Инфоурок Дошкольное образование Научные работы«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын

«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын

Скачать материал

                 

                                                        Қолданылған әдебиеттер

 

1.                         Усова А.П. Роль игры в организации жизни и деятельности детей. «Дошкольное воспитание», 1965, №10.

2.                         Нагибин Ю. Азбука подвига. М.: Просвещение, 2002.

3.                         Ядышко В.И., Сохин Ф.А.  Мектепке дейінгі педагогика. А.: «Мектеп», 1982.

4.                         «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.- Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2006.

5.                         ҚР бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. – Қарағанды 2006.

 

 

 

 «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы  мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».

Нәзипа Құлжанова 

 

          Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен  мәселе болып саналады. Әрбір  қоғамның дамуына байланысты  бұл мәселе әрқалай шешіліп  отырған. Қазіргі жаңару кезеңінде  біздің қоғамымыздың ілгерілеу  процесінде адам факторы және  оны жандандыру, ел өмірінің барлық  жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің  мәні мен оның проблемаларын  күрделендіріп отыр. Осыған байланысты  тәрбие берудің тиімділігі мен  сапасын арттырудың негізгі бағыты  – барлық тәрбиелік істе әрбір  баланы жеке тұлға деп танып  біліп, жан-жақты қалыптастыру. Осы  себептен, «Өзін - өзі тану» пәні  «Бөбек» қорының төрайымы Назарбаева  Сара Алпысқызының бастамасымен  өмірге келіп, тәжірибе нысаны  ретінде республикамыздың көптеген  білім беретін мекемелерінде  жүргізіліп келеді.

          Адамгершілік – рухани тәрбиедегі  басты нысана - баланы құрметтеу.  Баланың қуат қоры мол болғандықтан, оның өмірді танып білуге ұмтылысы  зор екенін мойындап, соған орай  баланың сезімін тәрбиелеуге,  сұлулықты сезінуге, көңіл – күйін  реттей білуге көмектесетін «Өзін-өзі  тану» пәні болып отыр. Бұл  пән болашақ ұрпақтың бойына  рухани адамгершілік қайнарын  сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге,  жалпы адамзаттық құндылықтарды,  адамгершілік принциптер мен  мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа  алатын тұлға қалыптастыруға  негізделген. Ізгілік пен сұлулықтың  шын мағынасын түсінуге, шынайы  мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге  жетелейді. 

         Балабақшада біздер өз тәжірибемізді  жинақтаудамыз. Жұмыс барысында  арнайы дайындалған әдістемелік  құрал-жабдықтарға жаңаша көзқараспен  қарап, саралап, өз жетістігімізді  қосып жұмыс жүргізудеміз. Қазіргі  ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - тұлғаны рухани  - адамгершілік  тұрғысынан дамыту. Жоғары ізгілік  мұраттардың ең құндысы – руханилық.  Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі  ізгілік ұстанымдарын өз бойында  шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.

         Балабақшадағы тәрбие – барлық  тәрбиенің бастамасы. Мектепке  дейінгі шақ – бала бойына  рухани-адамгершіліктің негізін  қалайтын кез. Сондықтан да  бала бойына жас кезінен бастап  жоғары руханилық құндылықтарды:  мейірімділік, инабаттылық, сұлулық,  жақсылық, еркіндік, өмір мәні т.б.  қалыптастыру педагогтардың және  ата-аналардың міндеті.

       «Өзін-өзі тану» курсының ерекшелігі  балалардың өзінің және жолдастарының   бойындағы ерекшеліктері мен  қасиеттерін ажырата алуына және  өз іс-әрекеттеріне баға бере  алуға үйретуді міндет етіп  қояды. Бұл міндеттің негізгі  шешімі – ойындар. Ойынның  негізгі ерекшелігі ол балалардың  қоршаған өмірді – адамдардың  қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме ғажайып алаң да, автобус аялдамасы да, қала көшесі де, ғарыш кемесі де болуы мүмкін. Бала сол ойынның сюжетіне еніп, ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Атақты педагог А.П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді»  [1].

          Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын ол өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, бала үшін ойын – үлкен әлем, үлкендер араласпайтын, ол өзі қалаған нәрсесін жасай алатын оның өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі. 

          Мектепке дейінгі балалардың  жан-жақты дамуы үшін ойынның  ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Баланы ойын тәжірибесінен құр қалдыру – бұл баланы тек балалықтан ғана емес, сонымен қатар, дамып, жетілудің негізгі көздері: өмірде қажет болатын тәжірибеден, әлеуметтік қатынастар сипаттарынан, ұжымдық қатынастардан, өзін-өзі зерттеуден, әлемді тануға қызығушылық процесін қозғаудан құр қалдыру деген сөз. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған ролдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды. 

         Балалармен жүргізілетін тәрбие  жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рольдік  ойындар маңызды орын алады.  Өз ойындарында балалар отбасының  тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың  жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде  көретін және еститін құбылыстарды  бейнелейді.

Кез келген ұстаздың басты мақсат- міндеті –  оқушыларға сапслы білім беру, жан-жақт жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын  арттыру.

Ойын үлгісінің  технологиясы баланың нақ осындай  белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы  орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын  арттыру жеңіл болмақ.

Ойын- дегеніміз  не?

Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа

баулитын  қүралдың бірі.

Ойынның түрлері  өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру  ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың  ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген  қызығушылықтарын арттырады. Тіпті  нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа  зор ынтамен ,жігерімен араласатыны  анық.

Бастауыш  сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып  соңында тапсырмалар берілген. Осы  тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. «Ұйқасын тап»,»Сиқырлы қоржын»,»Өлең  жолын құрастыр» т.б. ойындар.

Ал математика оқулығының басты ерекшелі  оқу  мен тәрбие ерекшелігі жақсы, шебер  ұйымдастырған.Математика сабағында  баланың логикалық ойлауында  дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Өрнекті шеш», «Ойлан тап» ойындарын ойнауға  болады.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі  балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін.Сюжетті- рөлді ойындар  бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті  болып табылады. Өзінің сипаты жағынан  бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен»  ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда  мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмір -лерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

 «Ұлттық  қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал  тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын  арқылы жетіледі. Ойындар әр топта  жас ерекшелігіне сай жүргізіледі.  Мен өз тәжірибемде оиындарды  көп қолданамын. Сабақ барысында  да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы  оқу үшін баланың тілдік функйиялары  толық дамыған болуы керек.  Баланың тілін жетілдіру үшін  оны әңгімеше тарта отырып, баланың   сөздік қорын жаңа сөздермен  толықтырып, түсінігін молайту қажет.  Баланың тілін дамытудаойын түрлерін  жүргізу арқылы, ойын шарттарын  айта отырып та байытуға балады. Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару»,  «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру»,  «Көлемі  бойынша қой» деген  секілді  ойын түрлерін қолдануға болады. Мен  кез келген ойын түрлерін  сабағымен тақырыбына сай таңдап  аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды  тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың  тиімділігін тәжірибе көрсетіп  отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын  дамыту, тіл байлығын молайту  үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық  сөйлеудегі әңгіменің мақсаты-  бір нәрсе жайында сұралап,  баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

 

      Қимыл ойындары- балаға дене тәрбиесін  беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып  алу қабілеттерін жетілдіруге,  дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл  ойындары баланың жүйке қалыптасуына  зор ықпал етеді. Қимыл ойынында  ережелер ұйымдастырушы роль  атқарады, олар ойынның барысын,  жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-  қатынасын, баланың мінез- құлқын  білгілейді Қимыл ойындары үйдің  ішінде және серуен кезінде  бірнеше баламен немесе  бүкіл  топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ  дене шынықтыру сабақтарының  құрамына енеді.Балалар ойынды  игерген соң өздігінен ойнай  алады. Ойын балаларға сабақта  серуенге де өте қажет, тіпті  бала жай дем алып отырғанын  өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық  жас кезеңінде өтеді.

Рөлдік ойындар  мектепке  дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа  та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып  табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда  балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.  «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне  пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік  ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету  тәсілдерін ойластыруға тиіс

Қойылымдық  ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар  ертегіні жақсы көреді, ертек айтып  берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын  дамытады.

       Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің  бір түрі. Оның негізгі мазмұны  қоршаған өмірді алуан түрі  құбылыстарды және соларға байланысты  іс-әректтерді бейнелеу болып  табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан  сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар  салады.

 

       Дидактикалық ойындар  кішкене  балаларға меилінше тән оқыту  формасы болып табылады, оның  арғы тегі ойынды өлең мен  қимылмен ұштастыру негізінде  көп нерсені үйрететін ойындарды  жасаған халық педагогикасына  жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың  сырын ашайық»- деген ойынды  ересек топтарда тәрбиеші балаларды  зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін  дамыту міндетін алға қояды.  Ойын міндеті-қалпақтың астында  не бар екнін білу.Дидактикалық  ойындар айналамен танысу сабағында,  әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.

Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі  ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз

Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.

Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін  дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну  үшін пайдаланудың маңызы  зор.

Ойын үстінде  баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С  Макаренко былай дейді: «Ойында  бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан  келешекке адамды  тәрбиелеу- бәрінен  бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас  жасауға ұмытылады, соның арқасында  жасау құралы, күш қуаты тілді  біртіндеп меңгереді.

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме  теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде  тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде   де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Ойындар мазмұнына  қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне  қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды  ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

 

        Сюжетті – ролдік ойынның міндеті  – баланың қызығушылығын туғызып,  сезімін оятып, рухани-адамгершілік  қасиеттерін арттыру. Сонымен  қатар өзара сыйластық, қамқорлық,  жанашырлық құндылықтарын дамыта  отырып, мейірбандылық, жақсылық  жасай білуге тәрбиелеу. Бұл  құндылықтар – бір күнде қалыптаса  қалатын қасиет емес. Бұл –  балабақшадан бастау алып, өмір  баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп  қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген  табысты істері, қанағат сезімдері  балалардың бойында жаңа міндеттер  мен мәселелерді шешуге талпыныстарын  оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі  сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың  арқасында балалар өз істеріне  баға бере білуге, өзінің сезімін,  әдет-дағдысын бақылай және басқара  білуге, сонымен қатар жанындағы  адамдардың табиғи болмысымен  қабылдап, ізгі ниет, ықылас таныта  білуге үйретеді. Әр бала өз  ісі мен қылығына жауапкершілікпен  қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен  жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына  ие болады, өмірлік әлеуметтік  дағдыларды меңгереді.        

 

 

        Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен  айтқанда: «Ойын балаларға өткенді  тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге  мүмкіндік береді. Ойында кішкентай  адамның мінезі, оның өмірге деген  көзқарасы мен армандары айқындалады.  Өздері де соны байқамастан,  балалар, ойнап жүріп күрделі  өмірлік проблемаларды шешуге  дайындалады» [2]. 

        2009 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында  Қарағанды қаласында «Өзін-өзі  тану» пәні бойынша адамгершілік  – рухани білім беруді ұйымдастырудағы  ғылыми-әдістемелік бағдарлар» атты  Республикалық ғылыми-әдістемелік  семинар өтті, біздің балабақша  алаңы осы семинарда практикалық  тәжірбиемен  бөлісті. Семинардың  ғылыми-әдістемелік бағыты: өзіне  және қоршаған әлемге эмоционалды  – шығармашылық қатынасы арқылы  әлеуметтік рольдерді ойын әдістерімен  және тәжірибемен орындауы көзделді. Алдымызға төмендегідей мақсатты  қойдық: ойын кезіндегі әртүрлі  жағдаяттарға әдістемелік тұрғыдан  қарау және балалардың өмірлік  дағдыларын қалыптастыру. Тәжірбиемізбен  алмасуда біз «Өзін-өзі тану»  пәнінің ҚР жалпы орта білім  беру мемлекеттік жалпыға міндетті  стандартты рухани-адамгершілік  білім дағдыларын ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан енгізуді жөн көрдік. Ұлы орыс жазушысы М.Горький:  «Ойын арқылы бала дүниені  таниды» [3], - демекші, «Өзін-өзі  тану» пәнінің негіздерін ойын  арқылы 2-ші кішкентайлар тобынан  бастап әлеуметтік және құндылық  – мәнді құзыреттіліктерін қалыптастыруды  көздедік. Осы жұмыс арқылы біз  бала бойында әлеуметте және  балалар қауымдастығында, жанұяда,  өмірде қажет болар қабілеттерді  қалыптастырып дамытуды ұстанамыз.  Мысалы: 2 – ші кішкентайлар тобында  өткізілген «Автобус» сюжетті-рольді  ойыны осы шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіруге арналды. Бала кішкентайынан бастап белгілі бір мамандыққа бейімделіп ойнайды. Балабақшада көбінесе «автобус жүргізушісі» болып ойнағанды жақсы көреді. Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы осы кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. Көздеген міндеттеріміз:

·         достарға  деген  мейірімді қарым–қатынасқа үйрету;

·         адалдық қасиеттерін дамыту;

·         балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;

·         үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.

Ойынды ұйымдастыру  алдында біраз жұмыстар жүргізілді:

·         көліктер туралы білімдерін бекіту жұмыстары;

·         мамандықтар туралы әңгіме өткізу;

·         техникалық оқу құралдары арқылы автобуспен таныстыру;

·         жеке балалармен психологтың жұмыс жүргізуі;

·         өз еріктерімен рольдерді таңдауды үйрету.

Ойын барысында  балаға әр түрлі жағдайда кездескен  адамдардың роліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалды. Үлкендердің берген нұсқауына  қарап олар өздерінің көзқарасын білдірді, мәселелерді шешіп үйренді  және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға  дағдыланды. Ұйымдастырылған әр түрлі  жағдаяттарда дұрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани-құндылқтарды көрсете білді. Осылайша бұл сюжетті-рольді ойын баланың өзінде ой – ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған ролін анықтауға, рольді ережемен ойнауға үйретті. Ойынның мазмұны баланың өзінің әлеуметтік және ойындық тәжірибесіне сай құрылды. Ойын барысында балалар өмір сүрудің белсенді формаларын игеріп, сол арқылы ересектерге еліктеп, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренді. Сонымен бірге еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игерді, әлеуметтік рольдер атқарды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетілді. Демек, ойын балалар бақшасының тәрбие және оқыту жұмыстарымен тығыз байланысты. Ойында балалардың алған білімдері жетіліп, өзін дұрыс ұстау ережелері бекітіледі.

         Қызықты ойынсыз балалар әлемінің  болуы мүмкін емес. Балалардың  ойындары қызықты және алуан  түрлі болуынан оларды қоршаған  орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық  пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рольдік  ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін  тануына көмектеседі, өзін-өзі  тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға  жетелейді. 

       Семинарымыздың екінші ойын іс-әрекетінде  экспериментке тікелей қатысы  бар, яғни 2008-2009 оқу-тәрбие жыл  бойы экспериментке қатысқан  № 5 «Балдырған» ересектер тобының  балаларының қатысуымен «Көшеде»  атты әлеуметтік-рольдік ойының  семинар қатысушыларының назарына  ұсындық. Бұл ойынның алға қойған  мақсаты мен міндеттері жоғарыда  көрсетілген екінші кішкентайлар  тобында өткізілген ойын іс-әректімен  байланысты болса да, ересек балалар  болғандықтан нақты өмірлік жағдаяттарды  күрделендіріп өткіздік. Балалардың  жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін  дамытуға, өздерінің ойлары мен  істері, әрекеттеріне жауапкершілігін  қалыптастыруға ықпал ететін  әдістемелік тәсілдер көбірек  қолданылды. Осы топтың балаларына  жағдаяттарды талқылауға, олардың  ойлауға бейімділіктеріен, өзін  және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара  әрекеттестікті құра білу іскерліктерін  қалыптастыруға мүмкіндік бердік. Оқу ақпаратын жеткілікті көрнекілік  нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін  әдістемелік тәсіл – мультфильм  көру тәсілін қолданылдық. Бұл  айқын көркем бейнелер балалардың  өтілген материалдардың мазмұнын  дұрыс қабылдауын және меңгеруіне  жағдай жасады. Алға қойылған  түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға  және қоршаған әлемге ізгілікті  қарым-қатынасты жасау. Түйінді  құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық,  әдептілік. Күтілетін нәтиже: Әлеуметтік ойын арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің қалыптастырылуы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре білуі [4, 6.1.2 бөлімі].

        «Көшеде» әлеуметтік-рольдік ойыны  барысында балаларға мультфильмдерден  көрсетілген жағдаят үзінділерін  талқылауда тәрбиеші түрлі сұрақтар  қоя отырып балалардың өз беттерімен  ойларын жеткізуге жетеледі. Мысалы: Бұл жағдаяттар мультфильмде болды, ал өмірде осындай жағдаяттар кездесе ме?  Ал сендер осындай көшелерде, яғни қасқыр сияқты бұзақылар, қоқыстар бар жерде тұрғыларың келе ме? Біздің өмірімізде осындай жағдаяттар кездеспеу үшін, біз не істеуіміз керек? Қала көшелерінде осындай жағдаяттардың алдын ала қалай ескертуге  болады? - деген сұрақтр балалар үшін ой-түрткі болды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып ойларын ізгілік күйде бейімдей, іштей игі тілек білдіре, өз ойларын ашық, жасқанбай айтуға тырысты.

         Ойын баланың тек  тәртібін  ғана емес, сонымен қатар оның  ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің  қоршаған әлемге қатынасын түсінуге  мүмкіндік береді. Бұл баланың  бастамашылық танытып, шығармашылық  көрсететін бірегей саласы. Сонымен  қатар ойында бала өзін бақылап,  бағалап, не істеу қажет екендігін  түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды  үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер  жасап үйренуі арқылы бала  өмірдің саналы субъектісі  бола  алады.

         Бүгінгі күнгі мектеп жасына  дейінгі балалар өз әрекеттерін  ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну  құлқы жоқ, өз беттерімен ойлана  алмайды.

        Мектепке дейінгі жас – тұлғаны  қалыптастыруға ең қолайлы кезең,  сондықтан, аталған қабілеттер  кейін өздігінен дамиды деп  қателеспеген жөн.

        Ойынның күрделі болмауы балалардың  коммуникативтік дамуларына келеңсіз  әсерін тигізеді, себебі, ара-қатынастар  тек бірге ойнау барысында  қалыптасады. Бірге ойнау –  қатынастардың басты мазмұны.  Ойнап, түрлі ойын рольдерін  орындау барысында балалар жағдайларды  жан-жақтан көріп, басқалардың  әрекеттері мен мүдделерін ескеріп,  ереже сақтауды үйренеді. Кері  жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды.

        Ғалым, педагогикалық  ғылымдар кандидаты, доцент О.В.Солнцеваның  пікірінше, үлкендердің балалар  ойындарындағы ролі олардың ересектенуімен  бірге өзгереді. Басында оқытушы  ойын әдістерін үйретуші ретінде,  кейін екі-үш баланың ойынына  қатысушы болады. Одан кейін ол  балалардың ойын ұйымдастырудағы  көмекшісі және ойын қатынастарын  реттеушісі. Ең соңында, ол балалар  ойынына сырттан қарап, қажет  болған жағдайдарда кеңес беруші  болады [3].  «Өзін-өзі тану» пәні арқылы  балалар өз ойы мен сезімдерін еркін білдіруге, өзін-өзі бағалауға ұмтыла бастады. Өзін қоршаған ортаға, табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға көңіл бөліп, қамқорлық жасауға, айналасындағы балалармен достық қарым-қатынас орнатуға тырысатын болды. Мінез - құлық пен іс-әрекеттегі жағымды және жағымсыз әдеттерді ажыратып, өз қателіктерін дер кезінде мойындауға дағдыланды.

         Қазіргі заман талабында мектеп  жасына дейінгі балаларда өзінің  ішкі жан дүниесін танытып,  өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани  потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік  нормалар мен ережелер туралы  нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ  тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті  бірлесе атқаратын ойын әрекеті  барысында тұлғаны рухани-адамгершілік  тұрғысынан дамыту, яғни олардың  талап-тілегімен санасу, жанашырлық  сезімдерін дамыту.

          Балалар әлемі күрделі әрі  ерекше, оған еніп, түсіну ең соңғы  математикалық және социологиялық  әдістерді меңгерген адамдар  үшін де оңай емес. Балалар  өз қатынастары мен ермектеріне  кез-келген адамды кіргізбейді.

         Балалық шақ – адамның ең  бақытты және уайымсыз кезеңі  ғана емес, сонымен қатар бұл  - тұлғаның қарқынды қалыптасу  кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған  нәрселердің орнын үлкен адам  кейіннен толықтыра алмайды. Баланы  оқуға мұқтаждау барысында біз  одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды  тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет.

         Ойнау барысында балалар өздерін,  өз мінездерін қалыптастырады, ал  ең бастысы – ойын жақсы  мен жаманды ажыратуды үйретеді, ойында балалар мейірімділік  пен достықты бойларына сіңіреді.

        Семинардың қорытыңдылау бөлімінде  балабақша педагог-психологы Абильтусупова  Салтанат Тұрсынханқызы семинар  қатысушыларына «Ойын - өмір мектебі» тақырыбы бойынша рефлексиясын жүргізді. Рефлексия көрсетілген іс-әрекеттер бойынша төмендегідей сұрақтармен жалғастырылды.

1.     Жағдаятты ұйымдастыруда, баланың рольді тандау дербестігі ескерілді ме?

2.     Сіздің байқауыңызша, балалар қандай рольді көбірек қалады?

3.     Сіздің ойыңызша, бірінші ойын іс-әрекетінде психолог және тәрбиеші қандай эксперименттік жағдаяттар ұйымдастырды?

4.     Егер бала ойын әрекетінде этикаға және негативті мінез құлыққа жатпайтын жағымсыз әрекетерге еліктесе, педагог қандай шешім қабылдауы керек?

5.     Сіз ойындардың нәтижесін қалай бағалайсыздар?

       Осы  қойылған сұрақтар бойынша әріптестеріміз  өз ойларын, пікірлерін ортаға  сала отырып,ойынның бала тәрбиесінде пайдасы зор екенін, өзінің қайталанбас ерекшелігімен қызықтырғанын, әрі болашақта өз жұмыстарына пайдаланатындықтарын айтып өтті. Сонымен қатар көрсетілген әлеуметтік іс-әрекеттер баланың жеке тұлға ретінде және рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тигізер әсері мол екенін атап өтті.

 

 

Қорытынды

 

        «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма» деп халқымыз айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмір танымы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Балалар ойындарының  тәрбиелік маңызын жоғары бағалай  келіп, «Мектеп жасына дейінгі балалар  үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің  мықты формасы.»

Ойын - мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.

          Сюжетті-рольдік ойындар баланың зейінін, ойлау, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.

 

Ақыл-ойды дамытатын  мазмұнды-рөлдік ойындар белгілі  ережелерді сақтап ойнауды талап  етеді және ойындар баланың тапқырлығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім процестерін де дамытады.

Баланың дене түзілісінің дұрыс қалыптасуына әсер ететін және ақыл-ойын, денесін  сергітетін ойындардың бірі-қимыл қозғалыс ойындары. Тәрбиеші серуен кезінде  еркін қимыл-қозғалысына жағдай жасауы керек. Серуенге жоспарланған қимылды  ойын түрлерінің қызықты, көңілді өтуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Балалардың ойынына басшылық ету педагогтан шеберлік пен әдептілікті талап  етеді. Қорыта келгенде, ойын балалардың жан-жақты дамуына, көру, есту, сезу, тіл дамыту, сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда  әсерін тигізеді.

        Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі - бала ойынына басшылық ету, мазмұнды-рольдік ойындарды қадағалау, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастыру. Сонымен бірге әр баланың шығармашылық бастамасын, көңілдегі ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін-өзі ұстай білу қабілетін, жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен қарау сезімін дамыту болып табылады.

        Біз болашақта  Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына  қосамыз деп үміт етіп отырған  халықпыз. Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның  әлемдеге бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясында: - «Білім беру реформасы – Қазақстанның  бәсекеге нақтылы қабілеттілігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық  жаңару қажеттіліктеріне сай  келетін осы заманғы білім  беру жүйесі қажет» деген болатын.  Сондықтан сол елдердегі бар  жетістіктер бізде де болуы  керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр  – бәсеке ғасыры [5]. 

       Еліміз жыл  сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен  толығып келеді. Ендеше, болашаққа  деген сенімділік те бізде  мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуді  жоспарлау циклограммасы

(ІІ сәбилер тобы) (1 аптаға)

 

Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу

 

 

 

Күн тәртібінің үлгісі және  қысқаша  мазмұны

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

 

 

Денсаулық»

«Қатынас»

«Әлеуметтік орта»

«Таным»

«Шығармашылық»

«Әлеуметтік орта»

«Денсаулық»

«Қатынас»

«Әлеуметтік орта»

«Таным»

«Шығарма

шылық»

«Денсаулық»

«Қатынас»

«Таным»

«Әлеуметтік орта»

 

 

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Таңертеңгілік қабылдау. Жаттығу.

Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Топтық қарым-қарым-қатынас: қызықты қысқа  және ұзақ мерзімді іс-әрекеттерін  бірігіп жобалау. Ойындар, ұйымдастырыған оқу

іс-әрекетіне дайындық.

«Сәлеметсің бе, балабақша!»

ертеңгілік шеңбері 

«Таза қолдар» ойын жаттығуы

«Жау, жау, жаңбыр!»

 

«Сәлеметсің бе, жаңа күн!»

ертеңгілік шеңбері 

Еңбек тапсырмалары

Табиғат бұрышының мекендеушілері мен бөлме өсімдіктерін күтіп-бағу

 

 

«Біз біргеміз!»

ертеңгілік шеңбері 

«Су, су, беті-қолымды жу» ойын жаттығуы

«Түрлі-түсті сақиналар» ойыны 

 

«Біздің достарымыз»

ертеңгілік шеңбері 

Еңбек тапсырмала

ры: үстел үстін жабдықтауға  көмектесу

«Үлкен және кішкентай» ойын жаттығуы

«Біз өсеміз!»

ертеңгілік шеңбері 

«Тісімізді тазалаймыз» ойын

жаттығуы «Гараж құрылысын жүргізейік» жобасы

«Қатты — ақырын» дидактика

лық ойыны

 

 

«Ойнайық та, ойлайық»

(кесте бойынша ұйымдастырыл

ған оқу іс-әрекеті)

Технология

лық карталар:

1. Қоршаған ортамен таныстыру   «Таным»

2. Мүсіндеу «Шығарма

шылық»

(сабақтардың саны бойынша)

Технология

лық карталар:

1. Тіл дамыту «Қатынас»

2. Дене шынықтыру 

«Денсаулық»

 

Технология

лық карталар:

1. Матема

тика «Таным»

2. Жапсыру  «Шығарма

шылық»

Технология

лық карталар:

1. Қазақ тілі «Қатынас»

2. Дене шынықтыру  «Денсаулық»

3. Көркем әдебиет  «Әлеуметтік  орта»

Технология

лық карталар:

1. Сурет салу 

2. Музыка «Шығарма

шылық»

 

 

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық. Серуен.

Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен қайту.

Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

Күнді бақылау 

«Лақтыр — қағып ал», «Автомобильдер»  қимылды ойындары

Еңбек: Жапырақтар

ды жинаймыз

«Таны және ата» диактикалық ойыны 

«Құмдағы жолдар мен өрнектер»  ойын жаттығуы

«Киім жинауды үйренеміз» ойын жаттығуы

Желді бақылау 

«Өз орныңды тап» қимылды ойыны 

Еңбек: өсім

діктерге су құямыз

«Әлияны киінуге үйретеміз» дидактикалық ойыны

«Қолымызды жақсылап жуайық» ойын жаттығуы

Бұлттарды бақылау 

«Кімнің жүгіргісі келеді»,

«Бұлақтан секіріп өтейік» қимылды ойындары

Еңбек: қоқыс жинайық 

«Мамықты үрле» дидактика

лық ойыны

Сумен ойнау Су шашқышпен ойнау

Тірі объектіні бақылау

«Аю апанының жанында» қимылды ойыны 

«Таны және ата» дидактика

лық ойыны 

Еңбек: Құстарға жем шашайық 

«Әлияны шешінуге үйретеміз» дидактика

лық ойыны

Ауа-райын бақылау 

«Масаны ұстап ал» қимылды ойыны

Еңбек: Бақшадағы көкөністерді жинаймыз

«Таны және ата» дидактика

лық ойыны 

Сумен ойнау: су құйылған ыдысқа жеңіл  заттарды салу

«Тәтті ұйқы» 

«Міне, адамдар ұйқыға жатты…» өлеңін оқу

Бесік жырын айту

«Ұйықтай

тын уақыт болды…» тақпағын оқу

Релаксация жаттығулары (сипалау, ұрғылау, бетке сурет салу)

«Түн болды, барлығы ұйқыға жатты…»  өлеңін оқу

 

 

«Ұйқымызды ашайық» 

Ояну. Шынықтыру шаралары.

Бет, қол, мойынды салқын сумен жуу 

артикуляция

лық жаттығу жүргізу 

Қолды салқын сумен жуу 

Көзге арналған жаттығулар жүргізу 

Ауызды және тамақта салқын сумен  шаю Тіс тазалау, қызыл иекке  массаж жасау

Қарама-қарсы ауа ванналары Нүктелі  массаж жасау

Дымқыл жолмен жалаңаяқ жүру

Ояну жаттығуын жүргізу 

 

 

«Алақай! Ойын!» 

Сюжеттік - рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар.

Серуенге дайындық, серуен, қимылды  ойындар.

Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру  шаралары. Балалардың еркін өзіндік іс-әрекеті.

«Сабын көпіршік

тері» «Шағылыс

қан күн сәулесі» ермек ойыны  «Отбасы» сюжетті-рөлді ойыны

«Кім не істейді» дидактика

лық ойыны (етістіктер)

«Өз үйіңді тауып ал»,  «Бір төбешіктен бір төбешікке» қимылды ойындары

«Бауырсақ» ертегісі бойынша   сахналау іс-әрекеті 

«Түстері бойынша қойып шық» дидактикалық ойыны

«Бөлмені жабдық

тайық» дидактикалық ойыны

«Маған қарай жүгіріңдер»

«Тауық пен балапандар» қимылды ойындары

«Көңілді доп» спорттық ойын-сауығы

«Қуыршақты жуындыру үшін не керек» дидактика

лық ойыны

«Не жасырын

ғанын тап »

«Соқыр теке» қимылды

 ойындары

А.Бартоның «Кір-қожалақ қыз» шығармасын оқу,  қыздың мінез-құлқын, тазалық  ережелерін талқылау

«Көлемі бойынша орналастыр» дидактика

лық ойыны 

«Ауыз үйдегі тышқандар»

«Құлыншақ

қа су бер» қимылды ойындары

«Гараждағы машиналар» сюжетті-рөлді  ойыны   «Не өзгерді?» дидактика

лық ойыны

«Пирамида құрастыр» дидактика

лық ойыны 

«Жасырын

бақ», «Ұстап ал да, домалат» қимылды  ойындары

 

 

«Ертеңге дейін...» 

Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың өздігінен ойыны.

«Менің отбасым» фотосурет

терін қарау, талқылау

Табиғат бұрышында

ғы еңбек: өсімдіктердің ірі  жапырақты өсімдіктердің шаңын  сүрту 

«Мейіріммен ата» дидактика

лық ойыны

«Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны

«Шырша құрастыра

мыз» дидактикалық ойыны И.Токмакова

ның «Орман жиегіндегі шыршалар» өлеңін оқу 

 

«Ғажайып гүл» бояулармен жұмыс жасау

«Мейіріммен ата» дидактика

лық ойыны (сын есімдер)

 

«Мозаика», «Гүлді құрастыр» үстел  үсті ойындары .

Табиғат бұрышында

ғы еңбек: балықтарға, құстарға жем  шашу

«Мен және менің отбасым» дидактика

лық ойыны

«Ненің үйі қайда?», «не қалай  айғайлай

ды?» дидактика

лық ойындары

«Кім көңілді, ренжулі, ашулы?» ойын жаттығуы

 

 

 

                              Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

\(ІІ сәбилер тобы)

 

«Шығармашылық»  білім беру саласы

Тақырыбы: «Ғажайып себет»

Бөлімдері: мүсіндеу

Мақсаты: сәбилерді  алақан арасына салып домалақтап және сопақшалап илеу дағдыларына үйретуді  жалғастыру.

Қостілділік компонент:: Көкөністер – овощи

                                          Қызанақ – помидор

                                          Қияр – огурец

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Үлкен және кішкентай көжектердің  келуі (ойыншықтар).

Сәбилер көжектердің келгеніне қуанады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Ғажайып сәт:

«Көжектердің ғажайып себеттермен  келуі»

Үлкен көжектің себетінде нағыз қияр мен қызанақ.

Кішкентай көжектің себеті бос.

Мүсіндеу тәсілдерін көрсету.

Сәбилер қызығушылық танытады.

Себетті, оның ішіндегі нәрсені қарайды.

Сәбилер көжектерге көмек көрсеткілері келеді

Сәбилер көкөністерді мүсіндейді

Рефлексивті-түзетушілік

Барлық мүсінделген көкөністерді көжектің ғажайып себетіне салуды ұсынады.

Сәбилер көжекке көмектескендеріне  қуанады. Ойын бейнелерімен қоштасады.



 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: көкөністерді және олардың атауларын;

Қандай түсініктерді игерді: ұжымда жұмыс істеуді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өзіне таныс заттардың (көкөніс) пішінін ермексазды алақан арасына салып домалақтап (қызанақ) және сопақшалап (қияр) илеуді.

 

 

 Қиял туралы жалпы ұғым

 

 

Қиял дегеніміз  — сыртқы дүние заттары мен  қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік  сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре  алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда  болған кезде ми қабығында бүрын  жасалған уақытша байланыстар түрлі  комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің  бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды  қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.

 

Адамдардың  қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

 

 

 

1) әр адамның  қиял ерекшеліктері оның жеке  қызығулары мен қасиетгеріне, алдына  қойған мақсатына байланысты  болып келеді. Бүл арада суды  аңсап шөлдеген жолаушының қиялы  мен екі-үш күннен кейін емтихан  тапсыратын студенттің машинасының  тетігін жетілдіруді ойлап жүрген  инженердің қиялын салыстырып  көруге болады;

 

2)  қиялдың  мазмүны мен формасы адамның  жас және дара ерекшеліктеріне  де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де  көп, өмір тәжірибесі мол, әр  тарапты білімі бар ересек  адамның қиялы мен енді ғана  өмірге аяқ басайын деп түрған  жеткіншектің қиялын бір өлшемге  салуға болмайды;

 

3)  қиял  адамның    өскен    ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат,  жер-су қоршауына байланысты да  көрініп отырады. «Жаратылыстың  қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

 

4) қиял адамның  барлық психикалық құбылыстарымен  ұштасып жататын процесс. Мәселен,  алға қойған мақсатты жоспарлап,  жүзеге асырудың жолдарын іздестіру  қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың  ерікпен байланысына жақсы мысал.  Қиялдың ойлау процесінде  алатын  орны  ерекше.   Өйткені  ойлау  белсенділігі адамды шығармашылық  әрекетке жетелейді. Ал ондай  әрекет қиялдың өте күшті дамуын  қажет      етеді. Ойлау   мен   қиял   бір-бірімен   тығыз   байланысты. Жан қуаттарының   осы   екеуі  де   мәселені   шешуге,   сұраққа жауап беруге  қатысады.  Бірақ қиялда мәселені  шешудің өзіндік  ерекшелігі  болады.   Қиял   —  мәселені   суреттеу, жанды  көрініс  арқылы  шешсе,  ойлау оны тірі  суретсіз  жалпылай, ұғым, пікір,   тұжырым  түрінде шешеді;

 

5)  адам  қиялы еңбек процесінде,    іс-әрекет      үстінде  жарыққа шығып, дамып отырады.  Мұндағы негізгі  шарт: саналы   мақсаттың   болуы,   болашақты   болжай алу, істейтін еңбектің  нәтижесін күні бүрын көре  білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына  тән негізгі белгілер. Қиялда  адамның дүние жөніндегі әр  түрлі таным-түсінігі әртүрлі  формада қиюласып, жаңа сапаға  ие болады. Қиял бейнелері адам  қажеттігінен тәуелді бола түрып,  оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық  ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек  теориялық және практикалық қызметте  ғана емес ол адамның бүткіл  рухани өмір жүйесінде елеулі  орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы,  даралық қасиеттері, іс-әрекетінің  қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы  мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының  жануар психикасынан басты айырмашылығы  адамда            ойлаумен   қатар қиял   әрекетінің   олғандығында.

 

Айдаһардың  бейнесін Италияның атақты суретшісі  Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша  суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа  мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі  болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны  суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар  нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде  келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.

 

Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы  әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.

 

Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың  өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың  психологиясына қатты әсер ететіні  байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген  әңгімесінде осы жайлы өте  жақсы көрсеткен. Шылым шегіп  әдеттенген жеті жасар балаға ешбір  сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі  оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер  болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,—  өзі дәл сен сияқты кішкентай  бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі  — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып  жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ...

 

Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат  бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші  болады. Халық «Қыран жетпеген жерге  қиял жетеді» деп өте тауып  айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері  Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен  тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

 

 Қиял түрлері

 

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық  бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын  жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.

 

Ұйқы кезінде  ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып  жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың  бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың  жасалатыны белгілі. Өйткені бүл  кезде мидағы сигнал жүйелерінің  арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда  негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші    сигнал    жүйесінің    қызметі    толық    тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау  қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ  образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде  түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған  әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық  образдар мен нәрселердің фантастикалық  түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. 

 

Үйқы кезіндегі  осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан  қүралған. Бұлардың негізі — адамның  ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп  жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне  себепші болатын фактілердің  есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің  шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы  да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің  ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан  т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы  бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да.

 

Түс көрудің  мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер  иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің  түсіне ақша кіреді» деген мақал  да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып  туған адамның түсіне көзге көрінетін  «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім  мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын  көзімен көрген заттарының бейнелері  кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші  сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық  түрде жандануы». 

 

           Творчестволық қиял деп өзіндік  жаңа образдар жасау арқылы  өрекетте, жаңа продуктылар беруде  көрінетін қиялды айтады. Жазушының,  суретшінің, галымның, композитордың  т. б. қиялы творчестволық қиялга  жатады. Творчестволық қиял —  қайта жасау қиялына қарағанда,  әрі күрделі, әрі қиын. Абай  мен Қүнанбайдың образдарын жасау,  оларды сипаттап жазған шығарманы  оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т.  б. осы секілді өнер қайраткерлерінің  іс-әрекеттерінде үлкен орын алады.  Өнер қайраткерлері өздерінің  идеясын көркем образ арқылы  береді. К. С. Станиславский: «Артистің  көкірегінде өзі бейнелеп түрған  адамның ой-толғаныстары туғанда  ғана шынайы өнер туады, нағыз  жанды сезім еш уақытта зорлағаннан,  қолдан жасағаннан келмейді»,—  дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі  Раневскаяның рөлін орындаушы  Ольга Книппер — Чехова шие  бағын сатады деп хабарлағанда  шын көңілімен көзіне жас алады  екен. Мұндайда актер сахнада  ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың  өзіндегідей көзқараспен қарайды.  Бүл - творчестволық қиялы өте  бай адамның қолынан келетін  касиет.

 

Ақын-жазушылар  қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін  «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен  қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп  бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық,- өз жеңім  де жыртық емес пе екен деп, еріксіз  өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті  жаппақшы болады екен.

 

Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала  орасан зор жүмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, «Соғыс және бейбітшілік» романын жазу үшін жинаған материалдары «бүкіл бір  кітапхана» болған) адамның творчестволық  қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық  қиялы жетілмеген адамнан жақсы  ақын шығуы мүмкін емес. Абай мүны өте  дүрыс көре білген.

 

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

 

Қиыннан қиыстырар  ер данасы.

 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

 

Теп- тегіс  жүмыр келсін айналасы.

 

Өлеңге  әркімнің-ақ бар таласы,

 

Сонда да солардың бар тандамасы.

 

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

 

Қазақтың  келістірер қай баласы?

 

Бүл өлеңіне  Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты  күміс сөз жақсысын» секілді  сөз тіркестері арқылы өздігінен  жаңа туындылар бере алатын нағыз  майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.

 

Ғалым үшін де творнестволық қиял аса қажет. Творчестволык қиял ғалымның творчестволық  ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жүмысын үйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда  ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп  отырады. Бірақ нағыз ғылыми жүмыс  көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғы-лымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік  — нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті  шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады».

 

Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында  орын алып отырады. Қоғамға пайда  келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық  қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың  бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мүғалім творчестволық қиялсыз  әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.

 

Актив қиялдың  ерекше бір түрі — арман. Арман  дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан  ерекшелігі мынада: арман өзіміздің  тілеген келешекке бағытталған  қиял процесі. Арман творчестволық  әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші  дайындық сатысы.

 

 

 

 

Жоспар:

1. Негізгі  ұғымдар.

2. Бала  дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.

3. Жас  ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі  кезеңдерге бөлінуі.

1. Жеке  адамның бір-бірінен ажырағысыз  және оған пәрменді түрде ықпал  ететін биологиялық белгілері  мен ерекшеліктері бір-бірімен  байланысты. Анықтауыш қасиеттер  - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы,  оның себептері, мүдделері, мақсаттары.

Жеке  адам болу үшін психикалық дамудық  белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа  адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға  болуы тиіс.

Өмір  бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде  жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу  деп атайды.

Жеке  адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның  өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.

Жеке  адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен  басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта  өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.

Даму  ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп  жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер  психикалық дамумен өзара тығыз  байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде  қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын  сапалық өзгерістер процесі.

Жеке  адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі  ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі  жақты байланысы болады. Сондықтан  жеке адамның даму заңдылықтарын  тереңірек қарастырған жөн.

Жеке  тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып  жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл  жөнінде кейінгі жылдары жарық  көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім  берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық  методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді.

Адам  баласы материалдық және рухани өмірдің  ортасында тіршілік етеді де, өзі  өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік  ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне  тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық  ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам  мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы  мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Жеке  тұлғаның ерекшелігі дегеніміз —  оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен  даралануы.

Қоғамдық  тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның  қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі  өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа  таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын  пікірлер айтуы мүмкін.

Адамдардық  қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп  қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның  жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің  толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып  жаңарып отыруы заңды құбылыс.

Өмірде  бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас  болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін  анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның  ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар  бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар  өзінің жеке басын басқалардан артық  бағалауға тырысады.

Жеке  тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен  қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен  тұрады.

Жеке  тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін  байытады.

Адам  өмірде өзі жіберген қателіктерден  де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі  тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың  өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны  өзінің жақсы қасиетіне айналдыру  өмір заңы.

Тұлға —  жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі  ойын, еркін іске асыруға дайындығы  және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін  іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.

Өмірде  кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың  ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын  апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның  ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған  көрінісі.

Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі  әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу  іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін  болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай  алу еркіне байланысты құбылыс.

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы  уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала  тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық  табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты  табиғаттың заңы дейді.

Тұқым қуалаушылық  теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда  биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан  жеке адамның дамуын алғашқы рет  ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп  күшеюі мен сан жағынан артуы  деп қарастырады.

Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.

Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі  және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар  мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың  адамгершілік, әуестік, белсенділік  және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы  түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі  ерекшеліктер мен процестер пайда  болады. Баланың дамуына ықпал  ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.

Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне  не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе  емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің  бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті  мен басының формасы, жүрісі мен  өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық  арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.

Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.

Табиғи  орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал  жасауы. Жылы және суық климат жағдайы  халықтардың тұрмысына әрекетіне  елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық  жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат  жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары  да ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік  орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал  жасауы нәтижесінде баланың дүниеге  көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып  қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің  ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс  өмір сүретін жас баланың санасын  ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел  бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет  әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты  қорқып, тек шикі ет жеп қана күн  көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп  жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған.

Адам  арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен  жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз  ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы  баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген.

Адам  жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар  арасында өмір сүруі қажет. Соңғы  кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады.

Педагогика  адам дамуындағы әлеуметтік ортаның  ықпалын мойындайды, оған зор мән  береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын  ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.

2. Тәрбиенің  бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды  дамытудағы басты факторлардың  бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың  жеке және дербес ерекшеліктеріне,  дайындығы мен дәрежесіне лайық  іске асырылып, тәрбие адамдардық  іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол  үшін тәрбиеші алдын ала жасалған  арнаулы жоспар бойынша тәрбие  жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін  және формаларын іздестіреді,  оларды тиімді етіп пайдаланады.

Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса  артық бағалаушылар да болды.

Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен  адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы  болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады  деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның  баланың қалыптасуындағы рөлін  онша бағаламады.

Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский  тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық  пен ортаның әсерін де ескерген жөн  деді.

Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының  тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге  болады деген жорамал ойға келді.

Тәрбие  арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды  жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.

Тәрбиеші  тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін  тиімді етіп, оның жақсы дамуына  қажетті материалдарды іріктеп  алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың  ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

Мектеп  мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен  оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің  саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының  дамуы мен қалыптасуына ықпал  ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті  ықпал етіп, тұқым қуалаушылық  пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына  сәйкес бағыттап, белгілі бағытта  баланың өмірі мен іс-әрекеттерін  ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды  іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.

Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш  болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі  баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

3. Акселерация  оның әлеуметтік және педагогикалық  мәні. Адамның өсіп жетілуінде  белгілі заңдылық болады. Ал, бұл  заңдылық әр балада әр қалай  болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу  үшін олардың жас және дара  ерекшеліктерін білу қажет.

Мектептегі  кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа  дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып  үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған  күрделі өзгерістердің бірі - ағзаның  жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің  жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация  құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі  жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары  қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары  ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына  төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай  тез өсетін ағзада жүрек тамыр  жүйесінің дамуы бірнеше есе  қалыс қалады да, өз міндеттерін  атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан  ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы  өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы  мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп  отыруы қажет.

Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио  толқындардық және географиялық-климаттық  жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине  акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені  бұл әлі де зерттеуді қажет  етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің  үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара  байланысты бірнеше факторлардың ыңпалымен  жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып  табылады.

4. Белсенділік,  оның түрлері және тұлға дамуындағы  рөлі. Адам белсенділігінің табиғатын  тани білу, еңбек және моральдық  белсенділік дәрежесі бойынша  адамның қоғам мен ұжым үшін  жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің  басты міндеті.

Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі  жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас  жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу  белсенділігі дамиды.

Бала  белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын  белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне  сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас  жасау белсенділігінің мазмұны  өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі  балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін  ырықтм немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің  әрекеттеріне және олармен өзара  қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Ойын барысында  балалардың құрдастарымен өзара  қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды  атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс  қатынастарының мазмұнын түсінеді.

Әр түрлі  ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін  дамытады.

Қарым-қатынас  жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру  үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында  сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс  істей білуге үйрету - мұғалімнің басты  міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт  ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен  ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі  тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар  беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы: сынып старостасы, тазалық  комиссиясының төрағасы болу, т.б. Осындай  тапсырмаларды сапалы дер кезінде  орындап отыруға балаларды үнемі  жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың  жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі  дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық  білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім  әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен-ак; қоғамдық тапсырманы орындаудан бас  тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек  бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап  ете білу керек. Сонда ғана ба-ланың  ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудық қажет екенін сезінеді.

Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста  көрсетсен белсенділігіне қарап  оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.

5. Бала  туралы синтездік, комплекстік  ғылым болып табылатын педогогия  ғылымының басты "айыбы"- балалар  мәселелері мен әр типті мектептердегі  шәкірттердің жан жүйесін өрттеуде  сауалнама мен тест әдістерін  шамадан тыс пайдалануы, сондай-ақ  осы ғылымның "Бала ой-өрісінің  дамуы түрліше болып, әлеуметтік  ортасына қарай олардың ойы,  зердесінің деңгейі біреуде жоғары, біреуде төмен болады," - деген  тұжы-рымдарды жалған деп есептелуі.

Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогиясы, физология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беретін  синтездік ғылым болып табылады. Х.Досмүхамедұлының педогогия саласында  жүргізген іс-әрекетіне де ғылыми әділеттілік тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ баласының шыр  етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке  толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі  ән-жырдық құшағында өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні - анасы айтқан бесік жырының әуені. Қазақ баласын  тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың  басты орынға шығуына қазақтардың  өмірін кез келген жағдайында өлең шығарып, ән ай-туы себеп болған.

Сондай  қысылтаяқ кезеңде қазақ педогогиясының бірнеше жыл басы-қасында жүрген Х.Досмүхамедұлы осы саладағы еңбектерін қорытындылап үлгермеді.

Ғұлама  ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының  қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Сол кездегі көрнекті кеңес психологтары П.П.Блонский мен  Е.С.Выготскийлер де өз зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға жүгініп  отырған.

6. Жас  ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі  кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір  шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық  және психологиялық ерекшеліктерді  әдетте жас ерекшеліктері деп  атайды. Сондықтан педагогика және  психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі  шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған  ортамен жасайтын қарым-қатынастар  жүйесіне тәуелді болатынын атап  көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің  бір сатысынан екіншісіне көшуі  кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге  тән психологиялық ерекшеліктердің  үштасуын жиі байқауға болады.

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары  өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі  негізгі принциптердің бірі. Қоғамда  атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар  адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің  нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Жас ұрпақты  қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға  дайындау міндетін іске асыруда, баланың  жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам  алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық  жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар  жағдайды жасайды.

 

Тәрбие  ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары  балалар мен жеткіншектердің  дамуындағы биологиялың фактордық  рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға  баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл  қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын  алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау  балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік  береді. Осының негізінде мектеп жасындағы  балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1) төменгі  сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);

2) негізгі  мектеп шағындағы жеткіншектік  кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);

3) орта  мектеп шағындағы жасөспірімдік  кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).

Соңғы жылдары  симпозиумда қабылданған жас  кезеңдерінің сызбасына жаңа туған  баладан бастап жасөспірімдік шаққа  дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың  сатылары:

1. Жаңа  туған бала (туған сәттен бір-екі  айға дейін)

2. Нерестелік  шақ (бір-екі айдан бір жылға  дейін);

3. Ерте  сәбилік шақ (бір жастан үш  жасқа дейін);

4. Мектепке  дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);

5. Бастауыш  мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);

6. Жеткіншек  шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);

7. Жасөспірім  шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).

Тәрбие  мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас  шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік  құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман  орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен  қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Мектепке  дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне  тән ерекшеліктері, оның айналасындағы  болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне  хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым  қозғалыс үстінде жетіле дамыған  балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.

4-5 жасар  балалардың салыстырмалы ойлай  алатын қабілеттері ерекшелене  түседі. Санамақтарды әжептәуір  игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін  айыра алатын халге жетеді. Бұл  жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері  мазмұнға айналып, белгілі бір  мақсаттарды орындауға ұмтылыс  жасайды. Бұл жастағы балалар  топ-топ болып, өзара бірігіп  ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының  өмірге қанат қақтырар жеткіншектері  — 6 жастан өтіп 7-ге толған  балалар екені әркімге де аян.  Баланың мектепке 7 жасында баруы  - негізінен биологиялық және  физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа  алудан деп түсінген жөн. Дендері  сау боп дүниеге келген балалар,  қашан да алғыр да зерек  үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар  айналасындағы құбылыстарды тез  байқап қабылдауға да бейімді.  Жете түсінген құбылыстарын өмір  бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.

Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі

Бастауыш  мектеп жасындағы баланың психологиялық  ерекшіліктері баланың бұрынғы  дамуында жинақталып, оны өз кезегімен  дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып  оқушыларының ерекшеліктерін зерттей  отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан  ерекшеліктерден бөлек алып қарай  алмайды.

Мектептегі  оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз  балалық шақ аяқталып, баланың  өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу  енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы  жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың  қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл  өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп  оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің  түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын  молайып, оқуға, жазуға , санауға үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында олардың  өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын  шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері  мен нормаларын игеру балалар  арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі  саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау  әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың  ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды  сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.

Сезімдік  көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың  маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен  қарым-қатынаста болғанды жақсы  көреді.

Бұл жастағы  балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт  бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру  керек.

Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп  отырады. Оқыту процесі зейін  мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды  қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін  түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін  тәрбиелейді.

Бала  форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан  көрнекілік әдістері мен ойындарды  жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар  баланың есте сақтау қабілетін дамытады.

Бастауыш  мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды  іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.

Бұл жастағы  балалармен тәрбие жұмысын дұрыс  ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті  ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен  адамдардың жіберген қателігін тез  байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді  серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра  бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.

Адамгершілік  тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың  өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл  аударатын мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.

Бұл жастағы  балалар үшін еңбектің тәрбиелік  мәні зор. Балаларды бірте-бірте  еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте  күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға  апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі  қызмет етудің әдеттері мен дағдылары  қалыптасады. Үлкендердің еңбегін  құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.

Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім  атаулының әліппесін үйретумен  қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына  көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара  байланыста кешенді жүргізу.

 

Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу  ерекшелігі.

Жыныстық  толысу тез жүреді:

- қыздарда - 11-13 жас;

- ер балаларда  - 13-15 жас.

Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне  байланысты моторлық аппараттың қайта  құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне  әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін  дұрыс ұйымдастыру керек.

Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері  шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа  дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең  деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба  жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді  игеруге, үлкендермен, жолдастарымен  қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы  адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының  жалпы бағытының белгіленуі. Бұл  кезеңдегі дамудағы биологиялық  және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.

Жеткіншектер  дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға  негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында  балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы  ересектерге ұқсамайды. Олар көп  ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып  тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым  өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " - деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын  тілейді.

Мектеп  пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы  жұмысты ұйымдастыра білетін  мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті - оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып  табылады.

Жеткіншектік  шақ - болашақ туралы балалық армандардық  орнына өзінің мүмкіндіктері мен  өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең  екендігін үнемі қаперде ұстауымыз  қажет.

Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі  кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік  шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік  осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар  арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім  қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі  адамдардық істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін  тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін  дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық  ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын  тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге  бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады.

Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының  мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені - адам сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі  педагогикалық идеал - баланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай жасау. Баламен  жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

Дене  тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза ауада  жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене жаттығулары, спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі. Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы баланың  бет әлпетінің, қолының, ернінің  түсін үнемі қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы  және соқындағы қан тамырының  соғысын тексерумен толықтырылады, жеткіншектер жиі тыныс алатындықтан, тыныс алуын басқаруын үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ, демалыс, белсенді еңбек іс-әрекетіне жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыс жалпы  дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін жаттықтыру, дене жаттығулары, спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және педагогикалық бақылау  өте пайдалы. Маскүнемдікке жол  берілмеу керек. Дене тәрбиесі және спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің бір  нерседен екіншіге бөлінуіне әсер етеді.

Тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншекті и, ерік-жігер, сапаларын  қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жтістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден сақтандырып, дер кезінде  көмекке келіп, жеткіншекті өз кемшіліктерінің  себептерін түсіндіруге үйретеді.

Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль мәселелерін талдау және адамгершілік тақырытындағы пікір сайыстардың  әсерінен өмірдің мәні, өз болашағы, мамандығы туралы, өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі. Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әр баламен ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес. Жеткін-шектермен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету.

Осы жаста  адамның мінез-құлқы және басқа  да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен  жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер  айқын көріне бастайды. Соңғы кездері  жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік  жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық  пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.

Отбасы  жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық  жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы  жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу  жүйесіндегі сәтсіздік - ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы  және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден  пайда болады. Осы аталып көрсетілген  ауытқу девиантты мінез-құлық деп  аталады.

Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың  әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.

Жеткіншектің  мінез-құлығындағы агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде  өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивтілік  ішімдікпен, нашақорлықпен тікелей  байланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік  ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар "қиын" балалар  қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында  жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл  әрекеттің барлығы оң нәтиже бермей-ді, керісінше қиын жеткіншектердің  мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері көзқарасын жасырмағанда, олармен кикілжіңге келеді. Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке  қолданылатын тәрбиелік профилакти-калық  іс-шаралар – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық түзету іс-шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру.

Жасөспірім  шақ (15-17 жас)

Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік  шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың  өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен  бағытын белгілейді.

Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси  қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын  құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі  бір уақытты талап етеді.

Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа  қарай қалыптасып болады. Сондықтан  оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік  шақ - жеке адамның толысуы мен  қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен  сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік  шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты  ашуға құштарлық тән.

Олар  өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте  қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін  арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше  орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс  бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.

Бұл кезеңде  сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін  бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.

Бұл күндегі  жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің  сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл  бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің  барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі  балалық шақтан жасөспірімдік шаққа  дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін  мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі  еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал  етуі қажет.

7. Тәрбие  және балалардың дербес ерекшеліктері.  Баланың дербес ерекшелігі тәрбие  процесінде, даму кезеңінде байқалады.  Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам  бойындағы мінез-құлық, темперамент,  қабілет жатады. Жүйке жүйесінің  типтік қасиеттері - адамның мінез-құлығының,  темпераментінің, қабілетінің табиғи  негізі.

Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет. Нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде  ұйымдастырып, іс жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке  тәуелді. Дербес қабілеттерінің дамуы  жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне  байла-нысты. Әрбір адамның қасиеттерін  калыптастыру мен дербес ерек-шеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алып отыру керек.

Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі  іс-әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында  темперамент 4 типке бөлінеді: холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик. Оларды тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал  жасап, даму дәрежесіне сүйену.

Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында (ойын, еңбек, қоғамдық жұмыстары, т.б.) балалардың мінез-құлықтарын ескеріп, темпераментін  тәрбиелейді. Сангвиник баланың  іс-әрекетін бақылап, берген тапсырманың  орындалуын қадағалап отыру керек. Меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеген жөн. Тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет:

- баланың  өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау;

- өз мүддесін  ұжым мүддесімен ұштастыруа білуге  үйрету;

- баланың  әр түрлі жағдайда болатын  өзгерістерді басынан өткізе  білуге баулу;

- баланы  өмірді даму күйінде көре білуге  үйрету.

 

Әдебиеттер:

1. А.С.Макаренко.  Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.

2. В.А.  Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.

3. Караковский  В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970.

4. Божович  Е.И. Личность и ее формирование  в детском воз-расте.-М.,1968.

5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан  алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.

6. Ильин  Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988.

7. Дубровский  А.А. Открытое письмо врача  учителю. - М.: Просвещение, 1988.

8. Фридман  Е.М. Изучение личности учащегося  и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение, 1985.

9. Т.Сабыров.  Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің  кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.

10. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979.

11. Никитин  Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши  дети. - М.: Московский рабочий, 1988.

12. А.Г.  Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.

13. Хрипкова  А.Г. Биологическое и социальное  в развитии, формировании и воспитании  человека. Библиотека "Актуальные  проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. Вып.2.

14. ХарламовИ.П.  Педагогика. - М.,1990.

15. Р.  Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.

16. Ж.  Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.

17. Е.  Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.

 

Тәрбие  мақсаты туралы түсінік. Тәрбие мақсаты  – ол педагогикалық 

процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай  өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты  қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай  және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан  басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.

 

Тәрбие  мақсаты – бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты -педагогиканың  ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің  жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің  сипатын айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін және

 бөлшек  ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне  тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің  нақты тербие міндеттерінің жүйесі. »

 Тербие  мақсаты жалпы жене жекеленіп  келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы  болып келгенде, яғни барлық азаматтарда  сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп  келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын  кездейді. Қазіргі заманда тәрбие  жүйесіне қарай тәрбие мақсаты  әр алуан болып келеді. Тәрбие  мақсатының әр алуандығы тәрбиенің  өте күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа  объективтік себептер әсер етеді.  Олар, дененің физиологиялық жетілу  заңдылығы, адамның психикалық  дамуы, философия мен педагогикалық  ойдың жетістігі, ортаның үнемі  қоғамның мүддесіне орай өзгеріп  отыруы.

 Медениет  деңгейі, тірбие мақсатының жалпы  бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің  мақсаты нақты-тарихи сипатына  қарай құбылмалы келеді. Қоғамның  тәрбие мақсатын өз бетінше  ойдан шығаруына болмайды. Тәрбие  мақсатын тұжырымдауда, міндетті  түрде табиғат, қоғам, адамның  объективті даму зандылығына  сүйену қажет.

 Тәрбие  мақсатын анықтауда маңызды себептердің  қатарына жататындар, мақсатты құрастыру,  оны белгілі зандылыққа негіздеуді  есепке алу. Ол саясат, мемлекет  идеологиясы сияқты факторлармен  бірге, тәрбие мақсатын айқындауда  қоғам өзінің қажетті талабы  мен мүддесінің маңыздылығын  ұдайы есепке алу жұмыстың  дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың  белгілі бір функцияларын жүзеге  асыру процесінде олардың уәждік  қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі  өндіріс тәсілі мен өндіріс  күші және өндіріс түрі қатынасының  даму деңгейімен анықталады. Сондықтан  тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан  қоғам дамуының жетістік деңгейін  бейнелейді, ал өндіріс тәсілін  өзгертумен анықталып отырады.  Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие  мақсатының коғамдық-экономикалық  қатынас түріне байланысты екенін  атап өтеміз.

 Негізгі  мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын  мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің  нәтижелерін оқушьшардың тәрбиеге  бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға  болады. Нақты мақсаттар туралы  сөз қозғағанда, олардың анықтамасының  негізгілерін беліп алу қажет.  Ең алғашқы әлеуметтік негізі  әрбір индивидтің дамуы табиғаттың  адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.

 Екінші  негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына  тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық  мақсаттарды талдау мен негіздеу  қоғам мен өкімет қажеттілігіне  сай келетін мақсаттар жоғары  дәрежеде болып есептеледі. Мұндай  жағдайда баланың қызығушылығы  екінші орынға шегеріліл отырды.

 Бірақта,  гуманистік педагогика баланың  қызығушылығын ояту мәселесін  ең басты деп есептеді. Бүгінгі  күнде тәрбиеленушінің өз күшімен  жетістікке жету мүмкіңдігіне  басшылық жасау тәрбие берудің  басымдық рөлін арттыруда.

 Осыған  орай, барлық педагогикалық мақсаттарды  шартты түрде өзара байланысты  екі топқа бөлуте болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді)  соңғысы тқлғаның дамуымен даралығын  қальштастыру және оны үздіксіз  дамыту міндеттерімен нақтыланады.

 Тірбиенің  нысанасы тұлға болса, бірақ  өз бойларында қажетті сапаның  дамуы оқушьшардьщ өздерінің  белсенді іс-әрекеті мен оларға  тәрбие субъектісі ретінде қарап  педагогикальщ басшылық жасау.  Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық  және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық  жүйе шеңберінде қарастырылады.

 Жеке  тұлғаның әлеуметтік тәжірибені  игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне,  онда шешуші рөл білім жүйесі  мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы  қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен  позипияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға  қоғамдық психология басым ықпал  етеді. Тәрбие мақсатының негізгі  бөліктерін философиялық категориялардың  тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат.

 Қарым-қатьшастың  мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер жағдайында оқушылардың  санасының белсенді ұстанымын  қалыптастыру болып табылады.

 Мақсат  – іс-әрекет нәтижесін күні  бүрьш идеалды ой-тұжырым арқылы  болжау. Тәрбие-әлеуметтік институт  ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже,  әлеуметтік тәрбие мақсатында  жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің  әлеуметтік қажеттілігін өтеуге  жағдай жасау.

Тағы  рефераттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 732 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2017 3806
    • DOCX 170.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Косаева Гульмира Ергенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Косаева Гульмира Ергенбаевна
    Косаева Гульмира Ергенбаевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78951
    • Всего материалов: 69

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные тенденции в воспитании и социализации детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 228 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 130 человек

Курс повышения квалификации

Ведение деятельности первичного отделения Российского движения детей и молодежи (РДДМ) в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 98 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 615 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе