Инфоурок / Биология / Конспекты / Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы. Эволюцияның қозғаушы күштері. 9-сынып

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы. Эволюцияның қозғаушы күштері. 9-сынып

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: §36. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы.

Эволюцияның қозғаушы күштері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, табиғи

сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта- қиялы мен қабылдауы сияқты

танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды

байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне, адамгершілік қарым-

қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ғалымдар портреті, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Жеке оқушымен жұмыс

Сабақтың әдісі: суретпен жұмыс, ауызша, диктант, сандармен жұмыс,

сызбанұсқа

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу.

Ә) түгелдеу.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (слайд арқылы).

«Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл»

(Ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері туралы оқушылар мағлұмат береді)


ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

1859, 3, 3000 (слайдтан көрсетемін)

Оқушылар осы сандар бойынша мәліметтер береді.

Мен осы тақырыпты әрі қарай жалғастырамын.

Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасында дүниеге келген. 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты мақсаты - Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынанЖаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікінеұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді. Англияға қайтқаннан кейін Дарвинкөгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты.

Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейльдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын - « Түрлердің табиғи сұрыптау жолымен шығу тегі» жарыққа шығарады. Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыпталу.

Дарвин мен Уолестің теориясы

1.Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән.

2. Барлық тірі организмдерге көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді. Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді. Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің, судың, жарықтың жетіспеушілігінен т.б. себептерден тіршілігін жояды.

3. Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарама – қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады.

4.Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп, ал ондай өзгергіштігі жоқтары жойылып отырады (табиғи сұрыпталу ).

5.Түрлердің көбейіп, ұрпақ қалдыруы – пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан – ұрпаққа беріліп бекітілуі. Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектін арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады.

Эволюцияның негізгі 3 қозғаушы күші:

Тіршілік үшін күрес Тұқымқуалау өзгергіштігі



Табиғи сұрыпталу

ІҮ. Сабақты бекіту.

Оқушылар қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптауды салыстыра отырып, кесте толтырады.


Қолдан сұрыптау

Табиғи сұрыптау

Әсер етуші фактор

адам

табиғат

Артықшылығы



Кемшілігі



Ұқсастығы




Үлестірме (қосымша мәлімет).

Ч.Дарвин өмірінің кезеңдері

1809 жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери қалашығында дәрігер отбасында өмірге келді

1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі.

1828 жылы Кембридж университетінің дін факультетіне түсіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алады.

1831 жылы Ч.Дарвин солтүстік Уэльс геологиялық экскурсиясынан оралған соң, Кембридж университетінің профессоры Джон Генслодан хат алды. Хатта Дж. Генсло «Бигль» кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатынын хабарлап, Дарвиннің осы саяхатқа табиғат зерттеушісі ретінде қатысуын өтінді. Ч. Дарвиннің 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп деректер жинайды.

«Бигль» кемесінің мақсаты:

Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен Тынық мұхит аралдарының картасын жасау.

Кеменің саяхаты 1831жылы 27 желтоқсанда басталып, 1836жылы 25қазанында аяқталады.


Ч.Дарвиннің еңбектері

«Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы” (1859)

 “Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” (1868)

 “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” (1871) және т.б.


Ү. Үйге тапсырма. §36. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы.

Эволюцияның қозғаушы күштері.-оқу.

А,В,С, деңгейлерін орындау.


ҮІ. Рефлексия. Бағалау.






























М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ












«Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы.

Эволюцияның қозғаушы күштері»












Өткізген: Тлепова Н.Б.-Биология пәні мұғалімі



















Сайқын ауылы







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-553041
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>