Инфоурок Начальные классы Конспекты"Бесік жыры"

"Бесік жыры"

Скачать материал

 

Тақырыбы: Киіктің айласы.    Әуелбек Қоңыратбаев

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; ақылдылыққа, ойланып іс-әрекет істеуге тәрбиелеу; адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілігі: оқулық,  сурет.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.» 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді?  Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа  тағы не жатады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.  1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар кім біледі киіктің баласын қалай атайды? Киікті қай жерден көрдің?

Ү. Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке  қандай айла ойлап тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың?  (Үйірін, қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті. Қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті.) Ақбөкен қандай жануар екен? Ол туралы не білесің?

ҮІ. Білімдерін тексеру: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. (қасқырдың қаруы- тіс, қабанның қаруы-азу, Ақбөкен-аяғымен.) «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша айтып көр. (жақын, алыс емес,...) «Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап. (шаршаған, әлсіреген,талған, ...)

ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Әңгіме нелер жайлы екен? Ақсақ  киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты тағы бір оқып шық. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.

ҮІІІ Үйден: 1. Оқу, әңгімелеу; Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі туралы әңгімеле. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бесік жыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ: №3

Сабақтың тақырыбы:

Қарама-қарсы контраст (контраст) түстер. Қарама-қарсы түстердің ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

білімдерін қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет

салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

Негізгі бояу түсі:

  • -қызыл,
  • -көк,
  • -сары.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ал енді шеңберде керісінше қарама-қарсы орналасқан түстерге қара. Қызыл түс жасылға, қызғылт сары түс көкке, сары түс күлгінге қарсы орналасқан. Оларды қарама-қарсы түстер жұбы деп атайды. Бүл түстер бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қызыл жасылға, қызғылт сары көкке, сары күлгінге қарама-қарсы түстер.

Тағы бір тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе жасау үшін саған үлкендігі мен түстері бірдей, мысалы, қызғылт сары түсті екі дөңгелек және түстері әр түрлі, ал өлшемі бірдей екі шаршы керек. Бір шаршыны сары қағаздан, екіншісін көк қағаздан қиып ал. Дөңгелектерді шаршылардың бетіне орналастыр. Дөңгелектердің қайсысы саған ашық түсті болып көрінеді? Әрине, көк шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек анағұрлым айшықты. Ал сары шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек әлдеқайда қоюлау. Мүмкін, бір дөңгелектің түсі екіншісіне қарағанда ашықтау шығар?! Оларды шаршы бетінен алып, ақ қағаз бетіне орналастыр. Екеуінің де түсі бірдей екеніне көз жеткіз. Оларды қайтадан шаршылардың бетіне қой, тағы да көк шаршы бетіндегі дөңгелек ашық болып көрінеді.

Осылайша басқа қарама-қарсы түс жұптарына да тәжірибе жасауыңа болады. Жасыл шаршы бетіндегі қызыл дөңгелек күлгін шаршы бетіндегі қызыл дөңге- лекке қарағанда әлдеқайда айшықты.


Сары шаршы бетіндегі күлгін дөңгелек көк шаршы бетіндегіге қарағанда айшықты болып көрінеді. Нәтижесінде қарама-қарсы түс жұптары жақын түс жұптарына қарағанда әлдеқайда айшықты екендігіне көз жеткізесің. Жақын түстер үйлесімділігіне қарағанда, қарама-қарсы түстердің үйлесімділігі әрқашан жарқырап көрінеді.


Үйге тапсырма беру: Жылы және суық түсте табиғат көрінісін бейнелеу.

Сабақ: №4

Сабақтың тақырыбы:

Жақын түстер гаммасының көңіл күйі.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін

кеңейту.

ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,

дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық

жұмыс жасауға баулу.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Сен қандай әуендерді ұнатасың, көңілдісін бе, әлде мұңдысын ба, қатты шулысын ба, әлде баяу ырғақтысын ба? Неліктен?

Франңуз суретшісі Берта Моризоның «Пианино» атты туындысына назар аударшы. Қалай ойлайсың, қыздар қандай әуен ойнап отыр, көңілді ме, әлде баяу ырғақты ма? Жауабыңды түсіндір.

Егер сен музыка тыңдауды ұнататын болсаң, онда сол әуендердің ішінде көңілді, мұңды, салтанатты және өте нәзік лирикалықә ндердің болатынын білесің. Мысалы, бесік жыры нәзік те баяу әуенде айтылып, сәбиді тәтті ұйкыға бөлейді. Баяу әуендерге белгілі бір түс гаммалары сәйкес келеді.

Ал марш салтанатты және көтеріңкі әуенді келеді. Мұндай әуен өз тыңдаушысын жігерлендіріп, рухын көтереді. Бейнелеу өнерінде
кейбір сурет бояулары көңілді нәзік тыныштық орнатса, ал енді бірі керісінше жан толғанысын тербейді.

Бояу түстерінің жиынтықтарын үш топқа бөл. Бірінші топқа қатты дауысты, жігерлі, көңілді әуенге сәйкес түстерді, екіншісіне баяу, нәзік, ал үшінші топқа мұңды, жабырқау әуенге сәйкес келетін түстерді жина.

Ал енді әрбір топтағы түстерді қандай қасиеттері біріктіретінін анықтауға тырыс. Түстерді іріктеген кезде бірінші топқа айшықты, қанық түстер, ал екінші топқа солғын, ақшыл, ал үшіншісіне қара бояу қосу арқылы алынғандай қою түстер жататынын байқаған бо- ларсың. Суретшілер тілімен айтқанда, бірінші топтағы түстерді - қанық түстер, ал екінші және үшінші топтағыларды қанық емес түстер деп атайды.

Жақын түстер гаммасы сабырлылықты, ұстамдылықты білдіреді. Осы түстер гаммасында жазылған шығармалар тылсым тыныштық әсерін туғызады. Жақын суық түстер гаммасы арқылы мұңды көңіл күйді беруге болады. Ал жақын жылы
түсті гамма жанға жайлы жылылықты ұялатады.


Жақын түстер гаммасы тек
қана жылы немесе суық болады.

Үйге тапсырма беру: Натюрморт орында, жылы және суық реңдерге

арнап сурет салу.

Сабақ: №5

Сабақтың тақырыбы:

Қарама-қарсы түстер гаммасының көңіл күйі. Қарама-қарсы түстерді араластыру.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін

кеңейту.

ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,

дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық

жұмыс жасауға баулу.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Қарама-қарсы түстер гаммасы мерекелік, жайдары, көтеріңкі көңіл күй туғызғандай әсер береді. Егер сен осындай көңіл күйдегі туынды жазғың келсе, қарама- қарсы түстер гаммасын таңдап алғаның дұрыс.

Қарама-қарсы түстер гаммасы бір уақытта жылы да, суық та бола алады. Олар бір-бірінің түстік әсерлілігін күшейтеді.

Суреттерге назар аудар. Балалар қарама-қарсы түстер гаммасын пайдалана отырып, айшықты суреттер салғанды ұнатады. Сондай-ақ олар жақын түстер гаммасын да жиі пайдаланады.

Қарама-қарсы түстер гаммасы өте айшықты болатынына көз жеткіздің. Алайда қарама-қарсы түстердің тағы бір ерекшелігін жас суретші білуге тиіс. Кейде балалар айшықты түстерді көре салып, оларды араластыруға кіріседі. Оларға алынатын жаңа реңк немесе түс керемет болып көрінетін тәрізді. Бірақ екі ашық түсті араластырғанда қоңыр түс шығады. Қатар түрған қарама-қарсы түстер бір-бірін әсерлей түседі. Осы түстерді бір-біріне қосып, бояутақтада араластыратын болсақ, олар бір-бірінің ашық түсін жояды. Қарама-қарсы түстерді араластырғанда алынған түстерге назар аудар. Өзің де байқаған боларсың, айшықты түстердің ізі де қалмады. Алайда бұл түстерді араластыруға болмайды деген қорытынды жасауға асықпа. Керісінше суретшілер осы тәсілді көбірек қолданады. Міне, қарама-қарсы түстер жұптарын араластыру арқылы қоңыр түстің қандай әдемі реңктерін алуға болады. Мысалы, күздің суретін салу үшін қарама-қарсы түстерді араластыру
арқылы күз түстерінің өте бай гаммасын алуға болады. Бояутақтада өз
бетіңмен қоңыр түстің неғүрлым көп реңктерін шығарып көр. Бұл саған күзгі гүл шоғын салған кезде қажет болады.

Үйге тапсырма беру: Қарама-қарсы түстерге арнап табиғат көрінісін бейнеле.

Сабақ: №6

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Күгі жапырақтармен натюрморт құрастыру.Қарама-қарсы немесе жақын түстер гаммасын таңдайды.

Түс натюрморттың көңіл күйін қалай өзгертеді.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың натюрморт салудағы бояу түстері жайлы

таным-түсінігін кеңейту.

ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,

дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық

жұмыс жасауға баулу.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Сен түрлі ағаш жапырақтарының суретін салып үйрендің. Сондықтан саған күзгі жапырақтардың әсем жиынтығын салу қиын емес. Күзгі жапырақтар өте әдемі, олардың түстері, пішіндері алуан түрлі. Алдымен қандай гүл шоғын салатыныңды ойланып ал. Ол жақын гаммада мұңды немесе нәзік болуы мүмкін.


Сондай-ақ жайнаған, мерекелі көңіл күйді білдіруі де мүмкін. Алтындай жарқыраған жапырақтар қарама- қарсы фонда ерекше көзге түседі. Дегенмен олардың әрқайсысы өзінше әдемі. Мына гүл шоқтарына назар аудар. Олардың қайсысы саған көбірек ұнайды?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 114 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2015 1629
    • DOCX 15.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мадигулова Перуза Мылтыққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мадигулова Перуза Мылтыққызы
    Мадигулова Перуза Мылтыққызы
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1687
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 292 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек