Инфоурок Математика Другие методич. материалыДоклад по математике на тему " Математика пәнін қазақтың қара есептерін , ұлттық салт-дәстүрін қолдана отырып оқыту"

Доклад по математике на тему " Математика пәнін қазақтың қара есептерін , ұлттық салт-дәстүрін қолдана отырып оқыту"

Скачать материал

Кусанова Дина Доскельдиновна

Математика пән мұғалімі

«А.С. Макаренко атындағы № 6 орта мектеп  МДШО» КММ

Талдықорған қаласы, Алматы облысы

 

 

               Математика пәнін  қазақтың қара есептерін , ұлттық салт-дәстүрін                              

                                          қолдана отырып  оқыту


      Бүгінгі күні,  бүгінгі заманға қарай мектептерде математика  пәнін оқытудың жаңа әдістемелік  жүйесі, пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру мен қоса еліміздің тарихын, ата-бабаларымыздан  мұраға қалған, жүрек қылығының пернесі – ауызекі тараған математикалық есептерді ұсына отырып жас ұрпақты тәрбиелеу. Осы тұрғыда негізгі мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға біз  мұғалімдер көңіл бөліп назардан тыс қалдырмауымыз керек.Бүгінгі күні оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналуда.

     Барлығымызға мәлім - мектепте  білім , тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлері көп. Соның бір түрі – математика пәніне этнопедагогика элементтерін енгізе отырып оқыту.
    Казіргі  21  ғасырдың ұзтаздарының алдында тұрған басты міндет – ол оқушының  ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту. Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты.

     Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болуы керек.

          Қазақ педагогикасының математикалық астарлары да түрлі. Олар біресі    

жұмбақ, біресе өлең, қара сөз, кейде ертек, ілмек, дұзақ, біресе ұйқас табу,   біресе  мақалдап сөйлеу тағы басқа түрінде кездеседі.
         Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып,пәнге қызығушылығын    

 арттырудың бір жолы-математика сабағында ұлттық мазмұнды есептерді   

 шығарту.

          Ұлттық мазмұнды есептерді шығаруды мұғалім оқушының іс-әрекетін    

   жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады.Жаңа  

   тақырыпты түсіндіру,бекіту,қайталау,есте сақтау жаттығуларын орындау   

   барысында ұлттық мазмұнды есептер желісі өтілетін тақырыпта және

   оқушының жас ерекшелігіне сәйкес сұрыптау қажет.

           Сабақтың тақырыбына,мақсатына,түріне,барысына байланысты жүйелі      

   түрде ұлттық мазмұнды есептерді енгізу ата-бабамыздың бізге жеткен баға   

   жетпес байлығымыз,өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстырып,  

   салыстыратын  асыл  қазынамыз.Ендеше,ұлттық мазмұндық есептерді   

   шығару оқушыларды ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеп,  

   халқының өткен өміріне көз жібертеді.

          Ұлттық мазмұнды танымдық, дамутышылық, логикалық есептерді шығару үшін:

   1.Есептің шартымен танысып , элементер шараларға ажыратып,қандай талаптар қойылғанын анықтап есепке толық талдау жасау;

   2.Берілген есепті схема түрінде жазу;

   3.Есепті шығару тәсілін іздеу;

   4.Табылған тәсіл бойынша есепті шығару;

   5.Есептің нәтижесін тексеру;

   6.Есепті зерттеу;

   7.Есептің жауапын тұжырымдау керек.

      Мысалы : «Натурал сандарды қосу» тақырыбына  «Алты қанат киіз үйге еік мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екуі балалап, әр қайсысы алтыдан балалады. Олардың бәрі де мысық болып өсті де, тағыда алты-алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне балалап шықты.Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?

   Оқушыларды жаңа сабақты бекіту кезеңінде сергіту мақсатында «Қызықты математика» элементтерінен ауызша есептейтін логикалық есептер беріп жаттықтыру үшін мағынасы оқушыларға түсінікті, ауызша тез есептелетін көрнекілік арқылы көрсетілетін, өмірмен тығыз байланысты есептерді таңдап алу керек .

       Мысалы «Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неще алты ?»

       Ұлттық мазмұнды есептер теңдеу құру арқылы шығарылатын есептероқушыларды аңғарымпаздыққа, алғырлыққа, ой ұщқырлыққа тәрбиелейді.

Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ  тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.
        Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.
Халықтық педагогиканың математика пәнінің есептері мынандай түрлерге бөлінеді:
- мақал-мәтелдер; жұмбақтар; ойлан тап отауы; халық есептері; ертегі есептер; санамақтар; жаңылтпаштар; математикалық сиқырлар; тоғыз құмалақ ойыны;
    Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша оқушылардың үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше бақылаулары қорытындыланады. Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады.
Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға болады.

          Әр түрлі математикалық әдебиеттерде күнделікті сабақ тақырыбын

 байланысты математиктердің жоғарыдағыдай  есептерін тауып , сабақ 

 немесе  сабақтан тыс уақыттарда шығарып отырса оқушылардың тәнге деген қызығушылығы арта түседі. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыта түсу үшін сабақта  келесі  тақырыптарға назар аударамын: халық жұмбақтары, ұлттық ойындары, сан сұрақ сыры, қазақтың қара есептері.

      Өз сабақтарымда дидактикалық ойындарды ұлттық мазмұнды есептермен  

 байланыстырып өткіземін.Ұлттық мазмұнды есептерді тек қана сабақта емес,    

 оқушылардың шығармашылығын арттыру үшін , ізленіс жұмысқа үйрету  

 үшін үй тапсырмасы ретінде беремін.

         Менің іс-тәжірбиемде ұлттық мазмұнды есептерге  өте үлкен орын

  беремін.Сабақта біз тек қана оқулықтағы есептерге тоқтамаймыз, қосымша  

  әдебиеттерді пайдаланамыз.

        Алтыңның сыры кетпес, сыры кетсе де сыны кетпес демекші    

 назарларыңызға  ұлттық мазмұнды , қара есептерінің кейбір түрлерін   ұсынамын:

1.Ескісіз жаңа болмайды.

Екі сегіз – он алты. Және сегіз және алты.Жандап жүрген бір алты.Барлыңы қанша болды?

Ескісіз жаңа болмайды,

Есепсіз дана болмайды.

2.Үнді шайы.

  Сәске кез болған.Анам кесеге шәйді толтырып қоя  салды.Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол  кесеге түсіріп алды.Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды.Неліктен деп ойлайсың?

Бұта түбі кеугі,

Кеуегінде көжегі.

 

3. Жылқы атасы –Қамбар ата.

    Бірде біздің  ауылда ат  шабыс болып, тайлы-таяғымызбен дөң басына барғанымыз әлі есімде.

Аттың көркі жал емес пе,

Адам көркі мал емес пе !-  дей келіп, әкем маған:

-         Анау үш пар атты көрдің бе? – деді.

      Мен көрдім дегендей ишарат білдіріп,мұрынды жеңмен сүртіп,бір тартып,басымды изедім.Әкем  одан әрі:

-         Үш пар ат сегіз шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады? – деді.

      Мен ол кезде не дегенім есімде жоқ, ал сенер бұған не дер едіңдер?

Тебіншек ат – шегіншек,

    Шегіншщек ат – тебіншек.

 

4. Атасы мен немерелері.

 Атасы  немерелеріне сақтап қойған асығын бөліп бергісі келеді. Оларға жетіден берсе,асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар, атаның асығы нешеу ?

Ағаш жапырағымен  сәнді.

5. Нағашы – жиенділер.

Жиені нағашысын бір сынамақ болып, әдейі тасбақа жамбасын табаққа қоса салып әкеледі.Тұздықты бір ұрттап нағашысы, етті турамақ болып кіріскенде мұны байқап қалып:

-         Жиенжан-ау, асты арамдағаның не? басқа  ойының жоқ па еді? * деді. Ас  қайтарылып, әрі беріден соң, жаңа табақ тартылды. Нағашысы тұздықты тағы бір ұрттап көрді де:

-         Жиенжан-ау,мынау арам ас қой, - еп тыжырылды.Жұрт ьынып қалды.

   Жиен қулығын нағашысы қалай білді?

Арам,арам түбі – қарам.

Сонымен қатар сабақта сергіту сәтін өткіземенғ осы 3-4 минутта оқушылармен  санға қатысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешеміз.
Санға қатысты мақал-мәтелдер:
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)   және т.б.
Жұмбақтар:

1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым.
(Шеңбер)
2. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында
(Рационал сандар)

         Сыныптан тыс жұмыстарды біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімін көтерсе, екіншіден олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен қатар біз  мысалы төмендегідей жаңылтпаштар айтып жарысамыз:

1.
Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш
Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш
Тұтас бұрыш, тұтас бұрыш
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.
2. Бес түп алма, «бестік» алғандікі
Төрт түп алма «төрттік» алғандікі
«Төрттік» алған бес түп алма
 алмайды,
«Бестік» алған төрт түп алма
  алмайды.

   Ал қайталау  сабақтарында мен мақал-мәтелдерді пайдаланудың да орны ерекше деп білемін. Мақал-мәтел біз адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым-қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану – оның  білімдік  және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
  Міне осындай есептерді бүгінгі күні үнемі сабақта, үй жұмысы ретінде қолдана отырып   өз еліміздің тарихын, қазақ халқының математикалық білімінің қолдануы өте зор екенін көріп отырмыз.Осы есептерді шығара отырып біз өз еліміздің тарихын терең  меңгеріп, салт-дәстүрді сақтай білетін ұрпақ тәрбиелейміз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по математике на тему " Математика пәнін қазақтың қара есептерін , ұлттық салт-дәстүрін қолдана отырып оқыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 348 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2015 1084
    • DOCX 50.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусанова Дина Доскельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусанова Дина Доскельдиновна
    Кусанова Дина Доскельдиновна
    • На сайте: 9 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5611
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика")

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 10 регионов

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек