Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Ата- аналар жиналысы"Жаңа ғасыр адамы дені сау, рухы мықты азамат" баяндама

Ата- аналар жиналысы"Жаңа ғасыр адамы дені сау, рухы мықты азамат" баяндама


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:




Тақырыбы: « Жаңа ғасыр адамы дені сау, рухы мықты азамат »

«Бірінші байлық – денсаулық» демекші қазақ халқында адамзат денсаулығының адам өмірінде маңыздылығы туралы айтылған нақыл сөз бар. Денің сау болса, адамның өмірге деген құлшынысы арта түседі.

Денсаулығы мықты адам ғана өмірде өзіне қажетті іспен айналыса алады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауындағы негізгі тың мәселенің бірі халқымыздың денсаулығын нығайту болып табылады. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулыққа аса назар аудару керектігін сөз еткен.
«Баланы - бесіктен» демекші мектептегі тәрбиені, денсаулық сақтау мәселесіне ұштастыра білу керек.

Бүгінгі таңда оқушы денсаулығын нығайту басты да, маңызды мәселе болып отыр. Осы мәселенің жауабы өз мектебімізде шешімін тапқан секілді. Оқушыларға тәрбие мен білім беруде денсаулық сақтау технологиясымен ұштастыру барысында да көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

«Оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтау технологиясын қолдау» тақырыбы бойынша үш жыл бойы жұмыс атқарып келеміз

. «Дені саудың - жаны сау» деп атам қазақ айтқандай оқушыға мол тәрбие мен сусындаған білім, зор мықты денсаулықты қатар берген қандай тамаша болар еді
Ал, оқушының туған жерінің тарихын, мәдениетін, салтын, ұлы кісілер туралы деректерді жинау арқылы «Астана көшелерімен жүріп өтелік» жобасына дайындық барысында көптеген жұмыстар атқардық. Осы аталған жоба барысында Астананың өткен тарихына көз жүгіртіп, сырлы тарихқа тұнып тұрған көшелерімен, ескерткіштеріне назар аудара отырып, жаяу аралау оқушы денсаулығына әкелер пайдасы зор.

Аталған жоба аясында қандай обьектілерді басшылыққа алу керектігін оқушылармен бірлесе отырып, қандай жерлерді басшылыққа алатындығымыз туралы бағыт карта жасап алдық. Сонымен бірге кітапханадан Астана туралы энциклопедия қарап, көшелер атауының тарихына, сол көше бойындағы ғимараттар тарихына назар аударып, алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

Зерттеу жұмыстары бойынша әр оқушыға әр түрлі зерттеу обьектілері берілді. Сол оқушы барлық сынып оқушыларына сол ғимарат жанына барған кезде оны құрылған уақыты, маңыздылығы, құндылығы туралы деректермен таныстырып өтетін болды

. Осындай жұмыстар арқасында өзінің туған жерінің әр тасының тарихын түсіне білуге тәрбиелейді.



























































Тақырыбы: « Ата- ана мейірімі »

\тренинг\

Мақсаты:

1. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.

2.Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету.

3.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.

Көрнекілігі: "Тәрбиесіз берілген білім, білім емес..."Әл-Фараби.

"Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады..." Ы.Алтынсарин. Бала тәрбиесі туралы тірек-сызба.

Тренинг ережесі:

1.Тыңдай білу.

2.Сөзді бөлмеу.

3.Белсенділік.

4.Шығармашылық.

5.Төзімділік.

6.Сыйластық.

7.Түсіністік қарым-қатынас.

8.Шкафтан түсіп қалмау.

Тренинг барысы:

Танысу: Әр ата-ана өзінің баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы: мейірімді Мейірлан, әдемі Айдана.

1.Тренинг мақсатын түсіндіру.

Тренердің кіріспе сөзі

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі тренинг тақырыбы : "Жапырақ тамырдан нәр алады".

Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

"Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.

2.Бала тәрбиесі туралы тірек сызбамен таныстыру.

Қоғам талабына сай тәрбие -мектепке дейінгі, яғни бала бақшадағы тәрбие,мектеп қабырғасындағы тәрбие т.с.с.

Жеке бас тәрбиесі - өзін-өзі тәрбиелеу.

Осының ішінде ата-ана тәрбиесіне кеңінен тоқталайық.

Баланың бас ұстазы - ата-анасы. Бала барлық үлгі өнегені алдымен өзі шыққан отбасы мен ата-анасынан алады.

Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі - ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызмет етсін десек ,халқына адал,бақытты болып, өмірде өз орнын табуын естен шығармай,үнемі көңіл бөліп отыруы қажет-ақ.

3. Ата-аналарға сауал

1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)

2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)

4.Ситуациялық жағдайлар.

1.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары тапсырылады. Балаңыз сіз тапсырған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына дайындалмады. Не дер едіңіз?

2.Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді". Ата-анасы ашумен айтып қалды. Сіз не дер едіңіз?

3.Балаңыз сыныптасымен керісіп, көйлегін жыртып келді. Сіз не істер едіңіз? Баланың арасына түсесіз бе?

5. "Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?" Ата-аналарға сауалнама Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.

Жауаптар:

А) қолымнан келеді және әркезде солай жасаймын.

Ә)қолымнан келеді,алайда әр кезде солай істей алмаймын.

Б)қолымнан келмейді.

Сұрақтар:

1.Кезкелген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7.Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәні мен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10.Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?

13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

Кілт: А-3ұпай,Ә-2ұпай, Б-1ұпай.

16 ұпайға дейін------- Баланы тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не білімділікке,не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет.Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.

16-30 ұпайға дейін----Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе - ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар,бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда - тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуде мән берген өте қажет деп ойлайсыз.

30-39 ұпайға дейін----Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық,сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз.Балаға сыйластықпен қарап,Тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда,Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

6. Ата мен әке тәрбиесі

Жыл өткен сайын қыз шешеге, ұл әкеге үйірсектеп, солардың мінез-құлқын, үнін, қозғалысын қайталайды.

Қыз бала анасынан адалдықты, арлылықты, әдептілікті, тазалықты, шабыттылықты қабылдайды. Анасынан көре жүріп әйел затының табиғатына не тән екендігін біледі. Әсіресе қыз бала шешесінен үй жинау, ас пісіру, кір жууды, іс тігуді, бір сөзбен айтқанда қыруар қабілеттілікті үйренеді.

Ұлағатты ата-ана "Үйренгенің өзіңе жақсы, Істегенің бізге жақсы" деп баланың еңбекке араласуына ыждағаттылықпен көңіл бөледі.

Жанұяның да, баланың да мерейі - әке.Өйткені ол - жанұяның қамқоршысы, мерейі.

Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйініп, жаман іске күйінеді. Жанұяда әке мен шеше қандай іспен шұғылданса, үйдегі балалар да соған еліктейді.Бұл ,әрине, көрер көзге ашық байқалмағанмен, бірте-бірте бала бойына сіңе береді. Әсіресе, жақсылықтан гөрі жамандық бойға сіңгіш келеді. Ол және күн сайын еселене түседі. Сондықтан бала тәрбиесіне ана да, әке де араласуы керек.

7.Қорытынды:

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы"делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасы.Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі,ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.

"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

"Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады"дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. "Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі"- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты - біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы - бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.

Ата-аналар "Сиқырлы қалам"арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.

Қыс өтіп , көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады.Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады.Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын,

Ұл-қызымыз аман болсын!

Тренинг соңында ата-аналарға жапырақтар үлестіріліп беріледі.Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.













































Сұрақтар:

1.Кезкелген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7.Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәні мен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10.Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?

13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?











Сұрақтар:

1.Кезкелген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7.Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәні мен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10.Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?

13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?














































































Тақырыбы: Мен және  менің  құқығым
Ма
қсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.
К
өрнекілігі: Күй, Сауалнама «Мен және  менің  құқығым», суреттер, нақыл сөдер, «Балалар құқықтары туралы конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы  Заңы», эпиграф, 
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, Сауалнама жүргізу, пікір айту, ой толғау, топпен жұмыс, сурет салу.
Барысы:     

  І. Ұйымдастыру.
               - амандасу (о
қушылармен)

 1.      Заң – бостандық кепілі.
2.   «
Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті.»
                       (
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 34- бап)

 - 1989 жыл, 20 қараша – «Балалар құқықтары туралы конвенцияның»            
                                                                                                       
қабылданған күні.
1.
Құқық дегеніміз не?

2. Біз білеміз бе?

- «Балалар құқықтары туралы конвенциясын» Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. 1989 жыл, 20 қараша.

- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы  Заңы»,
                                                            Алматыда  2002 жылы, 8 тамыз  .


 3. Сөзжұмбақ шешу:  «Құқық»

  Мен және менің
1    
Қ                    
2        
Ұ    
3    
Қ                    
            Ы    
5            
Ғ        
6            Ы            
7            М            
 1. Конвенция
қай айда қабылданған?
                                                  (
Қараша)
2. Конвенцияны
қай ұйымда қабылдады?
                                                     (Б
ҰҰ)
3.
Құқық бұзушылық деген не?
                                                (
Қылмыс)
4.
ҚР-ғы балалар құқығы туралы Заңы қай айда   
                               
қабылданған? (Тамыз)
5. За
ңның 34- бабы не туралы ? 
                                              (Бала ж
әне қоғам)
                                            6. Конвенцияны
ң қабылданғанына неше жыл?
                                                                                                  (Жиырма)
                                            7. За
ң қай жерде қабылданған?
                                                                                           (Алматы)


4. Сауалнама өткізу.

                    Сауалнама : «Мен және менің құқығым»

1. Құқық туралы не білесіз?
2.    Сіз неге
құқылысыз?
3.    
Құқық бұзушы кімдер?
4.
Құқық бұзылмау үшін не істеу керек?
5.Біреуді
ң тарапынан құқығыңыздың 
(ата – ана, м
ұғалім, құрбы –дос, туыс, т.б.)  бұзылғаны болды ма? (болса жазыңыз)
6.
Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?

5. Қорытынды  сөз. 















































Ата-аналарға арналған жаднама

Ø         Күн тәртібі. Егер балаңызда ол жоқ болса, орнатыңыз. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз уақытында тамақтанып, сабағын оқып, қыдырып, ойнап, ұйықтауға жатуы керек. Таңертең еш абыржусыз тұрып, жиналып, мектепке баруы тиіс.

Ø         Үйде қолайлы, тыныш жағдай болуы тиіс. Сіздің кішкентай оқушыңыз сабақтан кейін тым жабырқау оралуы мүмкін. Оны жазаламаңыз және асықтырмаңыз.

Ø         Баланы сабырмен оятыңыз. Оянған сәтте ол сіздің күлімсіреген жүзіңізді көріп, мейірімді үніңізді естуі керек.

Ø         Баланың таңғы асын ішуін қадағалаңыз (аз да болса нәрлі болсын), өйткені мектеп беретін түстікке дейін оған әлі көп жұмыс жасауға тура келеді.

Ø         Баланы таңнан асықтырмаңыз, жоққа бола ұрыспаңыз, аздаған қателіктері мен жаңылысқаны үшін сөкпеңіз. Портфелін, ауыстыратын аяқкиімін, формасын кешкілікте дайындап қойыңыз.

Ø         Баланы мектепке шығарып салып тұрып, «Бүгін нашар баға алушы болма», - деп тықыртпаңыз. Одан да оған табыс тілеп, жігер беретін жылы сөз арнаңыз – оның алдында ауыр күн тұрғанын ұмытпаңыз.

Ø         «Бүгін қандай баға алдың?» деген сөзді ұмытпаңыз. Баланы мектептен келгенде сабырмен қарсы алып, сұрақты жаудырмай, аздап сергіп алуына мүмкіндік жасаңыз (өзіңіздің жұмыс күнінен кейін, адамдармен бірнеше сағат бойы қарым-қатынас жасаудан қалай шаршап келетіңізді еске алыңыз). Егер бала тым елеуреп келген болса, біреумен бөліскісі келсе, қол сілтеп, кейінге сырғытпаңыз, айтарын мұқият тыңдаңыз – бұл көп уақыт ала қоймайды.

Ø         Егер балаңыздың әлденеге ренжіп келгенін байқасаңыз, бала өзі үндей қоймаса, тықақтап сұрамаңыз, аздап сабасына түскеннен кейін, бала неге ренжігенін өзі-ақ айтып береді.

Ø         Мұғалім ескерту айта қалса, баланы жазғыра жөнелуден сақ болыңыз. Екі жақты да тыңдап алмай тұрып, қорытынды жасауға асықпаңыз.

Ø         Мектептен келгеннен кейін балаға күш жинап алу үшін 2-3 сағат демалыс қажет.

Ø         Сабақ орындау үшін бала күнде бір мезгілде, мүмкіндігінше сағат 15-тен 17-ге дейінгі аралықта отырғаны дұрыс.

Ø         Бала сабақты ең күрделі сабақтан бастағаны, ал ең сүйікті, жеңіл сабақтарды соңына қалдырғаны жөн.

Ø         Бір отырғанда барлық сабақты орындап бір-ақ тұруын талап етпеңіз. Әрбір 30-40 минут сабақтан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасағаны дұрыс. Бұл үзіліс кезінде бала қозғалыс жасауы керек, мысалы, қоқыс шығарып келу немесе итті қыдыртып келуді, жақын жердегі дүкеннен нан алып келуді өтінуге болады. Бұдан кейін бір алма немесе бір стақан шырын ұсыну керек.

Ø         Физиологтардың айтуынша, басқа демалыс түрлеріне қарағанда, күндізгі ұйқы организмнің жұмыс қабілеттілігін анағұрлым артық қалпына келтіретін көрінеді, тіпті балаларға сондай пайдалы таза ауадағы ойыннан да артық. Күндіз 1-1,5 сағат ұйықтау арқылы тәуліктік ұйқы мерзімін ұзартуға болады. Егер сіз баланың күн тәртібін бала күндіз ұйықтап алатындай етіп ұйымдастыра алсаңыз, оның үй тапсырмасын орындау өнімділігі айтарлықтай өседі, ал өзі белсендірек әрі көңілдірек бола түседі.

Ø         Отбасындағы үлкендердің баламен біркелкі қарым-қатынас жасауын талап етіңіз, ал тәрбиесіне қатысты келіспеушіліктеріңіз болса, ол туралы бала жоқ кезде сөз еткендеріңіз жөн. Егер тіл табыса алмаушылық болса, психологпен, мұғаліммен, дәрігермен ақылдасыңыз – көптеген қызықты да пайдалы кеңес аларыңыз сөзсіз.

Ø         Баланы ұйқыға жатқызарда, жағымсыз нәрселерді еске алмаңыз, қателіктерін бетіне баспаңыз, ертең болатын бақылау жұмысын, т.б. талқыламаңыз.

Ø         Баладан бірден барлығын талап етпеңіз, сәтсіздіктеріне сабырмен қараңыз.

Ø         Баланың өміріне қызығушылық танытыңыз. Оның не ойлайтынын білуге тырысыңыз. Үйге қайтып келе жатқанда, мектепте не болғанын сұрап біліңіз.

Ø          Таза ауада серуендеуі қажеттігін ұмытпаңыз. Ол күніне 40 минуттай далада қыдыруы керек.

Ø         Үйде бала бірнеше сағаттап теледидар немесе компьютер алдында отыруға даяр. Алайда бұл техникамен қарым-қатынас мерзімі шектеулі болуы тиіс. Оқушылар теледидар немесе компьютер алдында аптасына 3-4 рет 60 минуттан ғана отыруы керек. Оқушыларға мазмұны жағынан олардың мүддесіне сай келетін бағдарламаларды ғана көруіне рұқсат еткен дұрыс.

Ø         Балалардың жүйке жүйесі ақыл-ой жүктемесінен ғана емес, демалыс күндері және каникул күндеріндегі ойын-сауық шараларына байланысты шектен тыс эмоциялық әсерлерден де қажуы мүмкін. Демалыс кезінде де баланың күн тәртібі сақталуын қадағалаған жөн.

Ø         Каникул кезінде баланың теледидар алдында отыруы жай күндегідей сақталуы керек. Баланың каникул және демалыс күндеріндегі бос уақытын қыдыруға, таза ауадағы қозғалысты ойындарға, экскурсияға, үйде және мектеп маңы өлескісіндегі пайдалы еңбекке, спорт ойындарына арнағаны дұрыс. Әрине, үстел үсті ойындары, қолөнермен айналасу, әдеби кітаптар оқу, музей кинофильмдер көруге бару, үйірме жұмыстарына, көркемөнерпаздар үйірмесіне, жалпы мектептік шараларға қатысу да ұмыт қалмауы керек. 







Сіз қандай ата-анасыз? Сауалнама.
(өз-өздерін тест арқылы тексеру)

1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.

А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.

2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.

А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.

3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.

А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін
Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасыз
Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз

4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.

А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз
Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз
Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз

5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.

А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.
Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз
Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз

6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.

А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз
Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз

7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.

А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз
Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.

8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді

А) Есесін қайтаруға үйретесіз
Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз

9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды

А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз

Жинаған баллды ата —аналар өздері санайды























































Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн.

Ұлыстың ұлы күнінде әрбір жүрекке үкілеген үміт оты маздап, бақыт есігі ашылғандай болып, «аурулар айығамын, аштар тойынамын, лыпасыздар киінемін» деп келешекке сеніммен қараған. Себебі, күн мен түн теңелгенде, жаңа ай толықсып толғанда, тұрмыс пен табиғат жаңарғанда жер жүзі жайнап, көк құт көзін (өсімдік) ашқан. Жер бетіне жақсылық ұялағанда, ұзақ пен жылқышы торғай (Нәуірзек) ұшып келген, жыл жерге түскен, Жер-ана тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген, Самарқанның көк тасы еріген. Түнгі даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қызыр АТА аралаған.

*******

«Қызыр түні» мен «Әз» деген сөздің мағынасы туралы.

«Әз болмай, мәз болмайды» деп осы күндері естіп жатамыз...

- Ертең Наурыз деген түні әрбір шаңырақ үйінің төріне шырақ жағып, Қызыр баба түнін күзетіп, тілек тілеген. Бұл түні оты маздап, жарығы жанып тұрған үйге Қызыр бабаның мейірі түседі, көз қырын салады, назарынан тыс қалмай, сол үйге құт-береке қонады деп сенім білдірген.

Халқымыздың ертедегі таным-нанымы бойынша күн мен түн тепе-теңдікке жеткен кезде аспанды жарып бір ғажайып гуіл естіледі. Сол үнді «әз» дейді.

Наурыз біздің сағат уақытымен айтсақ, түнгі үште келеді.

Наурыз күні күннің алғашқы сәулесіне маңдай тосып, шұғыласына бөленсе, адамның ойына күш-қуат тарайды дейді.

*****

Наурызға қатысты тыйымдар

Наурыз мейрамында мал сойылмайды, жалпы қан шығармайды. «Өсер төлге, көбейер малға кесірі тиеді, мал басы кемиді» деген тыйым бар. Сонымен бірге Наурыз күні шаш, тырнақ алмайды. Өйткені адамның қара тырнағынан бастап, шашына дейін жаңарып, түлейді. Наурыздың бірінші күні, яғни Ұлыстың ұлы күні кір жумайды, жолға шықпайды, құрылыс бастамайды, іс тікпейді, мылтық атпайды, қақпан құрмайды, тұзақ салмайды. Бұл күн – тіршілік әлемінің тойы.

*****

Наурызға қатысты өсиет.

Наурызкөкті көргенде шошытып қумаңдар, «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырып, жем шашыңдар

Наурызшешек - өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік. «Биыл біреуін үзсең, келесі жылы он гүл шықпай қалады» - деседі.

Бұлақтың көзін ашу – Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, шөп те, гүл де жайқалып өседі, егін бітік шығады. Адамдар мен жануарлар тоқ болады, тоқ болса бір-біріне қастық жасамай, бейбіт жүреді. Бастау-бұлақтардың көзін ашқандарың - өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың.

*****

Наурыз күнгі амандасу

«Ұлыс оң болсын, қайда барса жол болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», «Наурыз құтты болсын!», «Қызыр дарысын, бақ қонсын!», «Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге енсін!», «Ақ мол болсын!», «Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар, айдан – аман, жылдан есен өтейік» - деп жатады.




















































Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров405
Номер материала ДВ-365961
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх