Инфоурок Математика Рабочие программы«Ғажайып математика» атты сайыс

«Ғажайып математика» атты сайыс

Скачать материал

Ғажайып математика

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып математика» атты сайыс
Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, математика пәні бойынша алған    білімдерін қорытындылауға, тәлім – тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру білімді, дарынды озық болуға тәрбиелеу.
            Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, танымын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тигізер пайдасы өте мол. Сыныптан тыс уақытта өтетін әр түрлі математикалық кештер, сайыстар оқушылардың естерінде ұзақ сақталады, олардың ойлау қабілеттерін дамытады және тақырыптан тыс көптеген мағлұматтар алады.

           Жүргізуші. Біздің мектепте бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.
Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки кім шығады сайысуға.
Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырайық.

Әділ қазы мүшелері армысыздар
Қош келіпсіз есен-сау бармысыздар
Сіздерге үміт артқан оқушылар.
Әділдікпен төрелік айтыңыздар – демекші құрметті қауым бүгінгі сынға баға бере әділетті де, сыйлы әділқазы алқаларымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер./ Әділ - қазылармен таныстырып өтеді/.

Сайыс бағдарламасы:
I - тур «Елек негізгі мектебі аялдамасы»
II - тур «Математикалық эстафета аялдамасы»
III - тур «Тапқырлар патшалығы аялдамасы»
IV - тур «Ойлан тап аялдамасы»
V - тур «Білгіштер аялдамасы»

VI - тур «6 х 6 аялдамасы»

VII - тур «Жалғасын тап аялдамасы»

VIIІ - тур «Сергіту аялдамасы»

ІХ - тур «Жеңімпаз аялдамасы»


Ойынның шарттары:
Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық. Яғни, біз «Құмсай орта мектебі» аялдамасынан бастап «Жеңімпаздар» аялдамасына жетуіміз керек. Сол үшін бар күшімізді салайық. Сайысымыздың алғашқы туры «Елек негізгі мектебі»аялдамасы. Бұл тур бойынша әрбір топ өздерін таныстырып өтеді.

Жоғарғы балл 10 ұпай.
Келесі турымыз «Математикалық эстафета»аялдамасы. Әрбір топқа 5 логикалық есептен беріледі. Әрбір логикалық есепке дұрыс жауап берсе 10 ұпай, дұрыс жауап бермесе 0 ұпай.

І топқа

1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей)                                                                                       Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойылғанда 4 - тен артық, 5 - тен кем сан шығады? (үтір)
Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)

Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4 мысық)

ІІ топқа

Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)

Сіз Гаваннадан Мәскеуге ұшып бара жатқан, Алжирге 2 рет қонатын ұшақтың ұшқысысыз. Ұшқыш неше жаста? ( сіз ұшқышсыз, ендеше сіз неше жаста болсаңыз, ұшқыш та сонша жаста)

Айдың соңғы күні 30-31 жұлдызында аяқталады. Қай айда 28 кун бар?(барлық айда)

4444=20 (4:4+4х4=20)

Бір бөлмеде 9 адам отыр, олардың орта жасы 25-те. Келесі бөлмеде 11 адам отыр, олардың орта жасы – 45-те. Барлығының орта жасы неше? (36)

 

 ІІІ топқа

1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3 минут)

20 м ағаштың басына қоңыз күндіз 5 м көтеріледі, түнде 4 м төмен түседі. Сонда қоңыз неше күнде ағаштың басына жетеді?(16 күнде)

Цифрлардың барлық көбейтіндісі нешеге тең?( 0)

2222= 9 (22:2-2=9)

Сіз онша таныс емес қараңғы бөлмеге кіресіз. Онда газбен және керосинмен жанатын 2 шам бар. Сіз нені бірінші жағасыз?(сіріңкені)

III - тур «Тапқырлар патшалығы» аялдамасы.
Есептей білсең, еселей ұтасың! Ауызша амалдарды орындау.

І- топқа



ІІ – топқа                                                   ІІІ – топқа

 

 

IV - тур «Ойлан тап» аялдамасы.
Бұл кезеңде оқушылар 1 минут ішінде адасқан әріптерден математикалық терминдер құрастыру керек. Егер жауап бере алмаса басқа топқа жауап беруге болады.

І – топқа                    

·         РНКӨЕ                                 

·         УБК

·         ӨЕЙТКУБ

·         ТВКАРДА

·         АСАРЛА

·         ЛФАРОУМА

·         ЕТРМПЕРИ

·         ШБЕӨКЛ

ІІ – топқа

          НСА

          СЕУЛ

          НБІТҮ

          ЛӨМБІ

          УҚСО

          ЗЙТАУА

          ДНАУА

          НҚЫДСЫО

ІІІ– топқа

          УЗТҮ

          САНЫТҚА

          ТАБСАШМ

          ЕҢБЕШР

          ТОРПЦЕН

          ЖНИЫ

          КЕЛДӨҢГЕ

          ПОРРОПЯИЦ

 

Vтур«Білгіштер» аялдамасы.
«Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»,- дей келе сайысымыздың келесі туры «Тіл - өнер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ айтылады. Жауабын үш тілде жазып көрсету керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілге дұрыс аударса, 30 ұпай, ал екі тілде аудармаға 20 ұпай, ал бір тілде аудармаға 10 ұпайға ие боласыңдар. ал аударма жоқ болса, 0 ұпай..

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, ruler)

2. Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса, аттама.
(кітап, книга, book)

3. Жұт.... ағайынды (Жұт жеті ағайынды) Жеті – семь – seven

4. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді. (Қалам – ручка - pen)

5. Геометриялық негізгі ұғым. (нүкте-точка – point)

6. Екі қолға... күрек (бір, одинь, one)

7. Жігітке жеті өнерде аз, неше өнер көп емес? (жетпіс, семьдесят, seventy)

8. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура (бұрыш, угол, angle)

9. Отыз тістен шыққан сөз неше рулы елге жайылады? (отыз, тридцать, soty)

VI - тур «6 х 6» аялдамасы.

Бұл кезеңде оқушылар кесте бойынша математикалық термин құрауы тиіс.

И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О

 

VII - тур «Жалғасын тап» аялдамасы.

Әр топқа мақал беріледі, сол мақалды жалғыстыруы тиіс.

І-топқа

Мал - бір жұттық…… (

Бір жылы сөз бір ……. (

Екі жақсы қас болмас…….. (

Ерке бала - ……. (

Жерді екі рет жыртқан………. (

ІІ-топқа

Досыңды үш күн сынама…….. (

Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа……. (

Ат баспаймын деген ……. (

Бес саусақ ……. (

Елу жылда……. (

ІІІ-топқа

                      Жеті жұрттың тілін біл, …..(

                      Жеті атасын білмеген….. (

                      Қызды қырық үйден.....(

                      Жеті рет өлшеп......... (

                      Ел құлағы........ (

 

VIIІ - тур «Сергіту» аялдамасы.

Ал, кәнекей оқушылар олай болса миымызды, денемізді сертігіп алайық.

ІХ - тур «Жеңімпаздар» аялдамамсы.

Жүргізуші:Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да,- дегендей, шын жүйрікті анықтар кез келді. Қазылар алқасына сөз беріледі.

Сайыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демейміз «Өнерлерін аяп қалды»,

Жеңімпаз тобымызды анықтадық,

Осылай сөзіміз де аяқталды.

Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Қош сау болыңыздар!

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ғажайып математика» атты сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.10.2015 1587
    • DOCX 82.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мустафина Жулдызай Кидиргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7583
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по математике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 700 человек

Курс повышения квалификации

Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 820 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека