Инфоурок Логопедия, Дефектология СтатьиҚазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру

Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру

Скачать материал

Мазмұны

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................3-4

 

I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ.

1.1.Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі...........................5-9

1.2.Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі...................................9-13

1.3.Инклюзивті білім беру саласына арналған бағыттары..................13-16

ІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.

2.1. Инклюзивті білім беруде тиімді әдістерді қолдану........................17-21

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................22-24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................25

                                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмысының өзетілігі:

Жұмыстың өзектілігі-  мүмкіндігі шектеулі  балалар басқа балалармен тең мүмкіндікте білім алуы тиіс. Қазірдің өзінде инклюзивті білім беруді енгізу қажеттілігі туындап отыр.Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру мәселесі әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр. Қазақстанда бұл құбылыс, назардан тыс қалдырылмады. Бұл проблема өзіне қатты  назар талап етеді, өйткені туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар балалардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет дамуындағы ауытқулар бар балаларды ерте диагностикалау мен ерте түзету міндеттерін қояды.Білім беру жүйесі, өз кезегінде осы санаттағы балаларды мүмкіндігінше бұқаралық балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік лицейлерде және жоғары оқу орындарында оқыту процесіне қосуы тиіс.

 

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қазіргі заманғы қоғамның қарым-қатынасын өзгертуді іске асыру арқылы балалардың оқу процесінде өз қабілеттері мен жетістіктеріне жетуі мамандандырылған оқу орнында емес, кәдімгі жалпы білім беру мектебінде  жүзеге асуын қамтамасыз ету.

 

Жұмыстың мақсаты:

- Мімкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру

Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

 

Жұмыстың міндеті:

Қазіргі қоғам даму жағдайында осы проблеманы шешу маңыздылығын көрсету. Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу.Бүгін танда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар – бұл әлеуметтік бейімделген, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

 

Курстық жұмысты жазуда мына төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды: тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.

Курстық жұмысының зерттелу объектісі әдебиеттерді талдау барысында инклюзивті білім беруді барлық мектептерде енгізу керектігі анықталды.

 

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, тәжірибелік жұмыс, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен құрылған.

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек,  «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда  инклюзивтік білім беруде әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды. Әдістемелік ұсынымның мақсаты: инклюзивтік білім беру кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін қамтамасыз ету.Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.                     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ.

1.1. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесіyне назар бөлсек, қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту  негізінде  балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше  оқыту  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.  Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.   Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар  құрбықұрдастарының  қолдауы  мен  достығын  қажет  етеді.  Әрбір  бала   үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті  оқыту – барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін,  ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.  Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.  Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.  Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.  Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады.  «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.

Соған сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

»         Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

»         Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.

»         Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

»         Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі принциптері туындайды:

»         Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

»         Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

»         Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

»         Барлық адам бір-біріне қажет.

»         Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

»         Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 

»         Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

»         Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 

Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.   

XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау  қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді. Ресей. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды.  Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. 

Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту. Швеция. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан. Франция. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу IV нұсқада орындалуда:

              I.     Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан бейімдеу орталығына барады.

           II.     Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша  арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек ретінде мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.

        III.     Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы балалармен дайындалады.

       IV.     Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына бірігіп қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу. АҚШ. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда. «Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді. «Жалпы  білім беру инициативасы» - бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы – дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға  жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін  қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. «Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады. Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді. 

 

1.2.          Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі

Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілген. Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды.       Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялықпедагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі − ППТК) түзетупедагогикалық қолдау көрсету көзделген. Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына қолдан келгенше жағдай жасайтын болады. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген: 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:

»         мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;

»         мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

»         мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді;

»         2020 жылға қарай білім беру ұйымдарында мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады;

»         мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалды (педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);

»         үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.        

Осылайша,  Қазақстан  Республикасында 2020  жылға  қарай  инклюзивті  білім  жүйесі енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан  70%-ға  ұлғаяды;  мүгедек  балалар  үшін  «кедергісіз қол жеткізуді»  жасайтын мектептердің  үлесі  мектептердің  жалпы  санынан – 20%;  инклюзивті  біліммен  қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады.  Бүгінгі таңда елімізде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар  саны 138,5 мыңды құрайды. Ол жалпы бала санының 2,8% құрайды. Оның ішінде  44 мың 773 мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар. 

Инклюзивті білім беруді даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы»,  «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында  мүгедектерді қорғау туралы»,  «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген. 

2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық- техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал-жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалынуда. Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадамболып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқy-әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата-аналарына кеңес беру жәнe психологиялық-педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті психологиялық-медициналықпедагогикалық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда баланың дамуындағы негізгі кемшіліктерді оқытудың бастапқы кезеңіне түзету, жалпы білім беру мекемелерінде қытуға дайындауды қамтамасыз етеді. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды. Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.  Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі мәселе − бұл қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады.

Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі толмайтындығын атап көрсетеді. Мысалы, педагогтар (тәрбиешілер), оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, педагогтар бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуы тиіс.  Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет, сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды қалыптастыру керек.  

 

1.3 Инклюзивті білім беру саласына арналған бағыттары

»         Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың  мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.

»         Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.

»         Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы тарату.

»         Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.

»         Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы.

»         Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.

»         Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;

»         Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.

»         Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.

»         Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.

»         Кіші жастағы балаларды дамыту  қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.

»         Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің  мониторингін  жасау.

»         Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені,  оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру.  Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді. Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін                        үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларғаарнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға  тұрақты қатыспауы. Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады. Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары:

»         мүгедектік мәселені қоғамда түсіну;

»         қатарластарымен қарым- қатынас;

»         толыққанды білім беру;

»         қоғамға кіріктіру және бейімделу;

»         мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу.

»         даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және                            түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;

»         балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;

»         әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.

»         даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету.

»         даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке  даярлау;

»         ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал-жабдықтармен толықтыру;

»         инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде          ата- аналарды қатыстыру.

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды.  Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың  өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке.Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.  Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.  

Заңнамалық және нормативтік негіз. «Білім туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы. «Бала құқықтары туралы» Конвенция БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 20.11.1989 ж. қабылданған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылдың 8 маусымындағы №77 қаулысымен ратификацияланған.  «Мүгедектер құқықтары туралы» Конвенция – БҰҰ – 2007 жылдың  30 наурызы. Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім берудегі Саламанка Декларациясы мен іс-әрекеттердің Шеңбері:Мұқтаждықтары ерекше тұлғаларға білім беру туралы дүниежүзілік конференция-Испания -1994ж.

«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР-ның  2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 11 маусымдағы № 343 Заңы. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2010 жылғы  7 желтоқсандағы №1118 Жарғысы. «Білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптар» Санитарлық талаптар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы  29 желтоқсанда № 179 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 ақпанда  № 10275 болып тіркелді). «Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар»  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 Қаулысы. «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» ҚР Үкіметінің  2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  Тәжірибелік бөлім.

2.1  Инклюзивті білім беруде тиімді әдістерді қолдану

       Əрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тəрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тəуелді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дəрігерлердің қызметі болса, тəрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тəрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сəйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке, мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар: мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде. Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту жəне оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды əзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едəуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мəселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр.

Еліміздің білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мəселе болып отыр. Дене кемістігімен ауру адамның əлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауытқуына əкеп соқтырады. Əулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бəрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді.

Кез келген жанұяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күшті əсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді.

Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау жəне танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тəн құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дəм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге жəне үйретуге ықпал ететін фактор оқытушылар.

Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым жəне түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мəселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, əрі тиімді болар еді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тəрбие берудегі ғылымның нəтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

Мүгедек жəне дамуларында шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде оқыту үшін жағдайлар жасау жəне қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек.

Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына жəне айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын тəртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда.

Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына екі түрлі міндет қойылады:

1.                 Баланың мектепке дайындығын анықтау;

2.                 Тəрбиесіндегі кемістігін жою;

3.                 Сабақты жүйелі жоспарлау.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті  сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек.

Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру əдісі», «Есту əдісі» тəрізді тесттерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет.

Ол үшін қазіргі таңда қолданылатын көптеген дамыту жаттығуларын пайдалануға болады. Солардың бірнешеуін қарастырайық.

 

“Сағат тілі”

Мазмұны: Күлімдеп тұрамыз, ауызымызды ашамыз. “Бір-екі” деп санап тілімізді жоғарғы, төменгі тістерге кезек-кезек тигіземіз. Астыңғы иек қимылдамау керек.

“Тостақшы”

Мазмұны: Езуді тартып күліп аузымызды ашамыз, тілімізді жалпақ етіп астыңғы ерінге қойып, екі жағын тостақтың ернеуі сияқты иеміз. 5-ке дейін санап тұрамыз. Астыңғы ерін тістерге тимеу керек.

“Барабан”

Мазмұны: Езу тартамыз, аузымызды ашамыз. Анықтап қайта-қайта Д-Д-Д-Д деп айтамыз. Дыбысты айту барысында тіл жоғарғы тістерге жабысып тұрады. Аузымызды жаппаймыз. Осы жаттығуды орындау барысында көп бала аузын жауып алады.Осы жағдай болмау үшін тіспен екі бір сантиметрлік таяқшаны немесе осыған ұқсас затты (сызғышты) тістеп тұру керек. Осы жаттығуларды жасау барысында баланың тілін дамытуға болатыныны көреміз. Ең бастысы мүгедек балаларды сəби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, əр баланың қабілет–қарымын анықтап, дұрыс бағыт–бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек.

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мəн берілуде. Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің əлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тəжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай жəне арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Осыған орай мəселелерді шешу жолында əр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап, үлгерімі төмен жəне мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн. Əр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тəжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған əрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің объектісіне əлеуметтік психологиялық жəне педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу əдістерін меңгерулері керек. Дидактикалық ойындар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамытумызға болады.

 

«Біркелкі пішіндерді сана»

Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана).

Барысы: Əр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау керек.

 

«Бос торларды сəйкес пішіндермен толтыр»

Мақсаты:Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сəйкес пішіндермен толтырту.

Көрнекілік: Əр балаға жеткілікті таратпа суреттер.

Барысы:

Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сəйкес пішіндермен толтырады.

 

«Қандай пішін жетіспейді»

Мақсаты:Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету.Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер (қораптан алу).

Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.

   

 

1-жаттығу . «Бетперделер». Cмайликтер

Мақсаты: топта достық қарым-қатынас орнату,жағымды эмоционалды жағдай туғызу

Әрбір сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз.Ол үшін сендерге түрлі бетперде дайындадым. Мұнда : түрлі бетперделерді оқушылар өздері таңдап, неге таңдағанын айтады.

2-жаттығу «Мейірімді есім»

Мақсаты-эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон қалыптастыру.

Әр бала оң жағында тұрған көршісін мейірімді түрде атайды.Ал көршісі алғыс айтып,сосын жаттығу кері сол жақ көршіге орындалады.

3-жаттығу. «Атомдар мен молекулалар»

Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру.Сонымен қатар. Осы жаттығу арқылы балалардың өзара қарым-қатынасын анықтауға болады.

Оқушылар бөлмеде еркін жүреді.Психолог: «Сендер әрқайсысың атомсыңдар, енді жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, енді екі-екіден, сосын үш-үштен бірігесіңдер. (Оқушылар санына қарай ойын жалғастырылады.)

5-жаттығу «Көңіл-күйімізді жаттықтыру»

Мақсаты: оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жаттықтыру

Қазір біз 2 жұптан шығып берілген тапсырмадағы сөйлемді оқып,асты сызылған сөзді көңіл-күйімізбен көрсетеміз:

1.                             Аю байқамай кірпіні басып кетіп, аяғына тікен кіріп кеткен. Кірпі өзін кінәлі сезінеді, ал аю қатты ашуланып тұр.

2.                             Күшік ата-анасынсыз қыдырып, еркін жүргеніне қуануда, ал ата-анасы қатты алаңдаулы.

3.                             Мысықтың баласы тамақты бірінші рет ішіп тұр, ол оған ұнамай, жүрегі айныды, ал тотықұс оған мүлдем тамақ бермегендіктен ренжіп отыр.

4.Екі кірпі орманда келе жатып, біреудің түсіп қалған сағатын көрді.

Алдымен олар тықылдан қорқып кетіп, кейін қызығып, жақындап барып

қарағысы келеді.

         Əр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің  алғы шарттарының бірі болмақ.  Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.

Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл?  Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жандүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.

Инклюзивті білім беру  – ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып,  барлық білім алушылардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс.

Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мұқтаждығына және басқа мән-жайларға байланыссыз, өз әлеуетін және білім алуға құқығын  іске асыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім берудің артықшылығы оқушылардың араласуында. Қатынасу –  білім беру басталатын нүкте. Мұғалімдер балалармен, оқушылар мұғаліммен және бір-бірімен қатынасуы тиіс.  

Бүгінгі таңда ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны  144 783 баланы құрайды, оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында     2019 жылға қарай:

»           мектепке дейінгі ұйымдардың 30%;   мектептердің  70% инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау;

»           психологиялық-педагогикалық түзеу және психологиялық-педагогикалық консультациялар   кабинеттері  желісін кеңейту.

Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар  жұмыс істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы  2605 арнайы  сынып жұмыс істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы білім алады.  2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан  495 б/б) балабақша инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 детейбала, 44,7%  немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады    (  40 мыңнан астам бала).Педагогтар мен ата-аналарға ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-консультативтік көмек көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі  ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1, Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1).

Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық-педагогикалық  түзеу кабинеттері, 58 психологиялық-медицииналық-педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық -коррециялау қолдауды  көрсетуде.ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды.  «Дефектология» мамандығы шеңберінде кадрларды даярлау  елдің 17 ЖОО-да жүргізіледі.  Бұдан басқа педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.      3 жыл ішінде  2771 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 

Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың барлық курстарының тыңдаушылары үшін   инклюзивті білім беру бойынша міндетті лекциялар  әзірленді және енгізілді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға  білімге қол жеткізуді электрондық білім беру жүйесі де қамтамасыз етеді. Үйде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарды алады.  Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс құралдары, арнайы пернетақталар және манипуляторлар алынады; есту қабілеті бұзылған балалар үшін - есту аппараттары, дыбысты күшейтуші микрофоноы бар жүйе, тифлотехникалық құралдар алынады.   Білім алуға жол ашуды қамту үшін ақпараттық қамтамасыз ету құралдары, соның ішінде принтерлер мен Брайлевтік дисплейлер, оқу машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші шағын құрылғылары және тағы басқалары аса маңызды. Республикалық бюджет есебінен компьютерлік техника және құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-бала қамтылған.

Қазіргі уақытта республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының жартысына жуығы  мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық білім беру жүйесімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 % -ында интерактивті тақталар орнатылған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95 %, білім беру арнайы мекемелерінің 41 % логопедтік жаттықтырғыштармен , 37%  — есту-сөйлеу жаттықтырғыштарымен жабдықталған  

         Əр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.        Қазақстан Республикасы Президентінің № 1118 Жарлығы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» - Астана, 2010 .- 7 желтоқсан.

2  .      «Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования».- Париж: ЮНЕСКО, 2009.

3.          http://www.ikprao.ru.

4 .         Материалы  всемирной  конференций  «Саламанская декларация о принципах, политике и практической деятельности в сфере -образования лиц с особыми потребностями». -  Испания, Саламанка,   1994.- 7-10 июня   

6     Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы.

7 . Р.Б. Каримова «Основные проблемы и задачи инклюзивного образования в РК» // Журнал «Открытая школа».

 8 Мухина В. С. Детская психология. – М., 1985. 8. Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1

9. Дефектология – 2008- №3. 10. Г.Б.Алипкалиева «Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру».

11. Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы // «Открытая школа» журналы. № 7(128) 09. 2013ж

Тәжірибе бөлімінде қолданылған әдебиеттер:

1.        ҚР-ның білім туралы Заңы, 2008 ж Мектептегі психология, №3 2010.

2.        Əлеуметтік педагогика, №3, 2011.

3.        Ə.Ермағамбет «Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-

педагогикалық сипаттамасы», Дефектология, 2008, №4.

4.                 Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жəне дамыту жаттығулары» əдістемелік құрал, Шымкент., 2012.

5.     Л.В.Артемова «Дидактикалық ойындар», М., 1992.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 873 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2018 97587
    • DOCX 159.5 кбайт
    • 1479 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жангазина Майкен Катаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жангазина Майкен Катаевна
    Жангазина Майкен Катаевна
    • На сайте: 6 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 101326
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 892 человека

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Сервисный маркетинг: создание постоянной клиентской базы и значение сервиса для успеха в бизнесе

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе