Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Бір шаңырақ астында" сыныптан тыс жұмыс

"Бір шаңырақ астында" сыныптан тыс жұмыс

Скачать материал

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында» шығармашылық кеш

1-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Басымды иіп,

Тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымды айдындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

2-жүргізуші:22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.

1-жүргізуші: Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады.

2-жүргізуші: Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар «Тіл мерекесіне арналған» «Бір шаңырақ астында» атты шығармашылық кешімізді бастаймыз. Сіздердің алдарыңызда мектебіміздің 7,8,9 – сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші:

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді».

Бүгінгі кешіміз сайыс түрінде өткізіледі. Сайысқа қатысатын оқушылардың ана тіліміз бен өзге тілдерді қаншалықты біліп, құрметтейтінін анықтайтын боламыз.

2-жүргізуші:

Әділдікпен баға берер жастарға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділ қазы алқаларын сайлайық,

Өнерліні таңдап бүгін алуға

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Маржан Қайроллақызы


1-жүргізуші:

Шығармашылық сайысымызды бастамас бұрын әр сыныптан келген он екі оқушы үш топқа бөлініп алсын. Қатысушы оқушылар сіздерге Қазақстан, Ресей, Англияға қатысты суреттер қимасы берілген. Суреттерді құрастыру арқылы топ құрайсыздар.


1-жүргізуші:

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін,

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп.

Таныстырып өздерін өтсе деймін, -дей келе кезекті таныстыруға берсек. Әр топ өздерін үш тілде таныстырады. Дайындыққа 10 минут уақыт беріледі.

2-жүргізуші:

Бүгін бізде дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Бүгінгі күн таныды әлем

Қазағымның кім екенін.

Мақтанышпен мен өзіңді

Ән етемін жыр етемін.- деп мың бұралған 6 «а»-сынып қыздарының қазақша билерін тамашалауға ортаға шақырайық.


1-жүргізуші:

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші

Біздің елде тұрады деп жүрейікші

Құрметті көрерменді тәнті еткен

Орыс ұлтының өнерін көрсететін 7 «а»-сынып оқушыларының өлең-жырын тамашалайықшы.



2 – жүргізуші:

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.


1жүргізуші:

Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.


...Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл... дей келе ендігі кезекті сайыскер топтарымыздың нағыз шығармашылығын көре алатын «Шар жару» сайысына берейік.


2 – жүргізуші:

Бұл сайыста қатысушы топтарға шарлар ішінде үш тілде өлең, речевкалар берілген. Тапсырма бойынша топтар өлең, речевкалардың жалғасын табады. Әр тілде берілген жауапқа 10 ұпайдан.


(топтар тапсырма орындап жатқанда Мырзағұл Мұратбек өлең оқиды)

І – жүргізуші:

Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

ІІ – жүргізуші:

Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

Ата-бабаларымыздан қалған мол мұраны дәріптей білетін жастарымыз. Осы сөздерімізді дәлелдей отырып Мұхтар Шаханов атамыздың «Төрт ана» өлеңін мәнерлеп жеткізуші 10-сынып оқушысы Мырзағұл Мұратбектің өнерін тамашалайық.


І – жүргізуші:

7 «а»-сынып оқушысы Әлішер Данагүлдің тілге арнаған төл туындысын тыңдайық.

І – жүргізуші:

Ғасырлар өтеді, жылдар өтеді. Осы уақыттар ішінде әр халықтың, әр ұлттың мұралары тарих, естелік, келешек ұрпаққа аманат болып жиналады.

ІІ – жүргізуші:

Расыменде, осы мұраларды білу, келешекке дәріптеу жас ұрпақтың үлесінде. Осы сөздерімізді дәлелдей отыра келесі «Сұрақ-жауап» сайысына көшейік. Аталған сайыста сайыскер топтар берілген сұрақ, тапсырмалардың жауабын тауып, қаншалықты білімді екендерін дәлелдейді.


І – жүргізуші:

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» қанатты ойды бүгінгі күні «Үш тұғырлы тіл» саясатына орай тиімді пайдалануға болады.

ІІ – жүргізуші:

Расыменде, өзге тілді білемез деп жүріп, өз тілімізді ұмыт қалдырмасақ болғаны. Бұл саясаттың тиімді, тиімсіз жақтары да бар, әрине. Өзге тілді ғана біліп қоймай, сол ел тарихын, мәдениетін, әдебиетін танимыз.

І – жүргізуші: Келесі сайысымыз да осы ойымызға тұспа-тұс келгендей. Өзге елдер жайлы қаншалықты білетінізді «Үш елге саяхат» бөлімі бойынша тексерейік.

Сайыстың шарты бойынша таңдап алынған елдердің қоржынына сол елге қатысты суреттер мен сөздерді іздеп, жинап саламыз.


І – жүргізуші:

Әділқазылар алқасы әділ бағаларын саралап, қорытынды шығарғанша әсем әуен тыңдайық.

ІІ – жүргізуші:

6 «а» сынып қыздарының орындауында «Қазақстан, алға!» әнін қабыл алыңыздар.


(Әділқазылар алқасы қорытындысын шығарып марапаттайды)

ІІ – жүргізуші:

Бүгінгі кешіміз нағыз шығармашылық кеш болғандықтан мектеп оқушыларының «Ағылшын ертегісін» тамашалайық.

І – жүргізуші:

Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші:

Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші:

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші:

Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.


І – жүргізуші:

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.


ІІ – жүргізуші:

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,

Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!


І – жүргізуші:

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!


ІІ– жүргізуші:

Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!

Шығармашылық кешімізді жабық деп жариялаймыз.





«Бір шаңырақ астында» шығармашылық кеш

Мектебімізде «Тілдер мерекесі» апталығында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мажитова Дана Уалиханқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Амина Құмарбекқызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Кенжалин Әсет Қайырлыұлы сыныптан тыс «Бір шаңырақ астында» тақырыбында шығармашылық кеш өткіздік. Шығармашылық кеш «Таныстыру», «Шар жару», «Сұрақ-жауап», «Үш елге саяхат» атты бөлімдерден тұрды. Әр сыныптан екі оқушыдан қатысып, топшалар құрады. Әр сынып оқушыларынан төрт топ құралды. Бірінші бөлімде топтар өздерін үш тілде таныстырды, екінші бөлімде шар ішінде берілген үш тілдегі өлең, речевкалардың жалғасын тапты, үшінші бөлімде үш тілде қойылған сұрақтардың жауабын тапты, төртінші бөлімде үш елге (Қазақстан, Ресей, Англия) қатысты жасырылған сөздер мен суреттерді қоржынға жинастырды. Бұл сайыста оқушылардың шығармашылық жұмыстары толық көрінді. Сонымен қатар сайыс кезеңдері арасында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқып, 7 «а» - сынып оқушыларының «Ағылшын ертегісін» тамашаладық.

Әділқазылар алқасының шешімімен І орынды «Ресей» тобы, ІІ орынды «Қазақстан», «Англия» тобы алды.

hello_html_m5bbf1d48.jpghello_html_m98bdded.jpg

hello_html_m3e0e9f79.jpghello_html_649c7403.jpg






И.Құтпанұлы атындағы орта мектебі








Тақырыбы:


hello_html_m15a7f75e.gif

Шығармашылық кеш



hello_html_m675b0d9f.jpg



Өткізген:

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова А.К.




2015-2016 оқу жылы
































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бір шаңырақ астында" сыныптан тыс жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 2572
    • DOCX 9.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мажитова Дана Уалихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мажитова Дана Уалихановна
    Мажитова Дана Уалихановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28087
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 839 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 389 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек