Алматы
облысы
Панфилов
ауданы
Әулиеағаш
орта мектебі
Информатика
пәнінің мұғалімі
Аманбаева
Анира Барашқанқызы
Тақырыбы:
Қазақстан жолы – 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"
Мақсаты:
Оқушыларға Жолдау жайлы мағлұмат бере отырып, мазмұнын түсінетіндей жағдай
жасау; ой - өрісін кеңейтіп, дүниеге көзқарасын қалыптастыру; патриоттық
тәрбие беру.
Күтілетін
нәтиже: Оқушылар отанын сүюе білу, ел тарихын білуі, еліміздің
мемлекеттік рәміздерін
қастерлеуі, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуы.
Ресурстар:
Қазақстан Республикасының
рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны,
Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, үміт
ағашы
Жұмыстың
түрі: тәрбие
сағаты
Сабақ
барысы:
Сыныпты үш топқа
бөлу: (жолдау, ата заң, денсаулық) . Әр топ өз тақырыптарын қорғау.
ІІ. Шаттық
шеңбері: Екі
тілек, бір жұлдыз
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Ой қозғау:
Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу
керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім
алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
|
ж
|
а
|
һ
|
а
|
н
|
д
|
ы
|
қ
|
|
|
|
|
|
|
|
о
|
т
|
а
|
н
|
а
|
с
|
ы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
б
|
а
|
л
|
а
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ұ
|
л
|
т
|
д
|
е
|
н
|
с
|
а
|
у
|
л
|
ы
|
ғ
|
|
л
|
а
|
т
|
ы
|
н
|
|
|
|
|
|
|
|
б
|
і
|
л
|
і
|
м
|
а
|
л
|
у
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
17-қаңтар ҚР-ның Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Жолдау ұсынды.
Бүгінгі Жолдау арқылы
Н.Ә.Назарбаев атқарған істерді қорытындылап, болашаққа бағдар жасады.
ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ
-
Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық.
-
Әрбір отандасымыздың жүрегінде өз еліне деген шексіз
мақтаныш сезімін орнықтырдық.
-
Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына
сеніммен қарайды.
-
Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың
ұлттық мақтанышы.
Осы Жолдауда Елбасы
Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынды.
Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына
қосылуға ұмтылысымызды
біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз
қажет.
Бірінші кезең XXI
ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет
болатын 2030 жылға дейін
Екінші кезеңде 2030 –
2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика
қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет
Алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді
басымдықтары белгіленген.
1.
Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және
күшейте түсу
2.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық
бағытқа түсіру
3.
Ғылыми қамтымды экономика құру
4.
Агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды
дамуы
5.
Шағын және орта бизнесті дамыту
6.
Біздің болашаққа барар жолымыз
қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау
7.
Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру
Стратегия-2050-дегі басты
мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға
негізделуге тиіс.
1.
қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен
эволюциялылығы қағидаты.
2.
өзара тиімді ашықтық қағидаты.
3.
бұл – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру
қағидаты.
4.
бүкілхалықтық қолдау қағидаты маңызды мәнге ие.
Осы жылдар ішінде келесі құндылықтарға
ие болдық:
1.
Еліміздің тәуелсіздігі және Астанамыз.
2.
Ұлттық бірлігіміз, қоғамдағы бейбітшілік және
келісім.
3.
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
4.
Экономикалық өсім.
5.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
6.
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
7.
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі.
Білім беруде:
-
2020
жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі
біліммен 100 пайыз қамту
-
Мектеп
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.
-
2017
жылға дейін орын жетіспеушілігін жою.
Денсаулық сақтауда:
-
Алғашқы
медициналық-санитарлық көмекті дамыту.
-
Міндетті
медициналық сақтандыру енгізу.
-
Мемлекеттің,
жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі -
негізгі ұстаным.
-
Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі
профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.
Тілдерді дамытуда:
«Қазақ тілі
бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім
алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік
тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін
үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда, биыл қазақ тілін білемін
деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар
береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10
миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар!»
Кім
біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)
Конституция туралы не білесіңдер?
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды.
Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын
баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР
Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995)
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен
тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар
үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін,
мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін,
азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Конституцияның бірнеше баптарын қорғау
1
– бап Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7 – бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
27 – бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің
қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы
әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық
жасауға міндетті.
30-бап 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім
алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
36 – бап Қазақстан Республикасын қорғау –
оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
1.Спорт шеберлері туралы әңгімелеу.
2.
Мақал – мәтел (денсаулық , спорт туралы)
1. Спорт
Спорт шеберлері:
Ж. Үшкемпіров, Б. Сәрсекбаев, Д . Тұрлыханов,
В . Жиров, И. Ильин,С
. Қонақбаев ..............
2 . Мақал – мәтел (жатқа айту, мағанасын ашу)
Сергіту
ойыны. Жұмбақтар шешу .
Жұмбақтар :
1.Бала біткен соғады,
жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (доп)
2.Мінсем ,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем. (шана)
3.Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып. (Шаңғы)
4.Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым. (Коньки)
5.Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң,
Көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (шар)
6.Темір тайым,
Тамақты еш жоқтамайды. (велосипед)
7.Жазда айдында жүзеді,
Қыста үміт үзеді. (Қайық)
IV. Қорытынды. «Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…»
Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Мен 21 - ғасыр Қазақстанның
«алтын ғасыры» боларына сенемін.
Сынып
оқушылары Үміт ағашына биылғы оқу жылынан күтетін өз үміттері, тілектері
туралы жазып, ілу.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі
атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген
елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа
қатысқандарың үшін рахмет!

Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.