі бағыма қош келдіңдер! Мен осы бақтың  ханшайымы боламын.

Балалар сендер менің күзгі бағымды тамашалауға келген шығарсыңдар? Солай ма? Күзгі бақтың табиғаты өте әдемі, сиқырлы  ғажайыптарға толы!

Алдымен сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар ғана мен күзгі бағымды көрсететін боламын.  Келісесіңдерме?

Психолог: Қәне балалар Күз ханшайымының тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба?

Күз ханшайымы:

Олай болса балалар менің алтын жапырақтарымда түрлі тапсырмалар бар, мен сол тапсырмалар арқылы сендердің білімдеріңді байқап көрейін.

Балалар алтын жапырағымның I  тапсырмасы күз туралы тақпақ білесіздерме?

 

Мерейлі күз, мырза күз                            Закружила осень,

Сыйлығыңа ырзамыз                                Рыжие метели,

Аппақ арай таңында                                 Золотые листья,

Шомыламыз нұрға біз. /Айзере/               С клёнов полетели. /Томирис/

 

Алтын, сары, қызыл, көк                          Утром мы во двор идём

Алуан, алуан жапырақ                             Листья сыплются дождём.

Күзгі бақта күлімдеп                                Под ногами шелестят

Көз тартады атырап. /Мөлдир/                 И летят, летят, летят./Аян/

                  

II тапсырмамда жұмбақ жасырылған екен, мен оқиын сендер шешуін табыңыздар.

 

Жазда  жап-жасыл боп жоғарыда тұрады,           Жесең ащы,

Күзде сап-сары боп жерге қонады.                     Көзіңнен шығарар жасты.

                                                 /жапырақ/                                      /пияз/

 

Аласа ғана бойы бар,                                           

Қабат-қабат тоны бар.                                                                   

                                      /қырыққабат/                                                              

Жарайсыңдар балалар сендер менің жұмбағымның шешуін таптыңыздар.

Балалар сендер көкөністер мен жемістердің адамға қандай пайдасы бар екенін білесіңдерме?

Біз жемістер мен көкөністерді жиі жеп тұруымыз керек, себебі олардың бойында денсаулыққа пайдалы дәрумендері өте көп. Жемістерден тосап қайнатамыз, көкөністерден түрлі салаттар жасап жейміз.

 

Психолог: Күз ханшайымы біздің балалар сіздің келесі тапсырмаңызды орындауға дайын.

 

III тапсырма

"Менің көлеңкемді тап!"  жаттығуы

Нұсқау: Балаларға жемістер мен көкөністердің суреттері көрсетіледі. Сол суретте көрсетілген  жемістер мен көкөністердің  көлеңкесін табу керек және оның түсін, пішінін және ол жеміске немесе көкөніске жататынын ажыратып айту керек. /мысалы: қызанақ - помидор, түсі қызыл, пішіні дөңгелек, көкөніске жатады/

 

Жарайсыңдар балалар! Алтын жапырағымның келесі тапсырмасы қандай екенін байқап көрейік.

IV тапсырма

"Төртіншісі артық" жаттығуы

Нұсқау: Балаларға суреттер ұсынылады. Үш суреттің арасында мағыналық байланыс болады, ал төртінші сурет артық. Мысалы: Алма, алмұрт, жүзім, қарындаш. Артық зат қарындаш, өйткені ол оқу құралына жатады. Ал қалғандары жемістер.

Балалар берілген суретте қайсысы артық екенін тауып көрсетеді.

 

Күз ханшайымы: Балалар сендер білімді, ақылды балалар екенсіңдер!  Менің тапсырмаларыма өте тамаша жауап бердіңіздер. Мен сендерді  күзгі бағымның әдемі көрінісін  тамашалауға шақырамын. /слайдтан бейнетаспа тамашалау/

 

Психолог: Күз ханшайымы балалармен бірге "Күзгі жаңбыр" сергіту сәтін қимыл-қозғалысымызды ширату арқылы жасайық. /күзгі жаңбырдың дыбысын салу/

 

"жел көтерілді" алақанды ысқылату.

"жаңбыр тамшылай бастады" саусақтарын шықылдатады.

"қатты найзағай жарқылдады" кеуделерін ұрады.

"жаңбыр нөсерлеп жауды" тізелерін соғады.

Балалар енді біз тамашалап көрген күзгі бағымыздың ғажайыпқа толы, әсем табиғатын ақ қағазға  түрлі-түсті қағаздармен әдемілеп жапсырып көрейік. /жәймен әуен ойнап тұрады/

 

Психолог: Күз ханшайымы  балалар өздерінің әдемілеп жапсырған күзгі бақтың бейнесін сізге сыйға тартады, қабыл алыңыз. 

 

Күз ханшайымы: Балалар сендерге рахмет, жарайсыңдар. Сендердің білімдеріңді көріп, көңілім көтеріліп қалды. Әрқашанда тәртіпті, ақылды болыңдар.

 

Психолог: Балалар біздің бөбекжайға кететін уақытымыз болды. Күз ханшайымы сізге көп рахмет! Сіздің арқаңызда біздің балалар күз туралы көп мағлұмат алды. Сау болыңыз!  Балалар  автобусқа отырайық //әуенмен көліктің дыбысы қосылады/.  Бөбекжайға жеткен сияқтымыз, қәне автобустан түсіп, орындықтарымызға отырайық.

 

Балалар біз бүгін саяхатқа қайда бардық?

Күзгі баққа немен бардық?

Сендерге күзгі бақ ұнадыма?

Күзгі бақта кім бар екен?

 

Жарайсыңдар балалар  бүгінгі ҰОІӘ барлықтарыңызда өте жақсы қатыстыңыздар.

Енді орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.

 

- Сау болыңыздар!

- До свидания!

- Good bye! 

 

 

 

 

 

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің                     Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайы»

 

 

 

  «Тексерілді»                                                                       «Келісілді»

Бөбекжай әдіскері                                                        Бөбекжай меңгерушісі

Аманшиева С.Ш.                                                         Абдрахманова Л.Б.                                                                    

 

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

 

Тақырыбы:  "Күзгі баққа саяхат"

 

/"Балмұздақ","Бөбек" ортаңғы топтары/

 

 

 

                                                                                                

 

 

                                                                                      Өткізген психолог:   

                                                                             Купешева Г.С.

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Күзгі баққа саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ақсай қаласының №8 "Өркен" бөбекжайында "Балмұздақ" ортаңғы топ балаларының танымдық үрдістерін, қиял, ой-өрістерін дамыту, ұсақ қол маторикасын қалыптастыру және де күз мезгілі туралы түсінік беріп, ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында "Күзгі баққа саяхат" тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2018 3811
    • DOCX 605.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Купешева Гаухартас Серіққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Купешева Гаухартас Серіққызы
    Купешева Гаухартас Серіққызы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30589
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 189 человек

Курс повышения квалификации

Современные педтехнологии в дошкольном образовании

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 580 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности советника руководителя по воспитательной работе в образовательной организации

Советник руководителя по воспитательной работе

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе