Инфоурок Директору, завучу СтатьиБілім мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыс мазмұны

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыс мазмұны

Скачать материал

 

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы әдістемелік жұмыс мазмұны

Қазақстандық  білім мазмұнын  жаңғырту  саясаты  заманауи мектептен  білімді, шығармашыл, алған білімдерін  өмірде қолдана білетін құзіретті   тұлға тәрбиелеу міндетін қояды. Осы міндетті іске асыру және қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін  білім беру қызметтерін ұсыну үшін әрбір мектептің  әдістемелік жұмысы  кәсіби құзыреттілік пен педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейіне ие, қоғамның жылдам  өзгерістеріне  бейімделе алатын педагог кадрлардың жоғары кәсіби құрамын жасақтау болып табылады.

Бүгінгі таңда мектепте   оқыту мен тәрбие  үрдісінде түйінді мәселелерді анықтай және шеше алатын, инновациялық жұмыстарға белсене қатысатын,  өз тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге өз үлесін қоса алатын  мұғалімдер қажет.

Білім беру саласындағы әлемдік үрдістерді, атап айтқанда кәсіби педагогикалық үрдістерді талдау мұғалімнің кәсібилігіне де, жеке қасиеттеріне де жоғары талаптар қою қажеттілігін көрсетеді.

- білім беру сапасына және оқушылардың білім беру стандарттарының жоғары деңгейіне жетуіне қойылатын үнемі өсіп келе жатқан талаптарды  жоғары кәсіби құзыреттілігі бар мұғалім ғана жүзеге асыра алады;

 

- шығармашылық және зерттеу мәселесін өз бетінше қою және шешу қажеттілігі, бұл педагогтің танымдық қабілеттерінің рөлі мен маңызының артуына әкеледі;

 

- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, мұғалімнің жеке ерекшеліктері мен қабілеттеріне бейімделген отандық және шетелдік тәжірибенің соңғы жетістіктерін зерттеу және пайдалану оқушы сапасының өсуіне әсерін тигізеді.

- Мұның бәрі мұғалімнің жеке кәсіби күш-жігерін және үздіксіз білім алу қабілетін талап етеді.

 Осы ретте біздің №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектеп өзін кәсіби дайындық деңгейі жоғары ұстаздар жұмыс істейтін мекеме ретінде көрсетті. Оқушылардың ата – аналары қазіргі әлемдегі адамның мәртебесі білімнің жоғары деңгейімен анықталатынын түсіне отырып,  мектептен балалардың жоғары оқу орындарына түсу кезінде бәсекеге қабілетті және  әртүрлі қызмет салаларына бейімі болуын талап етеді.

 

Бұл өз кезегінде педагогикалық ұжымды білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдарын үнемі іздестіруге итермелейді. Осыған байланысты мектепте мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігіне, оқушыларды әртүрлі қызмет салаларына бейімдеуге  үлкен мән беріле бастады. 

Педагогтар білім беру процесін білім беру мазмұнында орын алған жаһандық өзгерістер арнасында жүзеге асыруды үйренді.  Мектеп мұғалімдері шығармашылық топ қатарында авторлық бағдарламалар әзірлеу, тоқсандық жиынтық бақылау жұмыстарын, бөлім бойынша жиынтық бақылау жұмыстарын дайындау, шығармашылық жоба жұмыстарын әзірлеу, оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарына жетекшілік жасау жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде біздің мұғалімдер 18 авторлық авторлық бағдарлама,6 шығармашлық жоба, 6 пәннен БЖБ,ТЖБ жинақтарын әзірледі. Оқушылардың ғылыми жұмыстары республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленуде.

Әдістемелік жұмыстың нәтижесі ретінде жыл сайын педагогикалық құрамның сапалық сипаттамалары жақсарып келеді: қазіргі уақытта мектепте 25 зерттеуші, 13 сарапшы,5 модератор мұғалім, жоғары санатты -8,- бірінші санатты-21 педагог  жұмыс жасайды.  Біздің  әріптесіміз үздік мұғалімдер байқауының жеңімпаздары. Тәжірибе ашық сабақтар, мастер-кластар, шығармашылық есептер, баспа басылымдары, түрлі деңгейдегі, соның ішінде конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы жақсы таралады.

 

Білім беруді жаңарту міндеттеріне сәйкес әдістемелік жұмысқа қойылатын талаптар- бұл педагог кадрлардың кәсіби құзіреттілігінің сапасын басқару құралы болуы керек.

Осы бағытта нақты жұмыстар жүргізілді.Ережелер әзірленді.

- оқушылар жетістіктерінің портфолиосы;

- педагогтардың ғылыми-зерттеу қызметі – ;

- шығармашылық топ;

Мұғалімге инновациялық үрдістердің теориялық, психологиялық, әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуге көмектесу, сонымен қатар оның ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеруге ынталандыру, заманауи білім беру технологияларын игеру – бұл  әдістемелік қызметінің негізгі міндеттері.

 

Педагогтардың шығармашылық еңбегінің арқасында оқушылардың зияткерлік әлеуеті дамып келеді. Зерттеуші-мұғалім өз тәрбиеленушілерінің оқу-зерттеу дағдыларын қалыптастыруда.Оқушыларды мұндай іс-әрекетке тарту сабақта да, қосымша білім беру процесінде де жүзеге асырылады, ол үшін "Зерде " ОҒҚ  жұмыс жасайды. Балалардың  шығармашылық қызметінің нәтижелерін, жобалар мен рефераттарын қорғау ғылыми -практикалық конференцияларда таратылады.Жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарының жоғары деңгейі облыстық және республикалық байқауларға алған дипломдармен расталды.

Мектеп мұғалімдерін теориялық қолдау  «қазіргі заманауи оқыту технологиялары мен мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану негізінде оқыту мен тәрбиелеуде тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы, сабақты жаңғырту мәселелерін  шешуге бағытталған.

 Педагогикалық оқулар  "оқу-тәрбие үрдісінде оқушының  өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасау" , "қазіргі заманауи  оқыту құралдары негізінде сабақтың тиімділігін арттыру" проблемасы бойынша озық педагогикалық тәжірибе мектебі шеңберінде жүргізіледі.

 

Негізгі мектеп мұғалімдері өзін – өзі жүзеге асырудың қажетті шарты -оқытудағы жеке тәсіл, жұмыстың ең өнімді түрі – топтық, оңтайлы технология-жобалық қызмет болуы керек деп санайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дәуірінде интернет, электронды оқулықтар, оқыту платформалары, вертуалді зертханасыз мүмкін емес. Аталған мәселелер бойынша тәжірибені таныстыру аясында мастер-класс жұмысы құрылды.

 

Білім беру процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізе отырып, мектеп әкімшілігі педагогикалық ұжымның жаппай  игілігіне айналуы үшін инновациялық процестерді дамытуға жоғары деңгейдегі мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеу принципін қолданады.

 

         Мысалы, «Ғылым көкжиегі» байқауының жеңімпазы Әсемова Г жыл бойы оқу-тәрбие үрдісіне заманауи оқыту технологиясын енгізу мәселесін зерттеді. Қазіргі уақытта ол озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жетекшісі болды, оның тыңдаушылары жобаны әзірлеу және оны қолдану бойынша нақты тапсырмалар алады.

 

Мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру аясында іс-шаралар өтуде, соның арқасында педагогтары өздерінің әдістемелік деңгейін арттырып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті.  «Әдістемелік күндер», «Үздік инновациялар жәрмеңкесі» , педагогтердің ғылыми-практикалық конференциясы, Оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы, бастауыш сынып мұғалімдерінің оқыту семинары, шет тілі мұғалімдерінің коучинг семинары, «Тақырыптық педагогикалық кеңестер»– міне, оқу жылдарының бірінде өткізілген іс-шаралар тізбесі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыс мазмұны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2020 268
    • DOCX 19.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимкулова Куляш Узаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимкулова Куляш Узаковна
    Алимкулова Куляш Узаковна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 334
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

ArchiCAD: проектирование и визуализация интерьера

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система управления в организации

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 590 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов