Сабақтың тақырыбы: Циклдық алгоритмді
программалау тақырыбына
жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Циклдық операторлық
командаларын программада дұрыс
қолданылуын үйрету.
Дамыту: Оқушылардың логикалық
ой-өрісін дамыту, компьютерлік
сауаттылығын, сабаққа
қызығушылығын, тапқырлығын,
біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа,
компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетіне
тәрбиелеу.
Болжамдап отырған нәтиже: Лекцияда
өтілген тақырыптарды толық меңгеріп, оларды есепте дұрыс қолдана білуі
керек.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың
түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Компьютермен жұмыс, тест,
сұрақ-жауап, ойын, ДТ.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Интерактивті
тақта, бағалау кестесі.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1. Оқушылардың
назарын сабаққа аудару, сабактың тақырыбын айту.
2.
Сабақтың барысымен таныстыру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру:
Тақтада
сызылған блок-схема бөліктерге бөлінеді. Әр бөлікке сұрақ
жазылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тиісті орынға қойылады. Әр оқушы
бір-бір сұраққа жауап береді.
Есеп. Төменде
п! факториалын есептейтін блок-схеманы құрастыру
керек.
Бұл есеп
үш түрлі циклмен есептелген.
Блок-схеманы
құрастыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.
1. Сұрақ: Алгоритм құрылымына қарай қаншага бөлінеді?
Жауап: Алгоритм
құрылымына қарай үшке бөлінеді: сызықтық, тармақтық, циклдық
болып.
2. Сұрақ: Цикл дегеніміз не?
Жауап: Қайталау
(цикл) операторлары белгілі бір операторларды немесе операторлар тобын бірнеше рет орындау мүмкіндігін
ұйымдастыруға қолданылады.
3. Сұрақ: Циклдіц
денесі деп нені айтамыз?
Жауап: Қайталанатын операторлар тобы
циклдің денесін құрайды.
4. Сұрақ: Қайталау
параметрі деген не?
Жауап: Қайталау санын көрсететін, әр
кайталау сайын 1-ге артып отыратын натурал типті шама.
5. Сұрақ: Шарт
деген не?
Жауап:
Жауабы «иә» немесе «жоқ»
болатын ұйғарым
6. Сұрақ: Серия
деген не?
Жауап: Паскаль опреторларының
тізбегі.
7. Сұрақ: While..Do циклініц
программада жазылуын көрсетіңіз?
Жауап: while шарт
begin
серия/операторлар;
end;
8. Сұрақ:
Repeat..Until циклінің блок-схемасын
көрсетіңіз.
Жауап: repeat
9. Сұрақ:
6! факториалы
неге тең?
Жауап: 720-ға.
10. Сұрақ:
For-Downto операторыныц программада жазылуын көрсет:
Жауап: Ғог <параметр>:=<соңғы мән> downto <алғашқы
мән> do
begin
серия ;
end;
Қорытындылау. Жалпы қысқаша цикл туралы
айту, бағалау кестесін толтыру.
III. Есептер
шығару.
Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару).
Жоғарыда берілген блок-схемалардың кез-келгеніне программа құрып, нәтижесін
компьютерде көрсету.
Программа мәтіні:
program faktorial;
var n, i, f: integer;
begin
readln (n);
f:=1;
і:=1;
while і<=n do
begin
f:=f*і; і:=і+1;
end;
write ('f=’,f);
end.
|
program faktorial;
var n, i, f: integer;
begin
readln (n);
f:=1;
і:=1;
repeat
f:=f*і; і:=і+1;
until i>n;
write ('f=’,f);
end.
|
program faktorial;
var n, i, f: integer;
begin
readln (n);
f:=1;
for i:=1 to n do
begin
f:=f*і;
write ('f=’,f);
end.
|
Қорытындылау.
IV. Көзге жаттығу жасату.
Оқушылар
ортаға шығып бір оқушының айтуымен
жаттығу жасайды.
V. Өзіндік
жұмыс (деңгейлік
тапсырмалар).
1-деңгей. Тестпен
жұмыс.
Тест
сұрақтары
1. Паскальда
бағдарлама қандай
кызметші сөзбен
басталады ?
1) begin 2) var 3) program*
2. Өрнектің мәнін табыңыз: х=3
болған жағдайда sqr(sqr(х))=...
1) 9 2) 81* 3) 27
3.
Бөлінді қалдығын табу үшін қандай функция қолданылады?
1) div 2) mod* 3)
abs
4. Паскаль бағдарламасында
айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші
сөзбен басталады?
1) Begin 2) Var* 3)
Program
5. Турбо Паскаль бағдарламасында
циклдың қанша түрі бар?
1) 1 2)
2 3) 3*
2-деңгей. Берілген есептің блок-схемасын құру.
Ежелгі ұзындық салмақ өлшемдерін қазіргі өлшемдерге
ауыстыратын блок-схема құрыңдар. (цикл санаушының мәні 1-ден 10-ға дейін
өзгереді):
I нұсқа. Фунтты
киллограмға (1 фунт = 0,40951 кг)
II нұсқа
Аршынды метрге (1 аршын = 0,7112 м)
3-деңгей.
2-деңгейде берілген есептің программасын кұрып, нәтижесін компьютерде
көрсету.
Қорытындылау.
VI. Қорытындылау, бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.