Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚазақ тілі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Қазақ тілі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Скачать материал

Акашева Алия Нурлыбековна

№5 жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі      

Қазақ тілі 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

1.Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанатынын байқату және олардың тыныс белгілерін таныту.

2.Оқушылардың танымын кеңейту, дәлелді сөйлеуін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Өз- өзіне сенімділіктерін арттыру, табиғат туралы сөйлемдер арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірмелі парақшалар, ойын- жаттығу, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың түрі:  ралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсаіндіру, сұрақ- жауап, жаттығу, іздену, жүйелеу.

Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

ә) психологиялық дайындық

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Білімге біз тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ғажайып тоғыздық» ойыны
5 - Сөз таптарын ата
10 - Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
15 - Түбір сөз дегеніміз не?
20 - Қосымша дегеніміз не? Қосымшалар нешеге бөлінеді?
25 - Жалқы есім дегеніміз не?
30 - Болымсыз етістік қалай жасалады?
35 - Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?
40 - Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
45 - Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

ә) Біліміңді тексер: «Ой- қозғау». Сөйлемдерді оқы, дәлелде.

1.Жусан, изен, ебелек- шөп атаулары.

2.Тас үйдің іші салқын, жайлы.

3. Сілеусін- азулы, тырнақты, мықты аң.

4. Қайрат үй ішін асықпай, таппен қарап шықты.

Дәлелдеу:

Олардың бәрі бір ғана сұраққа  жауап береді.

Бұлар- бірыңғай мүшелер, Сөйлемде бір мүшенің ғана өйткені қызметін атқарады.

Бәрі бір сөз табынан болады.

 

ІІІ. Жаңа сабақ. (интерактивті тақтамен жұмыс)

1.а) Орманда қайың, тал, теректер өседі.

ә) Орманда ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.

б) Мәди қояндарға сәбіз бен картоп берді.

г) Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді.

2. Сөйлемдер арқылы ережелер шығару.

а) Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне жалғанады.

ә) Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады.

б) Бірыңғай мүшелер және, пен, бен, мен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылады.

в) Да, де, та, те шылаулары қайталанып келсе, үтір қойылады.

IV.Оқулықпен жұмыс.

а) Ережені оқыту.

ә) Жаттығу жұмыстары.

46- жаттығу. Өлеңді нақышына келтіріп оқу. Бірыңғай мүшелерді тап. Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне назар аудар. (ауызша)

Жау, жау, жаңбыр тағы да,

Далатауға көрік бер.

Менің еккен бағымда

Өссін жүзімөріктер!

48- жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жатқа жаз. Бірыңғай мүшені тап. Оның сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт.

Гүл секілді.

Қызарады, көктейді.

Күн секілді,

Бірақ нұрын төкпейді.

V. Сызбамен жұмыс. Сызба бойынша сөйлем құрап жаз. (топтық жұмыс)

а)

ә)

б)

VI. Өзіндік жұмыс. 50- жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелерді тап.

Әркім күрек, сүймен, зембілдерін ала барды.

Бүгін Әсел, Айнұр, Сәулелерді кездестірдім.

Қаз, үйректің балапаны өте нәзік болады.

VII. Сергіту сәті.

Ана, бала, қала, дала, айнала.

Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат.

Шөбі жұпар, суы кәусар сай- сала.

Бүкіл әлем аманбысың, жамиғат!

VIII. Ойын- жаттығу. Аспан көгінде күн болсаңдар адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?

Кішілік, жарқындық, мейірімділік, сұлулық,  жылулық, сергектік, кісілік

ІХ. Тақтамен жұмыс. 51- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелерді тап. Олардың арасына қандай жағдайда үтір қойылмағанын байқа.

Серік пен Сәкен театрға бірге келді. Орманда аю, түлкі, қасқыр және сілеусіндер кездеседі. Олардың бақтарынан лма, алмұрттың, шие мен шабдалының неше түрін кездестіресің. Күндіз де, түнде де қар жауды.

Х. Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.

1.Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыр.

Ерінбейтін оқушы, күнге күю, кірпіш үй, автобуспен бару, кешкі салқын, сары жапырақтар, жоғары көтерілу.

2. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді тауып, тыныс белгісін қой.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Тұз астың дәмін келтірер, мақал сөздің дәмін келтірер. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді.

3. Өлең жолдарынан бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгісін қой.

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,

Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.

Тулаған аққан бұлақ тасқынында

Асаудай ойнақ салар балық шоршып.

(Ж.Жабаев)

4. Сөйлемдерді оқып, тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.

Жер Күнді айналып отырады. Оқушылар сенбілікке қатысты. Айман сабақты үздік оқиды. Арықтан су ақты.

ХІ. Сабақты бекіту.

«Ыстық орындық» әдісі бойынша жүргізіледі.

Мұнда бір оқушы өз қалауы бойынша орындыққа отырып топтардың қойған сұрақтарына жауап береді. Мұнда өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар қойылады.

ХІІ. Үйге тапсырма. Ереже. Бірыңғай мүшелер. 47- жаттығу.

ХІІІ. Сабақты қорыту. – Бүгінгі сабақта не өттік?

 – Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы не білдік?

ХІV. Бағалау.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2017 1067
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акашева Алия Нурлыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акашева Алия Нурлыбековна
    Акашева Алия Нурлыбековна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8431
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 150 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек