Инфоурок Другое СтатьиБаяндама: Дарынды балалар - ұлт мерейі.

Баяндама: Дарынды балалар - ұлт мерейі.

Скачать материал

 

 

Сәкен Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

 

 Тақырыбы:

«Дарынды  шәкірттер-

                         ұлт  мерейі»

 

 

 

 

 

  Дайындаған:Даримбаева К.А

 

 

 

Степногорск қаласы

 

 

 

ДАРЫНДЫ  ШӘКІРТТЕР – ҰЛТ  МЕРЕЙІ.

               ХХ ғасырдың екінші жартысында барлық өркениетті мемлекеттерде әлеуметтік- экономиқалық, политехниқалық, мәдени ағымдардан жеке тұлға өзгеріп, дарынды балаларды оқыту, дамыту жұмыстары жаңа мазмұнға ие болды.

              Талабы таудай, ізденімпаз жастар көбейіп жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой, әрине. Ендеше, талантты, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет-ақ. Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелегі бар? Дарынды бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл- ұлттық құндылық.

Жалпы кез келген адам үш параметр: мүмкіндік,қажеттілік және мүдделілік арқылы сипатталынады. Мүмкіндік- адамның нәтижесі тек өзі үшін ғана қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейлік көрсетсе, қажеттілік- қоғамға немесе әлеуметтік топқа қажетті іс- әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін  көрсетеді. Ал мүдделілік – адамның жеке тұлға ретіндегі сипаттамасы.

Мүмкіндік – орта мектеп қабырғасында, қажеттілік жоғары мектепте, ал мүдделілік – аспирантура немесе докторантура қабырғасында қалыптасады. Мүмкіндік қалыптасқан адам- оқыған, қажеттілік қалыптасқан адам- білімді, ал мүдделілік қалыптасқаны- ғалым деп аталады. Еліміздің білім жүйесінде қалыптасқан оқығандық дәрежеге жету үшін 11-12 жыл, білімділікке жетуге 15-17 жыл, ал ғалым болу үшін 17-20 жыл қажет.

Көптеген психологтер анықтаған дарындылықтың ықтимал теориясы дарынды балалардың санатын анықтауды кеңейтуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты дарынды балаларды оқыту жолында жетістіктерге жету үшін белгілі бір мөлшерде жағдай жасалады. Оқытудың мақсаты сай болуы бағдарлама  бойынша 1-2 пайыз «вундеркинд» балаларды ғана емес, өз жасына сәйкес орташа деңгейден жоғары даму деңгейіне көтеріле алатын балалардың 15-25 пайызын құрайтындығы тәжірбилер арқылы дәлелдеген. Дарынды балармен жүргізілетін жұмыс жалпы білім  беретін мектеп бағдарламасынан ерекше өздерінің жеке тұлғалық қасиетін ашып көрсете алуын қамтамасыз ететін бағдармалар негізінде оқытылуы қажет. Сондықтан дарындылыққа берілген шетел зерттеушілерінің анықтамаларында оларды оқытудың арнайы бағдарламасының қажеттігі туралы мәліметтер берілген. Мысалы, Барбара Кларк «Дарынды балалар деп- қандай ортада болсын кез келген істі жоғары деңгейде атқара алатын, күнделікті қарапайып мектеп бағдарламасынан өзгеше оқыту бағдарламасын қажет ететін балаларды атайды. Бұл оқыту олардың қабілеттерінің төмендеуін емес, керісінші одан әрі дамуын, өсу ықтималдығын қамтамасыз етеді» дейді.

Дарындылықты зертеген Дж. Рензулли дарынды балалардың дамуы негізінде ақыл- ойларының жұмыс жасау ерекшеліктері мен биологиялық жетіліуне ерекше назар аударылмайтындығын айтады. Оның пікірі бойынша, дарындылық адамға мінез- құлықтың үш негізгі «кластерінің» өзара байланысы арқылы беріледі: орта деңгейдің жалпы мүмкідіктері, жоғары  деңгейдің «тапсырмаға беріктілігі» және үшінші деңгейдің шығармашылық мүмкіндіктері.

Дарынды балалардың жекелеген айырмашылықтары олардың жас ерекшеліктеріне қарамайды. Тәжірибе бойынша дарынды баланы көріп білмей, оның мүмкіндіктері мен қабілеттіліктері жайында ешқандай нақты тұжырым жасауға болмайды. Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жастар баладан белгілі бір білім мен дағды ерекшелектерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі, сөздерді буынға бөлуі және 20-ға дейін санай білуі, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, яғни дарындылық белгісі әр жастағы бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта болуы мүмкін.

Ең бастысы, дарынды балалардың даралық ерекшеліктерін, жан- жақты қызығуларын есепке алу қажет. Мысалы ретінде бастауыш мектеп бағдарламасындағы тақырыптарды алып көрейік: « Аңдар және үй жануарлары», «өсімдіктердің алуан түрлілігі» «Ғарыштың дамуы» .Бұл тақырыптарға жабайы аңдарды, өсімдіктерді, ғарышты оқып үйренгісі келетін оқушалардың көпшілігі қызығу танытады. Балалардың бірқатары (өз қатарынан артығырақ білетін оқушылар) үшін бұл тақыраптар ешқандай қызығушылық танытпайды. Олар бағдарламадан тыс тақырыптарды оқумен айналысуды қалайды. Бұл мәселелерді шешудің ең негізгі амалы- мазмұн көлемін кеңейту. Мысалы, атап өткен «Өсімдіктер мен жануарлар әлемнің жоғалуы» деп алмастыруға болады. Осы жағдайына динозаврлар, тағы басқа жануарлар, өсімдіктер туралы кеңірек мағлұмат алуға мүмкіндік береді және осы әдіс негізінде бала өзінің қызығатын тақырыбын таба алады.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйелі бөлігі.

 

 

 

                                      

 


                                            

                                                         құрылымдық

                                                               бөлімі                                           

                                                                                                                               сауықтыру

 

 

                                                             

 

                 мазмұндық                 Дарынды балалармен жұмыс 

                   бөлімі                                                                                                        

                                                                                        

                                                                                                                                      нәтижені

                                                                                                                                        бағалау                

  

 

              әлеуметтік

                бөлімі                                            

                                                              

                                                                  басқару                                                     

                                                                  бөлімі                                                            іс әрекет

                                                                                                                                          бөлімі  

 

 

                                                                            

                                                                         

Мазмұндық бөлімі- жаңа оқу технологиялары мен қажетті оқулықтарды шығарудағы бірізділік, жүйелік сақтау, мұғалімнің педогогикалық жоғары деңгейі және кәсіби білімін жетілдіру барысында жүзеге асады.

 Құрылымдық бөліміне психологиялық қызмет, дарындылықты анықтау, олимпиада,ғылыми жоба жарыстары кіреді.

 Әлеуметтік бөлімде сынып жетекшісінің жұмысы балаларды шығармашылыққа ынталандыру, ата- аналармен өзара іс- әрекет жүйесін құру, негізгі бағыттарды дұрыс анықтау.

Іс- әрекеттік бөлімде үйірмелердегі, спорттық секциялардағы, шығармашылық таным бірлестіктегі оқудан тыс шаралар жүргізіледі.   

Денсаулықты жақсарту, ағзаны шынықтыру, денсаулық сақтаушы жұмыс сауықтыру бөлімінде жүргізіледі. Басқару бөлімінде мұғалімдерден құрылған шығармашылық топ әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, оның дара қабілеттерін ашып дамытуға көп көңіл бөледі.

Ең негізгі бөлімдердің бірі- нәтижені бағалау бөлімі білім сапасы мен нәтижесінен мониторинг құру арқылы әрдайым қорытынды шығарып отырады. Дарынды балаларға тән тағы бір ерекшелік- ойдың айқындығы, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, тиісті жүйелермен көрсете білуі. (1 кесте)

Дарынды балалардың біліктер жүйесі (1 кесте)

 

 

Біліктер қосылған жүйесі

Кітаппен, оқулықпен жұмыс жасау білігі

а) кітаппен,оқулықпен жұмыс істеу;

б) бағдарлай білу

Құбылысты бақылау білігі

а)Бақылау нысанын таңдау

ә)бақылау жүргізу

б)бақыланып отырған құбылысты дәл сипаттау

Құбылысты талдау білігі

а)құбылыстарды, заттарды салыстыру

ә)құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу

Болжам құру білігі (жауаптың басқа нұсқасын іздеу)

а)болжам құруға талпыну

ә)мәліметтерді тексеру және таңдау

Оқу- тәрбиелік шараларды құру  біліктері түріндегі материалдарды жалпылау білігі

а)есеп, шығарма, мазмұндама, өтірік өлең, ертегі жазу.

ә)материаладарды талдау

б)оқу- тәрбиелік шараларды құру біліктері

в)тәрбиелік шараға қатысу

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен дарынды балаларға тән тағы бір ерекшелік-ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, оны бір- бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі.

Қазіргі әлеуметтік- экономиқалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік,білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту,соның негізінде олардың болашағына бағыт беру.Ендеше бүгінгі танда Қазақстанның туын биікке көтеретін, ұлттық рухы жоғары, білімді дарынды бала тәрбиелеп шығару әр педагогтің алдында тұрған ең басты да маңызды мақсат әрі міндет болып табылады.

 

(ТИТ) топтық интеллектік тест арқылы әр сыныптағы дарынды оқушыларды анықтап ары қарай бақылауға алуға болады.

Алынатын тестік тапсырмалардың үлгілері:

№ 1 А тапсырмалар жинағы

1.     Азия – Африка

2.     Өсімдіктану – жануартану

3.     Феодализм – капитализм

4.     Ертегі – жырау

5.     Газ – сұйықтық

6.     Жүрек – күре жол

7.     Копенгаген – Манагуа

8.     Атом – молекула

9.     Майлар – белоктар

10.  Ғылым – өнер

 

№ 2 А тапсырмалар жинағы

      1. Прогресшіл – а) интеллектік (білікті);

ә) алдынғы; б) оңтайлы; в) артта қалған.

      2. Жою – а) қол қою; ә) алып тастау; б) хабар; в) кейінге қалдыру.

                3. Идеал – а) қиял; ә) келешек; б) хабар; в) кейінге қалдыру.

                4. Аргумент – а) дәлел; ә) келісушілік; б) талас; в) фраза.

                5. Миф – а) ескілік; ә) шығармашылық; б) аңыз; в) ғылым.

     6. Бейморалдық – а) тұрақты; ә) қиын; б) жағымсыз; в) азғын (адамгершіліксіз).

               7. Талдау – а) фактілер; ә) талқылау; б) сын; в) ептілік.

                  8. Эталон – а) көшірме; ә) форма; б) негіз; в) үлгі.

                  9. Сфералық – а) сопақша; ә) шар терізді; б) бос; в) көлемді.

               10. Әлеуметтік – а) сүйкімді; ә) ерікті; б) жоспарланған; в) қоғамдық.

Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педогогикалық әдістемелік әдибиеттерде маңызды ой-  пікірлер жинақталған. Балалар өздерінің дарындылықтарын іс- әрекеттің әр түрлі түрінде көрсете алады. Олар ерте кезден бастап белгілі бір іс- әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музықалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте- бірте жойыла бастайды.

 

 

Қазір біз сіздермен төрт топқа бөлініп, дарынды баланың қандай ерекшелегі бар және оны қалай танып болатынын қарастырайық. Топтардың аттыры:  «Вундеркинд», «Талант», «Өнер», «Ғалым». Әр топтың бірлері «Тапқырлар», әр топтың екілері «Алғырлар», әр топтың үштері «Жүйріктер», әр топтың төрттері «Мергендер» деп аталады. Тапқырларға сұрақ: Дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелігі бар?

Алғырларға сұрақ: Қабілет деген не? Қабілетті адам белгілі бір іс- әрекетті орындауда қандай рөл атқарады?

Жүйріктерге сұрақ: Дарынды балалармен жұмыс істеуде ата- аналарға қандай кеңестер бере аласыздар.

Мергендерге сұрақ: Болашақ маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің қандай қасиеттерімен ерекшеленеді.

1. Дарынды бала — бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл — ұлттық құндылық. Дарынды балалардың есте сақтау қабілеті, зейіні күшті болып келеді.

Дұрыс оқытылған жағдайда дарынды баладан ғалым, ал қабілетті баладан жақсы қызметкер шығады.

«Бұлақ қөрсең көзін аш» деген ұлағат сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын ашу — мұғалім міндеті. Оның үстіне бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті мұғалім танып, соған бағыттап білім мен тәрбие берсе, баланың болашағының іргетасы дұрыс қаланатыны сөзсіз.

Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғалдануға бейім келеді.

2. Қабілет — бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Қабілет — барша тулғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір ептілік. Қабілет — нақты адамға топталған білім, ептілік.

Қабілеттілік — адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтын, терендіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі.

Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет — дарындылықтың айқын белгілері. Сұрақ қоя білу, тапқырлық, кітаппен жұмыс, құбылысты бақылау, талдау, болжам құруға талпыну сияқты біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері шығармашылықпен тығыз байланысты болып келеді.

3.

1)    Кеңес. Балаңызға өзінің мүмкіндігін оятып, ашылуына жағдай жасауға мүмкіндік беріңіз.

2)    Кеңес. Балаңыздың шығармашылыққа деген қабілетін әрқашан қолдап тұрыңыз. Сонымен қатар тәжірибені сынап, жаман баға беруді болдырмаңыз.

3)    Кеңес. Егер бала қаласа, оған өзінің ойларымен жалғыз қалуға мүмкіндік беріңіз. Өз ісінің «бастығы» болу балаңыздың шығармашылығын тез жетілдіруге жол ашады.

4)    Кеңес. Балаңызға барлық сұрақтарға бір мағынада жауап беру мүмкін еместігін, сұраққа толық жауап беру үшін уақыт, ал баланың жағынан шыдамдылық қажет екендігін түсіндіріңіз.

5)    Кеңес. Жаңа ашылу мен зерттеуге бел буған балаңызға жылы-жылы қолдау сөздерін таба біліңіз. Балаңызбен жылы қарым-қатынаста болыңыз, балаға деген махаббатыңызды аямаңыз, жасырмаңыз.

6)    Кеңес. Өзіңіздің балаңыз үшін міндетті түрде өзіне ұқсайтын, қабілеттері мен ойлары бір жерден шығатын, жолдас, серіктес, жан дос тауып беруге көмектесіңіз. Бұл бала үшін өте маңызды: ұшқыр ойларын, сырлары мен армандарын бір-біріне айту арқылы олар бойларындағы сенімділік пен қажырлылық қасиеттерін нығайтады.

4.

1)    Дарындылықты анықтап, оны әрі қарай дамытады және сол бағытта талмай жұмыс жасайды.

2)    Олар дарынды оқушыға қосымша бағдармалар жасай алады және олардың жұмыс жасауына қажетті кеңес береді.

3)    Оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.

4)    Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді пайдалана біледі.

5)    Оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Дарынды шәкірттер – ұлт мерейі тақырыбында жазған баяндамамда дарынды балаларды бақылау және зерттеу әдістері, оқыту ерекшеліктері, шығармашылық дарындылықты дамыту жағдайлары мен мүмкіндіктері көрсетілген.

     Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол, өзінің іс-әрекетімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Баланың бойндағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқу мен тәрбие. Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалім әрбір оқушының көңіл- күйін жүрегімен сезе біліп, білімдерін жан-жақты бағалап, пәнге деген қызығушылығын оятып, дұрыс бағыт-бағдар беруі керек деп ойлаймын. Осыған орай Қазақстан Республикасының Призеденті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «.... Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет» делінген.

Дарынды баланы анықтау үшін ең тиімді іс-әрекет негізінде оқушының қабілетін  анықтау қажет, ал жас тұлғаны дамыту үшін өзіндік сана сезімін ояту қажет.

             Дарынды бала – даналықтың, адамегершіліктің кәусар тамшысы, ағымды тасқыны, дария көлі, мұхиты. Сол дарындылықты анықтау үшін мектеп психологтары, мұғалімдері әр оқушыны сырттан бақылап, бойындағы жеке дара қасиеттерін анықтауына себебін тигізу қажет деп ойлаймын.           

 

 

 

 

 

Математика пәнінің мұғалімі

Даримбаева К.А.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: Дарынды балалар - ұлт мерейі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 887 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.05.2016 2357
    • DOCX 821 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даримбаева Куляш Айтпаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даримбаева Куляш Айтпаевна
    Даримбаева Куляш Айтпаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17784
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции