Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / "Құстар-біздің досымыз" ашық сабақ

"Құстар-біздің досымыз" ашық сабақ

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Аудандық оқушылар үйі

hello_html_m5607f4f2.gif


hello_html_m32bc45fd.gif

( ашық сабақ )







Өткізетін:

«Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі: М.Сматова








Жосалы кенті


« Бекітемін »

«___»_______________2012ж

Аудандық оқушылар үйінің

директоры:__________Н.Наурызбаева



Сабақтың тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз» (ашық сабақ)


Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру;пәнге деген қызығушылығын арттыру,білімдерін көтеру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын , сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдей отырып,оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық,танымдық қабілетін дамыту,ой-тұжырымын жасауға дағдыландыру;

б) тәрбиелік: Отанын, жерін, орманын , көлін- табиғатты сүюге, аң – құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,т.б.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, физика, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,көрме,үлестірмелі таратпалар, т.б.

Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: дәптер,қаламсап,сызғыш,қалам,өшіргіш,сурет дәптер, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеу;

ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

в) Оқушыларды топқа бөліп отырғызу;

г) Қызығушылығын ояту,оқушылармен ой алмасу.


Қызығушылығын ояту.Ой қозғау.

Алғандықтан терең білім,қайрат тың,

Болашаққа нық сезіммен барамыз.

Айдынында білім атты мұхиттың,

Шаршамаймыз тереңіне самғаймыз.

Олай болса сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық!


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақ бойынша оқушылардан сұрақ-жауап арқылы топ жұмысын ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау.Оқушыларға сурет салынған парақтар қиылып сонда сұрақтар беріледі.Оқушылар екі топқа бөлініп сол сұрақтарға жауап беріп,құрастырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады.(ұяның суреті бейнеленген парақтар қиылады)

1. Сезім мүшелеріне не жатады?

2. Көзді күте білудің қандай ережелерін білеміз?

3. Құлақты күте білудің ережелері қандай?

4. Мұрын ағзамызда қандай қызмет атқарады?

5. Тіл ағзамызда қандай қызмет атқарады?

6. Тері ағзамызда қандай қызмет атқарады?

7. Көз,құлақ,мұрын,тілдің адам үшін қандай маңызы бар?

8. Тісті қалай сақтау керек?

9. Сезім мүшелерінің кез келген біреуін алып оқушыларға жұмбақ жасыр.

10.Көздің қорғаныштары нелер?


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500 дей түрі кездеседі екен . Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.Біздің халық ежелден аң- құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға , ел үшін , отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.

Құстар (лат. Aves)[1] – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:

  1. алғашқы құстар – археоптерикс;

  2. тісті құстар;

  3. қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;

  4. қырлы төсті құстар.

Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.

Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда текқұйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Онықосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкіжапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.

ІҮ.Сарамандық сабақ

Оқушыларға «ХХІ ғасыр көшбасшысы» білім сайысын ұйымдастырдым. Оқушыларды «Көгершін» , «Қарлығаш» деп екі топқа бөлдім.Сайысты бірнеше кезеңдер бойынша өткіздім.Сайыста жауап берген топтагы окушыларга жетон немесе құстың бейнесі белгіленген парақтар таратып отырамын.Сол жетондарды жинау арқылы топтарына ұпай жинайды.Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған(жетон жинаған) оқушылар жеңіске жетеді.

І кезең. «Кім жылдам?»

Шарты: Оқушылар жылдам жауап берулері керек. Екі топқа он сұрақтан қойылады.

«Көгершін» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Ең ұзақ өмір сүретін қай құс? (қарға)

2. Ең үлкен ұшатын құс? (африкалық дуадақ)

3. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс. (Кезеген альбатрос)

4. Құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайтын,әрі салмағын жеңілдететін тыныс алу мүшесі. (ауа қапшықтары)

5. Құстар балапандарын қайда өсіреді? (ұяда)

6. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)

7. Киелі құс (үкі)

8. Қандай құстың құйрығы айыр? (қарлығаш)

9. Көгершін қандай құс? (бейбітшілік құсы)

10. Түнде ұшатын құсты ата.(жапалақ,үкі)

« Қарлығаш » тобына қойылатын сұрақтар:

1. Орман дәрігері? (тоқылдақ)

2. 4 500 м биіктікте тауды мекендейтін құс? (қыран,бүркіт,лашын)

3. Құстар не арқылы тыныс алады? (ауа қапшығы)

4. Сөйлей алатын, қолға үйретілген құс ? (бұлбұл)

5. Аспанда бұрыш жасап тізбектеліп ұшатын, сақ құс? (қаз)

6. Адам қандай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)

7. Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)

8. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

9. Әлемдегі ең үлкен құс ? (түйеқұс)

10. Біздің ауылда қыстап қалатын құстарды ата? (қараторғай,қарлығаш,т.б)

ІІ кезең. «Әдепсіз өскен баладан,күтіммен өскен тал жақсы»

Мұнда 3 қатарға конвертке салынған 3 тапсырма беріледі.

І конверт «Жыртқыш құстар» деп аталады, ішінде 3 жұмбақ бар.

1.Қарасаң қорқасың түсінен,

Ойлама,әлсіз деп күші кем.

Жыртқыш дегенмен ел оны,

Тигізер пайдасын ісімен. (күшіген)

2.Қара арғымақ мінгенім,

Қыр айналып жүргенім.

Сегіз найза сенгенім,

Он екі қылыш енгенім. (қыран)

3. Алып құс деп, барлық

Жәндік қашса да,

Жоламайды өлекседен басқаға. (тазқара)

ІІ конверт «Суда жүзетін құстар» деп аталады, ішінде 3 жұмбақ бар.

1.Көл бетінде қалқиды,

Мақта сынды үйілген.

Үні әсем сан қилы,

Мойны да әйбат иілген.

Мамығын ол тарайды,

Маңғаздана қарайды.

Бұл қандай құс,

Таңдандырған талайды? (аққу)

2.Құс көрдім тырна сияқты,

Сидиған ұзын сирақты.

Шалшықтан бақа ұстауға,

Қимылы ерен ширақты. (Дегелек)

3.Айдыннан шалқыған,

Телпек көрдім қалқыған. (үйрек)

ІІІ конверт «Мекен-жайды төңіректейтін құстар» деп аталады, ішінде 3 жұмбақ бар.

  1. Бақ та, бау да , орман да,

Естіртіп үнін бар маңға.

Жұрт тыңдайтын тамсанып,

Сан құбылтты ән салып,

Жататұғын бір тынбай

Құсты аташы құртымдай? (бұлбұл)

2 . Сазды жерді мекені

Құрт-құмырсқа қорегі,

Кереметтей өнері,

Қанаттан үн береді? (тауқұдірет)

  1. Қауырсыны көгілдір,

Күнгей беткейде.

Кішкене құс өріп жүр. (кекілік)

ІІІ кезең. «Ізденген жетер мұратқа» . Бұл кезеңде құстар туралы танымдық сұрақтар беріледі.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

20 (оң) – Тіршілік жағдайының өзгеруіне немесе көбеюге байланысты құстардың өте алысқа қоныс өзгертуі,орта ауыстыруы. (маусымдық миграция)

20 (орта) – Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттекке қан екі рет (тыныс алған кезде,тыныс шығарған кезде) қанығады.Мұндай құстың тыныс алу ерекшелігін не деп атайды. (қосарлы тыныс алу)

20 (сол) – Тропикте өсетін өсімдіктерді айқас тозаңдандыратын құс (колибри)

30 (оң) – Жаңа Зеландияда кездесетін салмағы 2-3 килограмдай түйеқұстың ішіндегі ең кіші түрі (Қанатсыз түйеқұснемесе киви)

30 (орта) – Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауық тәріздес құстың ірі (мысыр тауығы)

30 (сол) – Құстардың қауырсындарын майлайтын қандай езі болады? (құйымшақ безі)

40 (оң) – Қай жылы қай ғалым жұмыртқа әк қабығынан өте ұсақ өзектерді – шұрықтарды тапқан? (Ағылшын ғалымы Дж.Дэви. 1863 жыл)

40 (орта) – Түнде ұшатын құс (үкі)

40 (сол) – Құстар неге ұшуға бейімделген (денесі қауырсындармен жаылған,тоқпан жіліктің ішкі қуысы ауа қапшықтарымен байланысқандықтан,ішінде ауа болады және алдыңғы аяқтары қанатқа айналған)

ІҮ кезең. «Асу бермес асқар жоқ».

Айтылған аңыз бойынша құс атауын табу қажет.

«Көгершін» тобына қойылатын сұрақтар:

Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін атыр қолбасшы болыпты.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып,бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан жараланып,елсіз иен шөл далада жығылып,жалғыз қалады.Шөлден әден қақырығы түтеп,өлуге айналады.Осы сәтте көк аспаннан бір «құс» ұшып келіп,аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарған. Бұл қандай құс? (аққу)

« Қарлығаш » тобына қойылатын сұрақтар:

Ертеде ағайынды үшеу: Күн,Ай және Қораз аспанда тұрыпты.Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде,үйде Ай мен Қораз қалыпты.Ай барып тұрған сотанақ екен.Қоразға тыным бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жіберіпті.Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.Ойланып отырып,Айға ылай депті: «Менің байқауымша,сенің ешкіммен де сыйысып,тыныш отыра алатын түрің жоқ екен.Қайтып етіңді көрмейін!Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін,ал сен тек түнде ғана шығасың». Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Кукареку»-деп шақыратын болыпты.Онысы «Қайырлы таң,мейірімді аға!» - дегені екен.Ал Күн батып,Ай көріне бастағанда,кім үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен, (Қораз)

Ү кезең. «Білімнің басы бейнет – түбі зейнет».

Бұл кезеңде әр топқа мақалдар оқылады,олар өз ойларын ортаға салады.

«Көгершін» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Құстар қиясын сағынады,

Торғай ұясын сағынады.

2.Ақ сұңқар ұшар жемі үшін,

Ер жігіт туар ел үшін.

  1. Жапалақ сипағанмен,

Сұңқар болмас.

4.Қиядағыны қыран көреді,

Ұядағыны жылан көреді.

« Қарлығаш » тобына қойылатын сұрақтар:

1.Құстың сәні қос қанаты,

Қос қанаты сенері.

2. Аққу-құссыз – көл жетім,

Айтылмаған – сөз жетім.

3.Қыран құстың баласы,

Ұшса келмес ұяға .

  1. Малдың жайын баққан білер,

Құстың жайын салған білер.

ҮІ кезең. «Ойын - әркез бақыт үлгісі». 1 минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді есте сақтап параққа жазу ұсынылады.Қанша сөз жазылса , сонша ұпай беріледі.


«Көгершін» тобына қойылатын сұрақтар:

сақалтай,аққу,тырна,бөдене,сұңқар,балсірі,түйеқұс,ұзақ,сауысқан,шауқарға,құтан,қараторғай,нанду,қызғыш,тоқылдақ,байқыз,шіл,пингвин,бірқазан,қаршыға.

« Қарлығаш » тобына қойылатын сұрақтар:

Бүркіт,кептер,ұлар,қарлығаш,қоқиғаз,тауық,лүпілдек,үйрек,көкек,колибри,бозторғай,дуадақ,шағала,гагара,сұқсыр,қаз,бозүйрек,құр,ұлбұл,қайшыауыз.

ҮІІ кезең. «Жарыспа,жарысқан соң қалыспа!»

Топ басшыларына қойылады.

«Көгершін» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Күнге тура қарай алатын құс (бүркіт)

2.Аққудың қоразын қалай атайды (саһар)

3.Қаздың балапаны (мамыр)

4.Қасиетті құс (үкі)

5.Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі (киви)

« Қарлығаш » тобына қойылатын сұрақтар:

1.Дене салмағы 1,5 г. болатын құс (колибри)

2.Ең үлкен құс (түйеқұс)

3.Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген жыртқыш құс (лашын)

4.Құстың дене температурасы. (+41,+43)

5.Негізгі жемі – құмырсқамен қоректенетін орман құсы. (дүпілдек)

ҮІІІ кезең. «Құстар - біздің досымыз ».Әр топқа сөзжұмбақтар беріледі.



















































































  1. Биікте ұшып жүреді,

Елік,қоян бүреді.

Қия таста ұясы,

Бұл қыран,оны кім біледі? (Бүркіт)

  1. Жаңа Зеландияда тіршілік ететін қанатсыз түйеқұс (киви)

  2. Тақылдатып, Мазаны ап, Ағаштарды тазалап, Ормандарды емдейді, Зиянкесті мазалап. (тоқылдақ)

  3. Ең биік ұшатын құс, Киелі құс,ғажайып құс бар елде, Шың басына ұя салар өздері, Бұл қандай құс айтыңдаршы өздерің? (ұлар)

  4. Ең кішкентай құс, дене салмағы 1.6 г. (колибри)

  5. Еркін самғап ұшсын деп, Мәпелейміз,баптаймыз, «Бейбітшілік құсы»- деп, Қайсы құсты мақтаймыз. (көгершін)

  6. Құстарды зерттейтін ғылым (орнитология)

  7. Қыран құстың мекені (ұябасар)


ІХкезең. «Әуен әлемі».Бұл кезеңде әр топ өздері бүгінгі жарысқа арнап құстар туралы еркін тақырыпта ән орындап береді.


Ү.Сабақты бекіту,бағалау

Оқушыларды марапаттау.Әр топтағы жиналған жапырақтарды санай отырып, жеңімпаз топты марапаттау.

Көрме үстінен конвертті тауып алып ішін ашып оқушыларға оқып береміз.Ішінде хат жазылған парақтар және қаламсаптар ерілген.Хатта терезе сыртынан қарап отырған торғайлар оқушыларға «Сіздер біздерді қорғасаңыздар, біз сіздерді қолдаймыз деп жазылған екен.Бүгінгі іс шараға белсене ат салысқандарыңыз үшін біздің қауырсынымыздан жасалған қаламсаптарды тарту етеміз. Қош сау болыңыздар!» делінген екен.


Оқушыларға толтыруға кесте беріледі.


Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім





ҮІ. Үйге тапсырма беру:

Біздің өлкеде мекендейтін құстар туралы эссе немесе шығарма жазып келу.


Ү.Сабақты қорытындылау

Келесі кездескенше сау болыңыздар!














«Құстар – біздің досымыз» атты ашық сабақтың

А Н Ы Қ Т А М А С Ы


Аудандық оқушылар үйінде 25 қазан күні «Құстар – біздің досымыз» атты ашық сабақ болып өтті.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру;пәнге деген қызығушылығын арттыру,білімдерін көтеру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын , сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдей отырып,оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық,танымдық қабілетін дамыту,ой-тұжырымын жасауға дағдыландыру;

б) тәрбиелік: Отанын, жерін, орманын , көлін- табиғатты сүюге, аң – құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабаққа ІІІ топ оқушылары қатысты.Сабақ сайыс түрінде өткізілді. Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.Сабақты бастамас бұрын оқушылармен сәлемдесіп,түгендеп алдым.Үй тапсырмасын үлестірмелі таратпаларға жазылған сұрақ-жауап арқылы сұрадым.Оқушылар үйге берілген тапсырмаларды орындаған соң,жаңа сабағымызды жұмбақты шешіп барып бастадық.Жаңа сабақты слайдтар,кестелер, көрме арқылы түсіндірдім.Оқушыларды «Көгершін» және «Қарлығаш» деп екі топқа бөліп отырғыздым.Сайысымыздың кезеңдерімен таныстыра өтіп бастадық:

І кезең. «Кім жылдам?» кезеңі

ІІ кезең. «Әдепсіз өскен баладан,күтіммен өскен тал жақсы» кезеңі

ІІІ кезең. «Ізденген жетер мұратқа» кезеңі

ІҮ кезең. «Асу бермес асқар жоқ» кезеңі

Ү кезең. «Білімнің басы бейнет – түбі зейнет» кезеңі

ҮІ кезең. «Ойын - әркез бақыт үлгісі» кезеңі

ҮІІ кезең. «Жарыспа,жарысқан соң қалыспа!» кезеңі

ҮІІІ кезең. «Құстар - біздің досымыз » кезеңі

ІХкезең. «Әуен әлемі» кезеңі

Оқушыларды бағалау мақсатында құстардың әкеліп тастаған конвертін ашып оның ішіндегі хатын оқып,оқушыларға сыйға берген қауырсындарынан жасалынған қаламсаптарды таратып бердім. Сабақты кесте арқылы бекітіп, үй тапсырмасы ретінде біздің өлкеде мекендейтін құстар туралы эссе немесе шығарма жазып келуге және құстардың ұясын жасап келуге тапсырылды.

Сабаққа Жұмабеков Ербол,Өткелбаева Айгүл,Зұлпыхарова Майра, Райымбаева Мөлдір,Серікбаева Айдана,Смагулова Айдана қатысып,сабақты талқылай келе Өткелбаева Айгүл,Зұлпыхарова Майра, Райымбаева Мөлдір,Серікбаева Айдана,Смагулова Айдана «өте жақсыға», Жұмабеков Ербол «жақсыға» бағалады.


Анықтама беруші: М.Сматова

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров238
Номер материала ДВ-458893
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх