Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыБейнелеу өнері "Көркемдік өнер және кескіндеме" авторлық факультативтік курс

Бейнелеу өнері "Көркемдік өнер және кескіндеме" авторлық факультативтік курс

Скачать материал

БҚО, Ақжайық ауданы

Сызу және бейнелеу өнерінің мұғалімі Г.Хаймулдина

Кіріспе

Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған. Менің жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.

Көркем өнер жеке құбылыстардың жалпы табиғатын ашуға тырысады, ал жалпы табиғат, жалпы қасиеттің өзін көрікті бейнелер арқылы аралайды. Сұлулықты тану үрдісі жаратылыстану құбылысының тек бірегей, нақты көрінісін бейнелеп қана қоймайды, ол сол құбылыстың тыныстану, «өмір сүру» заңдылығын айқындайтын негізгі қасиеттерін де тап баса алады.

Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.

Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігін өрісі ашылмай-ақ көрінетін ой қисынымен кәдімгі сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байыта қорытып, келісті мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүйеде өз алдына жеке бөлініп ап-айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында өнер адамы қашанда ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірінше дүние құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге тырысады.

Нанымдылық - сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан-сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек.

Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымында ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.

Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.































Бұл бағдарлама оқушының жас ерекшелігін ескере отырып,бейнелеу өнері пәнінен 6 сыныпқа арналып жасалған. Аптасына 1 рет өтілетін сабақ негізінде және жылдық уақыт мөлшері - 34 сағатты құрайды. Бұл бағдарламаны құру барысында оқушылардың өнер туындыларын түсіне алатын қабілеттерін дамытуда күрделенген тақырыптар алдым. Мектеп бағдарламасынан тысқары, күрделенген, кеңейтілген тақырыптар алынды. Сонымен бірге талғампаздықты, үйреншікті нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болу, көргенін есте ұстау және қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап талдауға, білгенін жинақтауға үйренеді.
Бағдарлама оқушының 5-сыныпта игерген білім жүйесін, практикалық бейнелеу және өнерді қабылдау жұмыстары арқылы жүйелі түрде жалғастыруға, тиянақты бекітуге құрылды.
Ұсынылып отырған бағдарламаның мазмұны, қазіргі кезеңде республикалық қазақ мектептерінде оқу-тәрбие жұмыстарына қойылып отырған негізгі мақсат-міндеттерімен, талаптарымен ұштастырыла жасалған. Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушының әсемдік талғамын, көркемдік іскерлік және ісмерлік қабілетін дамыту арқылы, оларға имандылық, ізгілік-эстетикалық, көркемдік тәрбие береді.
Оқушы заттың пропорциясын, ондағы дақтар арақатынасын іздестіре алуы, неғұрлым әсерлі бояу шешімдерін таба білуді үйренеді.
Әрбір дара тұлға, көркем іс-әрекеттердің түрлеріне бейімдеп қоршаған орта мен табиғаттағы түрлі-түстер мен формаларды танып, қабылдау қабілеттері қалыптасады.
Оқушының қоршаған өмір шындығы, заттар пішіні, құрылысы, табиғат дүниесінің құбылыстары, адамдар мен жан-жануарлар өмірінің ерекшеліктері, туған жер сұлулығы туралы түсініктерін қалыптастыруға және олардың бейнелеу өнері саласындағы алғашқы көркемдік таным өрісін, білім шеңберін кеңейте отырып, бейнелеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде игеруін қамтамасыз етуге құрылған.
Бейнелеу өнері сабағында оқушының практикалық білімі мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білу, олардың шындық пен өнердегі байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, өнерге деген қызығушылығын арттырады. Қоршаған шындық объектілерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру, белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке баулиды және табиғат сұлулығын қорғай білуге тәрбиелейді.
Оқу бағдарламаның мақсаттары:

- жас суретшінің дұрыс жолмен дамуына алғашқы түрткі жасау, көркем шығармашылықтың түрлі салаларында шеберлікті, жұмыс істеу техникасын бастапқы меңгеру үшін мүмкіндігінше жан-жақты материал бере отырып, оқушының өнерге деген құштарлығын арттыру.
- Өзімізді қоршаған дүниені танып білудің, шығармашылық толғанысты және әсемдікті түсіну қабілетін дамыту.
- Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту арқылы өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлға қалыптастыру.
- Қылқалам, тушь және акварель бояуымен айналыса отырып оқушының практикалық дағдыларын меңгертіп қана қоймай, шығармашылық ойларын жүзеге асыру.
- Өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық танымын қалыптастыру, дамыту.
Міндеттері:
- Сурет салу барысында оқушылардың байқағыштық әдістерін қалыптастыру.
- Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіру.
- Адамгершіліктің ізгі қасиеттерін сіңіруге көмектесу, өнерге деген қызығуы мен сүйіспеншілігін ояту, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру.
- Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары және мәнерлік «тілінің» ерекшеліктері туралы түсінікті тереңдете дамыту.
- Табиғат әлеміндегі және бейнелеу өнеріндегі бояу түстері. Түстер үйлесімі, колорит.
- Табиғат дүниесінің құбылыстарын эстетикалық қабылдау (объектілердің кеңістікте орналасуы, заттар пішіні мен бояу түстері, жыл маусымдарындағы көңіл күй өзгерісі, өсімдіктер,жан-жануарлар дүниесі).
- Адам өмірі және оған қажетті заттар мен мүліктер (пішінін, атқаратын міндетін, адам өміріндегі орнын байқап талдай білу және бейнелеу).
- Бейнелеу өнеріне тән терминдер мен түсініктерді, атауларды ұғыну
Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
Міндетті деңгей:
-Бірнеше көрнекті өнер шеберлерінің аты-жөнін, олардың атақты шығармаларының аттарын білу;
- Бейнелеу өнерінің жанрларының көркемдік бейнелі тілін, көркем образдарының жасалу жолдарын;
-Екі-үш халық өнері орталықтарының атын, орнын және шығаратын өнімдерінің сипатын білу;
-Табиғат сұлулығын көре, сезіне білуі, сонымен бірге өз көргендерін, алған әсерлерін ауызша айта және суреттей, бейнелей білуі;
-Бейнелеу өнері шығармаларының образдық мазмұнын ашуға (ауызша) қажетті түсініктемелер мен терминдерді дұрыс пайдалана білуі және мәнерлі сөз тіркестерін таңдай білуге;
Мүмкіндік деңгей:
- Шығармашылық жағынан өз қабілетін көрсете білу;
- Кез- келген тақырыпта ойын қағаз бетіне түсіре білу;
- Бояу түрлерін ұқыпты қолдана білу;
- халық өнері орталықтарының атын, орнын және шығаратын өнімдерінің сипатын білу;
Күтілетін нәтиже:
- Оқушы өз алдына мақсат қоя алады;
- Сыныпта, басқа ортада өзін дұрыс ұстап белсенділік таныта алады;
- Басқалардың пікірімен санаса алады;
Нәтижені бағалайтын құралдар:
- Оқушының жұмыстарын жинақтау, көрме ұйымдастыру, аудандық, облыстық байқауларға жіберу;



































«Түс-кескіндеменің жаны» тақырыбындағы күнтізбелік тақырыптық жоспарлау

( 5-6 сынып, аптасына-1сағат, жылына -34сағат,факультатив)


І. Бөлім. Түстер әлемі /4сағат/

    1. Түстану ерекшеліктері. Негізгі және қосымша түстер-1сағат

    2. Фон. Суреттегі түс. Жылы және салқын түстер - 1сағат

    3. Ахроматикалық және хроматикалық түстер - 1сағат

    4. Бояу түстерінің реңдік қатынастары - 1сағат

ІІ. бөлім. Кескіндеме /5сағат/

    1. Кескіндеменің орындалу техникалары - 1сағат

    2. Гризайль әдісімен салынған суреттер - 1сағат

    3. Пейзаж.Табиғат бейнесін бейнелеу - 2сағат

    4. Анималист жанры - 1сағат

ІІІ. Бөлім. Графика /7сағат/

    1. Заттарды сызықтықтау ерекшеліктері - 1сағат

    2. Реңдік бейнелеу арқылы олардың пішінін, келбетін нақтылау-1сағат

    3. Штрихтеу және оның түрлері -1сағат

    4. Натюрморт -2сағат

    5. Портрет -2сағат

VІ. Бөлім. Сәндік қолданбалы өнер /8сағат/

4.1. Оригинал. Түрлі-түсті қағаздардан гүлдер, құстар, аңдар бейнесін жасау -2сағат

4.2. Құс мамықтарын қолдана отырып,композ. құру -2сағат

4.3. Түс қағазбен мозайка құрастыру (еркін композ.) -2сағат

4.4. Мата өрнектерін ұйымдастыру -2сағат

V. бөлім. Декорациялық көркемдік өнер /12сағат/

5.1. Қабырға газетінің түрлері -2сағат

5.2. Эскиз.:фотосуреттер,материал мазмұны -2сағат

5.3. Шрифт,мазмұнына сай түстік құрылымы -2сағат

5.4. Шығармашылық еркіндікпен безендіру ережелері -2сағат

5.5. Наурыз мерекелеріне арналған қабырға газеттері -1сағат

5.6. Иллюстрация. Монтаж. Деректі фотосуреттер. Карикатура. Әзіл-оспақ. Шарж - 1сағат

5.7. 1,9 мамыр мерекелеріне қабырға газеттері - 1сағат

5.8. Көктемгі көгалдандыру жұмыстары - 1сағат




«Түс-кескіндеменің жаны» тақырыбындағы күнтізбелік тақырыптарының жылдық жұмыс жоспары

( 5-6 сынып, аптасына-1сағат, жылына -34сағат,факультатив)


р/с

Өтілетін тақырыбы

сағ

Уақы-ты

Теориялық

Сараман дық

Қолдан.

көрнекілік

Түстер әлемі /4 сағат/

1

Түстану ерекшеліктері. Негізгі және қосымша түстер

1



Ғажайып кемпірқосақты боя

Түстер суреттері

2

Фон. Суреттегі түс. Жылы және салқын түстер

«Менің өлкем» композициялық жұмыс

1


Жазылатын өлкенің түстік шешімі тур. мәлімет


«Менің қалам»

3

Ахроматикалық және хроматикалық түстер

1




Акварель, қылқалам

4

Бояу түстерінің реңдік қатынастары

1


Кескіндем-ң пайдалан. құралы-сәуле,бояу, рең

жеті спектрлік түстерді ретімен боя

Спектрлік түстер, бояулар, қылқаламдар

Кескіндеме /5 сағат/

5

«Кескіндеме» туралы ұғым.

Кескіндеменің орындалу техникалары

1


Кескіндеме тарихы. Оның ерекшелігі


иллюстрациялар

6

Гризайль әдісімен салынған суреттер /натюрморт/

1


Бір түсте орындал-н жұмыс, оның жарық пен көлеңкені ажырату тиімділігі

Бір түспен шығарма-шылық жұмыс

Плакаттар

иллюстрациялар

7-8

Пейзаж.Табиғат бейнесін бейнелеу

2


Күзгі түстік бейнелер

Күзгі саябақ

Левитан, Шишкина

9

Анималист жанры

1


Жан-жануарларды бейнелеу

Менің сүйікті жануарым

жануар. бейнелен-н суреттер

Графика /7 сағат/

10

Заттарды сызықтықтау ерекшеліктері. Олар тік, көлденең, көлбеу, доға, кереге,  шеңбер.


1


Бейнелеу ережелерін ескерте отырып, көркем шығармада сызықтау

түрлерін қолдана білу

Сызықтау /штрихтеу/ әдістерін орындау

Графикалық суреттер

11

Реңдік бейнелеу арқылы олардың пішінін, келбетін нақтылау

1


Заттың жарығы мен көлеңкесінің қоюлығын анықтау және нақты пішінін ашу

Жарықпен көлеңке қоюлығын штрихтеу

Үлгі бейнелер

12

Штрихтеу және оның түрлері

1


Штрихтеу әдістері

Шрихтеу жұмыст-ы

Үлгілер

13-14

Натюрморт

2


Натюрморт комп. орналастыру

Шрихтеу жұмыстары

А.Ғалымбаева

15-16

Портрет

2


Портрет салу әдістері


Шрихтеу жұмыс-ы

Портреттер

Сәндік қолданбалы өнер /8 сағат/

17-18

Оригинал. Түрлі-түсті қағаздардан гүлдер, құстар, аңдар бейнесін жасау

2


Түрлі-түсті қағаздарды бүктеу әдістері

Гүлдер, құстар, аңдар бейнесін жасау

Түрлі-түсті қағаздар, қайшы

19-20

Құс мамықтарын қолдана отырып,композ. құру

2


Құс мамықтарынан комп. құру әдіст

Компози-ция құру

Құс мамықтары

21-22

Түс қағазбен мозайка құрастыру (еркін композ.)

2


Мозайка әдістері қолдану

Шығармаш-лық жұмыс

Түрлі түсті қағаз,клей,қайшы

23-24

Мата өрнектерін ұйымдастыру.

2


Мата қиынд-н жұмыс

Шығармаш-лық жұмыс

Мата үлгілері

Декорациялық –көркемдеу өнері /12 сағат/

25-26

Қабырға газетінің түрлері (қарапайым, мерекелік, күнтізбелік иллюстрация, мазмұны, эмблема,композ. құр.)

2


Плакаттар безендіру әдістерінің үлгілері

Шығарма-шылық жұмыс

тушь, перо.

27-28

Эскиз.:фотосуреттер,материал мазмұны. Ырғақты элементтер, статика, динамика, симметрия, тақырып-ң орны, көлемі, ассим-я.

2


Фотосуреттерді орналастыру әдістері

Шығарма-шылық жұмыс

Фотосуреттер үлгісі

29

Шрифт,мазмұнына сай түстік құрылымы. (холл,коридор,сахна, сынып бөлмесі)

2


Шрифтті жазу үлгілері

Шығарма-шылық жұмыс

Шрифт үлгілері

30

Шығармашылық еркіндікпен безендіру ережелері (бас мақала, орталық, соңғы бағана, әңгімелер т.б.)

2


Газеттерді безендіру әдістері

Шығарма-шылық жұмыс

Газеттер үлгісі

31

Наурыз мерекелеріне арналған қабырға газеттері

1


Аналар мер, наурыз мерекесін безендіру

Шығармашылық жұмыс

Наурыз, аналар мей арн.сурет-р үлгілері

32

Иллюстрация. Монтаж. Деректі фотосуреттер. Карикатура. Әзіл-оспақ. Шарж.

1


Иллюстра циялау әдістері

Шығармашы лық жұмыс

Ауыл ардагер-ң фотосурет

33

1,9 мамыр мерекелеріне қабырға газеттері

1


Қабырға газеттерді безендіру әдістері

Шығармашылық жұмыс

Ұлы Жеңістің 70 жыл-а газет. шығару

34

Көктемгі көгалдандыру жұмыстары

1


«Ауыл көркі-елдің көркі»

Қоғамдық пайдалы жұмыстар


Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:Хаймулдина Г.М.




Қолданылған әдебиеттер:

  1. Болатбаев Қ., Ибрагимов Ұ. Б. Бейнелеу өнері: Жалпы б. б. мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. –2-басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2005.- 160 бет, суретті

  2. Айдарова З. А Бейнелеу өнері: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына
    арналған оқулық / 3-басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2011. – 112бет

  3. Бейнелеу өнері және сызу республикалық-әдістемелік журналы

  4. Болатбаев Қ., т. б.Өнер. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006

  5. Щипанов А.С “Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер”

  6. Интернет жүйесі





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бейнелеу өнері "Көркемдік өнер және кескіндеме" авторлық факультативтік курс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 567 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 3108
    • DOCX 24.4 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хаймулдина Гулнар Магзумовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хаймулдина Гулнар Магзумовна
    Хаймулдина Гулнар Магзумовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18517
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Изобразительное искусство: анализ и интерпретация произведений

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания МХК в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов мировой художественной культуры в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Мини-курс

Постановка базовых звуков раннего онтогенеза

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 15 регионов