Инфоурок Начальные классы Статьи"Дарынды баланың оқуы мен тәрбиесі" баяндама

"Дарынды баланың оқуы мен тәрбиесі" баяндама

Скачать материал

 

 

Мутиханова Мейрамгүл Абенқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Жаңаталап орта мектебі

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы

Үй телефоны: 8 72344 5 05 27

Жұмыс телефоны: 8 72344 5 05 72

Ауылда ұялы байланыс жоқ.

 

Тақырыбы:   Шағын жинақты мектептерде дарынды баланың

оқуы мен тәрбиесі

 

XXI ғасырдың жан жақты зерделі, дарынды, талантты жастарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік білім кеңестігіне ену, білім беруді одан әрі ізгілендіру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Жаңаша көзқарас, жаңаша қарым қатынас қалыптасуда.

            Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. 

            Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

            Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қабілетіне байланысты екені айдан анық.

            Көбіне «Дарынды  оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П.Торанстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбіне ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының дарындылығын көрсететінін және оны нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн. Шындығында да, осындай оқушы өзімнің тәжірибемде кездесті. Әли атты оқушым сан түрлі сұрақтар қойып, сол сұраққа жауап алғанша тынбайтын. Кез келген уақытта, сабақ үстінде, сабақты бөліп жіберіп сұрақтарын қоятын. Сұрақтары кейде мәнді, кейде қисынсыз болып кететін. Ал жауап бермесем, тез өкпелеп, қиялданып кетеді. Сол себепті жеке жұмыстар жүргізіп, еркелетуге тырысамын. Мақтағанды ұнатады. «Сол сұрақтың жауабын өзің іздестіріп көрші, ол сенің қолынан келеді» - десем құлшына кіріседі.  Егер, мен дұрыс қарым-қатынас жасамасам, ол өз қызығушылығын жоғалтып, немқұрайлылыққа салынары хақ.

            Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету  оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

            Шағын жинақты мектептерде дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан маңызды мәселе. Өкінішке орай  мектепте мұғалімдер мен психологтердің дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжірибелері жеткіліксіз. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақтаған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады. Сондықтан арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер (мұндай мұғалімдер көп) дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:

            - Көптеген жағдайда олар дарынды оқушыға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;

            - тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі, себебі, олар оның беделіне қауіп төндіреді;

- кешенді диагностикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;

- олар дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыстар жүргізбейді, сапасына мән бермей, көптігіне көңіл бөлу арқылы қателіктер жібереді;

            - дарынды оқушылар тәрбие саласында да қиындықтар туғызады;

            - олар оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттігін сезінбейді.

            Ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:

            -дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады,

            - жұмысқа керекті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты қоя алады,

             -педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады;          

            - оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі.

             Сондай-ақ дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай отырып, өз бойыма осы қасиеттерді сіңірге тырысудамын: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық.  Дарынды оқушымен жұмыс өзіме, қызметіме және кәсіби біліктілігіме жоғары талаптар қояды.

            Оқушылардың сезімталдығы мен ақыл-ой өресін дамытып жетілдіре түсу – оқыту үрдісіндегі жалпы түпкі мақсаттардың бірі.

            Шағын жинақты мектепте оқушының жеке қабілеті дамуы үшін біріншіден, жаңа материалды мүмкіндігінше ықшамдап, өнімді әрі балалардың қабылдауына жеңіл, ақыл-ойына қонымды болу жағын қарастырамын. Екіншіден, меңгерілуге тиісті материалдардың сыртқы жағдайларын, түйінді жерлерін басшылығыммен оқушылар өздері ашып көрсетіп, олардың психологиялық жағынан дамып, жетілу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргіземін. Мұндай міндеттерді жүзеге асыру үшін П.Я.Гальпериннің ғылыми зерттеп оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолында ұсынған сабақ түрлеріне сүйенемін. Ол үш түрге бөлінеді.

            1. Оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу. Ондай сабақтарда оқушылардың қателесуі әбден мүмкін. Бірақ сол қателерін өздері түзетіп, оқу материалының мәнін, мақсатын дұрыс меңгеретін болады.

            2. Меңгерілуге тиісті материал мазмұны мен оның жолдары оқушылардың өздеріне көрсетіліп, тиісті түсініктер беріледі.

            3. Оқытуды ойдағыдай жүргізіп, межеленген тиісті материалдардың мазмұны мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өздеріне шештіріледі.

            Бұлар оқытудағы ең өнімді әрі негізгісі болып саналады. Оқытудың осы үшінші түрінде оқушылардың өзіндік іс-әрекеттері және олардың ақыл-ой белсенділігінің нәтижесінде дарындылар анықталады. 

            Дарынды балаларды анықтау үшін өзім бастауыш сыныпқа сабақ беретін болғандықтан кіші жастан оқушыларға арнайы жеке тапсырмалар беріп, пәнге деген психологиялық қызығуын арттырамын. Ол үшін дарынды оқушыларға қойылатын арнайы талап деңгейінде жұмыстар жүргізілуі тиіс. Атап айтқанда мына талаптар.

            2-4 сыныпта:

            - жазуының әдемі, сауатты болуы;

            - оқығанын, көргенін жүйелі түрде баяндауы;

            -15-20 өлеңді жатқа білу;

            - табиғат көріністерін, жыл мезгілдеріне шағын әңгімелер жаза білуі;

            Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты маңызды мәселе: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» сұрақтарының жүзеге асуына Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын аяқтап, сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген әлемдік тәсіл арқылы оқыту арқылы жауап алдым. Бұл оқытудың мәні – алған білімдерін өмірдің кез-келген саласында қолдануға дағдыландыру керек екендігін ата-аналарға да, мектеп мұғалімдеріне де ұғындыруға тырысып келемін.

            «Білім алу – батылдық, оны толықтыру –даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» деген екен халқымыздың қанатты сөзінде. Яғни, алған білімді өмірде шебер қолдана білу үшін әрбір балаға функционалдық сауаттылық қажет.

            Оқушының қызығушылығын, қабілетін, дарындылығын қалай ашуға болатынын табу үшін «белсенді сынып» құру қажет екенін ұғыну керек. Себебі, сабақтарда үстемдік ететін «мұғалімнің сөйлеуінің» орнына «оқушының сөйлеуіне» негізделген оқытумен қатар интерактивті оқытуды қолдану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады Сабақта өзім сөйлегеннен гөрі оқушылардың сөзіне қарағанда өте аз, яғни 20 пайыздан аспайтын қатынаста сөйлеу арқылы сынып еркіндігін қалыптастырып, сабақ әзірлеу нәтижесінде оқушылардың сыни ойлауына, формативті бағалау арқылы оқушы ынтасы өсіп, жаңа инновация талаптарын сауатты түрде игеруге талаптанудамын. Сондай-ақ, балалардың өзін-өзі және бірін-бірі формативті бағалауға, критерий арқылы бағалауға тартылуы –сыни көзқарастарының оянып келе жатқандығының айғағы.

            Сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуда бағдарламаның 7 модулі қарастырылады. Соның бірі талантты және дарынды балаларды анықтау, олардың қабілет-қарымына қарай тапсырмаларды әзірлеу, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды жүзеге асыруда «Оқытуды басқарушы көшбасшы» тұлға ретінде оқушыларға ықпал етудемін.

            Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін жүре дамыта алуы әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Қосымша материалдарды зерделеу арқылы мына көзқарастарды айқындадым: дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көріне алатын балаларды қарастыратын болсақ, талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады.  Оның ішінде қабілеттің туа біту мен жүре дамуына байланысты да көптеген пікірлердің қалыптасқанын да білдім. Әрине математиканы оқып үйренуде қабілеттің алар рөлі зор дер едім. Сондықтан егер де математиканы қабылдауға қабілеті болмаған жағдайда, «гуманитарлық» білімдерге бейім оқушының математикалық біліктілігін арттыру үлкен ізденістер мен күрделі жұмысты қажет етеді деп есептеймін.

            Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни, оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады. Көптеген оқушылар сурет салуға, ән айтуға дарынды болып келеді. Бірақ та шағын жинақталған мектептерде арнайы мамандар тапшы болғандықтан, әрі қарай дамыта алмағандықтан жанбай жатыып өшуіне тура келіп жатады. Әрине, мұндай өкінішті жайттар көп кездеседі. Кез келген мұғалім сурет салып, ән айта алмайтыны белгілі. Мұндай жағдайда оқушыға еркіндік беріп, сенімін оята білу керек деп санаймын.

            Дарынды балаларды ұжымнан бөліп, жеке жұмысқа тартудан гөрі оларды топтық әрекетке тартып, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге үйретудің тиімділігін зерттеуді көздеп, өз зерттеу жұмысымның мақсатын келесідей тұжырымдадым: оқушыларды топтағы белсенді әрекетке жұмылдыру арқылы олардың топтағы серіктестік қарым-қатынасын арттыру және бір-бірінің түсіну деңгейін арттыруға әсерін зерделеу. дарынды балалардың ішкі потенциалын ашуға бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру олардың топтағы оқушылармен жақсы қарым-қатынасын орнату арқылы, өз сенімділіктерін дамытуға жол ашар еді. Дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру жолында қашықтықтан оқыту кезеңінде топтағы белсенді әрекетті ұйымдастыру арқылы Кембридждік курс барысында үйренген  әдістерді қолдандым. Оқушылардың өз әрекетіне, білім алу үдерісіне сыни көзқарасты дамыту олардың білімдегі құндылықтар жүйесін қалыптастыруда  үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар қатарында көзбен көретін айғақтарды қолдану арқылы ой қорытуды қамтамасыз ету үшін, Блум таксономиясының негізінде анықтау, салыстыру, жалпылау, талдау, қорыту деңгейлеріне арналған тапсырмалар берілді. Оқушыларым өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, тапсырмалардың мүмкін болатын шешімдерінің түрлерімен танысты. Топтарға берілген тапсырмаларды бірте-бірте қиындата отырып, оқушылардың сыни ойлауына жағдай туғыздым деп ойлаймын. Сабақтар барысында оқушылар берілген жауап бойынша құрастырды. Жауаптарын парақтарға желімдеп, белсенді қызмет атқарды.        Дарынды балалардың топтағы әрекетін ұйымдастыру үшін «Мозаикалық жұмбақ» тапсырмасы қолданылды. Оқушылардың пікірін тыңдауға негізделген диалогтық әдісті қолдану пайдаланылды. Жаңа мәліметті түсіндіру алдында алдымен оқушылардың осы мәлімет туралы білімдерін айқындау, олардың іс-тәжірибесімен байланыстыру сауалдарын дайындадым. Оқушыларға ойларын жинақтап, тиянақтауға арнайы уақыт беріліп отырды. Сабақтағы жаңа мәліметтер дайын күйінде берілмей, оқушылардың өзара пікірлесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде меңгерілді.

            Жалпы жұмыс жасау барысында кездескен қиындықтарды шеше отырып, сыныбымдағы қабілетті балаларға ерекше назар аударудың қажеттігін түсіндім. Олардың қызығушылықтарын ояту мақсатында тапсырмаларды күрделендіріп отыруды қамтамасыз етіп отыруға тырыстым.

            Cонымен қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану – нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды болып табылады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Т.С. Сабыров. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімді  даярлаудың теориялық негіздері. Пед. Ғыл. Докт. Дисс. Алматы. 1996ж.

2. Л.М. Нарықбаева. Научно-практические основы подготовки будущего учителя к работе с одаренными детьми.  Автореф. к.п.н. Алматы. 2001г

3.У.В. Жексенбаева, А.К. Сатова.  Педагогика и психология одаренности школьников. Алматы, 2002.

4. «Қазақстан мектебі» журналдары

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей).

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дарынды баланың оқуы мен тәрбиесі" баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 122 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 952
    • DOCX 66.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мутиханова Мейрамгуль Абеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9501
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе