Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Доклад по химии на тему «Химия және салауаттану пәндерін Мұқағали өлеңдерімен байланыстыра оқыту»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Доклад по химии на тему «Химия және салауаттану пәндерін Мұқағали өлеңдерімен байланыстыра оқыту»

библиотека
материалов

Алматы облысы Райымбек ауданы

Б. Соқпақбаев атындағы мектептің

химия және биология пәндерінің

мұғалімі Искакова Тұрсынай

Химия және салауаттану пәндерін Мұқағали өлеңдерімен байланыстыра оқыту


Қазақ халқы дарындардан, таланттардан кенде болып көрген емес. Сондай дарындардың ішінен шоқ жұлдыздай дараланып көрінген Мұқағали десек әсте қателеспейміз. Мұқағалидың қай өлеңін алып оқысаңыз да одан поэзияға деген адалдық аңқып тұрады. Олардан өлеңге деген іңкәрлікті, тазалықты сезінбеу мүмкін емес. Мұқағали Мақатаев – тауда туып, тауда өскен таудың төл-перзентіндей табиғатты тебірене жырлаған биік талант. Мұқағали өлеңдері құздан құлағандай кесек, мұхиттың түбіндей терең, табиғаттың өзіндей таза, бұлақтай мөлдір, гауһардай жарқырап, тасыған өзендей сарқырап, дулығалы батырдай буырқанып, тұла бойынан жыр төгіліп тұрады. Болашақты данышпандықпен болжай білген қайсар ақын:

Өлеңдерім жай болып атылғанда,

Атылғанда, аспаннан оқылғанда.

Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға. – деген өлең жолдары арқылы жырының жай болып атылғаны да, аспаннан оқылғаны да бүгінгі күннің бұлтартпас шындығына айналатынын көрегендікпен айтып кеткен.

Адам баласының шыр етіп дүниеге келгеннен бастап өмірлік мұраты – жұмбақ ғаламның сыры мен тылсым тереңдігін ұғыну.

Өмір! Табиғат! Адам!

Бұлардың бәрі ашылмаған күй сандық. Кілтін тапқан адам ғана сол сандықтың тылсымына елітіп, сырына үңіле алады. Сандық кілтінің бірі Мұқағали қолына түсті. Ол – өмір, табиғат, адам байланысын ашып зерттеген ғалым іспетті.

Осы сандықтағы маржан жырларымен өрілген мол мұраны химия және салауаттану пәндерінің сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін оятуды, бойларында патриоттық сезім ұялатуды өзіме мақсат еттім. Мұқағали өлеңдері табиғаттың құпия сырларын, кейбір физикалық және химиялық құбылыстарды поззия тілімен шебер суреттейтіндіктен, кейбір сабақтарды ақын өлеңдерімен байланыстыра өткіздім.

8-сыныпта химия пәнінен «Су адам өмірінде. Табиғаттағы су. Қолданылуы» тақырыбын өткенде ақынның «Құрғақшылық» атты өлеңіне назар аударта отырып, сусыз адам, жануар, өсімдік ағзалары тіршілік ете алмайтынын, су-тіршіліктің тірегі екендігіне өлеңнің әрбір жолын оқи отырып, биология пәнімен байланыстыра отырып түсіндірдім.

Бәрі де бар,

Бәрі бар...

Жетпей тұр-ау бірдеңе..

Анау алып шыршаға,

Мынау нәзік гүлге де

Мынау келген тамызға,

Кешегі өткен шілдеге.

Жетпей тұр-ау бірдеңе,

Жетпей тұр-ау бірдеңе.

Осы бір тіршілік иелері суды қалай қажетсініп тұрғанын шебер жеткізе білген ақын шумақтарын оқи отырып өсімдіктерде өтетін фотосинтез процесінің сусыз жүрмейтінін, атмосфералық құрғақшылық жағдайында, әсіресе, шілде, тамыз айларында өсімдіктерде транспирация (суды көп мөлшерде буландыруы) күшейетінін, соның нәтижесінде органдар мен ұлпалар суынан айырылып, клетка шырынының концентрациясының жоғарылайтындығына назар аударттым. Су тапшылығы жағдайында өсіп жетілетін өсімдіктердің клеткалары ұсақ, жапырақ тақтасының мөлшері кіші, жапырақ жүйкесі жиі, бойы аласа болатынын айтып өттім.

Құдыретті құдайға,

қарапайым пендеге,

Анау мұнар аспанға,

мынау құба белге де,

Жетпей тұр-ау бірдеңе,

өзенге де, көлге де,

Жетпей тұр-ау бірдеңе,

жайлауға да, шөлге де,

Аунар ма еді дүние

ақ нөсердің селіне!

Жетпей тұр-ау сол құрғыр,

жаңа шыққан көгіме.

Осы шумақтарды оқи отырып су адам денесінің 65-70%-ын құрайтынын, адам тәулігіне 2 л су қажет ететінін, зат алмасу процесінің сулы ортада жүретінін, теңіз бен мұхиттарда 1, 4 млрд. км3, мұздықтарда 30 млн. км3, өзендер мен көлдерде 3 млн. км3 судың қоры бар екендігін, су жердегі тіршіліктің бастауы екендігі жайлы мәліметтермен толықтырдым. Өнеркәсіпте 1 т қағаз алу үшін 250 т су, 1 т мақта алу үшін 10 000 т су, 1 т химиялық талшық алу үшін 1500 т су жұмсалатынына назар аударта отырып сабақты бекіттім.

Металлургия – өндірістің ең көне салаларының бірі. Кеннен металл алу әдістері әлденеше ғасырлардан белгілі. Осы бір өндірістік процессте ақын жырларынан сырт қалмапты. Ендеше осы өлеңнің сырына үңіліп көрейік.

Химия пәнінен 10-сыныпта «Өндірісте металдарды алу әдістері. Металлургия» тақырыбын өткенде, ақынның «Балқытушы» деген өлеңін оқи отырып, өлеңнің әрбір жолына арқау болған металлургиялық процесстерге тоқталдым.

Қызыл науамен,

Қызыл от ағып барады.

Қызыл адам жүр,

Қып-қызыл өңі, жанары.

Кендерден металдарды бөліп алу процесі, шойын және болат өндіру арнайы пештерде өте жоғары температурада, көп мөлшерде электр энергиясы мен отын жұмсай отырып жүргізілетінін, бөлініп алынған сұйық металл ыстық күйінде науаны бойлай ағып бара жатқандығы шебер суреттелген осы көрініс арқылы түсінік бердім.

Қызыл ұшқындар ысқырып қызыл жыландай,

Қызыл қаһарын қызыл адамға жабады.

Осы бір жанға тұрарсың қалай бас ұрмай,

Жалын ішінде,

Жалт етіп жанған жасындай.

Балқытқан оның металдары ұшып барады.

Жалыны-дағы, қызуы-дағы басылмай.

Балқытушы тұлғасы айқын көрінетін осы өлең жолдарын оқи отырып металдардың өте жоғары температурада бөлініп алынғаны соншалық, оның ыстық жалыны балқытушыға да сезілетінін айқын аңғаруға болатынын әңгімеледім.

Өскемен, Балқаш.

Өмірге арнап қайнатқан.

Өртенген бұлақ барады ағып қай жаққа?

Адамның күшін,

Ғарыштың жүзінде ойнатқан,

Бара ма әлде, Байқоңыр деген аймаққа?!

Бұл шумақтардан ой қорытқан зерделі оқушыға елімізде түсті металдар Шығыс Қазақстанда (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты), Жезқазған мен Балқашта мыс тау-металлургия комбинатында өндірілетінін түсіну қиын емес. Авиация және ғарыштық техника саласында аса қажетті металдар (алюминий, магний, титан) көптеген мөлшерде өндіріліп жатқандығы айтылды. Қазіргі заман техникасында қолданылмайтын металдар да, құймалар да жоқ десе де болады.

Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде ғылым алға жылжыған сайын жаңа әдістердің өмірге келуімен бірге (пирометаллургиялық, гидрометаллургиялық, электрометаллургиялық) бұрыннан белгілі дәстүрлі балқыту әдісінің көнерген әдістердің қатарына қосылуы жөнінде хабардар еттім.

Иә, Мұқағали – ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Ақынның осындай өлеңдерінің бірі – «Жездіде».

10-сыныпта өткен химия пәнінен «Мыс» тақырыбын өткенде ақынның «Жездіде» деген өлеңімен байланыстырдым.

Жезқазған.

Жездінің бұл қатпарынан,

Еліме иен ырыс ақтарылған.

Осында жүр жастары да, қарттары да,

Қанышынан үйреніп хат таныған.

Хат таныған,

Басына бақ дарыған.

Қанышынан кешегі хат таныған.

Хал қалай деп сұрасаң қарттарынан,

Білмейді екен басқаны шаттанудан.

Аулақ емес әрине мақтанудан.

Еліміз түсті металдарға, оның ішінде мысқа бай. Мыс кені қорының үлкен бөлігі Жезқазғанда, Балқаш маңындағы Қоңырат және Саяқ рудниктерінде, сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Кенді Алтайда бар. Жер қыртысында мыстың мөлшері

0,01%, көбінесе қосылыстар түрінде кездесетіндігін оны кендерінен Балқаш және Жезқазған тау металлургия комбинатында калий өндірілетіндігін айта келіп, Қазақстан Ғылым Академиясының алғашқы президенті, ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бастаған ғалымдар тобы Қазақстандағы кен орындарын зерттеумен айналысқанын, Қ. И. Сәтбаев Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасағаны жөнінде түсінік берілді.

Жер асты –көгілдір тау, құлама жар,

Жер үсті- көк тіреген мұнаралар.

Көлбеп жатқан көк тасқа сына қағар,

Кеншілер-кереметтей ғұламалар.


Жеті қат жер астына енгеніңде,

Ұқсамайды тозаққа, көрге мүлде.

Ғұлама кеншілерді көргеніңде,

Көк тастың найза ойнатып өңменіңде,

Кенші болғың келеді сен де бірге

Өлеңдегі «көк тас» деп отырған мыс кендері ашық әдіспен өндіріліп жатқандығын, кенді бөліп алу кезіндегі кеншілердің сан қилы әрекеттері, ерен еңбектерін өлеңге арқау еткенін аңғару қиын емес.

10-сыныпта химия пәнінен «Химиялық элементтер атомдарының құрылысы» тақырыбын өткенде жаңа сабақты меңгерту бөлімінде XIX ғасырдың соңында атом құрамының күрделілігі және олардың өзара айналу мүмкіндігі туралы бірқатар дәйектемелер анықталғанын, атом электрбейтарап, сондықтан электрондар зарядтарының қосындысы ядро зарядына тең болу керектігін ағылшын ғалымдары Г. Мозли мен

Д. Чедвик эксперименттері, орыс ғалымдары Д. Д. Иваненко мен Е. Н. Гапон жасаған ядро құрылысының (1932 ж) протондық – нейтрондық теориясы, ядролық күштермен изотоптар жайлы толық мағлұмат берілгеннен кейін, ақынның «Басымнан қорқам» өлеңіндегі мына жолдарға назар аударттым:

Мен басымнан қорқамын атом ба деп,

Бір элемент жасалып жатыр ма деп.

Белгісіз элементтер миымда ойнап,

Миым қайнап барады, миым қайнап.

Белгісіз ғалымдарға мекен болып,

Өз денеме өз басым бұйырмай ма?

Осы жолдарды түсініп көрейікші. Бір атом ядросы элементар бөлшектермен немесе бір-бірімен әрекеттескенде басқа атомдық ядроға айналады. Мұндай реакцияларды ядролық реакциялар деп атайды. XX ғасырдың 30 жылдарынан кейін мүмкін болатын барлық ядролық реакциялардың көпшілігі ашылып зерттелген. 1955 жылы № 101 элемент Md № 99 элемент Es -ді α бөлшектермен атқылау нәтижесінде алынған. №88 элемент Ra-радийдің радиоактивті ыдырауы кезінде №86 элемент Rn- радон түзіледі. (теңдеулер жазылып көрсетіледі)


Өлеңді әрмен қарай зерттесек:

Бұл ғаламның түбіне жететіндей,

Сұмдық-сұмдық сынаулар өтетіндей.

Мен басымнан қорқамын, мен болмасам,

Атом-миым жарылып кететіндей.

Мен басымды жасырам, жасырам кеп,

Миымдағы сынаулар басылар деп.

Бүгінгі таңда барлық химиялық элементтердің ядролық реакцияның көмегімен радиоактивті изотоптары алынды. Тек радиоактивті изотоптардан тұратын элементтер радиоактивті деп аталады. Бұл реттік нөмірі Z = 43-61 және 84 және 107 –ге дейінгі элементтер екендігі жөнінде түсінік бердім.

Мен миыма сенемін, ажал болмай,

Дүниеге шуақ болып шашылар деп!- деген жолдарға назар аударта отырып, химиялық қасиеттері бойынша радиоактивті изотоптардың тұрақты изотоптардан онша айырмасы жоқ екендігіне тоқталдым. Радиоактивті изотоптар ғылыми зеттеулерде, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада, биология мен химияда кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта оларды көп мөлшерде алады. Радиоактивті изотоптар «Таңбалы атомдар» ретінде қызметте атқарады. Радиоактивті изотоптарды дәрінің немесе тағамның құрамына енгізу арқылы олар адамның қай мүшесінде сіңірілік, қандай бөлігі организмнен шығарылатынын, яғни дәрілік заттардың әсер ету механизмін зерттеуге болады. Минералды тыңайтқыштарға радиоактивті фосфордың қосылыстарын қосу арқылы оның жүру жолдарын организмге қалай сіңірілетінін білуге болады.

Ядролық реакциялардың энергиясын да пайдаланылады. Олардың энергиясы химиялық реакциялардың энергиясынан миллиондаған есе артық екенін айта келе сабақты қорыттым.

Жаратылыстың тылсым құпия сырларын зерттейтін пәндер химия мен биология екені белгілі. Жаратылыстың құпия сырларын зерттеуде объектісі адам болып табылатын салауаттану пәнінің рөлі айырықша.

Дені сау адам – қоғам байлығы. Денсаулық – адам өзі көтеріліп шығатын биік шың. Денсаулық – адамның ең қажетті құндылықтарының бірі, адам бақытының ең негізгі құрауышының бірі. Тек дені сау, жан-жақты дамыған, білімді адам ғана өз тағдырының қожайыны бола алады. Ақын өлеңдерінде бұл тақырып сырт қалмаған.

Жүрек туралы өлең, толғаулар ақынның жиі- жиі оралып, қайыра айналып, соғып отыратын иіріміндей. Тек жүрек тақырыбы арқылы – ақ жарық дүниеге, адамдарға, тіршілік атаулыға қатысын ақын ақтара жеткізеді.

9-сыныпта салауаттану пәнінен «Жүрек, қантамырлар жүйесінің аурулары және олардың алдын алу» тақырыбын өткенде «Гипертония» өлеңін сабақтың өміршеңдігінің пәрменділігін арттыру мақсатында пайдаландым. Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары мынандай жағдайларға байланысты.

1. Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу қабілетін төмендетеді.

2. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қан тамырлар қан ұйығымен бітеліп, оттекпен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.

3. Қалқанша безінің функциясының бұзылуына әсер етеді.

4. Жүйке жүйесіне байланысты, жүрек, қантамырлар жүйесінің ауруларының бірі – қан қысымының өзгеруі. Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпімділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлар жарылуы мүмкін. Миға қан құйылып кетуі де мүмкін, себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Гипертония – қырық жастан асқандарда жиі кездеседі. Ауру аздап біліне бастағанда бас ауырады, жүрек соғады, жүрек тұсы шаншиды, желке қысады. Дер кезінде емделмесе көзі қарауытып елес пайда болады, ұйқысы нашарлап тез шаршайды. Осы түсінік берілгеннен кейін өлең жолдарын оқи отырып, жан- жақты талдау жасалды.

Күнімен де түнімен,

Сұмдық үрей кірді бір.

Құлағымның түбінен

Кетпей қойды бір дүбір.

Мақтаменен тас қылып,

Тастап едім тығындап.

Онан сайын асқынып,

Миыма ұрды шуылдап.

Біреулерді жын қуып,

Бірдемесін атқандай.

Астаң–кестең, қым-қуыт,

Аспан құлап жатқандай.

Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейтінін төмендегі шумақтарды оқи отырып түсіндірдім.

Құлағымның түбінде,

Құран оқып, күбірлеп,

Бүкіл әлем бір үнде,

Кеткендейін дүбірлеп.


Кейде үндесіп әуемен,

Күркірейді кәрі жер. . .

Құтқар мына пәледен,

Құлдық ұрдым дәрігер!

Жүрек туралы жырларының бәрінде де ақын сезімтал да нәзік, кейде ұяң, кейде ұятты, кейде мейірімді, кейде қатыгез жүрегімен сырласа, мұңдаса, ренжісе отырып, оқырманын талай – талай ордалы ойдың ауылына қондырады.

Соқ, жүрек!

Қалай–қалай соғасың , қан жүрегім?!

Соғасың, әлі өмірдің бар білемін.

Дем ала ғой, байғұсым, дем ала ғой.

Бұл тірлікте құмарым қанды менің.

Мазалама кеудемді, ойнақ салып,

Хал жоқ менде көнетін қайраттанып.

Қаншама рет суындың қайнап барып,

Қаншама рет тірілдің жайрап барып?!

Мен сені әлсіретіп алдым білем,

Болмашы нәрселерге айдап салып.

Өртенбей қалып едің от-жалыннан,

Көздеп атқан кімдердің оқтарынан.

Қорқамын, қорқам сенің, қан-жүрегім,

Қалжырап ойпы – тойпы соққаныңнан.

Түсінем сенің қажып тұрғаныңды,

Соқ, жүрек!

Бұзбай соққан ырғағыңды!

Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін,

Бұрап қой босап қалған сымдарыңды.

Қалай – қалай соғасың, қан жүрегім?!

Білмеймін қанша өмірім қалды менің.

Торға түскен торғайдай боп барасың,

Қаршығадай самғаған алғыр едің.

Ақынның бұл өлеңін 11-сыныпта «Жүрек қантамырлары аурулары» тақырыбын өткенде пайдаландым. Бұл өлеңде жүректің функциясы (жиырылу, босаңсу, сыртқы орта факторларының әсер ету механизмдері толық ашылып көрсетіліп тұр емес пе?) 9-сыныпта «Жүрек жүйесін қорғау» тақырыбын өткенде ақынның «Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам» өлеңін талдай отырып, тақырыппен байланыстырып түсіндірдім.

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам,

Бұл күнде сымдай тартылған.

Лүп етіп самал соқса да,

Ызыңдап қалар антұрған.

Ызыңдап, нәзік үн шығар,

Үн шығар-дағы тұншығар.

Шегіне жеткен сым- ішектер,

Үзілейін деп тұр шығар.


Баяғы сазы бар ма екен,

Қуаныш па екен, зар ма екен,

Сыңғырап тұрған сым – ішектер,

Бұл күнде қандай халде екен?!


Бұл күнде сымдай тартылған,

Жүрегім , жүйкем, бар тұлғам,

Айныма осы қалпыңнан!

Айныма осы қалпыңнан!!!

Осы өлеңді оқи отырып мына мәселелерге басты назар аударттым: жас, дені сау адамдарда қан қысымы үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағанасымен 120 мм болса, босаңсуы кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70-80 мм. Қан қысымы жоғарлаған кезде болатын ауыруларды гипертония (грекше «hyper» - үсті, жоғары ), ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония (« hupo» - асты төмен) дейді. Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Оның орталығы сопақша мида орналасады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуына қарап жүректің бір минутта қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70-75 рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді .

8-сыныпта «Кикілжің және денсаулық» тақырыбын өткенде ақынның «Жаным, сен жасымағын» атты өлеңін оқушылар назарына ұсына отырып сабақ түсіндірілді.

Жаным, сен жасымағын.

Көбейте берме, жаным, шашың ағын,

Нөсерлетіп бір сәтте басыламын,

Шашылады, шұғылам, ашыламын.


Ұшқындарым жан-жаққа шашыратқан,

Кездерім бар кей-кейде жасын атқан.

Қара бұлтқа қара да басымдағы,

Күн шығады деп ойла осы жақтан.

Келіспеушілік ұрыс, дауласу денсаулыққа зиянды. Олар психо-эмоционалды күйдің бұзылуына соқтыратын психологиялық стрессті тудырады. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы түрлі ауруларға –

гипертония, стенокардия, асқазан жарасы және басқа ауруларға алып келеді. Кикілжіңді дұрыс шешу ғана жүйке жүйесін түрлі аурулардан сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда әрбір білім алушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік іс-әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оның білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, ақыл-ой, қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, қоғам талабына сай іске асыруға ықпал ету – оқу-тәрбие процесінің негізгі арқауы болып табылады. Осы міндеттерді шешуде Мұқағали өлеңдерінің қай-қайсысын, қай қырынан алып қарасаңыз да тәрбиелік мәнінің зор екеніне шүбә келтірмейміз.

Иә, Мұқағали өлген жоқ. Ол тірі. «Өшеді өлең немесе көшеді өлең» деп ақынның өзі айтқандай ақын жырлары туған халқымен бірге жаңара бермек, жасара бермек. Жұмыр жердің қай түпкіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығатын болады. Мұқағалидың жұлдызы күн өткен сайын көмескіленбей, қайта жарқырай түсуі де оның поэзияға деген шексіз адалдығынан деп түсінеміз. Бұл туралы ақынның өзі жазған күнделігінде: «Жырмен басталған жыл жырмен аяқталады. Күйбеңмен, азаппен өткен күндерді қойшы. Жырсыз өткен күндер мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едім?Не істер едім?Ақынның өз мемлекеті, өз қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Демек, мен сол үшін өмір сүремін, сол үшін күресем», - деп ақтарылған екен. Және ақын бұл айтқандарын жүзеге асырып, өз өмірімен өлеңдермен дәлелдеп кетті.

Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдызын қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Мұқағали ұлылар тарихқа бір-ақ рет келеді, бірақ тарихта мәңгі қалады, халқымен бірге жасайды, асыл мұрасы қалың елінің қимас сырласына, мұңдасына, ұрпақты тәрбиелеудің өнегесіне айнала береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М. Мақатаев «Жүрек арызы», «Аманат», «Дариға-жүрек» өлең жинақтары.

  2. Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев. Химия пәні оқулықтары. 8-10 сынып.

  3. «Химия мектепте» журналдары.

  4. М. Қ. Құрманәлиев. «Химияны оқытудың қазіргі технологиясы»

  5. Ә. С. Әділханов, Ә. Қ. Қисымова. «Салауаттану» оқулығы.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров342
Номер материала ДВ-157182
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх