Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары

Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары


Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі-қазақ.Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат.Өйткені,қазақтың ел алдындағы абырой-беделі,қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес,бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы,жарақтылығымен де өлшенген.

Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп,оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай.Туа бітті тектілігін,табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы жекжат болуға ұмтылған.Тарих қойнауына үңіліп,ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес.Өркениетті ел қатарына қосыламыз,келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ,ұлттық тәрбие сырларын,тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.

Шығыстың ғұламасы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз,мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»-деген.

Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді,бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады.

Адамның құдіреті санасында,сондықтанда әрбір адам саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып,ойлай істесе,оның алдында қойған мақсатына да,байлыққа да,бақытқа да қол жеткізуіне болады.

Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы,жасаған рухани және материалдық байлығы,осының бәрі сананың жемісі.Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек.Сана арқылы адамның дүниетанымы,өмірге көзқарасы,рухани мәдениеті қалыптасады.

Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген.Яғни адам жан мен тәннен тұрады.Жан жайбарақат болуы үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиеленуі керек.Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс.Бұл орайда бабаларымыз: «Тәні саудың-жаны сау»-деп,салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп берген.Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген,сәбиді тұзды сумен шомылдырып,денесін маймен сылаған,қол аяғын созып, «өс-өс»-деп буындарын бекіткен.Дене сұлулығына,әсіресе,қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген «Аттың көркі жал,қыздың көркі-шаш» деп ұққан.

«Денсаулық-зор байлық» деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды.Дене жанның құралы.Құралы мықты болса,иесі де мықты.»Сау жан сау денеде ғана болады» деген мәтел ескіден қалған.

Адам бақытты өмір сүру үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл бөлуі тиіс.

Рухани саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен сыйласымды,ойлау қабілеті жоғары,шама-шарқын білетін,ақылмен іс істейтін,өте сезімтал,ұстамды да байсалды,қоғамдағы өз орнын білетін,жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарайтын,адамдармен тез тіл табыса алатын,табиғатты сүйетін,қоршаған ортадан хабардар,бақыт дегеннің не екенін түсінетін жан болады.Ал,рухани саулығы жоқ адам аталған барлық қасиеттен жұрдай болмақ.

Қазіргі кезңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға,еңбекке,қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда.Олар дөрекі,әдепсіз,барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.

Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі-отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті,қатігездікті,дөрекілікті,өзімшілдікті туғызады.Ал,тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық,әдептілік,көргенділік,мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты.Міне,сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтағын жаяды.

Екінші себеп- бұл отбасындағы маскүнемдік,ұрыс-керіс,ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы,ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу.Балалр тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. «Сіз өз балаларыңздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе...Ата-аналардың өздеріне талап қоюы,олардың өз үйелменін қадірлей білуі,өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы-тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» деген болатын А.С.Макаренко.

Ал,ұлы ата-бабаларымыз «Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы», «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» деп түсіндіреді.Сондықтан балаға өмірінің алғашқы жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек.Егер әке маскүнем болса,мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан,жиі қояншық ұстамадан азап шегеді.Мұндай балалар енжар,тынымсыз,ашушаң келеді.

Үшінші себеп –ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады.Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін,тілектерін,ойларын,қайғысын,қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді.Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы,ұстамдығы,кішіпейілділігі,ақыл-ойы,сана сезімі,адамгершілігі әсер етпек.

Ұрпақ тағдыры дегеніміз-ұлт тағдыры.Әрбір ұлттың болашағы,оның білімді де іскер,талантты да мәдениетті,адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында.

Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.

Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы,мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады.Оларға бұқаралық жасампаз тәжірибесі,рухани бай орнықты қазыналары,санқилы қағидалар топтастырылды.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық,тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.

Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болады.Содан да олар баланы жұбатса да,жақсы көрсе де,оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекше жақсы қасиеттеріне,сұлу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп «қошақаным,құлыным,ботам,қозым» деп еркелетті.

«Қанағат қарын тойғызар» деп қанағатшылдыққа,үнемшілдікке пайымдаса,бұлақ көзін аш» деп табиғатқа деген аяушылықты үйретті.

Әрбір адам ол қандай мамандық иесі,қандай дәрежедегі қызметкер болмасын,ең алдымен,шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп,мәпелеп,солардың жемісін күтуші ата-ана.Оның қоғам алдындағы қайраткерлік тұлғасы,адамдық-азаматтық болмысы,тіпті өмірінің бар мәні мен сәні бірінші кезекте перзенттерін қалай тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек.Бұл әрбір ата-ананың ең жауапты,ең сындарлы қоғамдық қызметі деп түсінеміз.Ата-ана балаға тәрбие берумен бірге өзі де тәрбиелі болуға тиіс.







































Жоспар



І. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік



ІІ. Отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орны



ІІІ. Жас жеткіншектер –біздің жарқын болашағымыз

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары

Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі-қазақ.Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат.Өйткені,қазақтың ел алдындағы абырой-беделі,қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес,бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы,жарақтылығымен де өлшенген.

Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп,оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай.Туа бітті тектілігін,табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы жекжат болуға ұмтылған.Тарих қойнауына үңіліп,ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес.Өркениетті ел қатарына қосыламыз,келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ,ұлттық тәрбие сырларын,тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.

Шығыстың ғұламасы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз,мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»-деген.

Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді,бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады.

Адамның құдіреті санасында,сондықтанда әрбір адам саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып,ойлай істесе,оның алдында қойған мақсатына да,байлыққа да,бақытқа да қол жеткізуіне болады.

Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы,жасаған рухани және материалдық байлығы,осының бәрі сананың жемісі.Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек.Сана арқылы адамның дүниетанымы,өмірге көзқарасы,рухани мәдениеті қалыптасады.

Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген.Яғни адам жан мен тәннен тұрады.Жан жайбарақат болуы үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиеленуі керек.Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс.Бұл орайда бабаларымыз: «Тәні саудың-жаны сау»-деп,салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп берген.Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген,сәбиді тұзды сумен шомылдырып,денесін маймен сылаған,қол аяғын созып, «өс-өс»-деп буындарын бекіткен.Дене сұлулығына,әсіресе,қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген «Аттың көркі жал,қыздың көркі-шаш» деп ұққан.

«Денсаулық-зор байлық» деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды.Дене жанның құралы.Құралы мықты болса,иесі де мықты.»Сау жан сау денеде ғана болады» деген мәтел ескіден қалған.

Адам бақытты өмір сүру үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл бөлуі тиіс.

Рухани саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен сыйласымды,ойлау қабілеті жоғары,шама-шарқын білетін,ақылмен іс істейтін,өте сезімтал,ұстамды да байсалды,қоғамдағы өз орнын білетін,жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарайтын,адамдармен тез тіл табыса алатын,табиғатты сүйетін,қоршаған ортадан хабардар,бақыт дегеннің не екенін түсінетін жан болады.Ал,рухани саулығы жоқ адам аталған барлық қасиеттен жұрдай болмақ.

Қазіргі кезңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға,еңбекке,қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда.Олар дөрекі,әдепсіз,барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.

Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі-отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті,қатігездікті,дөрекілікті,өзімшілдікті туғызады.Ал,тарихқакөз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық,әдептілік,көргенділік,мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты.Міне,сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтағын жаяды.

Екінші себеп- бұл отбасындағы маскүнемдік,ұрыс-керіс,ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы,ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу.Балалр тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. «Сіз өз балаларыңздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе...Ата-аналардың өздеріне талап қоюы,олардың өз үйелменін қадірлей білуі,өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы-тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» деген болатын А.С.Макаренко.

Ал,ұлы ата-бабаларымыз «Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы», «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» деп түсіндіреді.Сондықтан балаға өмірінің алғашқы жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек.Егер әке маскүнем болса,мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан,жиі қояншық ұстамадан азап шегеді.Мұндай балалар енжар,тынымсыз,ашушаң келеді.

Үшінші себеп –ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады.Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін,тілектерін,ойларын,қайғысын,қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді.Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы,ұстамдығы,кішіпейілділігі,ақыл-ойы,сана сезімі,адамгершілігі әсер етпек.

Ұрпақ тағдыры дегеніміз-ұлт тағдыры.Әрбір ұлттың болашағы,оның білімді де іскер,талантты да мәдениетті,адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында.

Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.

Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы,мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады.Оларға бұқаралық жасампаз тәжірибесі,рухани бай орнықты қазыналары,санқилы қағидалар топтастырылды.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық,тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.

Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болады.Содан да олар баланы жұбатса да,жақсы көрсе де,оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекше жақсы қасиеттеріне,сұлу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп «қошақаным,құлыным,ботам,қозым» деп еркелетті.

«Қанағат қарын тойғызар» деп қанағатшылдыққа,үнемшілдікке пайымдаса,бұлақ көзін аш» деп табиғатқа деген аяушылықты үйретті.

Әрбір адам ол қандай мамандық иесі,қандай дәрежедегі қызметкер болмасын,ең алдымен,шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп,мәпелеп,солардың жемісін күтуші ата-ана.Оның қоғам алдындағы қайраткерлік тұлғасы,адамдық-азаматтық болмысы,тіпті өмірінің бар мәні мен сәні бірінші кезекте перзенттерін қалай тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек.Бұл әрбір ата-ананың ең жауапты,ең сындарлы қоғамдық қызметі деп түсінеміз.Ата-ана балаға тәрбие берумен бірге өзі де тәрбиелі болуға тиіс.

Автор
Дата добавления 19.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров666
Номер материала 288292
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх