Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Рабочие программы / "Болашақ дарабозы" сайыс сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

"Болашақ дарабозы" сайыс сабақ

библиотека
материалов

hello_html_1722aed.gif

Аудандық оқушылар үйі

C:\Users\мархабат\Desktop\Документы\Табиғат\30611844[1].jpg

( интеллектуалдық ойын )







Ұйымдастырушылар:

«Жас натуралист»үйірмесінің жетекшісі М.Сматова









Жосалы кенті

2016 жыл



«Бекітемін»

Аудандық оқушылар үйінің

директоры:___________ Н. Наурызбаева

«____» «___________ » 2016 жыл



«Жас натуралист» үйірмесінің ұйымдастыруымен өтетін «Болашақ дарабозы» интеллектуалдық ойынның

ЖОСПАРЫ:



Ойынның тақырыбы: «Болашақ дарабозы»



Ойынның мақсаты: Оқушылардың ой-қиялын ұштап, білімдерін арттыру. Ой-

өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Білімді дарынды, озық болуға жетелеу, пәндерге деген

қызығушылығын ояту. Ұжымдық жұмыс жасауға, топтасып

ақылдаса білуге, шешім қабылдауға машықтандыру.

Ойынның түрі: Интеллектуалдық ойын

Көрнекілігі: Плакат,асық, шырпы,т.б.

Ойынның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Ойынға қатысушыларды тіркеу

2. Ойынның өтілу барысымен таныстыру

ІІ. Негізгі бөлім

1-айналым. Түрлі-түсті 4 ұяшықта әр-түрлі тақырыптар жасырылған. Әр ойыншы шығып теріс қарап тұрып қолындағы асығын тастау арқылы өздеріне қойылатын сұрақтар тақырыбын таңдайды. Ойыншылар 1 минут ішінде жүргізуші қойған сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

2-айналым. «Биологиялық эстафета» (Бұл турда бір оқушы бір жемістің не өсімдіктің атын айтып, келесі оқушы сол өсімдіктің не жемістің соңғы әрпінен басталатын өсімдіктің атын айтуы керек.Мысалы: алма-алмұрт,шие-емен..... )

3-айналым. Бұл кезеңде экологиялық сұрақтар және компьютер құрылғылары туралы жұмбақтар беріледі.

4-айналым. Басқатырғыштар бөлімі.Ойыншыларға шырпылардың орындарын ауыстыру арқылы басқатырғылар беріледі. Белгіленген уақыт ішінде тапсырманы дұрыс орындаған ойыншыға 20 ұпай беріледі.



ІІІ. Қорытынды бөлім

Жеңімпаздарды марапаттау







«Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі: М.Сматова

















«Болашақ дарабозы» интеллектуалды ойынның жүргізілу сценарийі:

Салеметсіздер ме бүгінгі интеллектуалдық ойынға қатысушы жас достар және құрметті қонақтар! Бүгінгі ойынға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымыздың мақсаты: Оқушыдардың ой-қиялын ұштап, білімдерін арттыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Білімді,дарынды,озық болуға жетелеу, пәндерге деген қызығушылығын ояту. Ұжымдық жұмыс жасауға,топтасып ақылдаса білуге, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру. Олай болса бүгінгі ойынға қатысушылар өздерін таныстырып өтсе:

Олай болса ойыншылар «Білімді ұрпақ жарқын болашақ кепілі» - дей келе сайысымыздың 1-айналымын бастаймыз. Түрлі-түсті 4 ұяшықта әр-түрлі тақырыптар жасырылған. Әр ойыншы шығып теріс қарап тұрып қолындағы асығын тастау арқылы өздеріне қойылатын сұрақтар тақырыбын таңдайды. Ойыншылар 1 минут ішінде жүргізуші қойған сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.



Аң- құс:

1. Қандай құс жемін түнде аулайды? Сұңқар бүркіт лашын үкі

2. Мүйізінен бағалы дәрі алынатын жануар марал

3. Аң патшасы- арыстан

Құс патшасы – бүркіт

4. Ботаға ұқсас саны бар, Шөл даланың құмайы

Шәлкем мінез жануар, Ашу қысқан ұдайы /Түйеқұс/

5. Қорғалжын қорығында тіршілік ететін, Қ ызыл кітапқа енген құс- қоқиқаз

6. Ең кішкентай құс./колибри/

7. Ең жыртқыш тоты құс. /кеа/

8. Әлемдегі ең әсем құс./Жұмақ құсы/

9. Қандай құс орман дәрігері. /Тоқылдақ/

10. Махамбет өлеңіндегі құс. /Қызғыш құс/

Өсімдіктер әлемі:

1. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Емдік қасиеті бар өсімдік. / Адыраспан/

2. Компьютер жанында өсетін өсімдік. /Кактус/

3. Қызыл кітапқа енген, Қостанай облысы аумағында өсетін ағаш. /Қызыл қайың/

4. Шөлге төзімді өсімдік. /Сексеуіл/

5. Ең аласа өсімдік. /Балықот/

6. Ағаштар неше жыл өсе береді. /300-500 жыл/

7. Өсімдіктің жер асты мүшесі /тамыр/

8. Ең ірі жеміс. / асқабақ/

9. Мәңгі жасыл ағаш. /шырша/

10. Өсімдіктің қай мүшесі жасыл асхана деп аталады. /жапырақ/

Жер-су:

1. Судың неше күйі бар? 3

2. Адам денесінің неше пайызы судан тұрады? 65%

3. Дүние жүзі мұхиттарын материктер төртке бөліп жатыр. Оларды ата және ең үлкенін ата? Тынық

4. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? Ніл

5. Ең суы мол өзен? Амазонка





6. Қазақстандағы ең ұзын, суы мол өзен? Ертіс

7. 1 тонна бидайды өсіру үшін қанша су қажет? 1500 тонна

8. Қызылорда облысындағы өзен, теңіздерді ата? Сырдария, Арал

9. Әлемдегі ең лас өзен?

10. Қандай сулар ішуге жарамды? Бұлақ суы

Аспан әлемі:

1. Жұлдыз дегеніміз – бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.

2. Қандай жұлдыздардың аттарын білесіңдер?

3. Түнде жай көзбен аспан кеңістігінен ауа-райы жақсы жағдайда, бір мезгілде қанша жұлдызды көруге болады? 2,5 мыңдай

4. Жеке жұлдыздар тобы? Галактика

5. Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз? Күн

6. Күн жүйесіне 8 ғаламшар кіреді. Олар: Меркурий,Сатурн, Уран, Нептун Шолпан, Жер, Марс, Юпитер.

7. Жер шарының кішірейтілген моделі? Глобус

8. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт? 24 сағат

9. Жердің күнді межеленген уақытта толық айналып өтуін? Жыл деп атаймыз.

10. Неше материк бар және Қазақстан қай материкте орналасқан.

Бірінші айналымымыз аяқталды.

2-айналым. «Биологиялық эстафета» (Бұл турда бір оқушы бір жемістің не өсімдіктің атын айтып, келесі оқушы сол өсімдіктің не жемістің соңғы әрпінен басталатын өсімдіктің атын айтуы керек.Мысалы: алма-алмұрт,шие-емен..... )

3-айналым. Бұл кезеңде экологиялық сұрақтар және компьютер құрылғылары туралы жұмбақтар беріледі.

Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек . (монитор)

Ұзын тұра жалаубек,

Тұрмай ылғи жатады,

Қозғала алса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (пробел)

Тетігін бассаң алаңсыз

Жазады қалам қағазсыз. (пернетақта)

Батырмасын бассаң,

Қажетті файлды ашасың. (тышқан)

Жұртты өзіне қаратқан,

Ақпаратты сақтап таратқан. (флешка, дискета,диск)

  1. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР заңы қай кезде жарыққа шықты? (1997 жыл 15 маусым)

  2. «Экология» терминін бірінші болып енгізген ғалым? (Э.Геккель)

  3. «Экология» термині бірінші рет қай жылы енгізілді? (1866)

  4. Қоршаған орта жағдайын болжау, талдау, бақылау жүйесі (экологиялық мониторинг)

  5. Экология ғылымының зерттеу нысаны (биологиялық және географиялық микро және макрожүйелер мен оның уақыт пен кеңістікте қатысты тіршілік ырғағы )





4-айналым. Басқатырғыштар бөлімі. Басқатырғыштар бөлімі.Ойыншыларға шырпылардың орындарын ауыстыру арқылы басқатырғылар беріледі. Белгіленген уақыт ішінде тапсырманы дұрыс орындаған ойыншыға 20 ұпай беріледі.

Құрметті ойыншылар сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Ойынға келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!



Қорытынды.Ойын соңында жеңімпаздар аудандық оқушылар үйінің дипломдарымен марапатталады.





























































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров165
Номер материала ДВ-459017
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх