Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДоклад «Орбұлақ шайқасының батыр Салқам Жәңгір ханы»

Доклад «Орбұлақ шайқасының батыр Салқам Жәңгір ханы»

Скачать материал

 

 

Безродных атындағы орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі

 Слямов Ерлан Нүсіпханұлының

 «Орбұлақ шайқасының батыр

Салқам Жәңгір ханы» атты баяндамасы

 

 

 

Тарихымызды тас ға­сы­рынан тартып жырласақ та, одан бергі замандардан қозғасақ та қазақ елінің жер бетінде мәңгі жасап келе жат­қандығын көреміз. Сол замандарға ойша сапар шегіп, тарих тағылымына бойлай алсақ, қазақтан асқан жауынгер халықтың жоқ екен­дігін аңғарамыз. Оған дәлел,  Еділ патша, ал Томиристің, яғни, Тұмар ханшайымның ерлігі әлем­ге әйгілі. Кирдың иығынан басын домалатқан Тұмар ханшайым болсын, Дарийды шөлге апарып қырғынға ұшыратқан айлалы Шырақ болсын, бәрі бабаларымыздың белдескеннің белін үзетін батырлығының куәгері. Ал сол ғасырдан тартып бүгінге дейін шолу жасайтын болсақ, Орбұлақ шай­қасының маңызы мен мәні зор екенін білеміз. Аз сарбазбен өзінен 80 есе көп әскердің тас-талқанын шығарып салған шайқас қазақ тарихында Ор­бұлақтан бұрын да, кейін де бол­маған. Осы сұрапыл соғыс бабалар ерлігінің жаңғырығы іспетті. Содан кейін де тарихшылар бұл шайқасты жүз елу жылдық қазақ-жоңғар соғысының елеулі беттерінің бірі деп санайды. Ал қазақ тарихында Орбұлақ шайқасы жайлы тарихты тағы бір қаузап, оның маңызын замандастарымызға айтып, сол бабалардың ерлігіне бас иіп өтуіміздін керектігі даусыз.

Орбұлақ шайқасы 1643 жылы бол­ған. Ол Жоңғардың Батур қон­тай­шысы 50 мың қолмен Жетісудың шығыс қақпасынан басып кірген уақыт еді. Бейқам жатқан қазақ елі бұл со­ғысқа тас-түйін дайын бол­ма­ған соң Жетісу өңірін билеген Есім ханның ұлы Жәңгірдің жоңғарларды бар-жоғы 600 әскермен күтіп алуына тура келеді. Алайда бұл шарасы таусылғаннан, тығырыққа тірелгеннен басын бәйгеге тігіп, нар тәуекел деп бел буғандық емес еді. Көзсіз батырлығымен аты шыққан 600 әскердің әрқайсысы жүз сарбазға бергісіз рухтың иесі бо­ла­тын. Жәңгір бабамыздың жаудың қи­сапсыз әскеріне тойтарыс беретін ұрыстағы тактикасы ғаламат тап­қыр­лықтан туындаған болса, екінші жағын жер сырын жетік білгендігі деп түсі­неміз. Қыран құстың жемтігін ауламас бұрын тұяғы мен тұмсығын тасқа қайрап, тұғырын сай­лап алып барып қанатын қом­дай­тыны секілді, Жәңгір ханның да жа­уы­на шүйлігер жерді көрегенділікпен ба­ғам­дағаны соғыс тактикасын жете біл­уін аңғартпай ма?! Иә, тарих шынымен де тасқа басылар, санада жаңғырар ұлы құн­дылықтарымыздың бірі және біре­гейі. Қазақ халқы өзінің адал перзенттерін ешуақытта ұмытпаған. Олар туралы деректер жыраулар мен ақындар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ел есінде мәңгілік сақталған.Батырлық дәстүріне негізделген темірдей тәртібі бар дала демократиясы өткенді өнеге ету әдісімен, талай-талай ұрпақты тәрбиелі етіп өсірді.Соның бір көрінісі  Жәңгір ханның жастайынан әкесінің ұлы істері жайында қанықты болып, ардақты да қасиетті әкенің ерлігімен сусындап, әке жолын қуып, әке ісін жалғастыру жолында жан аямай жанкешті өмірі мен ел есінде қалған ерлік істері.Тек әкесі ғана емес, бабалары да ел қорғаған батырлар болған.Олардың да оның қалыптасуына ықпалы орасан зор әсер еткені даусыз.Өткеннен өнеге деген осы. Тектіліктің тереңінде жүзіп, ар-ождан мен намысты ту етіп көтерген Салқам Жәңгір ханның таңғажайып ерлігі мен өнегелі істері өскелең ұрпақ үшін өте маңызды.
Жәңгірдің – арғы бабасы Шыңғысханның тікелей өкілі, Жошы ханның Орда Ежен атты үлкен ұлынан тараған ұрпақ.

Жәңгірдің шын есімі – Жаһангер (парсыша «әлемді бағындырушы, билеуші»).  Ал Жәң­­гір ханның бүгінгі ұрпақ­та­рының есі­­мін ұран етуге дайын екенімізге сенеміз. Тұғырын сай­лап алған Салқам Жәңгірдің қас дұш­панына қыр­ғын салғанына 372 жыл өтсе де ел есінде мәнгі қалары сөзсіз.

 Жоңғар әскерінің бағытындағы тар тау шатқалының ішінде ор (окоп) қаздырып, онда мылтықпен қаруланған 300 жасағын қалдырады да, өзі қалған әскерімен қарсы беттегі тастардың артына жасырынады. Хонтайшы әскері окоптағыларға жақындағанда Жәңгірдің 300 таңдаулы мергендері оларға күтпеген жерден оқ боратып, жусатып салады. Тым-тырақай қаша жөнелген жаудың әскеріне сұлтанның өзі атты әскерімен тұтқиылдан соққы береді. Шатқалдың өте тарлығынан алға, артқа жүру мүмкіндіктері болмағандықтан, жау әскері сандық артықшылығын пайдалана алмады.

Міне, осының бәрін ой елегінен аз уақытта өткізіп, қысылтаяң шақта абыржымай шешімін тауып, жау жаса­ғын жер жастандырудың оңтайлы жо­лын қапысыз тапқан Жәңгір ханды Сал­қам десе, дегендей.

Осы орайда өзінен әлдеқайда аз әскерден қырғынға ұшыраған қал­мақ­тар қазақ жауынгерлеріне қарсы тұра алмасын жан-дүниесімен сезініп, баба­ларымыздын ерлігіне бас игендігін аңғаруға болады. Күші басым жауды жермен-жексен ету арыстан жүректі, құрыш білекті батыр бабаларымыздың, жалпы қазақ хал­қының рухы беріктігінің жарқын дәлелі. Ерлік пен өрліктің әнұранына айналған, шайырлардың дастанына арқау болған Ор­бұлақ шайқасының тарих атты ас­пан­тауымыздан алар орны ерекше. Өйт­кені, бұл шайқас ерліктің Хантәңірі іс­петті, ұлы шайқастардың көшбасы, ке­лер ұр­пақтың да жадында жатталар қа­зы­на бо­лып қала бермек.

Арқырап жау шапқанда атқа қонған қайсар қазақтың батырларын хатқа тізіп, тасқа қашап жазып бітпеспіз. Ел шетіне жау келсе, еңкейген қариядан аттың жалын тартып мінген балаға дейін аттанға аттан қосып, айбаттанып шы­ға­ры белгілі. Намыс атты томағасын сы­пырып қайсарлықтың қия шыңында қы­ранша шаңқылдап тұрар тұғырлы елміз. Жауын бөктермей жағасы жайлаудан келмейтін тектілердің есімі таудың та­сына ойылып жазылар болса, тас бе­тінде жазар орын қаларына күмәніміз бар. Осы айтылған сөзге дәлел болар кешегі Ор шайқасындағы әрбір сарбаз. Са­мұ­рықтай Салқам Жәңгір бастаған 600 жа­уынгерді батыр десек, жер қа­йыс­­қан жау жасағына қаймықпай қарсы тұрған сол бабалардың ерлігіне пара-пар дүние табылмас. Тіпті, дүние­жүзі тарихындағы оқиғалар Ор шай­қасындағы ерлік­ті іштей болса да мойын­дайтыны ақи­қат. Бұл да ұлы да­ланың қожасы бола біл­ген қазақ елінің ежелден батыр екен­дігін бар әлемге паш етері сөзсіз.

 Орбұлақ шайқасының атын аңызға айналдырып, қазақ елінің айбынын асқақтатып, Жоңғар хандығының күй­реуіне себепкер болған соғыстың бірі бол­ған бұл айқаста жанын шүберекке түйіп, тыңнан түрен салған батыр баба­лар­дың есімі ел жүрегінде деп айту да қиын мәселенің бірі. Себебі алты жүз сарбаздың кім екендігі туралы толықтай мәлімет жоқтың қасы. Бізге жеткен де­рек­тер бойынша, Қа­расай,  Ағынтай,  Жиембет, батырлардың есімі ғана белгілі. Дегенмен де, жеңістің туын жел­біретіп, ел азаттығын алуға зор үлес қос­қан бұл батырларды дәріптей алсақ, оның өзі қалған әскерге деген құрмет­тің бір белгісі болары сөзсіз.

  Орбұлақ шайқасының негізгі қос батыры әрі бас қолбасшылықты атқар­ған Салқам Жәңгір мен Жалаңтөс ба­тыр бір бірімен айнымас дос болып, ел мен жерді жаудан азат ету жолында ат тұяғымен оңтүстік, шығыс, батыс жер­леріне жол салғаны белгілі

       Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде : «Орбұлақ пен Аңырақайдағы тарихи маңызды жойқын жеңістер де Азаттықтың ақ туы астында желбіреді», деп бұл бақытты күнге сол жеңістердің арқасында жеткенімізді айрықша атап өткен еді. Еліміздің тарихындағы ұлы жеңістер мен сан алуан оқи­ға­лар­ды санамалап қарасақ, солардың өткен кезі мен болған жері бізге нүктесіне дейін белгілі боп жеткені Орбұлақ жеңісі, Ордабасы жиыны, Аңыра­қай шайқасы, Ойрантөбе оқиғасы секілді бірен-сараны ғана. Сондықтан оларды біз ата-бабамыз қалдырған тарихи жәдігер санаймыз әрі мұны ұмытпаңдар деген аманаты деп бағалаймыз.

 Ғасырлар бойы үздіксіз басқыншылық  жүргізген отарлық саясаттың тарихымызға жасаған қатал қиянатының есірінен,халқымыздың өткені мен кеткенінен көз жазып қалғандаймыз.Санасыздықтан емес, әрине, шарасыздықтан. Кешегі кеңестік дәуірде ел қорғаған батырлар мен ел қамқоры хандарымыз туралы айтуға, жазуға қатаң тиым салынды емес пе? Басқа түскен бұғаумен, ноқталанған күй кештік.Әлемде теңдесі жоқ соғыс өнерін жүзеге асыра білген Салқам Жәңгір хан секілді, ұлтымыздың ғана емес әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғамыздың бар екенін біріміз білсек, біріміз білмедік.

 Бүгінгі Тәуелсіз елдің перзенттері, кешегі айбатынан әлем жұртшылығы сескенген батыр­лардың ұрпағы, біздер сол жаужүрек жандарға ғұмыр бойы бас иіп, тарих­тың шаңында қалдырмай, есімдерін ұран етіп жүруіміз керек. Ол бүгінгі әр Қазақстандық азаматтың борышы, өмірлік парызы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад «Орбұлақ шайқасының батыр Салқам Жәңгір ханы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2015 1742
    • DOCX 44.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Слямов Ерлан Нусипканович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Слямов Ерлан Нусипканович
    Слямов Ерлан Нусипканович
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8751
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 919 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе