Инфоурок Дошкольное образование СтатьиҚазақтардың салт дәстүрлері презентация

Қазақтардың салт дәстүрлері презентация

Скачать материал

 

 

ӨСИЕТ

«Не жаман»

Өз алтынын жоғалтса.

Орны қайтып тола ма?

Тауып алған күмісі.

Алтындай болар ма?

Ана тілін ұмытса.

Анасына қарар ма?

Ел дәстүрін жоғалтса.

Еліне жақын болар ма?

Өсер елге қол жаман.

 

                           (Ш. Смаханұлы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДӘСТҮРЛІ   ҮЙЛЕНУ   ТОЙЫ

 

 

 

 

Кезеңдері

 

 

Түсінік

1.

Қыз таңдау.

Бой жеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке-шешесіне сездіреді.

2.

Қыз айттыру.

Жігіт әкесі қыз үйінің түріне қамшысын іліп, «Қызының қарғыбауына» - деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.

3.

Жаушы жібіру.

Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышының сыртына шығарып, екінші балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп «Қарағым  көрпе сал» - деп бұйырады.қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.

4.

Құда түсу тойы.

Жігіттің туған туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Мал сойып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып бата бұзбауға серттеседі. Құйырық-бауыр жесісу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.

5.

Есік төр көрсету тойы.

Қыздың туған-туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады.

6.

Ұрын той.

Күйеу баланың қалыңдығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізеді. Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу қашырар, желі тартар, ит ырылдар, бақан салар, үйге кірер, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады.  

7.

Қыз ұзату тойы.

Ат байлар құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық  шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, үзік жабар, бау-шу байлар, отау байғазысы кәделері алынады. Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Түрлі ойын-сауық өткізіледі, жар-жар айтылады. Қыз аттанарда «сыңсу» айтады.   

8.

Келін түсіру тойы.

«Беташар» айтылады. Той, негізінен, қыз ұзату тойымен бірдей өткізіледі. 

 

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ  САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

Салт-дәстүрлердің түрлері

Қыз таңдау дәстүрі.

Қызға қойылатын талаптар

Талапқа сай ұлттық түсінік

1.      

Қызбен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.

Жеті атасын білмеген жетесіз. Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын ойлайды, жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық.

2.      

Қыз бен жігіт арасындағы жас үлесімі болуы

Отау тігер жас – жігіттерде 19 бен 25, ал – қыздарға 16 мен 19.

Жиырмаға жеткен қыз сары болар, өні кетіп, шырайы сары болар.   

3.      

Қыздың ақылдылығы.

Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, ол сенің ақыреттік жақын кісің.

Шал ақын.

Жасаулы деп, малды деп байдан алма, кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, ата-ананың қызынан қапы қалма.

4.      

Қыздың тектілігі.

Тегіне қарап қызын ал,

Соғуына қарап қару ас.

Көріп алған көріктіден,

Көрмей алған текті артық.

Аяғын көріп асын іш,

Шешесін көріп қызын ал.

5.      

Қыздың сымбаты мен көркі.

Әр кімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,

Махаббаттың отына күйген сұлу.

6.      

Қыздың іскерлігі.

Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без.

 

 

 

ЕР ЖІГІТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

 

Халықтық талап.

Талапқа сай түсінік.

1.

Кескін келбеті.

«Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т.с.с.».

2.

Қадыр-қасиеті.

«Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді т.с.с.».

3.

Қабілет-икемі.

Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын.

4.

Зерде – зейіні.

Тылсым сырды ұға алады.

5.

 Өнер-өрісі.

Өмірден әперер сыбағасын.

6.

Тапқырлық, ерлігі. 

Дұшпанға найза сұға алатын.

7.

Қайрат-қуаты.

Аяқтан шалғанды жыға алатын.

8.

Жігер-күші.

Қиындықта сыналатын.

9.

Білімі.

Биікке бастап шыға алатын.

10.

Адалдығы.

Туған елі мен дос-жаранына адал болатын.

11.

Әділеттілігі.

Қара қылды қақ жаратын.

12.

Шыншылдығы.

Қаймықпастан, турасын айтатын.

 

 

ҚҰДАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТАУЛАР.

 

Атауы

Түсінік

1.

Құда

Күйеу мен қалындықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары.

2.

Құдағи

Қарама-қарсы жақтың , әжелері, шешелері, апалары.

3.

Құдаша

Қарама-қарсы жақтың сіңлілері.

4.

Бел құда

Туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан құдалар.

5.

Бесік құда

Құданың бұл түрі ел ішінде «қызылдай құда», «қарын құда», «құрсақ құда» деп те аталған.

6.

Қарсы құда

Ұлы мен қызы бесіктегі кезінде аттастырған құдалар, кейбір жерде «бесік кертпе құда» делінген.

7.

Бас құда

Бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар.

8.

Жанама құда

Екі жақтың сөзін сөйлер құдалар. Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары.

9.

Бауыздау құда

Мал бауыздағанда бата берген құда.

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІН  ТҮСІРУ ДӘСТҮРІ

 

 

Келін түсіруде орындалатын салт-дәстүрлер

Түсінік

1.

Жасаулы көшті қарсы алу

Ауыл әйелдері жасаулы көшті шашу шашып қарсы алған. Көш бастар түйенің бұйдасын жетектеп ауылға енген «мұрындық апа» атанып, тиісті сыйлығын алған.

2.

Ақ отау тігу

Ақ отау күйеудің әкесінің оң жағына тігілген. Шаңырақ көтеруге жақсы атағы жайылған ана таңдалған. Отау тігілген соң жиһаздары жиылған. 

3.

Келіннің алдынан қыз-келіншектер шымылдық алып шығып, қайын атасының үйіне кіргізу.

Жеңгесімен ауыл шетінде хабар күтіп тұрған келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығып, бүркемелеп, қайын атасының үйіне кіргізген. Келін оң аяғымен босағаны аттасымен тізесін бүгіп, үш рет қайын атасына сәлем берген. Жас келінді ошақ жанындағы жұмсақ тулаққа отырғызған. Ошақтағы отқа май құйған. «От ана, Май ана шапағатыңды тигізе көр, жарлықа» деген. Қасындағы әйелдер «Оттай опалы бол» деп қолдарын отқа қыздырып, оның маңдайына тигізген.    

4.

Жас келінді ақ отауға әкелу

Күйеу шешесі шашу шашып, оң аяғымен табалдырық аттаған келінді сол жаққа тігілген шымылдық ішіне отырғызған. Қыз-келіншектерге сыйлық үлестірген.

5.

Беташар

Ауыл адамдарымен жаңа түскен келінді таныстыру үшін тал түсте «Беташар» басталады.

6.

Ойын-сауық жасау

Беташардан кейін ауыл жастары түнімен ойын-сауық жасап думанды кеш құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАС КЕЛІНДІ ТӘРБИЕЛЕУ ДӘСТҮРІ

 

 

Жас келінге қойылатын талаптар

Түсінік

1.

Жас келін түскен жерінің үлкен-кішісі, ер-әйелдеріне өзінше ат қоя білуі тиіс

Қалыптасқан дәстүр бойынша келін алдымен, түскен жерінің үлкен-кішісі, ер-әйелдеріне, туыстық қатынасы мен мәртебесіне қарай ат қояды. Әрбір  қисыны тауып қойылған атта келінің тапқырлығы мен келінді әдептілікке баулудың бастамасы.

2.

Жас келін барлық жұрттан ерте тұрып, кеш жатуы тиіс.

Барлық жұрттан ерте тұрып, кеш жатқан келін күн ұзаққа бір тынбай, көп іс бітіреді. Бұл дәстүр жас келінді еңбек – қорлыққа баулиды.

3.

Ерлердің жолын кесіп өтпеу

Бұл дәстүр жас келінді ізеттілікке баулиды.

4.

Үлкендер отырған үйге кірмеу

Бұл дәстүр жас келінді  ізеттілікке баулиды.

5.

Үлкендердің әңгімесіне араласпау

Бұл жас келінді ізеттілікке баулиды.

6.

Үлкендерге шай құйғанда бір тізелеп қырын отыру

Бұл дәстүр жас келінді  ізеттілікке баулиды.

7.

Қазан-аяғын сыңғырлатпау

Бұл дәстүр жас келінді  ізеттілікке баулиды.

8.

Дауыс көтеріп сөйлемеу

Бұл дәстүр жас келінді  ізеттілікке баулиды.

9.

Үлкендердің төріне шықпау

Бұл дәстүр жас келінді  ізеттілікке баулиды.

10

Жалаң бас жүрмеу

Бұл дәстүр жас келінді  ізеттілікке баулиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛА  ТӘРБИЕЛЕУ ДӘСТҮРІ

 

 

Бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер

Түсінік

1.

Құрсақ шашу

Жүкті болған келіннің енесі ауыл әйелдерін шақырып қонақ етеді. Олар өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп әкеледі. Оның себебі – келіннің жерік болып жүрген асын тауып беру.

2.

Жарыс қазан

Толғата бастаған келіннің енесі қыстай сақтаған жылы-жұмсағын қазанға салып, «жарыс қазан» асу қамына кіріседі. Бұл келін тез босансын деген ниеттен туған ырым.

3.

Шілдехана

Жаңа туған нәрестені әр түрлі «жын шайтан», «перілердің» салқынынан, қорғап, күзету үшінөткізіледі.

4.

Сүйінші

Немерелі болған әже сүйінші сұратып жас балалар мен келіндерін жан-жаққа жібереді.

5.

Балаға ат қою

Нәрестеге үш күннен қалмай ат қойылады.

6.

Бесік той

Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады.

7.

Баланы қырқынан шығару

Қырық күн толған соң нәрестенің «сүт тырнағы» мен «қарын шашын» алып, теңгелер салған ыдысқа қырық қасық су құйып, шомылдырады.

8.

Тұсау кесер

Сәби жүре бастаған кезде ата-анасы «балам тез жүріп кетсін» деген оймен жасалады.

9.

Тілашар тойы

Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде, тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар» тойы ырымын жасайды.

10.

Атқа мінгізу тойы

Баланың буыны бекіп, ат үстіне өзін-өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді.

11.

Сүндет той

Ер балаларды 5,7 не 9 жасында сүндетке отырғызады.

12.

Тоқым қағар

Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақтардың салт дәстүрлері презентация"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 2639
    • DOCX 122.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусаева Гульнара Елдосовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусаева Гульнара Елдосовна
    Мусаева Гульнара Елдосовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10536
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности по воспитательной работе с группой обучающихся в условиях общежития

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 50 регионов

Курс повышения квалификации

Эмоциональные нарушения дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 27 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста в логопедической группе

Воспитатель логопедической группы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 277 человек из 57 регионов

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе