Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Бала тәрбиесі туралы мақала

Бала тәрбиесі туралы мақала

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Бала тәрбиесі

Автор: Лиза Жаулыбайқызы
№ 184 ЖББМ КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі


Осы мақаланы оқи отырып өз балалық шақтарынызды еске алып немесе ата ана балсаңыздар бала тәрбиелеудегі өз тәжірибеленіңізді көз алдарыңзға келтіріп бала тәрбиесі туралы тұжырымдар жасасаңыздар болады.Көп балалы ана, жас ұстаз ретінде үнемі бала тәрбиесі туралы мағлұмат жинап ізденіс үстінде жүремін. Өзім алғаш ана атанғанымда тұла бойым тұнғышымның тәрбиесінде көп қателік жіберіп алғандаймын, енді сол қателігімнің орнын толтыру мақсатында жан жақты ізденісте жүремін. Және де ізденісім жемісін беріп келеді.

Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Сол себепті, жаман мінез, қылықтан сақтандыруда «ұлға – отыз үйден, қызға - қырық үйден тыю» салған. Бұл және де біздің қазақ ұлтында бала тәрбиесінің бүкіл әулеттің, бүкіл ауылдың асыл парызы болғанын, оған отбасы, туған-туыс, көрші-көлем, ағайын болып ат салысқанын танытады. Өйткені, ол бай іс-тәжірибені, жоғары адамгершілік қасиеттер мен ақыл-парасатты, білімділік пен даналықты талап етеді.

Ең бастысы, жаңа туған нәрестенің өзіне ата-анасының, туған-туыстарының күле қарауынан, жылы-жылы сөйлеп, жақсы көруінен, иіскеп, аялауынан бақытты сезінетіні, олардың қарым-қатынасты түсіну қабілетінің артатыны есіңізде болсын. Жыламайтын, мазасызданбайтын, ауырмайтын сәби жоқ. Әсіресе, жас нәресте жылаған кезде қолыңызға алып, құшағыңызға қыспасаңыз да, жанында отырып уатуға тырысыңыз. Мұндайда сәби ата-ана ықыласынан, назарынан тыс қалмасын. Сонда оның бойында сенімділік сезімі қалыптаса бастайды, жалғыздық, керексіздіктен туындайтын үрей, қорқыныш, жалтақтық бойын билемейді. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, бала көбінесе, тісі өскенде, жүре бастағанында, сөйлеуге талпынғанында ерекше жылауық болып келеді. Бұл денелік, рухани қажеттіліктің салдары. Одан қорықпаңыз.

Кішкентай кезінде балалар қолына не болса, соны алады, бәрін де ұстап көргісі келіп, қызығады. Ұстауға болмайтын заттарды (өткір, қатты, иісті, кір нәрселерді, асыл бұйымдарды, қасиетті кітаптарды және тағы да басқаларды) қолынан аларда ата-анасы ашуланбай, ұрыспай, жылы сөзбен оны беруге көндіріп, жылатпауға, ренжітпеуге тырысқаны жөн. Тек мұндай заттарды баланың алуға болмайтынын кесімді түрде ескерткен де дұрыс. Мысалы: «мұны балаларға ұстауға болмайды», - дегендей.

Психолог-дәрігер жас балаға ата-анасы бір нәрсе айтарда тізерлеп отырып, онымен бойы бірдей жағдай да сөйлескен жақсы әсер етеді дейді. Иә, әрбір жас бала ата-анасымен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болғанды, олардың алдында еркін жүріп, тұрғанды қалайды. Егерде ата-анасы жас сәбиімен үнемі жоғары отырып, түрегеліп тұрып «биіктен» сөйлесетін болса, бала «жоғары жаққа қарағыш» болып өседі, кемістік, әлсіздік сезімдеріне беріледі. Сәби де, ата-анасы да бір-біріне тура қарап сөйлессе, екеуі де әдемі қуатқа бөленеді.

Барлық ата-ана баласын еркелетіп өсіреді. Тек, осы еркелету шектен тыс болса, оның зияны өте зор. Керісінше, біздің көптеген ата-аналарымыз баласының қалаған барлық тағамын ішкізіп, қалаған барлық киімін үстіне жапсырып, қалаған барлық заттарын сатып алып береді. Мұны ұл-қызының мұқтажсыз өмір сүруіне жағдай жасау деп түсінеді. Содан бала ешнәрсенің нарқын да, парқын да білмей өседі. Ержете бастасымен-ақ ата-анасына өтініш көбейіп, «аспандағы айды алып бер», - деуден де тайынбайды. Тіпті, өсе келе баланың өтініш, тілегін бұлжытпай орындалуға тиісті талапқа, бұйрыққа да айналады.

Еркелетіп, әлпештеудің күшейетін бір кезі бала ауырып қалғанында. Көп ата-ана баласы сәл сырқаттанып қалса да оған айрықша көңіл бөліп, асты-үстіне түсіп өбектейді, айтқан тілегінің бәрін орындауға жанталасады. Ал, психолог-дәрігер бала ауырғанда оған өте айрықша көңіл бөлмеуге кеңес береді. Себебі, кейбір балалар өздері ауырғанында ата-анасының ерекше назар аударатынын байқап, қалаған затын алдырту үшін өтірік ауыратын да болады. Және де баланы ойнатып отырып тамақтандырмаңыз. Бұлай жасасаңыз, балаңыз тамақ ішерде Сіздің өзіне ерекше ықыласыңыздың ауғанын, өзімен ойнағаныңызды күтетін, соған әдеттенетін болады. Егерде сондай жағдай қалыптасқанда балаңызға көңіл бөлмесеңіз, ол жабырқап қалады, қыңыр, қырсықтыққа салынады, тамаққа тәбеті тартпайды.

Кейбір балалар «қорқып жатырмын», - деп анасын жанынан шығарғысы келмейді. Мұндайда оның «қулығын» біле тұра, оған қарсы шықпай, ұрыспай, құшаққа алып, неден қорқып жатқанын білуге тырысқан жөн. Қорыққаны қулық болса, оны өзіңнің сезетініңді білдіріп, әке-шешесін бұлай алдауға болмайтынын жайлап түсіндірген де абзал-ақ.

Ата-анасының баласына шектен тыс көңіл бөлуі отбасындағы тыныштықты да бұзады, баланың дұрыс жетіліп өсуіне кесірін тигізеді. Баланы шектен тыс қорғаштау да қауіпті. Өйткені, мұндай балалар үшін бәрін де ата-анасы жасап, жаман үйреткені үшін олар өмірге жеткілікті мөлшерде дайын болмай, ата-анасынан жәрдем күтеді. Сөйтіп, әке-шешесіне өмірбақи масыл болады. Шектен тыс әлпештеуге үйреніп, оны өз пайдасына жаратып, әдеттенген бала ешкімнен жылы сөз естімейтін ортаға тап болса, депрессияға ұрынуы да әбден мүмкін. Ата-анасы өміріне көп араласқан бала ержетсе де бір нәрсені бүлдіріп алатындай, өз бетінше іс-әрекет жасай алмайды. Мінеки, мұның бәрі шектен тыс еркелетуден, әлпештеп өсіруден.

Баланы жалғызсыратпау

Қазіргі өмір қат-қабат шаруаға толы. Көп балалардың ата-әжесі жок, әке-шешелері таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Сол себепті өте жастары күндіз балабақшада, мектеп жасындағылар сабақтан соң үйде жалғыз қалып, өмір сүруде. Жасыратыны жоқ, жұмысбасты ата-аналардың кешкі, түнгі демалысында да баласына тиісінше назар аударуларына уақыты, мұршасы жетпейді. Содан көп бала өз бөлмесінде өзімен өзі ойнайды, жалғыз отырады. Олардың ас дайындап, кір жуып, үй жинап жатқан анасынан сұраған сауалына да алып жатқан жауабы мардымсыз. Яғни, көп ата-ана жұмыстан кейін де жас баласымен отырып әңгімелеспейді, оларды ешнәрсеге үйретпейді, ойнатпайды, ертегі айтып бермейді. Жас баланың жүрегі таза айна тәрізді. Ол алдында тұрған, өзі көрген нәрсені, жағдайды тез қабылдайды, жақсы, жаманның не екенін өз бетінше айыра алмайды. Осындай уақытта ата-анасы оларды лас, жаман әдеттерден аулақ ұстауға, жаман балалардан

Бала тәрбиелеу тәжірибесінен

Әр елде бала тәрбиелеудің, оның тентектігі, жағымсыз қылықтары үшін жазалаудың әртүрлі тәсілдері, жолдары бар.

Жапонияда: сәбилерге 5-6 жасқа дейін барынша ерік беріледі. Олардың сындырғанына, бүлдіргеніне, артық та орынсыз айтқан сөздеріне ешқандай назар аударылмайды. Сол сағатында тәрбиелейміз, жөнге саламыз деп шаршап, шалдықпайда, жүйкесін жұқартпайды.

Тек әрбір бала 5-6 жастан асқан соң оларға басқаша талаптар қойылады. Себебі, ақыл-есі бар балалар ол талаптың керектігін, мән-маңызын түсіне алады.

Қытайда: біздің жыл санауымыздан бұрын қытайлық данагөйлерден қалған бір өсиет: «Бір жылдық ғұмырың қалса, дәнді дақыл себіңіз, он жылдық ғұмырың болса, жеміс ағаштарын отырғыз, ал егерде бір ғасырлық өмірің болса, онда оны бала мен жастарды тәрбиелеуге арна».

Римде: осындағы психология институттарының бірінде жасалған тәжірибе қорытындысы: «Баланың болашақтағы қызмет мансабы 2-3 жасынан-ақ қалыптасады». Яғни, дүние есігін ашқан сәттен бастап сәбиіне еркіндікті, мейірім мен махаббатты мейлінше көп берген отбасының балалары қызметтік өсу жолында кедергілерге аз кезігеді. Өзіне деген сенімділігі мықты бала кез-келген қиындықты мойымай көтеріп, алға қарай ұмтыла түседі. Керісінше, қатал тәрбие мен шектеулерді отбасында көп көрген баланың өмірлік жолы ауыр болады, тіпті, олар кейде ішімдікке салынып, қаңғыбасқа да айналып кетеді. Рим психологтары осы орайда әрбір баланың сенімділігін арттыру арқылы оның болашағына үлкен үлес қосуға болатынын айтады.

Қазақ даналығы: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сыйла».

А.С.Макаренконың пайымдауынша: ол халық алдында бала тәрбиесі туралы лекция оқып тұрғанында үш жасар баласы бар бір келіншек оған:

- Антон Семенович, айтыңызшы, баланы қай жастан бастан тәрбиелеу қажет?, – деп сұрақ қояды. Танымал педагог:

- Балаңыз неше жаста?, - дейді.

- Үш жаста.

Осы сөзді естігенінде А.С.Макаренко былай дейді:

- Балаңыз үш жаста болса, Сіз шындығында бұл баланы тәрбиелеуде үш жыл кейін қалып қойдыңыз...

Баланы жазалаған дұрыс па?

Бірқатар ата-аналар баласын жөнге салу үшін оларды әлі күнге дейін ұрады, оларға ұрсады, әртүрлі тиымдар салады. Этнограф Жағда Бабалықұлының айтуынша, дүниеде адамды ұрып-соғу тәрізді жазалардың жүз жиырма түрі бар. Ал баланы жазалау дегеніміз оны міндетті түрде таяққа жығу емес. Ата-ана тарапынан бір нәрсеге рұқсат бермеу, шектеу қою, өкпелеу, сөйлеспей қою да жаза түрлеріне жатады. Негізінде, жазалаудың тәрбиелік ықпалы болатын да жақтары баршылық. Мысалы, Сіз балаңыздың жеңіл-желпі бұзықтығына мән бермей, кешіре салсаңыз, ол өзінің осындай іс-әрекеттерінің елеусіз, жазалаусыз қалатынына сеніп, оны қайталай беретін болады. Сонан жеңіл-желпі бұзақылық үлкен тентектікке де ұласады. Алайда есте болатын бір жағдай, баланы үнемі қатал тәрбиелеп, оның әрбір әрекетіне жөнсіз ескерту жасай бермеңіз. Мұндай бала жасқаншақ болып өседі. Және де орынсыз айтылған сын-ескертулер баланың өзін-өзі бағалауын, өзіне деген сенімділігін де төмендетеді. Олар өскенде өз бетімен әрекет жасауға қорқады. Ата-анасы үнемі кемшілігін көріп, ұрсу ести берген баланың көп іске деген ынта-ықыласы мен құштарлығы да жойылады.

Шығыс ойшылдары балалардың қателік жасауларына рұхсат ету керек, - дейді. Себебі, қателескен сайын балалардың тәжірибесі арта түсетін көрінеді. Қателесу, оны түзету үстінде балалар өздерінің қолынан қандай істердің келетінін де түсініп, басқалардың көмегіне мұқтаж болмай өседі. Тек, баланың қате қылығын тыйған кезде оның орнына басқа бір дұрыс қылықты көрсету, үйрету қажет. Ойнағанда да, бір нәрсемен шұғылданғанда да осы қағида ата-анасының есінде болса, нұр үстіне нұр жауады. Балалық қызығушылық көп қателіктерге ұрындыратындықтан, ол үшін жазаламай, керісінше, оған талдау жасалып, дұрыс бағасы беріліп отырса, қажет кезінде қателігін қайталай бермеуі үшін баланы жазалап қойса да артық емес. Алайда кешірім өте жиі жазалау шектен тыс болмасын.

Елінің сүйікті перзенті етіп ұл-қызын өсіргісі келген ата-ана ең әуелі балаларын еңбекке баулуға, қалаған ісін үйретуге, түсінбеген мәселелерін ұқтыруға тиісті. Ол үлкен төзімділікті талап етеді. Еңбекке баулу балалардың жас шағынан басталатын болғандықтан, оларға берілетін тапсырмалар: қоқысты шығару, дүкеннен нан әкелу тәрізді бірсарынды болмасын. Жасөспірім үйдегі бір жұмыста көмектесуге ниет танытса, қолынан қақпаңыз, тиым салмаңыз. Жеткіншек атқаратын шаруа, жұмыс әртүрлі, қызықты болса, оның еңбекке баулуда пайдасы зор. Әсіресе, әрбір оқушының күн тәртібінің кестесі болуға тиіс. Бұл баланы жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді, жақсы тынығуына жәрдемдеседі.

Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тәрбиесіне отбасында өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік.



Автор
Дата добавления 15.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1007
Номер материала ДВ-261240
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх