Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Научные работы / "Балық шаруашылығы" 7 класс

"Балық шаруашылығы" 7 класс

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:


Ақтөбе қаласы № 47 жалпы білім беретін орта мектебінің

Биология пәнінің мұғалімі: Құлжабаева Сандуғаш Нұрмұқанбетқызы


Сыныбы: 5 Ә
Сабақтың тақырыбы: Жердің пайда болуы,Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы
Сабақтың мақсаты: Жердің пайда болуы мен қозғалыстары туралы оқушыларға толығырақ мәлімет беріп түсіндіру.
Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Білімділік: Оқушыларға жердің пішіні, өлшемдері, қалай пайда болғандығы жөнінде түсіндіру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгіме - дәріс
Сабақтың көрнекілігі: карта, атлас, таратпа қағаз
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау

І. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ
Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4, 1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4, 5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5, 975•1021 т, орташа тығыздығы 5, 517 г/см ³, көлемі 1, 083 млрд. км ³, ауданы 510, 2 млн. км ³, сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4, 5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ - тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ - тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидты пішінге келген. Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4, 5 — 5 млрд. жыл бұрын газды - шаңды тұманнан пайда болған. Ғаламшарға энергия ағысы бір қалыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады.

Қорытындылау
IV. Жаңа сабақты бекіту
1. Жердің шар тәрізді екендігін анықтаған?
2. Жердің кішірейтілген моделі?
3. Экватор жер шарын...... бөледі, жоғарғы бөлігі....., төменгі бөлігі...... деп аталады.?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Жердің пайда болуы, пішіні, өлшемі, қозғалысы





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Научные работы
Просмотров103
Номер материала ДВ-480446
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх