Инфоурок Начальные классы Презентации"Дүниетану сабағы" 4 сынып

"Дүниетану сабағы" 4 сынып

Скачать материал

Дүниетану 4-сынып
Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
Мақсаты:
1. Білімділік: ауаның ластану көздері мен ластануды болдырмау туралы бастапқы көзқарас қалыптастыру, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру
2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: тазалыққа, жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Типі: аралас сабақ
Әдісі: ертегі-сабақ, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, таратпалар
Барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралын түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ауа райын бақылау не үшін керек?
2. Климат деген не?
3. Қазақстанның климаты жайлы не білесің?
4. Бүгінгі ауа райын қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
1) Құпия шарды жарайық,
Таң - тамаша болайық.
Ішіндегі жұмбақтың,
Шешуін тез табайық.
Ребус: Жауабы: ауаны қорғау
2) Бүгін біз сендермен ауаның ластану және оны қорғау жөнінде әңгімелеп, өз ойымызды ортаға саламыз. /тақырыпты түсіндіру/
3) Ауаның ластануы: табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
4) Сурет бойынша түсіндіру. Түсіндірме сөздік: Жанартау.
Жанартаудан зиянды газ және бу тарап, ауаға араласып, оны ластайды.
5) «Тізбек бойымен әңгімелесу» ойыны
Мақсаты: Оқу материалы бойынша білім деңгейін анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Шарты: Оқушылар тізбек бойымен отырады. Мәтін үш топқа үш бөлімге бөлініп беріледі.
1. Мәтінді тізбектей мәнерлеп оқу.
2. Бір оқушы түгелімен оқиды.
3. Мұғалім кез-келген ойыншыға нұсқайды. Сол оқушыдан бастап сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.

Сергіту сәті
Мұғалім: Бір атайдың үш баласы болыпты. Бір күні атай үш баласының алдында құлап қалыпты. Балалары қорқып кетіп қасына келгенде: «Таза ауа жетпей жатыр» - депті. Сонда үлкен ұлы: «Онда терезені ашайық, ауа кірсін»- депті. Сонда атай: «Даланың да ауасы таза болмай тұр ғой»- депті. Сонда кіші баласы: «Сонда ауа қалай ластанады?»- депті. Енді біз сол сұраққа алдымызда тұрған қағаздарға бір ауыз сөзбен жазып, әрқайсысымыз өз тобымыздың тұсына жапсырайық.
«Зейінді болсаң, тез ойлан!» айдары бойынша
І топ: Орман ағаштарының аттары
ІІ топ: Орман ағаштары кесілгеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады?
ІІІ топ: Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?
/Әр оқушы жауабын жазып, тақтадағы сызбаның ішіне өз тобының тұсына жауаптарын жапсырмалайды/
Әр топтан бір оқушы шығып, өз тобының ойын дауыстап оқып, келесі топтың пікірін алады.
Мұғалім: Сонда атай балаларына: «Ауа ластанған екен. Ал енді сол ластанған ауаның зияны мен оны тазартудың жолы қандай?»-деп сұрайды. Үш баласы да ойланып қалады. Енді біз оларға көмектесейік.
Олар түрлі сурет сататын базарға келеді. «Түрлі сурет сататын базар» ойыны
Мақсаты: оқушыларды іздене білуге үйрету
Шарты: үш топқа арнап мұғалім бірнеше суреттерді балалардың өз қалауларымен таратады. Суреттің артында тірек сөздер бар. Әр оқушы сол
тірек сөздерді қолданып, берілген суретке қатысты ауаны тазалаудың жолын табуы тиіс. Не үшін алғандығы түсіндіріледі.
Мұғалім: Осылайша балалары әкелеріне ауа жайлы барлығын айтып болғаны сол екен, атай: «Маған енді сол таза ауа жетпей жатырған жоқ па? Сол таза ауа қайда болады екен?»-дейді. Балалары тағы ойланып қалады.
Балалары да сендер сияқты таза ауаның тауда, көгалда, орманда, су жағасында болатыны айтты. Ал сендер неге олай болатындығын маған айтыңдаршы. «Зейінді болсаң, тез ойлан!» айдары бойынша.
Мұғалім: Балалары таза ауаның қайда бар екенін білген соң, атайды ауыл сыртындағы таудың етегіндегі құстары сайраған тоғай ішіндегі, суы шипалы мұздай, мөлдір бұлақ жағасына дем алуға апарыпты. Балаларына риза болған атай: «Естеріңде болсын ...»-деп ақыл айтқан екен. Сол ақылын қазір біз өзіміз тауып көрейікші.
«Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» айдары бойынша.
1. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың үні жоқ.
2. Таза ауа – жанға азық.
3. Жасай берер табиғат адамзатсыз,
Адам өмір сүре алмас табиғатсыз.
ҮІ. Қорытынды. Осындай ластанған ауасы бар жерлерді экологиялық аймаққа жатқызамыз. Ол жерлерде экологиялық проблемалар болады.
«.... Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр»-деген Шыңғыс Айтматов
Біз жеріміз де сондай экологиялық аймаққа жатады. Оның әсерінен адамдар көптеген ауруларға шалдығып, жаңа туған нәрестелер түрлі ақаулықтармен туылады.
Сонымен «Мен не білдім?» айдары бойынша: ауаның ластануы, ауаны ластаушы заттардың пайда, болу себептері, ластанған ауаның зияны және ауаны қалай қорғау керектігін айттық. Ең бастысы: ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру екендігін білдік. Сондықтан мектеп пен үйіміздің ауласына ағаш пен гүлдер, сынып пен үйімізге гүлдерді көп етіп егейік.
«Сендер кімсіңдер? Қандай уәде бересіңдер?» айдары бойынша:
«5» болсын алған бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
«ҚУАНЫШТЫ ХАБАРЛАМА»
Құрметті ата-ана! Бүгін сіздің балаңыз ________________
Дүниетану сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындап шықты. Рахмет!

Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Мақсаты:
1. Ауаның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Дүние танымын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу, слайд 3.
2.Оқушыларды 3 топқа бөлу, атауларымен таныстыру, ұран айтқызу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Әр оқушыға тест жұмыстарын тарату, топтар бір – бірлерінің тест жұмыстарын тексеру, тақтадан тест жұмысының қорытындысын көрсету.
- Ауа деген не?
- Ауаны құрамындағы қоспаларды ата?
- Орманды жерде оттегі неге көп?
- Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?
- Метеориттер деген не?
- Жердің қорғанышы деген не?
- Ауа райы дегеніміз не?
- Климат деген не?
- Қазақстан жеріне не себепті жауын- шашын аз түседі.
2. Халық ауа – райын қалай болжаған?
Жобаны 3 топтан 3 оқушы қорғайды. (Слайд көрсету).
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.
Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.
Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Оқулық бойынша түсіндіру.
Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.
Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар , улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.
Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.
Бейнетаспа мен слайд көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Бөлікке бөліп дауыстап оқыту.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Дәптермен жұмыс.
Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?
Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?
Деңгейлік тапсырмалар тарату.
Сергіту сәті:

V. Бекіту кезеңі:
Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Ауа райын бақылау үшін не қажет?
Қазақстанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?
Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?
Нені білемін? Нені үйрендім? Нені үйренгім келеді?

VІ. Қорытындылау
- Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?
- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?
Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат. / Т. Есімжанов/

VІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:
68,69,70- беттерді оқу, мазмұны.
Қарағанды, Теміртау қалаларының экологиялық жағдайы.
VІІІ.Бағалау

VІІІ.Бағалау.

Дүниетану сабағы 4 сынып

Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, ауаның ластануы және қорғау жолдары туралы білімін толықтыратын болады.

Мазмұнға байланысты міндеттері: Мәтінді оқып танысады. Мазмұнын ашады. Ауаны ластаушы заттар қайдан пайда болады, зияны қандай және оны тазарту қалай жүзеге асырылатынын сипаттайды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамытады, қиялын шарықтатады және сезімін оятады.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

1.Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

2.Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

3.Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.  

Тәрбиелік мәні:

Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін  бөлмеуге үйренеді.

Қажетті құралдар: плакаттар, мәтіндер, бейнетаспа.

Көрнекіліктері: кестелер, қағидалар.

Стратегиялары:  дөңгелек үстел, концептуалды кесте, Т-кестесі, эссе

Тұрпаты: жаңа материалды меңгерту сабағы.

Технология: СТО

Кезеңдері

Қолданылған стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Қызығушылықты ояту

Психологиялық тренинг

Тест

Бейнетаспа

Дөңгелек үстел стратегиясы

Концептуалды кесте-стратегиясы

Шаттық шеңбері

Мұғалім тесті таратып береді. (жауабы тақтада көрсетіледі)

Бейнетаспа көру

Бүгінгі тақырыбымыз: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

І топқа : Ауаның ластану жолдары.

І топқа: Ауаны қорғау жолдары.

ІІІ топқа: Ауаның ластануы, қорғау.

Оқушылар қол ұстасып бірі-біріне жақсы тілектер айтады..

Оқушылар тесті орындайды.

Оқушылар бірін-бірі тексеріп, бағалайды

Оқушылар топта талқылай келе өз ойларын ортаға салады

Оқушылар сағат тілі бойынша өз ойын жазып, келесі оқушы жалғастырады.

Топтан бір оқушы айтады.

Кесте толтырады.

Оқушылар  топта талқылайды, топтан бір оқушы ойларын ортаға салады. (1-ші және 2-ші топтын жауабымен толықтыру)

ІІ.Мағынаны ажырату

Оқып бірлесе талдау стратегиясы

Сұрақ қою, қайта сұрақ қою стратегиясы

Мәтінді оқып танысыңдар,  топта талқылып, өз ойларыңды ортаға салындар

1.Ауа қалай ластанады?

2.Ауаны ластаушы заттар қайдан пайда болады?

3.Ластанған ауаның зияны қандай?

4.Ауаны тазарту қалай жүзеге асырылады?

Оқушылар берілген мәтін мен танысады. Топта талқылайды.

Әрбір топ бір-біріне сұрақ қояды, сол сұраққа мәтіннің мазмұнын талдайды.

Концептуалды кестені  толықтыру.

ІІІ. Ой толғаныс

Т-кестесі стратегиясы

Эссе

Бірлесе салған сурет

Бағалау

Үйге тапсырма

І топқа энциклопедия Сұрақ және жауап.

ІІ топ Ауаны тазартуға қосатын үлесіміз.

ІІІ топ Таза қала

Өздерін өзі бағалау.

Өскемен қаласының экологиялық жағдайы.

1.Орман ағаштары кесілгеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.

2.Орман ағаштарының тигізетін пайдасы.

Оқушылар топта талқылалай келе өз ойларын ортаға салады.

Бірін-бірі жалғастырып сурет салады.

Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Мақсаты:
    
1. Ауаның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы
 
оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Дүние танымын, ой- өрістерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу.

Типі: Аралас сабақ
Түрі: Жаңа білім беру
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 
1.Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу, слайд 3.
2.Оқушыларды 3 топқа бөлу, атауларымен таныстыру.(ауа температурасы, бұлттылық, жел)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Әр оқушыға тест жұмыстарын тарату, топтар бір – бірлерінің тест жұмыстарын тексеру, тақтадан тест жұмысының қорытындысын көрсету.

Тест

1.Ауа райы құбылыстарын белгіле?

а/ газдардың қоспасы ә/ қар, боран, жаңбыр б/ күн, ай, уақыт

2.Ауаны құрамындағы қоспаларды ата?

а/ азот, оттегі, көмірқышқыл газы ә/ қар, боран, жаңбыр б/ азот, оттегі

3.Орманды жерде оттегі неге көп?

а/ азот, оттегі, көмірқышқыл газы көп кездеседі

ә/ ағаштар оттегіні бөліп шығарады

б/ағаш оттегіні бойына сіңіреді

4.Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?

а/ жер шарын қоршайтын ауа қабаттарының жиынтығы

ә/ қар, боран, жаңбыр жиынтығы

б/ азот, оттегі жиынтығы

5.Метеорология деген не?

а/ ауаны зерттейді

ә/ауа құрамын зерттейді

б/аспан мен оның өзгерістерін зерттейді

6.Жердің қорғанышы деген не?

а/ ауа қабаты ә/ қар, боран, жаңбыр құбылыстары б/ауа райын басқарады

7. Қазақстан жеріне не себепті жауын- шашын аз түседі.

а/ күн ыстық болғандықтан ә/ суық болуынан б/мұхиттан алыс жатуынан

7 — “5”
5 – 6 “4”
2 — 4 “3”

2. Халық ауа – райын қалай болжаған?

Жобаны 3 топтан 3 оқушы қорғайды. (Слайд көрсету).

Қазақстанның климаттық картасы бойынша қорытындылау. Слайд

. Ой шақыру

Ауа….

  • Газдар қоспасы,
  • Түссіз, иіссіз, мөлдір;
  • Ауа қабаттардан тұрады; т.б.
  • Балалар, ластану деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Ауа ненің әсерінен ластануы мүмкін?

ІІІ. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.

Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.

Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.

Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Республикалық ауаның ластануы рейтингісі бойынша Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстары алғашқы үштікті құрайды. Қазіргі кезде Теміртау қаласында ауаның ластануын бақылайтын үш стационарлық пост жұмыс істейді.

Оқулық бойынша түсіндіру, мәтінмен жұмыс

Оқулықпен жұмыс. Бөлікке бөліп дауыстап оқыту. .(Электронды оқулық)

Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.

Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар , улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.

Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды. Бұл заттың барлығы ауаны бұзып, шаңдатады, тiрi организмдердi жою қаупiн тудырады. Ауалық ағындармен улы заттар үлкен арақашықтыққа тасымалданып, топыраққа, су қоймасына — өзендер мен көлдерге жаңбыр және қармен түседi.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.

Бейнетаспа мен слайд көрсету.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Дәптермен жұмыс.

Орман ағаштарын кескеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады.?

Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?

Мақалмен ой тұжырымда:

1.Бір тал кессең, он тал ек.

2.Ағаш көркі- жапырақ, адам көркі- шүберек.

3.Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Бұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Деңгейлік тапсырмалар тарату.

Әр топқа 1 тапсырма беру.

Сергіту сәті: «Көз жаттығуы» /слайд/

V. Бекіту кезеңі:

Нені білемін?

Нені үйрендім?

Нені үйренгім келеді?

  • Ауа түссіз, мөлдір, иіссіз;
  • Тіршілік үшін қажет;
  • Барлық жерде болады;
  • Газдардың қоспасы;
  • Ауа қабаттардан тұрады;
  • Ауа райы құбылыстары.
  • Метерология ғыылымы зерттейді;
  • Ауаның құрамы тұрақты;
  • Завоттар мен иөсдіріс кәсіпорындары ауаны ластайды;
  • Мұржаларға сүзгіш қондырғыылар орнатылуда;
  • Көшеттерді көп отырғызу қажет.

VІ. Қорытындылау

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?

- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,

Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат алатұғын дем қымбат. / Т. Есімжанов/

VІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:

68,69,70- беттерді оқу, мазмұны.

Қарағанды, Теміртау қалаларының экологиялық жағдайы, Қазақстанның экологиялық жағдайы жайында мәліметтер жинастыру.

VІІІ.Бағалау.

Запись опубликован

Ауаның ластануы.Ауаны қорғау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту.Ауа адам өміріндегі маңызын түсіндіру

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Дамытушылық: Тәжірбиелеу жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Лабораториялық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету.

Сабақ әдісі: түсіндіру,самандық әдіс,тест,сұрақ-жауап әдісі.

Сабақ типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Оқу мен жазу арқылы.

Сабақ көрнекілігі: Сызба ,плакаттар,(сызба) құрал-жабдығы.

Тәжірбие жасау құралдары су. банкалар,шар,доп,шырпы,стакандар,қант,шырақтар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Жоғары қарап жерді көрдім,

Төмен қарап жерді көрдім.

Оңға солға бұрылдым,

Балалар,біз өзіміз жүрген ортаны таза ұстауға әдеттенейік,дос жолдастарымызды құрметтейік.

Табиғатты аялап қорғайық!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Зарина

2. Аружан

3. Гүлфайруз

Топшамамен жұмыс.

ІІІ Тест ойыны.

І.Дүниетану пәнін оқыту

1. Сандар туралы.

2. Сөздер туралы.

ІІ. Адам шөлдегенде не қажет?

1.Тамақ

2.Су

3.Жарық

ІІІ. Солтүстік пен шығыстың аралығындағы тұсты тап.

1. Солтүстік-шығыс

2. Батыс

3. Оңтүстік-батыс

ІV. Өзеннің шартты белгісін көрсет?

1.

2.

3.

Жаңа мағынаны тану: Проблемалық сұрақ:

-Балалар,өткен сабақта географиялық картадан әр мемлекет өз жерін,шекараларын бөліп көрсететінін білдіңдер.Ал енді Қазақстан,жалпы жер шары адамдары нелерді бөлісе алмайды деп ойлайсыңдар?!

Адамзатқа нелер ортақ? Күн,ай,жұлдыз,ауа… т.б.

Ауаның ластануы.Ауаны қорғау.

Оқулықпен жұмыс:

Табиғи жолмен ластану.

Адамның іс-әрекет салдарынан ластану

1.Жаңартаулардың атқылауынан

2. Шаң.тозаңдар

3. Улы газдан

4. Орман өртенуінен

5. өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде

1. Жылу электр станцияларынан

2. Мұнай өңдеу

3. Металл өңдіру

4. Көліктерден

5. Лас су қалдықтары

6. Күл.ыс

Қарағанды. Теміртау,Шымкент,Тараз,Алматы,Өскемен.

Тапсырмалар:

Тәжірбие жасау:

1.Аузыңды жауып,танауыңды қысып,ішіңнен сана.

Тұншығасын. Сонда адамға дем алу үшін не қажет? -АУА

2.Ыстықтап терледің. Салқындау үшін желпіндің. Сен ауаны сезесің. Ауаны көреміз бе?-жоқ, Неге?

-Себебі ол-түссіз.

3. Шар үрлейміз. Оның ішінде не толды?-Ауа.

Яғни ол орын алады.Ол шарға қайдан келді?-ішімізден,яғни адамда ауа болады.Ол қалай келді? Дем алу арқылы

Мөлдір

Барлық жерде Түссіз

Көзге көрінбейді Ауа Жануарларға қажет

Адамдар демалады Өсімдіктерге керек.

Құстар тыныстайды

Осы ауаны ластамас үшін не істер едің?

Ауаны қорғау.

(ЭССЕ)

Қорытындылау:

Балалар,сіздердің білетіндеріңізге менің қосарым жер шарын жан-жағынан біртұтас,қалың ауа қабаты қоршап тұрады. Ауа үлкейеді,кішірейеді. Тірі табиғат үшін ауа шексіз,шетсіз қажет.Ауа,жер,су,өсімдік,адам бір-бірімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде әр түрлі улы газдармен ауа ластануда,сондықтан ауада улы газ, түтін шаң-тозаңдар көбейіп әр түрлі жұқпалы аурулар көбейуде.

Әскери сынық болған жерлерде улы заттар ауаға тарап жан-жануарлар ауруға,өлімге ұшырауда. Ал бұларға қарсы тұратын адамдар.Адам өзін тұратын жерлерін таза ұстап өсімдік гүл, көшедегі шаңды өз бойына сіңіріп,ауаны тазартады. Осыған дәлел ретінде біздің қаламызда Жайық өзеніндегі экологияны сауықтыру,табиғи байлығын қорғау жөнінде жоба жасалынып жұмыстануда. Сонымен қатар студент жастардан құралған "Жасыл ел" бағдарламасы жазғы демалыс кездерінде қаламызға тал-теректер егіп,оларды күтіп-баптау,қаланың тазалығын сақтау жұмыстарын жүргізуде.

Бөлме ауасын ауыстыру.

Сыныпқа гүлдер отырғызу.

Отырған орын,тұрғын үй, Ауаны "Жасыл ел" қозғалысына

тазалығын сақтау қорғау қатысу.

Ауаны зиянды газдардан қорғау.

Бағалау:

Үйге тапсырма: Кесте толтыру.Ауаны қорғаудағы менің үлесім. (әңгіме)

Ұран: -Әрбір адам?

- Туысым досым,жұрағат.

- Әрбір сабақ?

- Үйрену ұғу,ұлағат.

- Әрбір ісім.

- Тірлік, бірлік,адамдық.

- Әрбір сөзім?

- Шындық,бірлік,адалдық.

Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

5 жолды өлең құрайық.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1. Сәлемдесу түгендеу.
Мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға ауаның ластануы туралы түсінік беру. Ауа райының көрсеткіштері туралы білімдерін еске түсіру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат – ананы қорғап аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Интерактивті тақта, тақырыптық суреттер.
Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, 5 жолды өлең, сиқырлы таяқша, болжау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
Ауа рай, климат.
Ауа рай деген не?
Климат деген не?
Қазақстан жерінің климаты қандай?
Климат түрлерін айт?
Ауа райының қандай құбылыстарын білесің?
Ауа райын кімдер бақылайды?
Қазақстан жеріне жауын - шашын неге аз түседі?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Зат есім ( 1 сөз )
2. Сын есім ( 2 сөз )
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Сөйлем ( 4 сөз )
5. Мағыналас сөз ( 1 сөз )

ІV. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Ауа райын ертеректе халықтар қалай болжаған?
«Ертеректе ұшқан құсқа, атқан аңға, батқан күнге, түнгі жұлдызға қарап ауа райын болжаған. (оқушылар пікірлерін тыңдау )
Мағынаны тану.
Ауа райы дегеніміз жыл мезгілі немесе кез келген уақыттағы аспан құбылыстарының нақтылы бір мезгілдері көрсетіледі.
Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның (21%) бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауаға үлесі

оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот ( 78 %)

1. Ауа неліктен ластанады?
а) Табиғи жолмен ауаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиянды, ауруға шалдығады.
Ол үшін ауаны қорғау қажет, арнайы шаралар жүзеге асырылады. Зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнатылады. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы - көгалдандыру. Оған бәрің де атсалыса аласыңдар. Сендердің әр еккен ағаштарың ауаны тазартуға қосқан үлестерің.
ә) Адамның іс - әрекеті салдарынан ( жылу электр стансасынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден т. б. шығатын қалдықтар ).

2. Кітаппен жұмыс. Тізбектеп оқыту.
3. Ой толғаныс.
І. қатар. Венн диаграммасы.
Ауа рай ортақ қасиет климат

ІІ - Ауаны ластаушы заттардың қайдан пайда болатынын дәлелде?
ІІІ - Дәлел сөз «Табиғат - ананы бұрмалауға болмайды, табиғатты бұрмаласаң ол сенен өшін алып тынады»
Сергіту сәті
Ауа райын хабарлаушыға пародия жасату.

V. Қорытынды:
Хормен: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысын,
Пәк табиғат, әр жүректің тамылжыған жырысың,
Ей, адамзат, ақылға сал, қатыгездік жасама,
Өзің дағы содан туған, табиғаттың ұлысың.

VІ. Бағалау:
VІІ. Үйге тапсырма:
Оқу, мазмұндау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дүниетану сабағы" 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 830 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 1046
    • DOCX 46.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конаккалиева Айгул Камажаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Конаккалиева Айгул Камажаевна
    Конаккалиева Айгул Камажаевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4935
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Windows для начинающих: файлы, папки, текстовые документы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека