Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама "Тәрбие отбасынан басталады"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Баяндама "Тәрбие отбасынан басталады"

библиотека
материалов

Тәрбие отбасынан басталады

Ахметова Гүлмира Пернебекқызы

140 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Отбасы- адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Отбасы –ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.Отбасылық тәрбие, отбасының тұрмысы қазіргі кезде тек қана ата-аналар ісі емес, жалпы мемлекеттік іс екені анық.

Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, бірі-дүниеге ұрпақ әкелу,екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп,өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру. Әлеуметтану ғылымында «отбасы» ұғымы үш аспектіде қарастырылады:

  • Адамның әлеуметтік өмірі басталатын және оны әлеуметтендірудің негізгі факторларының бірі болып табылатын алғашқы әлеуметтік топ;

  • Қоғамда қабылданған ұстанымдар,нормалар,ережелер негізінде өмірдің түрлі жақтарын бақылайтын және қадағалайтын әлеуметтік институт;

  • Барлық мүшелерінің нақты статустары мен рөлдері анықталған әлеуметтік жүйе.

Ең кең мағынада отбасы –некеге, туысқандық қатынастарға негізделген және мүшелері жалпы тұрмыс ерекшеліктерімен,өзара моральдық және материалдық жауапкершіліктермен байланысқан ең кіші әлеуметтік топ.

Отбасы –бала тәрбиесінінің ең алғашқы ұжымы.Ата-ана және отбасы мүшелері бала дүниеге келген күннен бастап,оның тіршілік әрекетін ұйымдастырады, яғни ,оның өміріне қамқорлық жасайды,болашағын жоспарлайды,саналы азамат болып өсуі үшін барлық мүмкіндікті жасайды.

Олай болса, отбасының мынадай міндеттері туындайды:

  • Балаларға тәрбиелік ықпал әдістерін,салт-дәстүрлерді анықтайтын конструктивтік міндеті;

  • Балалардың сабақтарын,еңбек іс-әрекеттерін және демалыс тәртіптерін ұйымдастыратын ұйымдастырушылық міндеті;

  • Ата-аналар арасындағы,ата-аналар мен балалар,балалар арасындағы, жақын туысқандар арасындағы тағы сондай ара-қатынастар нормаларын құрастыратын коммуникативтік міндеті.

Дана ақынымыз Абай: «Жақсы бала ата-анаға қызық,жаман бала ата-анаға күйік» -дейді. Бұл өте орынды өмір дәлелдеп берген ақиқат. Демек, «бала-адамның бауыр еті, ең алдымен,сол баланың қызығын да,азабын да көретін ата-ана. «Оларды жөргектен бастап бағып-қағатын да,өсіріп-ширатып,қанаттандыратын да солар. Оларға тұңғыш рет үлгі мен өнеге беретін де, сана мен сезім егетін де әке-шеше. Бала өз отбасында ерлікке, жігерлікке , батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Отбасында негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналады.

Педагогика ғылымының даму үрдісінде отбасының тәрбие мәселелері нақты теориялық мазмұндармен толықтырылып отырған.К.Д.Ушинский,Л.Н.Толстой,П.Ф.Лесгафт,Ы.Алтынсарин,М.Жұмабаев,Н.Құлжанов т.б. балалардың отбасылық тәрбиесін ұйымдастыруда олардың жас және дербес ерекшеліктерін,анатомиялық-физиологиялық нышандарын,психикалық даму деңгейлерін ескере отырып тәрбиелеу қажеттіліктерін зерттеген.Н.К.Крупская,А.С.Макаренко,В.А.Сухомлинский отбасындағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруды,ондағы қарым-қатынастарды қалыптастыру мәселелерін,мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігіне жағымды әсер жасайтын жалпы жағдайларды қарастырған.

«Бала құқығы жөніндегі конвенцияда» отбасында балаға қамқорлық жасау және оның құқығын қорғау көрсетілген.

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасына назар аударуға болады:

Біріншісі-материалдық игілікті алға қойып,соған жетуді мақсат еткендіктен,рухани құлдырауға соқтығуда.

Екіншісі-материалдық игілігі жеткілікті отбасында бала мен отбасы арасында эмоционалдық,мейірімділік қарым-қатынастың орнықпағандығы байқалады.Осы жағдайлар отбасында жасөспірімдерді тәрбиелеуде ескерілуі қажет.Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты.Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

  • Ынтымақтастық қарым-қатынас,яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;

  • Ортақ мүддеге негізделген бірыңүай қарым-қатынас;

  • Жақсы қарым-қатынас сақтай отырып,өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;

  • Бәсекелестәк,барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

  • Түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады.Қазіргі кезде заман ағымына қарай,отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар,әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

Дегенмен, отбасы тәрбиесіндегі басты нысана

1.Баламен рухани үндестік пен үйлесімділік

2.Ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу

3.Халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру

4.Баланың жас ерекшелігіне орай қоғамдық пайдалы еңбекке баулу

5.Салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән беру

6.Әлеуметтік мәдени қалыптарды үйрету

7.Дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп,терең меңгеру т.б болып табылады.

Шығыстың ғұламасы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз,мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін»-деген.

Ұрпақ тағдыры дегеніміз-ұлт тағдыры.Әрбір ұлттың болашағы,оның білімді де іскер,талантты да мәдениетті,адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында. Олай болса, қазіргі ұрпақтарымыздың барлығына да, отбасында ата-аналары белсенділікке ынталандырып,оларды тек бағынышты субъектіге айналдырмай,тұлғалық қасиеттерін ескеріп,еркін дамуына ,ішкі қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасап отыр ма?- деген сұрақ туындайды.

Көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне уақыттарының жетіспеушілігін қазіргі әлеуметтік- экономикалық,нарықтық жағдайларға байланыстырып,өз балаларының адамгершілік мінез-құлықтары үшін жауапкершілікті мектеп пен мұғалімге жүктегенді қалайды.

Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде оқуға,еңбекке,қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен-күнге артуда.Олар дөрекі,әдепсіз,барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.

Бұл мәселені тудыратын себептер:

  • отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті,қатыгездікті,дөрекілікті,өзімшілдікті туғызады.

  • отбасындағы маскүнемдік,ұрыс-керіс,отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы,ең ауыры ажырасу,яғни неке бұзу.

  • ұл балаға жеткіліксіз көңіл бөлінеді.Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін,тілектерін,ойларын,қайғысын,қоршаған ортаға қарым-қатынасын жете білмейді.

Ата-ананың қоғам алдындағы қайраткерлік тұлғасы,адамдық-азаматтық болмысы,тіпті өмірінің бар мәні мен сәні бірінші кезекте перзенттерін қалай тәрбиелеп өсіруімен өлшенбек.Бұл әрбір ата-ананың ең жауапты,еңсындарлы қоғамдық қызметі деп түсінеміз.Сонымен отбасында қарым-қатынас мәдениеті дағдыларын қалыптастыру төменде кқрсетілген балалар мен ата-аналардың бірлескен маңызды іс-әрекеттері негізінде іске асады:

  • Халық ертегілерін бірлесе оқу;

  • Балаға ертегі,мәтін мазмұндарын айтқызу және оны тыңдай білу;

  • Үй тапсырмаларын орындауға көмектесу,үнемі қадағалау;

  • Мектеп, мұғалім,сынып оқушыларымен тығыз байланыс жасау;

  • Бірлескен қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;

  • Ашық әңгіме –сұхбаттар;

  • Ата-аналардың жеке үлгі-өнеге көрсетуі;

  • Бірлесе өткізген демалыстар;

  • Саяхаттар,табиғатта дем алу,серуендеу;

  • Балалар көркем фильмдерін бірге көре отырып талдау;

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Бірлесе істеген еңбек нәтижесін талдау

Нәресте жарық дүниеге келерде жақсы не жаман болып келмейді.Жат,жаман қылық өсе келе жабысады.Отбасы мүшелерінің де ұстаздардың да,қоғамдық ұйымдардың да басты міндеті-жас өскіндердің мөлдір шықтай таза,періштедей пәк жан дүниесін келеңсіз қылықтардан қызғыштай қорғау дер едік.Олай болса төмендегі кеңестерді ескерген жөн болар:

  • Балаңызға өзін-өзі тануға,өзін-өзі дамытуға көмектесе отырып,жағдай туғызыңыз;

  • Балаңызға жасаған еңбектеріңіздің, жұмсаған қаржыларыңыздың қайтарымын баладан талап етпеңіз, осылай өмірдің қайырымдылық заңы жалғаса бермек;

  • Ашу-ызаңыздың бәрін баладан алмаңыз,қаталдық пен қатігездіктің аражігін ажырата білгеніңіз абзал.Қатігездіктің жауыздыққа апарып соқтыратынын есте сақтағаныңыз жөн;

  • Ешқашан баланы кемсітпеңіз;

  • Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыз,өмір ауыртпалығы әркімге өз шамасына лайық берілген,баланың проблемасы да өз басына жетерліктей;

  • Өз балаңыздың толыққанды жағдайын жасау қажеттігін естен шығармаңыз, бірақ жасай алмаған жағдайда өз-өзіңізді қатты қинамаңыз,мұңаймаңыз, тәуекелге бел буып,келесі әрекеттер жолын қарастырыңыз;

  • Өзге балаларды да өз балаңыздай көріп,өз балаңызға тілемейтін,жасамайтын қылықтарды басқа балаларға ешқашан жасамаңыз.

  • Өз балаңызды қандай болса да сүйе біліңіз: ақылды,тентек,қыңыр,пысық,бос,жылдам, баяу,елгезек, селқос т.б. Баламен қарым-қатынаста қуана біліңіз,өйткені бала сіздің өміріңіздегі үлкен мереке.

Көсегемізді көркейтіп,ел абыройын асқақтар,егемен еліміздің көк байрағын биікке көтеретін өзіміз шыңдап жатқан бүгінгі жас балғындар.Бүгінгі адамзат ие болып, мақтаныш тұтып отырған нәрсенің бәрін ғасырдан-ғасырға ұласып,бірін-бірі ауыстырып келе жатқан ұрпақтар жасаған.

Қорыта айтқанда,отбасы мүшелері мен ұстаздар ұжымы бірлесіп бала бойындағы қалт еткен құбылысты дәл танып,балғын жүректің сезімін,ой-қиялын оятып,жарқын жолға бастау арқылы жаңа заман талабына сай,тәуелсіз,егемен еліміздің азаматтарын тәрбиелей бермек.

1. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
2. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың төртібі, міндеттері, қойылатын
талаптьар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке  мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Отбасында күн тәртібінің негізгі қүрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:
•  отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
•  тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
•  отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы  мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
•  ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
•  қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
• отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
•   отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;
•  баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;
•  отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;
•  ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;
•   ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
3. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.
Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениетке байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық "Ілім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға комектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқорлыққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің иггізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылы-гиның салаларында еңбек етуге даярлау.
Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы. Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам мен заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асыратын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан Іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата-ана психологиялық-педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинаңтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады. Ата-аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда.
Нарықтың әкономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табады.
Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата-аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.

Әдебиеттер:
1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.
2. Е.Сағындықұлы, Педагогика(дәстүркурсы). - Алматы, 1999.
3. А.О. Пинт. Ата-аналар, сіздер үшін. - Алматы, 1972.
4. Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.
5. В.А.Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. -Алматы, 1983.
6.  Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
7.  К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.


 


Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров582
Номер материала ДВ-172426
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх