Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "Бастауыш сыныпта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жолдары"

Баяндама "Бастауыш сыныпта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жолдары"

Скачать материал

 

Бастауыш сыныпта электрондық оқулықты пайдаланудың жолдары

Электрондық оқулық - оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.

Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық  жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа  оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с.  Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіндежақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.

Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр – түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Электрондық оқулықтар дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.

Электронды оқулық – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді.

Атап айтқанда:

-                     кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

-                     жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын

болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;

-                     гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге

көмектеседі.

Электорнды оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:

-         теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге зерттеуге мүмкіндік береді;

-         сабақты иллюстарциялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;

-         сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді;

Электрондық   оқулықтың  құрылымын    жан –жақты  зерттей  келе  профессор  О. Околелев   электрондық   оқу  құралы  қолданушының  барлық   сезім  мүшелері   жұмыс   істеуін   қамтамасыз  ететін  бірден – бір  оқу  құралы   бола  отырып,  қазіргі  заман  талабына  сай   ақыл-ойдың  дамуына  себепші  болуы   тиіс  деген   қорытындыға  келеді.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтіндік ақпараттан көрі графиктік ақпараты көбірек қамтылуы керек, себебі ол оқушының ақпаратты тез әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Мен ұсынып  отырған электронды оқулықтың басты ерекшелігі бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінен оқушылардың шығармашылық іс – әрекетін дамытудың жолдарын көрсету болып табылады.

«Математика»   электрондық   оқулығы   кіріспеден   және  сегіз   негізгі   модульдерден  тұрады:

№ 1 модуль   «Заттардың қасиеті»

№ 2 модуль  «Геометриялық фигуралар»

№3 модуль  «Басқа ұғымдар»

№4 модуль  «Теңдік, теңсіздік».

№5 модуль «Сандар»

№6 модуль «Сандық түзу»

№7 модуль «Арифметикалық амалдар»

№8 модуль «Нәтижені тексеру»

 1  сынып  оқушысы  үшін  көз  алдында  кескінделіп  тұрған   заттарды   санау  арқылы  есеп  шығару,  мысал  орындау, т.с.с  оның   ой-қиялын   дамытып,  жүйелі  ойлауға  үйретедҚорыта келгенде, білім беру саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызадыЭлектрондық   оқулықтарды  оқу   үрдісінде   жаңа  материалды   оқу  (танымдық  іс-әрекет,  аналитикалық  талдау);    оқушылардың  ізденіс  жұмыстары (тапсырма  бойынша   жеке  көзқарасты   компьнелеуютерде   бейнелеу,  белгілі  бір   сұрақ  төңірегінде  ізденіс   жүргізу,  тақырып  бойынша   материалдарды  жүйелеу,  жинақталған   компьютерлік   материалдарды   өңдеу);   аралас  сабақ   (оқып-үйрену,   қайталау,  жалпылау);  өз  бетінше   оқу  (ақпарат   блоктары   арасындағы   қатынас   бойынша   жаттығу,  жеке  дара   шығармашылық   жобалармен   айналысу);    білімді  тексеру   (оқу  материалдарын   қайталау,   тестілер  мен  тапсырмаларды   орындау)   үшін  пайдалануға  болады.

Электрондық    оқулықтағы   дидактикалық   модуль   оқушылардың   құнды   және  елеулі   түрде   кеңейтілген   оқу-танымдық   іс-әрекетін   бағдарлайды   және   қамтамасыз  етеді.  Ол  арқылы   оқу-тәрбие   үрдісінің   бірыңғай   аумағында   педагог   пен   оқушының   оқу-әдістемелік,  басқару,  ұйымдастыру   жұмыстарын   жинақтауға   және   шоғырландыруға   болады.

Электрондық  оқулық – жаңа  оқу  құралы,   оның  құрылымы  мен  мазмұнына   өзгерістер  енгізуге   болатын   ашық   жүйе.   Электрондық   оқулықтың  кейбір   элементтерін   дәстүрлі   оқулықпен   салыстыратын   болсақ,  мынадай  қорытынды   жасауға  болады:

-                     Электрондық   оқулықта   мәтіндік  ақпарат   қысқа  және   тұжырымды болады.   Бұл  оқушының  оқу  материалын   шапшаң  меңгеруіне  көмектеседі.   Сонымен  қатар,  мұнда  әріптердің  түсін,  типін  өзгерте  отырып,  яғни  виртуалды   бейнелей  отырып,  маңызды  тірек  сөздерді  айқын   көрсетуге  болады.  Мұны кәдімгі   оқулықта  көрсету  қиын,  онда   тек  қисық,  асты  сызылған,  қоюланған  әріптермен  белгіленуі  мүмкін;

-                     Электрондық   оқулықта  өте  көп  көрнекі  материалдар   қамтылады.

Бұл   көрнекіліктің   дидактикалық  мәнін  ашады.   Бастауыш   сынып   оқушылары  қимыл  мен  қозғалыс  арқылы  берілген   түсініктерді  қызығушылықпен  қабылдайды.  Мұндай   көрнекіліктің   бәрін   оқулықта  беру  мүмкін  болмайды;

-                     Кәдімгі   оқулықта   тіптен   берілмейтін  бейнематериалдардың   бер 

электрондық   оқулықтың   шоқтығын  тағы  да  биікке   көтереді.  ЮНЕСКО   мәлеметтері  бойынша,  оқушылар  аудиоақпараттың   12 %-ын,  көрген   ақпараттың  25%-ын,  ал   аудиовизуалды   ақпараттың   65%-ын  қабылдайды.   Олай  болса,   компьютерлердің   мультимедиалық   жабдықтарын  пайдалана   отырып   жасақталған   электрондық   оқулық   оқушының   оқу  материалын  оқушының   жақсы  меңгеруіне  жол  ашады;

-                     Электрондық   оқулық   кәдімгі  оқулықта   берілуі  қиын

гиперсілтемелі   ұғымдарды   қамти  алады.  Ол   материалдың   кей  сұрақтарды  тез  ашып,  оқуға   мүмкіндік  береді;

-                     Кәдімгі   оқулықта  кітап  беттерін  белгілеу  арқылы  қайталай  отырып, материалды  толық  түсіну  мүмкін болса,  электрондық    оқулықтарда  келесі   беттерге  көшу   әлдеқайда  шапшаң   жүреді;

-                     Электрондық   оқулықта  оқушыға   ұсынылатын   әдебиеттер  тізімі

болады.

Қорыта келгенде электрондық оқулықты пайдаланудың жолдары сабақтың  ұйымдастыру кезеңінен басқа кезеңдерге қолдануға болатынын айтқым келеді. Әсіресе жаңа сабақты түсіндіру кезінде пайдаланса мұғалімге  үлкен көмекші құрал болар еді. Әр тарауды өткен кезден кейін оқушылардың білімін тексеру үшін де пайдалану, балалардың есте сақтау қабілеттерін жақсартатынына сенемін.

Электрондық  оқулықтар   оқушылардың  өз   бетінше  жұмысын  және  олардың  танымдық  белсенділіктерін   арттырады,   оқушылардың   терең,  тиянақты  білім  алу  сапаларын  жаңа  сатыға  көтереді.  Сонымен  бірге  барлық   оқыту   үрдісінің  алға  қойған    мақсатынан  бастап,  қол  жеткен   нәтижесіне  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Оқушыларға  үлкен  ақпараттық   білім  кеңістігіне  жол   көрсетеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Бастауыш сыныпта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жолдары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 630 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 2204
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елеукеева Марта Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елеукеева Марта Сериковна
    Елеукеева Марта Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11694
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1105 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 306 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 060 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе