Инфоурок Биология КонспектыДенсаулық - саулық негізі. 7 сынып

Денсаулық - саулық негізі. 7 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір – денсаулық негізі

Мақсаты: Денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау

Міндеттері: Оқушылардың топтық жұмысты ұйымшылдықпен орындауға, өз ойын еркін, ашық жеткізе білуін, белсенділігін дамыту. Жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, аурудың алдын алуға, санитарлық –гигиеналық тазалықты сақтауға тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже: Оқушылар топтық жұмыстар арқылы диалогке түседі, берілген тапсырманы сапалы орындайды, сөздік қорлары байиды, өз ойларын еркін жеткізе алады, салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулық қадірін ұғынады.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, бейнефильмдер, сұрақ – жауап, флипчарт, маркерлер, түрлі – түсті қағаздар

Сабақтың әдісі: Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолдану

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мейірімді жүрекпен,

Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер құрып ортада,

Бір жадырап қалайық.

Жемістерді таңдатып, бір – біріне жақсы тілектер айтып, «Көңіл – күй ағашына», ілдіру. психологиялық ахуал туғызу.

Топтарға бөлу (1- топ «алма», 2 – топ «жүзім», 3 – топ «шабдалы»)

Ойқозғау. «Байлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Кластер құру.

hello_html_m754dfc2c.png

Бірінші байлық – денсаулық” – деген ата - бабаларымыздан қалған сөзді есімізге салсақ, біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін ұғуымызға болады.

Бүгінгі сабағымызда не туралы өтетін боламыз деп ойлайсыңдар?

Сабағымыздың тақырыбы : Салауатты өмір – денсаулық негізі

Ал, сабағымыздың мақсаты қандай болмақ ? (оқушылар ойын тыңдау)

Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? (әр топ өз ойларын қағаз бетіне түсіріп қорғайды)

Бейнефильм. Пайдалы кеңес. «Жеміс – жидектердің пайдасы»

Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білесіңдер? Темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық.

Бұл заттар не себепті зиянды деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ой – пікірін тыңдау)

Мәтінмен жұмыс. 1 – топ: темекі, 2 – топ: арақ, 3 – топ: есірткінің адам денсаулығына әсері туралы қосымша мәліметтерді оқып танысу. (топта өзара талқылау, постер қорғау)

1 – топ. Темекі

2 – топ. Спиртті шімдіктер бастапқы кезде жүзім өсіретін елдерде басымырақ пайдаланылды. Алайда әртүрлі шикізаттардан өндірудің жаңа тәсілдері дамыған сайын олар бүкіл дүние жүзіне таралып, кеңінен қолданылатын болды. Алкоголь асқорыту жүйесіне, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Шамамен тұрмыстағы жарақаттың 56 пайызы, өндірістік жарақаттың 50 пайызы маскүнемдікке байланысты. Созылмалы маскүнемдік кезінде кейбір ми жасушалары өледі. Соның салдарынан мидың жұмысы бұзылады, есте сақтау, ойлау процестеріне зиян келтіреді. Жүректі май басады, қандағы гемоглобин мөлшері төмендейді, организмдегі витаминдерді азайтады. Алкоголь бауырдың қызметін бұзады. Оның әсерінен цирроз ауруы пайда болады.

3 – топ. Нашақорлық – есірткі заттарына тәуелділікке байланысты, ағзаның физикалық және психикалық қызметтерінің бұзылуына, аяғы өлімге әкеліп соғатын сырқат. Есірткі қолданатын жасөспірімдер мен жастар өзін - өзі қоғам мен Заңға қарсы қояды, олардың болашағы болмайды. Нашақорлыққа шалдыққан ауру адам өмірінің орташа ұзақтығы 2 - 3 жыл. Есірткілер қандай зиян әкеледі? Есірткілер зат алмасу процесіне еніп, ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Серотин мидың көңіл – күй өзгерісін қадағалайтын зат, бұл адамды пәсең және селқос қылдырады. Есірткілер оларды қолданушыларға ғана емес, сонымен қатар олардың жақындарына, жан – жағына және біртұтас қоғамға зиянын тигізеді. Жас адамдардың көп уақытқа созылмаған қолданысының өзі олардың болашақ балаларына әсер етеді. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір – біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады. Марихуана секілді есірткілердің буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды. Есірткіге үйрену қорқынышты, орны толмас қауіп, одан бір – ақ жолмен құтылуға болады. Ешқашан, тіпті бір рет те есірткі қолданып

көрмеу!

Сергіту сәті. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Сырқат адам (ауру – больной - ил)

Халқымыз жеңіл ауру санайтын, қатерлі дерт – (тұмау – грипп - флу)

Халық тынығып, денсаулығын жақсартатын орындар - (шипажай – санаторий - санаториум)

«ХХІ – ғасыр індеті» атанған ауру – (ЖИТС – СПИД - АІDS)

Ішің ауырса тыйым салатын асқорыту мүшесі – (ауыз – рот - маус)

Тазалық кепілі саналатын табиғи сұйықтық – (су – вода - уотэ)

Ақшаға сатып алуға болмайтын байлық – (денсаулық – здоровье - хэлс)

2002 жылға Президент таққан айдар – (денаулық жылы – год здоровье – зе е оф хэлс)

Анаша, героин шегуші - (нашақор – наркоман - драгмэн)

Тәжірибе жасау. Ас қорытуға ішімдіктің әсері қандай?

1 – топқа тапсырма: 1-пробирка – қант + су - ериді

қант + арақ - дұрыс ерімейді

2 – топқа тапсырма: 2-пробирка – нан + су - кесектер бетіне шығады,

Нан + арақ - көлемі азайып, түбіне түседі

3 – топқа тапсырма: 3-пробирка- жұмыртқа сарысы + су - өзгермейді,

жұмыртқа сарысы + арақ - денатурация-бүлінеді

Топтастыру тапсырмасын орындау.

Денсаулықтың қастары мен достары бола ма?

Бейнефильм. «Бәрі өз қолыңда»

Мұғалімнің сөзі. Денсаулық – зор байлық. Денсаулық – адам өмірінің бағалы заты. Сондықтан, адам күнделікті өзін – өзі күту, дұрыс тамақтану, тыныға отырып қажетті дене жаттығуларын жасап, дене тұлғасының дұрыс жетілуін қадағалау қажет. Сонда ғана сұлу да сымбатты болып өсесіңдер. Оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері мен спорттық жарыстарда жеткен жетістіктері туралы айтып, мадақтау.

«Президентіміз Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауынан: Жастар біздің болашағымыздың тірегі. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашып отыр. Біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш – жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» - деген болатын. Денсаулықтың қадірін ауырмай тұрып бағалай білейік.

Рефлексия. «Адам формасы» түрлі – түсті қағаздардан жасап, сабақтан алған әсерлерін, тілектері мен ұсыныстарын жазып, тақтаға апарып ілу.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Денсаулық - саулық негізі. 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.03.2016 1522
    • DOCX 51 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шинтемирова Акнур Пирманбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23576
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек