Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама жаңа технологияларды енгізу

Баяндама жаңа технологияларды енгізу

Скачать материал

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

 

Жаңа  әдіс-тәсілдерді  бастауыш сынып сабағында  қолданудың тиімділігі

 

 

 

 

Ыстықбаева Айгерім Еркінханқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа  әдіс-тәсілдерді  бастауыш сынып сабағында  қолданудың тиімділігі

       Бастауыш сыныптар оқушыларының білім деңгейлерін көтеруде  сабақтарды жоспарлаған кезінде   негізінен  оқушыларды оқытудағы жаңа тәсілдер модульін енгізудің маңызы зор. Олай деуімнің  негізгі  себебі,  түрлі оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын, сабаққа деген қызығушылықтарын, диологтік қарым – қатынас жасау дағдыларын, қарым – қатынас  жасай алуларын, топпен, жұппен  жұмыс жасаудағы ұйымшылдық, белсенділігі,  бір- бірін тыңдай алу, сыйлау сияқты қабілеттерін  дамытуға болады  деп ойлаймын.

     Әрбір ұстаз  кез – келген тәсілді  қолданбас бұрын  сол тәсіл  туралы теориялық білімді жетілдірудің маңызы зор.  Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диологтің маңызды рөл атқаратынын көрсеткен.  Мысалы, Мерсер мен Литлон (2007)  өз зерттеулерінде диолог сабақта оқушылардың қызығушылығын  арттыруменен қатар, олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Аталған авторлардың  зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым – қатынас пен  достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымды дамуына ықпал ететіні айтылған. Мен бұған өз сабақтарымда диологтік оқытуды енгізу барысында көзім толықтай жетті. Сонымен қатар Мерсер зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу  оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және сол әңгіменің үш түрін ұсынған болатын. Мен сол әңгіменің  ішінде зерттеушілік әңгімені сабақтар барысында пайдалана алдым деп ойлаймын.  Сонымен қатар,  сұрақтарды қалай дұрыс  қоя білу керектігін үйрене алдым.  Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама жауап – кейінгі әрекет» үлгісі ретінде болатыны анықталған болатын. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған  жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Мен бұл әрекетті   сабақтарымның барысында қолданып келемін  және  оның шынымен пайдалы жақтарын төмендегі баяндамамның  барысында көрсете аламын.  Сонымен қатар, сұрақтар жоғары дәрежелі және төмен дәрежелі болып бөлінетіні белгілі. Мен  сабақтар барысында осы сұрақтардың жоғарғы дәрежелісін, яғни ашық сұрақтар пайдалануға тырыстым және соның  тиімді екенін де көре алдым.  Оқушының білім алуын қолдау үшін  сұрақ қоюдың  түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдаландым. Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият  танысқанан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор екені белгілі.  Үшінші деңгейлік мұғалімдеріне арналған нұсқаулықта   диологтік әңгімеде де  мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың сұрақтары да маңызды делінген.  Сондай – ақ,  мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай – ақ олардың өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдалануға болады.. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, көптелген зерттеулерде мұғалім оқушының жауабын  алғаннан кейін де кідіріс жасау  қажет екені атап көрсетілген. Харгривс және Гелтон (2002) жалпы алғанда , мұғалім сұрақ қойғаннан кейін   оны қайталап немесе сол сұрақта өзге оқушыға  басқаша қоймас бұрын шамамен екі  секундтай  кідіретіндігі анықталған деп нұсқаулықта көрсетілген.

         Ал енді келесі кезекте осы диологтік оқытуды өзімнің  сабақтарымда қалай пайдаланғаныма және оны енгізуде қандай кедергілер және қандай тиімді жақтары  болғанына тоқталғым келеді.Сабақтар барысында оқытудың жаңа технологияларды  мен түрлі стратегияларын пайдалану арқылы енгіздім. Өзімнің дүниетану сабағымнан мысал келтіріп  кете аламын. Ол сабағымның тақырыбы «Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер» болатын. Сол сабағымда мен өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру үшін  «Кереге диктанты» стратегиясын пайдаландым. (Слайд арқылы көрсету) Екі топқа әрқайсысы үш сұрақтан тұратын екі «Кереге диктантын»  іліп қойдым. Оны орындаудың ережесімен таныстырып өттім.  Бірақ бұл жерде ескеретін нәрсе  ол оқушылар нұсқаулықты нақты түсініп алғанша, тапсырмаға ешқашан кірісуге болмайды екен. Бұл  тапсырма  арқылы мен оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білім  деңгейлерін көре алдым. Сонымен қатар, бірыңгай тек үй тапсырмасын сұрай бергеннен гөрі, осы стратегия арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оята білдім деп ойлаймын.Оқушылар осы стратегия арқылы алғаш рет топта бір – бірімен ақылдасуды үйренді.

    Сонымен қатар,  әр тапсырмадан кейін оқушыларды формативті бағалап отырудың да маңызы зор. Мысалы мен  бұл тапсырманы оқушылар бір – бірін «Бас бармақ» стратегиясы арқылы бағалап отырды. Сонымен қатар, «Бағдаршам», «Смайликтер арқылы» тағы басқа әдістерді пайдалануға болады.(Слайд арқылы көрсету).   

      Сондай – ақ , сабақтарда   диологтік оқытуды «Жұптасып ойлан, бөліс» стратегиясы арқылы енгізуге болады.  Бұл стратегияның ережесі мынандай , яғни бір оқушы стикерге өз сұрағын жазып екі оқушыға береді. Ал екі оқушы сол сұраққа екі бөлек стикерге жазбаша  жауап береді. Содан кейін бір –бірінің жауабын салыстырып,  бір ортақ тоқтамға келіп, бірге жауап беруі тиіс.(Слайд арқылы көрсету.) Алайда бұл тапсырманы орындау кезінде біраз жайттарды ескеріп отыру керек.  Мысалы келтірсем, сұрақ қоюшының сұрағы қарапайым болып қалған жағдайда  түзету  үшін  сұрақтарды күрделендіріңдер деп ескертулер беріп және қандай сұрақтар қоюға болатынын бір – екі мысал келтіру арқылы көрсетіп отыруға болады.      Сонымен қатар, сабақтарды  қорытындылау кезінде де  диологтік оқытуды пайдалануға болады.  Яғни, сабақты  қорытындылау үшін оқушыларды жұптастырып жұмыс жасатуға болады. Мұнда  кейбір жұптар бірігіп шешсе, кейбір жұптар бөлектеніп шешіп кететін кездер болуы мүмкін.

  Бұл жағдайды болдырмау үшін сол арада араласып, жұптың бірігіп жұмыс жасауы  үшін  әрекет жасауымыз тиіс. Осыған орай, өз сабақтарымнан мысал келтіріп өтсем, В деңгейіндегі оқушыға: « Осы сұрақ туралы сен қалай ойлайсың? Маған сенін жауабыңды көру маңызды.» - деген сияқты ынталандыру сөздерін айтып отыруға болады.   Алғашқы сабақтарда   біраз кемшіліктер болуы мүмкін. Сол кемшіліктерді  келесі сабақтарымызда  жоспарлауда ескеріп отырсақ нұр үстіне нұр болады деген ойдамын. Мен әрбір сабағымда диологтік оқытуды енгізуге тырысамын. Мысалы  «Сәйкестендіру» әдісі арқыылы оқушыларға жұптық тапсырмалар береуге болады.  Қиналған жерлерінде көмек сұраған жағдайда тікелей жауабын айтпай, тек қосымша сұрақ қойып, қайта  бағыттап отыруымыз керек. Мысалы В деңгейіндегі бір оқушы менен «Акула балықтар тобына жата ма?»  деген өз жауабына күдіктене сұрады, ал мен оған «Акула қайда тіршілік етеді деп ойлайсың?» деп қайта бағыттаушы сұрақ қойдым. Сол кезде В деңгейіндегі оқушы акуланың балықтар тобына жататынын бірден түсінді. Мен дәл осы кезде  ашық сұрақ – жауап арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы диологтік әңгіме жүгіздім  деп есептеймін.

      Сондай-ақ,   диологтік оқытуды енгізу үшін «Неге?» стратегиясын пайдалануға болады. Алғашқы сұраққа «Неге?» сұрағын  кіргізіп , мысалы, «Балықтар неге, тек суда ғана тіршілік етеді?»  деген сұрақ қоюға болады. Оған А есімді оқушы «Олар сусыз өмір сүре алмайды» деп қана  жауап беруі мүмкін. Біз  бұл жауапқа   қанағаттанбасақ, «Ал, ол неге сусыз өмір сүре алмайды деп ойлайсың ?» деп келесі оқушыға сұрағымызды бағыттауға болады. Сонда оқушыға түрткі болу арқылы толық жауап ала аламыз деген ойдамын. Бұл  стлратегияны тек алғашқы сұрақтарын ғана айтып, ары қарай оқушыларға жалғастыруын  сұрауымыз керек. Оқушылар сұрақтарына «Неге?» сұрғын араластырып жалғастырып кетеді.  Сондықтан,  бұл тәсіл өте тиімді  деп есептеймін. Сонымен қатар,  диологтік оқытуды пайдалануда  бұл модульді  сыни тұрғыдан ойлау модуьімен ұштастыра пайдалануға болады . Себебі  оқушылар сұрақ қойғанда және сұраққа жауап беру кезінде сыни тұрғыдан ойланады. 

     Сондай-ақ әр сабағымыздың соңында мәндетті түрде кері байланыс алудың да маңызы зор. Мысалы,мен сабақтар барысында  «Күн шуағы» атты рефлексиясын пайдаланамын. Кері байланыс алудың басқа да тәсілдерін слайд арқылы көрсете аламын. (Слайд арқылы көрсету)

        Мен тағы бір сабақтарымда   диологтік оқытуды пайдаланған болатынмын.  Ол жаңа тақырып бойынша оқулықтағы мәтінге байланысты болды . Мен оқушыларды екі баладан жұпқа бөлдім. Алдымен мәтінді толығымен оқып алыңдар деп тапсырма бердім. Мәтінді оқып алуларына  5 минут уақыт бөлген болатынмын. Содан  кейін оқушылардың бірін «Тыңдаушы», бірін «Сөйлеуші» етіп тағайындадым. Сосын А деңгейіндегі бала мен В деңгейіндегі баланы бірге жұптастыруға тырыстып. Алдымен  А деңгейіндегі оқушы «Сөйлеуші» в деңгейіндегі оқушы «Тыңдаушы» рөлін атқарды. Екінші кезекте мен олардың  рөлін ауыстырдым. Бір біріңді «Бас  бармақ» арқылы бағалаңдар дегенімде В деңгейіндегі оқушылар жақсы деп бағаласа, А деңгейіндегі  кейбір оқушылар В деңгейіндегі оқушының жауабына қанағаттанбағанын көрсетті.  Сонда байқағаным В деңгейіндегі оқушы өз ойын әлі толық жеткізе алмай жатты. Сол себепті тақырыпты толық меңгерту үшін мен жоспарымда болмаса да  екі топқа А деңгейіндегі екі оқушыға тағы түсіндірулерін өтіндім. Содан кейн барып, оқушылар мәтінді түсінгендей болды. Бұл әдіс менің жоспарымда болмаса да  және мен жоспарлаған уақыттан артық уақытым кетсе де, мен ең бастысы оқушыларыма мәтінді меңгерте алдым деп ойладым. Бұл тәсілдің ең тиімдісі оқушы мұғалім түсіндіре бергеннен гөрі өзі сияқты оқушының тілін жақсы түсінеді екен.

      Сонымен қатар,  «Хат - ой елегі» атты стратегиясы туралы айтып өткім келеді. Яғни, өткен тақырыптар бойынша әр топ өзіне бөлінген тақырып бойынша сіздерге  арнап хат жазады. Бұл тапсарма бойынша әр топқа бөлінген тақырып бойынша әр топ хат жазуы тиіс .  Бұл тапсырмаға  10 – минут  уақыт бөлуге болады (Слайд арқылы көрсету). Оқушылар хат жазып жатқан уакытта  «Сыбырлап сұрау» стратегиясын пайдаланып жіберуге болады. Яғни кез – келген бір оқушының жанына барып,  сыбырлап бір сұрақ қойдым. Ол оқушы тура солай маған сыбырлап жауап беріп отырады. Бұл тапсырманың тиімділігі жазба жұмысымен айналысып отырған оқушылардың уақытын тиімді пайдалануға болады екен. Кейбір В деңгейіндегі оқушылар жауап беруге қиналған сәттерде  қосымша бағыттаушы сұрақтар қойып отыруға болады. Осы тәсіл арқылы бізге оқушылармен диологқа түсуге болады. 

         Осылайша әр сабақтар барысында диологтік оқыту модульін пайдалануға болады. Бұл модульді пайдалану  мен үшін тиімді болды деп есептеймін. Себебі,  диологтік оқыту арқылы оқушылар ең бастысы бірі – бірімен және мұғаліммен еркін диологқа түсуге дағдыланады. Сонымен қатар,  мұғалімдер қолданысындағы  оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда,  диологтік сұхбаттасу  мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға өте тиімді болып саналады деп есептеймін.  Сондай – ақ, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары оянады. А деңгейіндегі оқушыға еліктеп, сол оқушылардың жетегімен В деңгейіндегі оқушылардың да белсенділігі артады деген ойдамын.  Әрине,  бұл модульді пайдалану кезінде біраз   кедергілер мен кемшіліктер болуы мүмкін. Алайда, егер әр сабақ барысында  үнемі диологтік оқытуды тиімді енгізіп отырса, бұл кемшліктер мен  кедергілерді де жоюға болады деп есептеймін.  Баяндамамды қорытындылай келе, оқушылар диологтік оқыту арқылы  өзіндік зерттеулері мен  әлеуметтік өзара байланыстың негізінде  өз түсініктерін құратын белсенді білім алушылар болып қалыптасады деп есептеймін. Сонымен қатар, үшінші деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулыққа сүйене келе,  адамдар диолог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық білімді бірлесіп құру арқылы түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Сонда,  оқушыларға сыныпта әртүрлі кеңейтілген диологтерге қатысуға мүмкіндіктер берілсе, олар өзіндік жеке түсініктерінің  өрісін зерттей алады.  Бұл мүмкіндік олардың тілдік білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа  тәсілдерін тәжірибеден  өткізуге жол ашады деген сөздермен аяқтағым келеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама жаңа технологияларды енгізу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2017 721
    • DOCX 21.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ыстыкбаева Айгерим Еркинхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3362
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 310 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 417 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 49 человек