Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыБілім беру салалары:Таным /Қатынас Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Экология/ Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыс келді»

Білім беру салалары:Таным /Қатынас Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Экология/ Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыс келді»

Скачать материал

Білім беру салалары:Таным /Қатынас

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Экология/ Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыс келді»

Мақсаты: . Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту

Тіл мәдениетін қалыптастыру. Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға,сөздік қорын молайтып,байланыстыра сөйлеуге үйрету..

Міндеттері:

Білімділік міндеті :Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы түсінік беру.

Дамытушылық  міндеті :Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік міндеті : Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,көрнекілік,ойын  әңгіме құрау.

Көрнекіліктері: Кыс көрінісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер.

Қостілділік компонент: Қыс –зима, ай –месяц, қар –снег,ақ-белый,

Оқу іс- әрекетінің барысы:

Амандасу

Ұйымдастыру кезеңі.        

  Шаттық шеңбер.

 Бір шаңырақ астында,                                                             Тату-тәтті тұрамыз.

                                                Бірге ішеміз асты да,

                                                Бірге сайран құрамыз.

                                                Достықты үлгі санаған,

                                                Бір үйде біз тұрамыз.

                                                Қалған ата-бабадан.,

                                              Бірлік асыл мұрамыз.

 

Шеңбер жасап тұрған балалардың назары сабаққа аударылады.

1 жылда неше мезгіл бар?       - 4 мезгіл

Қазір жылдың қай мезгілі?     - Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде неше ай бар?   -3 ай

- -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.

-Айнала қандай? - аппақ

-Қар қандай? -аппақ

-Ал мұз ше?  -жып -жылтыр

-Ауа қандай?  -таза

-Терезелерде не бар?  қырау

Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)

-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?

(балалардың жауабы)

Ендеше шанаға отырып қысқы табиғатты тамашалауға барайық.

Тақтадағы суретпен жұмыс.

Қазір қыстың басы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жылтыр қыс деп те атайды Айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді. Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.

 

Сұрақ жауап:  Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауабы.

Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.

Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.

Жәндіктер тығылып қалады.

Адамдар қалың киінеді.

Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.

Желтоқсан  айы - жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.

Қаңтар айы -жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.

Ақпан айы -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.

Қысқы көрініс туралы кім әңгімелейді?.

1 сурет. «Қысқы  табиғат»

Суретте қандай жыл мезгілі берілген?

Сен оны қайдан білдің?

-         Мен жылдың қыс мезгілін жақсы көремін.

-         Бұл суретте қысқы  табиғат көрінісі бейнеленген.

-         Орман тегіс аппақ,қар басқан, қар жалт –жұлт етеді.

Ағаштарда не байқадың ? Жерден не көрдің?

Қысқы табиғат

 

2 сурет  «Балалардың ойындары»

Балалар не істеп жүр?

 Олардың көңіл күйлері қандай?

-         Мен қыс мезгілін жақсы көремін.

  -       «Қыстың шуақты күні.Жапалақтап қар жауып тұр.

        - Айнала аппақ.Ағаштарды қырау басқан.

-Үйлердің төбесінде де қар.Жерде омбы қар. Ал балалар көңілді.Өйткені олар қардан аққала жасады.Шана,шаңғы тепті.Мұзда сырғанап ойнады.Қарға су құйып сырғанақ жасады.

- Бұл суретте балалар шаңғы теуіп жүр.

Балалардың ойындары

 

 

3 сурет  «Қысқы еңбек»

Қыста қандай еңбек істеледі ? Адамдар не жұмыс жасап жатыр?

-         Қар тазаланады.Ағаш жарады.Адамдар жолды қардан тазартады.

 

 

-         Қысқы еңбек

 

Қыс мезгілі туралы  кім тақпақ біледі?

Қандай қызық қыс деген                            Аяз шымшып алады,

Бәрін шебер істеген                                     Боран мен жел болады.

Бақша –бауды тауды да                               Туған жердің ақ қысы

Бояған ақ түспенен.                                      Ақ құшағын жаяды.

«Қыс туралы мақал –мәтел»

Қыс –қысыларсың,

Жаз жазыларсың.

Сықырлаған аязда,

Сары қамысты панала.

Қыстың қамын жаз ойла,қыс азығын жаз жина.

 «Жұмбақ жасыру»

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың  тонады. (қар)

Қалай ойлайсыңдар қар дегеніміз не?

-Қар-кішкентай мұз кристалдарынан тұрады.

-Қар суық аязды күні қиыршық түрінде болады.

-Күннің жылы кезінде қар жапалақтап түседі.

-Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды.

-Қар неге ұқсайды?

-Қар ақ болса оны жеуге болатын шығар?

-Жоқ жеуге болмайды .

-Қарда көп микробтар болады, тамағың ауырып қалады.

-Микробтар болатынын қайдан білеміз?

-Қар ерігенде суға айналады,содан көруге болады.

-Ал, суды қатырсақ не болады?

-Мұз пайда болады.

«Жұмбақ   жасыру»

-Суда қалқиды,жылыда балқиды. (Мұз)

Мұздың қасиеттерін зерттеу.

-         Ал мұз пайдалы ма жоқ па?

-         Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды,сырғанақ жасайды.

-          Неге зиянды? (жеуге болмайды,құласаң ауыртады,лақтырғанда қатты тиеді,өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды)

Сергіту сәті.

Боран соқты ,зу-зу-зу

Қатты қатты жел соқты,гу-гу-гу.

Жапырақтар  қол  соқты, ду-ду-ду.

Шыдай алмай жапырақтар, ах-ах-ах.

Билеп кетті  қалтырап пах-пах –пах.

-         (Үнтаспадан ысқырған боранның даусы естіледі.)

-         - Балалар, бұл ненің даусы? 

-         - Боранның даусы

-         - Енді терезеге қарайықшы, әйнегінен не көріп тұрсыңдар?

-         - Әдемі суретті көріп тұрмыз

-         - Бұл суретті аяз бізге көрсетпей салып кеткен екен. Күн қатты суық болған кезде, аяз әр үйдің терезесіне осындай әдемі суреттер салады. Осы өрнектерді «аяз өрнектері» дейміз.

-         «Жұмбақ жасыру»

-         Көзіңе көрінбейді,

-         Тоңдырып қызартады.

-         Күні –түні ерінбейді,

-         Өзенге мұз артады.  (Аяз)

Аяз қандай болады?

----- Қатты,суық. Бетті қолды үстіртіп  жібереді.

 Суретпен жұмыс: «Құстарға қамқорлық»

-Балалар,қараңдаршы,біздің даусымызды  естіп,құстар да ағаштарға  келіп қоныпты.

-Бұл қандай құстар? -Қарға, Торғай, Сауысқан,Кептер.

-Қыстап қалған құстарға  қандай  қамқорлық  көрсетесіңдер?

Өздерің  жасаған   жем  сауытқа жем салып, ағаштарға  іліп  қойыңдар.

-Балалар осы қыстайтын құстар туралы кім мақал-мәтел біледі?

Бала:  Қыста құсқа қамқорлық жасасаң,

 Жазда жақсылығыңды өтеп берер.

Құстар туралы кім тақпақ айтады?

Қарға қарға қарғалар

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға келіп қарғалар.

                    Торғай ,торғай торғайсың

                   Бері келіп қонғайсың.

                   Жем шашайың теріп  ал

                  Енді аязға тонбайсың.

 

Дидактикалық ойын: Қайсысы артық? 

Балалардың орынында отырып орындау.Карточкалар таратылады

Шарты: суықторғай, тоқылдақ,қарға, жабайы үйрек. (жабайы үйрек артығын   алып тастайды)

 

Ш дыбысымен таныстыру.

Дыбыстың артикуляциясы. Еріндер түтікше тәрізді , тістер  бір-біріне  жақын,ауа ағысы кедергіге жолығады.

Дыбыстың сипаттамасы.

Ш-дыбысы дауыссыз,қатаң.

Жаңылтпаш.

Шілікті шаптым,

Жілікті астым.

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым.

Тіл  ұстарту  жаттығуы.

1.Дауысымыз жоғарырақ  ша-ша-ша,

Біздің шымшық ән салады тамаша.

2.Дауысымыз төменірек  -са-са,са

Ән саламыз ,бәріміз де жараса.

3.Дауысымыз жоғарырақ шы-шы-шы,

Ән күйіміз жарасып тұр қарашы.

4.Дауысымыз төменірек  сы-сы-сы

Шырқатайық құстар әнін біз осы.

Ш әрпінен басталатын кім тақпақ біледі?

Шананың да шардың да

Мен тұрамын алдында.

Менен ғана басталар

Шаңғы да ,шалғын да

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»

Суреттер көрсетіледі олар суреттерге қарап артығын табады.

Бұл жерде артық-доп. Қыста далада шаңғы, шана, коньки тебеміз. Ал доппен ойнай алмаймыз.

20131111_203622

Қорытынды.

Сабақ ұнады ма?

Қандай қызықтар болды?

Кімге қиын болды?

- Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

-Конькиді қай жерде тебеді?

- Шаңғыны ше?

- Қыс несімен қызық деп ойлайсыңдар?

- Қыс аққаласымен, ақ ұлпа қарымен,

Аяз атасымен, сырғанап ойнайтын мұзымен қызық.

Қыста қандай ойындар ойнайсындар?

Аққала соғамыз,сырғанаймыз,

Шаңғы, шана, коньки тебеміз.Хоккей ойнаймыз.

-Енді шанамызға отырып топқа оралайық.

 

Қар жауады. 

Жақсы қатысқандары үшін балаларды мадақтау.

   Ән  «Қыс »

«Қыс келді  » оқу іс –әрекетіміз осымен аяқталды

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар қыс мезгілі туралы кеңінен ұғынып, ерекшеліктерін ажырата алады.Қысқы ойындарды айтып, сурет бойынша әңгімелейді.

Игереді: қар ериді, суға айналады,су мұзға айналады.

Меңгереді: мақал мәтел,жұмбақтарды шешіп,тілдерін жаттықтыруды меңгереді.

 

                                                                                      Орындаған: Шаухарова У.Г

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру салалары:Таным /Қатынас Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Экология/ Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыс келді»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.10.2015 6576
    • DOCX 17.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаухарова Умут Габдуллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаухарова Умут Габдуллиновна
    Шаухарова Умут Габдуллиновна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57714
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

ЛФК как одна из форм физического развития и укрепления здоровья детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс повышения квалификации

Коррекционная работа с детьми, имеющими расстройства аутистического спектра, в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 524 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 465 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе