Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / «Біріккен бітіреді, ұйымдасып топтасқан ұтады!» тақырыбындағы коучинг жоспары

«Біріккен бітіреді, ұйымдасып топтасқан ұтады!» тақырыбындағы коучинг жоспары



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:


Жаменкенова Назгульдің «Біріккен бітіреді, ұйымдасып топтасқан ұтады!» тақырыбындағы коучинг жоспары




90мин

Сабақ тақырыбы:

Біріккен бітіреді, ұйымдасып топтасқан ұтады.

Сілтеме

Топтық жұмыс туралы нұсқаулық .Тренингтік ойындар мен жаттығулар Үлестірмелі материал.Бірінші апта.13-20 беттер.

Жалпы мақсат:

1 .Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастырудың ережелерін,топтардағы бірлескен жұмысты жүзеге асыруда, талқылаудың стратегияларымен,нәтижелерін анықтауға көмектесу, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

Күтілетін нәтиже:

Коучинг соңында мұғалімдер:

1. Топпен жұмыс істеудің қажеттілігін ұғынады.

2. Топты ұйымдастырудың ережелерін,топта бірлескен жұмысты жүзеге асыруды,нәтижелерін анықтауды үйренеді.

3. Топтық жұмысты талқылау түрлерімен, стратегияларымен танысып, қолдануға әзір болады.

4. Іс-тәжірибесінде қолдануға дайын болады.

Түйінді идеялар:

Ынтымақтастық оқу және орта құру –өзара іс-әрекет жасау философиясы.

Қолданылатын материалдар:

Түрлі - түсті қағаздар, желім, қайшы, стикер, плакат , А4,А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта.

Мұғалімдерді сабаққа тарту жұмысы:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістерАКТ,СТО,

диалогтік оқыту.

1 .Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Дерек көздері

(құрал-жабдықтар)

Үлестірмелі материал. Топтық жұмыс туралы нұсқаулық.13-20беттер.


Тапсырмалар:

Сұрақтар, салыстыру, зерттеу, түйіндеу



Коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру

тапсырмалар

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

«Мен кіммін » өзін-өзі позитивті қабылдауды дамыту тренингі. 5 мин

Қима қағазға жазылған сөзді қатысушыларға үлестіру

Қима қағазға жазылған сөз бойынша өзіне тұсаукесер жасайды

«Жасырынған шарлар» бойынша топқа бөліну,түске сай тілек айту.

5мин.


Топқа бөлу,конвертте жасырынған шарды ортаға лақтырады

«Жасырынған шарлар түсі» бойынша топқа бөліну»

Тапсырма №1

Бейне материалды бақылау

-8 мин

Коуч сырттай бақылайды, мына сұрақтар бойынша ойланыңыздар:

  • Серіктестік дегеніміз не?

  • Ол не үшін керек?

  • Бірлескен жұмыс үшін не қажет?


Топтық жұмыстың ұйымдастырылуындағы жағдай жайлы миға шабуыл-әр топ өз ойын айтады.

Бірлесіп оқу-түйіндеме презентациясы-5 мин

Тапсырма №2

І топ.Талқылау түрлері.\бүкіл сынып үшін, шеңбер, НТӘ, басқа стартегиялар\

ІІ топ.Шағын топтарда талқылау жөніндегі тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар

ІІІ топ. Шағын топтарда талқылау жүргізудегі мұғалімнің ролі (17мин)

Мәтінді үлестіру Нұсқаулық. 13-20 беттер

Нұсқаулық бойынша алған мәліметтерді қолданып, постер құрады, «автобус аялдамасы» бойынша топтар таныстырумен алмасады,



Бағалау.3 мин

Өзара бағалау-парағы



Сергіту сәті.

5 мин

Әуенді естіп,қимылдар жасау.

Мұғалімдер қимылдарды жасайды.

Тапсырма №3

«Жануарлар мен өсімдіктерге әсер ететін өзгерістер».

Барлығы (15 мин)


Топтарға қосымшалар таратылып беріледі.

«Әткеншек»стратегиясы бойынша әр топтан спикер сағат тілімен жүріп таныстырып шығады;

-тыңдаушылар кері байланыс жазып беруі қажет

Тапсырма №4

«Ұлыстың Ұлы күні- қонақ қарсы алу»

17 мин(

І-топ : «Қазақстанға қош келдіңіз»

ІІ топ: «Қаламыздың әсем жерлерімен таныстыру»

ІІІ топ: «Қонақты күту, шығарып салу»

Постерді әсем безендіріп салып спикер қорғайды


Бағалау.3 мин

Бағалауды түсіндіру.

«екі жұлдыз ,бір тілек» әдісі .

Сергіту сәті

5 мин

Проблемаларды қиып тастау.

Мұғалімдер нұсқаулық ақ қағазға өз проблеаларын шиыршықтап салады, өз аттарын немесе өздерін бір затқа теңеп жазады, содан кейін қиып тастайды.

Рефлексия «Гирлянда»

7 минут

Топтық жұмыс кезіндегі пайда болатын мәселелер мен кедергілер, оларды шешу жолдары»


Мұғалімдер түрлі-түсті А 4 Топтық жұмыс кезіндегі пайда болатын мәселелер мен кедергілер, оларды шешу жолдарын анықтап, тізбектелген гирлянда жасайды.































Топты ұйымдастыру ережелері.

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін.Кей кездері мұғалімдер әріптестеріне бірге жұмыс істеуін өтінеді,басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады.Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.

Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан,жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына ,дағдылары мен стиліне икемделіп,бейімделуге уақыт талап етіледі.Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды,оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.

Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді.Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай,топтың қарқыны біртіндеп өзгереді және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайые болу керек.

Топта жұмыс істеу ережелері.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес,анағұрлым күрделі тапсырмалардышешуді көздейді.Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелердібасшылыққа алуы қажет.Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін,жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін,сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері қажет.

Топты құру

Топтық жоспарлау

Жоспарды жүзеге асыру

Қызметті жүзеге асыру

Топ жұмысын бағалау

*Топтың құрамына кім кіреді?

*Сіздің жеке артықшылығыңыз неде?

*Оларды қаншалықты ұтымды пайдалануға болады?

*Топ қалай бірлесіп жұмыс атқарады?

*Не істеу қажет?

*Сізге жұмысты орындауға қанша уақыт қажет?

*Жұмыс топ ішінде қалай бөлінеді?

*Жұмыс істеу барысында топ ішіндегі қарым-қатынас қалай жүзеге асырылатын болады?

*Топ мүшелері бір-біріне қалай көмектеседі?

*Бір-бірінің жұмысын қалай талқылар едіңіз?

*Жұмыстың барысы қалай бақыланады?

*Соңғы өнім қандай нысанда жасалады?

*Жобаны орындау барысында түрлі дағдылар түрлі тапсырмаларға сәйкес келе ме?

*Сізге жұмыстың қай түрі үшін баға беріледі?

*Топтық ынтымақтастықтың болғандығының жеткілікті дәлелі бар ма?

*Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер?

*Сіздер бір-бірлеріңізге қаншалықты көмек көрсеттіңіздер?

*Топта жұмыстың қандай негізгі аспектілері ұтымды қолданылды?

*Не орындалмады?

*Одан қандай сабақ алуға болады?

1-кесте.Топ құру кезеңдері

Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?

Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар,оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша қамтамасыз етуі тиіс.

Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе-теңдікті орнату маңызды.

Шағын топтар

Жұптар

Үлкен топтар

*4-6 оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді.

*Топ мүшелерінің кейбіреулері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді.

*Тыныш,салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін.

*Жұп болып жұмыс істеу жоғары деңгейлі тапсырмаларды бірлесе орындауда (мысалы,шешім қабылдауда,мәселелерді шешуде) және құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді.

7-10 оқушыдан құралған үлкен топтар мәселені талқылау барысында көптеген көзқарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін.

*Топ мүшелері көп болған сайын ондағы жұмысты ұйымдастыру,жоспарлау,рөлдер мен арадағы қарым-қатынас және сөз сөйлеу қиындайды





































Топтық жұмыс барысында дамитын дағдылар.


Топтық жұмыстан барынша көп басымдық алу үшін,мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып,өз ойларын және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды.

Қарым-қатынас:жазбаша және ауызша әңгімелесу,тыңдау,ым мен қимылды пайдалану.

Өзін-өзі таныту:үстемдік танытпай,топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу.

Басқаларды қолдау:топтың қызметіне үстемдік жүргізбей,топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиленіскен жағдайларды шешу.

Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу.Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту.

Оқушылар игерген білімдерін бұған дейінгі алған білімдерімен байланыстыратын жаңаша көзқарасы дамиды.

Топ мүшелері ынтымақтастығы арқылы бітімге,келісімге қол жеткізеді.Оқу тапсырмаларын орындау үшін механикалық есте сақтауы мен қайталау қабілеті емес,құрдастарымен белсене қатысып,ақпараттарды өңдеу және қорыту,талқылауды үйренеді.Идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдармен алмасуға,басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған қарсы уәж айтуға мүмкіндік алады.

























Мұғалімдердің рөлі.


Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет,сонымен қатар,тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.

Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп,оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.

Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын,топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс.Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар,стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.

Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып,оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс.Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін,мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек.

Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.

Топтық жұмыс ұтымды,тиімді болу үшін тапсырмалар мен топтың қызметі статегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс,олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып және қамтамасыз етіп,жоғары деңгейдегі оқытуды,ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады.







































І топ «Жайнап»






































ІІ топ «Жарқырап»

































ІІІ топ «Жадырап»























Әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдылары:

-топқа мүше болудың мәні туралы ойы қалыптасады;

-басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренеді;

-өзара қарым-қатынаста сыйластыққа,түсіністікке келеді;

-тапсырмаларды орындауда басқа адамдардың пікірлерін ескереді.


Қарым-қатынас дағдылары:

-кезекпен сөйлеу;

-белсенді тыңдау;

-сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;

-ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;

-өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;

-ұсыныстарды,идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;

-көмектесу және көмек сұрау;

-түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;

-топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;

-талқылаудың қорытындысын шығару;

-дәйекті айғақтар келтіру.


Мәселелерді шешу дағдылары:

-уақытты ұтымды жоспарлау;

-жаңа көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылау;

-топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екенін анықтау;

-топ ішінде рөлдерді анықтауға немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыру;

-тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізу.



























Әрқашан осылай Жайнап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жайнап жүре беріңіз!

Әрқашан


Әрқашан осылай Жайнап жүре беріңіз!

Әрқашан осылай Жайнап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жайнап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жарқырап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жарқырап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жарқырап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жарқырап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жадырап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жарқырап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жадырап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жадырап жүре беріңіз!


Әрқашан осылай Жадырап жүре беріңіз!






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров109
Номер материала ДВ-459745
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх