Инфоурок Начальные классы КонспектыӘдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Жігітке жеті өнер де аз" 3 сынып

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Жігітке жеті өнер де аз" 3 сынып

Скачать материал

Қысқа мерзімді жоспар

Әдебиеттік оқу

Демалыс мәдениеті.Мерекелер 

Сабақтың тақырыбы: Мерекелер

 

Мерзімі: 11.05.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамбетжанова С.О.

Сынып

Қатысып отырған оқушылардың саны

Қатыспаған оқушылардың саны

Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құрады.

Оқушылардың көпшілігі:  оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құруда топтық жұмысты бірлесе орындайды;       

Кейбір оқушылар:  оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құрып, өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алады.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту:

Оқушылардың мәтінді, өлеңді бөліктерге бөліп ат қойып жоспар құруға дағдыландыру.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Ынтымақ күні, татулық, бірлік, достық

 Сабақта диалог/жазба үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Бұл ұлттарда ерекше атап өтетін қандай мерекелер бар?

-Елімізде қандай мерекелер ерекше аталып өтеді?

Алдыңғы білім

 Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы күні туралы мәліметтермен таныс.  

Сабақтың барысы

Уақыт мөлшері

Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс мазмұны

Ресурстар

Қызығушылықтарын ояту

1-5 мин

 

 

 

 

6-29 мин

 Ширату.

"Киелі шаңырақ" әдісі арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру.

-Қандай мерекелер туралы білесіңдер?

-Кәсіби мерекелерге қандай мерекелер жатады?

(Ұ) Тыңдалым. Достық туралы

Достық сөзінің мағынасын ашу арқылы жаңа тақырыпты айқындау.

Достық-татулық,бірлік, ынтымақ т.б

Диалогке түсу.

-Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Бұл ұлттарда ерекше атап өтетін қандай мерекелер бар?

-Елімізде қандай мерекелер ерекше аталып өтеді?

-1-мамырда  қандай мереке тойланады?

Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға қима қағаз таратып беремін.Өлеңді "Түртіп алу" әдісі арқылы оқушылар іштей оқиды. Белгісіз сөздерді қима қағазға жазып алуы қажет.

"Ортаға сал" әдісі арқылы белгісіз сөздерге сұрақ қойып, ортаға салып талдайды.

Топтық жұмыс

Өлеңді логикалық бөліктерге бөліп беремін.Әр топ өздеріне берілген бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады.

Бағалау критерийі:

-бөліктерге ат қояды;

-бөліктер бойынша жоспар құрады.

Өздік жұмыс

Берілген тірек сөздерді пайдаланып өлең шумағын құрастыр.

Құрастырған өлең шумағын жұбыңа оқып бер. Жұбыңның пікірі бойынша ең үздік деп тапқан өлең шумағын «Автор орындығы» әдісі бойынша ортаға шығып оқиды.

«Сұрағы бар сандық» әдісін пайдаланып, оқушылар өлең мазмұнына сай сұрақтарға жауап береді. Ойын осылай сұрақтар біткенше жалғасады.

Мамыр айында қандай мерекелер тойланады?

7-мамыр мерекесі туралы не білесің?

9-мамыр мерекесі туралы не білесің?

Сенің қай ұлт балаларынан достарың бар?

Олармен қай тілде қарым-қатынас жасайсың? 

Қалыптастырушы бағалау.

Қосымша тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақалды оқы.

Бірлігі жоқ ел .....     (тозады)

 Бірлігі күшті ел .....  (озады)

Ырыс алды –  ......    (ынтымақ)

 

Түрлі түсті таспалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

 

 

30-40 мин

 (Ұ) Рефлексия. «Таразы» әдісі арқылы оқушылар өзіне ұнаған мәліметтерді қағазға жазып, таразының бір басына салады, қызықсыз, өзіне қажет емес  мәліметтер болса, таразының екінші басына салады. Таразының қай басы басым болса, соған қарап сабақтың деңгейін білуге болады.

Үйге тапсырма.  Бір халықтың салт-дәстүрі мен мерекелері жайлы ақпарат жина.

 

 

 

 

 

Қосымша мәліметтер

 

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім рефлексиясы

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі: _______________________

Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді: ______________________________

Оқушылардың белсенділігі:  ______________________________________________

Сабақтың мақсатына жету жолындағы қадамдардың маңызы: _________________ 

Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: _____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты-жөні:_____________________________________

Бөлім: Жазылым

 

Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру

 

Оқу мақсаты

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

·         Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

·         Мәтін бөліктеріне тақырып қояды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну

Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.

 

          Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әр бұйрығын халқы екі етпей  орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Халқым мені солардың қамын жегенім үшін жақсы көреді. Енді мен осы халқыма зиянды бір бұйрық таратайын. Халқым тыңдап, орындар ма екен?» - деп ойлап уәзірлеріне: 

·          Халыққа тегіс хабарландар: «Ешкім өз басына пайда қылмасын!» - дейді.        

        Патша түнде үстіне ескі киім киіп, бұйрығының қалай орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде шам жанып тұр екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, үйге кірсе,  бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші қайыршыны көріп, оған бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы: 

      - Сен неге патшаның бұйрығын орындамайсың? «Ешкім өз басына пайда қылмасын!», - дегені қайда? - дейді. Сонда етікші: Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде төрт теңге пайда табамын да, төрт теңге зиян қыламын. Міне, сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді», - дейді.

         Патша жауап қайтармастан үйіне келеді де, ақылды төрт уәзірін шақырып алып:

- Менің сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын. Сол пайдам мен зияным не? Үш күн ішінде соны табыңдар. Өздерің таппасаңдар да табатын кісі тапсаңдар, жазадан құтыласыңдар! - депті.

          Уәзірлер шешуін таба алмай жүргенде баяғы етікші келіп: 

·         Мен патшаның сұрағына жауап тапсам, маған не бересіңдер? - дейді. Уәзірлер төрт

мың ділда бермекші болады. Сонда етікші патшаға барады да: 

 -  Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын. Ол былай: бір сомды қарызға беремін. Бір сомды ескі қарызымды төлеуге беремін. Бір сомды құдыққа тастаймын, бір сомды әйеліммен екеумізге жұмсаймын, - депті. 

Сонда патша: 

 -  Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақша түсінікті, қалған үш сомның жұмсалған орнын анықтап түсіндір, - депті. Бұл сөзге етікші былайша жауап қайырыпты: 

 -  «Бір сомды қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда өзімді асырар», - деп балама беремін. «Бір сомды ескі қарызыма беремін» - дегенім: өзімді жасымда асыраған кәрі әкем мен шешеме беремін. «Енді бір сомды құдыққа тастаймын» - дегенім: қызым бар, соған беремін дегенім, - депті. Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне уәзір қылған екен. 

 

 

 

 

·         Сұрақтардың көмегімен мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөлікке ат қой.

 

 

Сұрақтар

Тақырыптар

Оқиға неден басталды?

Патша қандай бұйрық шығарды?

 

Түнге қарай патша не істеді?

Ол етікшімен не туралы сөйлесті?

Уәзірлеріне қандай сауал қойды?

Әрі қарай не болды?

 

Етікші сұрақтың жауабын қалай түсіндірді?

Оқиға қалай аяқталды?

 

 

 

 

Дескриптор

 

Білім алушы

- мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;

- әр бөлікке тақырып қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамыр айында қандай мерекелер тойланады?

7-мамыр мерекесі туралы не білесің?

9-мамыр мерекесі туралы не білесің?

Сенің қай ұлттың балаларынан достарың бар?

Біздің ауылымызда тұратын қандай ұлт өкілдерімен араласасыңдар?

 

Қандай кәсіби мерекелерді білесің?

Сенің отбасыңда қандай мереке ерекше тойланады?

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Жігітке жеті өнер де аз" 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 694 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.06.2018 666
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамбетжанова Салтанат Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 108091
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 493 человека

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Искусство и дизайн: взаимовлияние и современные тенденции

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Инновации, инвестиции и развитие транспортной отрасли

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе