Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Діни экстремизм – ортақ қауіп"

"Діни экстремизм – ортақ қауіп"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  «Діни экстремизм – ортақ қауіп»

Сабақ мақсаты: оқушыларға қазіргі кездегі қоғамды жайлап бара жатқан түрлі дәстүрлі емес  дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту,  отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

 

Кіріспе. Мұғалім сөзі: Оқшылар, бүгін мектебімізде жыл сайын өтетін «Діни экстремизм және халыұаралық терроризм» онкүндігіне орай ашық тәрбие сағатн өткізгелі отырмыз. Біздің қозғайтын тақырыбымыз  діни  экстремизм. Оның қаупі, онымен күресу және сақтану жолдары туралы түсінігімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар радикады топтар, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы да білімдерімізді арттыра түсеміз.

Бүгінгі сабақта топтық жұмыс түрлері болатындықтан, сынып оқушыларн жасыл, сары, қызыл карточкалармен үш топқа бөлемін. Тақырыбымызды ашпастан бұрын топқа ортаға мынадай сұрақтар тастаймын. Ойлануға және постер қорғауға 7 минут уақыт беріледі.

ДІН дегеніміз не?

ЭКСТРЕМИЗМ дегеніміз не?

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ дегеніміз не?

Оқушылар өз ойларын ортаға шығып айтады.

(Слайд)

     Дәстүрлі діндерде оны ұстанушыларға арналған жасауға болатын және тиым салынған әрекеттер, айтуға болатын немесе айтуға болмайтын жайлар, ішіп-жеуге рұқсат етілген немесе тиым салынған тағамдар түріндегі ұстаным-ережелердің барлығын бағамдаймыз. Сонымен бірге істелуге міндетті парыздар да бар.

    Мұның өзін қазіргі заңнамалармен салыстыруға болатындай. Заңы жоқ мемлекет болмайды. Егер сіз діни шарттарды қатаң ұстанатын тақуа адам болсаңыз, ешқашан өзіңіз өмір сүріп жатқан елдің заңыз бұзбайсыз. Яғни, діни шарттар мен мемлекет заңдарының үндесіп тұрғанын бағамдаймыз.

     Заң не үшін қажет?

    Адамдардың әрекеті мен өмірін реттеу үшін. Сол сияқты дін де Жаратқанның заң болса керек. Онда да мемлекеттік заңдағы сияқты тиым салулар мен рұқсат етілген және істелуге міндетті әрекеттер жүйесі бар. Қандай дәстүрлі дінді алмасақ та, олардың бәрі адамдардың бойында адами жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, жамандықтан жерінуге уағыздайды. Егер зер сала қарасақ, мемлекет заңдары негізінен діннен бастау алатындығын аңғаруға болады.

      Экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.
Діни экстремизм - қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару,қоғамға қарсы әрекет ету, дінді бұрмалап, жат идеяны белсенді насихаттау,мемлекеттік жүйеге қарсы әрекет жасау. Кез- келген экстремизмнің мәні - өздерінің пікірлеріне  қосылмағандарға зорлық- зомбылық көрсету. Экстремизмнің қауіптілігі сол,ол ұлттар мен діндер арасына от қояды, іріткі салады, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

     Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды.   

   Діни - саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді.

   Діни - саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). 

   Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.

Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін.

     Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және осындай ұйымдық топтардың құрығына түсіп қала алады?(Оқушылар өз ойын атады)

   Дін туралы аз білімді, материалдық күйзеліске ұшырағандар, рухани құлдырауға жол берген адамдар.

«Теріс діни ағымның жетегінде кетіп адасқандар» видео.

  Қандай діни атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?

 «Діннен адастырар ағымдар» видео.

  «Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

   «Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.

    «Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.

   «Уаһһабилер» Сауд Арабиясында дүниеге келген.   Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды;

2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды;

3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді;

4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды;

5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді.

      Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.

Хизбутшылар  мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер.
Олардан аулақ болайық.

«Нұршылар жамағаты»  Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.

   «Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған.

   «Қадиян» тобы 

Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.

     Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
    Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. 

   «Діни экстремизм-опат болудың жолы» видео

cca0573883191ef5356d5b3da6b6327c.jpgДіни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.

 Қорытынды.

     Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 ж 14 желтоқсан жолдауында айтып өткендей:

 «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.

Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып,

 ата дәстүрін ардақтағаны абзал».

Рефлексия. Әр оқушының қолына бейбітшілік символы – ақ көгершінді беріледі. Оқушылар тілектерін жазып, тақтаға жапсырады.

Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.Өрттен сақтандыру ережесі

Тұрмыстарыңызды өрттен сақтаңыздар

   Тұрғын үйлерде, пәтерлерде, гараждарда өрт болдырмау үшін:

- жанып жатқан пештерді, жағулы примустер мен керосинкаларды, қосылған электр үтіктерін, электр, газ плиталарын, сондай-ақ кішткентай балаларға осыны қарауды тапсыруға;

- бір розеткаға бірнеше жылу беру электр құралдарын қосуға, электр қалқандарда қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға, электр шамдарын қағаз немесе матамен орауға;

- жарамсыз газ плиталарын, электр құралдарын, электр сөндіргіштерін штепселдік розеткаларын пайдалануға;

- шатырларда, жертөлелерде (подвалах), қораларда, гараждарда шылым шегуге және отты ашық жерде пайдалануға;

аулаларда, қоралар мен ағаш қоршауларына жақын жерлерде қоқыс  алау жағуға;

- балкондарда, подвалдарда, шатырларда жиһаз, жәшік, киім, тез тұтанатын және  жанатын заттарды сақтауға;

- сыртқы өрт сатыларына және қосымша шыға берістерге шығатын жолдарын жабуға;

- саты торыларында қойма жасауға және қосымша шығатын есіктерді бітеуге;

- пәтерде мопед, мотоцикл, жанар-жағармай материалдарын, авторезеңкелерін, ашық ыдыстарда лактар мен бояуларын сақтауға;

- подвалдарда, қораларда, пәтерлерде, электр сымдарын өз бетінше  құрастыруға тыйым салынады

                  Отпен абай болыңыздар!

                 Шылым қалдықтары мен сіріңкені сөндірмей тастамаңыздар!

                 Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

                 Үйден шыққанда электр құралдарын сөндіріп шығыңыздар!

Егер Сіздің пәтеріңізде өрт шықса:

-         өрт қызметіне 101 телефоны бойынша тез хабарлаңыз;

-         қолдағы бар құралдармен өртті сөндіруге кірісіңіз. Егер өртті өз күшіңізбен сөндіре алмайтын болсаңыз, пәтерден шығып, есікті құлыпқа салмай, тек жай жауып кетіңіз.

Егер өрт пәтерден тыс жерде болса:

-         өрт қызметіне 101 телефоны бойынша тез хабарлаңыз;

-         терезелер мен есікті тез жауып  пәтеріңіpден шығыңыз;

-         егер коридор мен саты алаңщалары түтіндеп кетсе, пәтеріңізде қалып, терезелерді ашып тастаңыз. Тығыз жабылған есік көп уақытқа дейін Сізді температура қауіпінен сақтайды. Түтінмен уланып қалмау үшін тесіктер мен желдеткіш тесіктерін суланған орамалдармен жабыңыз және терзеге жақындап көмек сұраңыз.

Есте сақтаңыздар!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін үнемі сақтай отырып, Сіз өзіңізді және басқаларды өрт қауіпінен сақтайсыз!

 

5.АҚТҚ/ЖҚТБ және  алдын алу жолдары

АҚТҚ ЖҚТБ белгілері.

АҚТҚ өте қауіпті, себебі оның белгісі көп уақыт бойы көрінбей қалады. Бастапқы сатыда зақымдалғанның ешқандай белгілері білінбейді. Бастапқы инфекция ЖҚТБ – ге өскенше шамамен 10 жыл керек, бұл негіздері бүкіл әлем құптайды. Зақымдалған және аурудың басталу кезеңі бұл ұзақ мерзім – зақымдалған әрбір адам үшін қымбатты уақыт, бірақ ол кең ауқым алуда.

ЖҚТБ – мен ауыратын адамдар саны тек қана алдын ала болжауды, қауіп – қатердің алдында бүкіл әлем тұрғанын денсаулықты сақтау орталығы шын дағдарыс күйін қамтып көрсетпейді.

Эпидемия көлемін анықтаудың нақты жолы – бұл АҚТҚ – мен зақымдалған адамдар саның білу.

АҚТҚ - мен зақымдалған адамдар өздерін қалай сезінеді ?

- көбі өзін сау сезінеді;

- жақсы тамақтанады, жұмыс істей алады;

- ешқандай аурудың белгілері байқалмайды;

- АҚТҚ –нің бар екенін білмеуі де мүмкін;

- мүмкін жөтеледі және қатты терлейді;

Зақымдалғаннан ЖҚТБ – ге дейін кезең мүмкін 6 –айдан 10 жылға дейін созылуы мүмкін.

Осы кезең аралығында адамдар ешқандай ауру белгілері білінбейді. Осы уақытта лимфа түйіншіктерінің ісінуі мүмкін, ал басқа белгі болмайды. Одан кейін оларда түнгі терлеу пайда болуы мүмкін. Сосын ЖҚТБ оларда түгелдей білінгенше, көп жыл өтеді.

Осы уақыт аралығында адам АҚТҚ –ні жұқтыра ала ма?

- Иә, АҚТҚ басқа адамға жұғуы мүмкін.

ЖҚТБ – ның алғашқы белгілері (симтомдары)

- салмақтың көп төмендеуі;

- тұрақты жөтел;

- лихорадка (тоңу) және диарея (іш өту).

ЖҚТБ – мен ауыратындар жұқпалы ма?

Адам, АҚТҚ – мен зақымдалғаннан кейін, белгілері бар болса да, жоқ болса да АҚТҚ басқаға жұғуы мүмкін.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Діни экстремизм – ортақ қауіп""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Діни экстремизм – ортақ қауіп»

Сабақ мақсаты: оқушыларға қазіргі кездегі қоғамды жайлап бара жатқан түрлі дәстүрлі емес дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

Кіріспе. Мұғалім сөзі: Оқшылар, бүгін мектебімізде жыл сайын өтетін «Діни экстремизм және халыұаралық терроризм» онкүндігіне орай ашық тәрбие сағатн өткізгелі отырмыз. Біздің қозғайтын тақырыбымыз діни экстремизм. Оның қаупі, онымен күресу және сақтану жолдары туралы түсінігімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар радикады топтар, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы да білімдерімізді арттыра түсеміз.

Бүгінгі сабақта топтық жұмыс түрлері болатындықтан, сынып оқушыларн жасыл, сары, қызыл карточкалармен үш топқа бөлемін. Тақырыбымызды ашпастан бұрын топқа ортаға мынадай сұрақтар тастаймын. Ойлануға және постер қорғауға 7 минут уақыт беріледі.

ДІН дегеніміз не?

ЭКСТРЕМИЗМ дегеніміз не?

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ дегеніміз не?

Оқушылар өз ойларын ортаға шығып айтады.

(Слайд)

Дәстүрлі діндерде оны ұстанушыларға арналған жасауға болатын және тиым салынған әрекеттер, айтуға болатын немесе айтуға болмайтын жайлар, ішіп-жеуге рұқсат етілген немесе тиым салынған тағамдар түріндегі ұстаным-ережелердің барлығын бағамдаймыз. Сонымен бірге істелуге міндетті парыздар да бар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 600 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2017 1236
    • DOCX 52.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагулова Жанар Мырзагаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48575
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 738 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 055 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 815 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 854 человека

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек